Баяншы - сыртқы объективтік әсерді, ӛмірді сезінуден,
пайымдаудан туған санадағы ойды түрлі тілдік амал-
құралдардың, тұлғалардың кӛмегімен екінші біреуге
баяндауды, хабарлауды жүзеге асыру үшін тілдік байланысқа
қатысушы, тілдік қарым-қатынасқа түсуші.
Тұлғалар - хабарлаушыдан шыққан дерек туралы басқа
адамның санасында ұғым тудыратын, оған ақпараттың
түсінікті болуын қамтамасыз ететін, адамдар арасындағы
қарым-қатынасқа байланысшы ретінде қызмет атқаратын
қатысымдық бірліктер.
Қабылдаушы - белгілі бір хабарды қабылдап алып, оның
мәнін тілдік тұлғалар арқылы түсініп, ой мен пайымдау
арқылы ӛз санасына ӛткізіп ұғынудың нәтижесінде тілдік
қатынасты ары қарай іске асырушы.
Баяншыға да, қабылдаушыға да - бәріне ортақ әрекет -
байланыс, қатынас. Ал байланыс, тілдік қатынас тіл арқылы
жүзеге асады. Адамдар арасындағы ӛзара байланыс болмаса,
сӛйлесім әрекеті жүзеге аспайды. Байланыс- тілдік
қатынастың негізін жасайтын, оны іске асырушы ӛзек,
адамдар арасындағы тілдік қарым-қатынастың қажетті
шарты.
Баяндау мен қабылдау үрдістері тілдік қатынастың
барлығына тән. Бірақ лингвист-ғалымдар оларды қарапайым
күнделікті сӛздермен атаудан гӛрі, лингвистикалық
терминдермен атауды жӛн кӛреді. Дегенмен, бұл
терминдердің ӛзі тіл ғылымында біркелкі емес.
Мәселен,
Э.П.Шубин
тілдік
қарым-қатынастағы
хабарлауды, яғни хабар беруді - трансмиссия, ал қабылдауды
- рецепция деп атайды. Осыған орай хабар берушіні -
трансмиссор, хабар қабылдаушыны - рецептив дейді.
18
Сонымен қоса, алғашқы - хабарлауға қатысты құбылыстарды
- трансмиссивті /трансмиссивные/ немесе продуктивті
/продуктивные/; ал қабылдауға қатысты құбылыстарды -
рецептивті /рецептивные/ деп кӛрсетеді. Э.П.Шубиннің
айтуынша хабар /Р/ трансмиссордан /Т/ шығады да,
реципиентке /R/ жетеді [2,14].
Қазақ тіл білімінде тілдік қатынасқа қатысты
терминдер қалыптаспағанын ескеріп, бұл ұғымдарды беру
үшін тӛмендегі терминдерді қолданған деп таптық. Олар:
баяншы, хабар, тұлға, қабылдаушы. Сонда тілдік қатынас
жүзеге асу үшін Баяншыдан /Б/ шыққан Хабар /Х/ Тұлғалар
/Т/ арқылы Қабылдаушыға /Қ/ келіп, одан ары қарай
қайтадан байланысқа түсіп, тілдік айналымда жұмсалады.
Шынтуайтқа келгенде, басты мәселе мынада: баяншыдан
/Б/ шыққан хабар /Х/ қатысымдық тұлғалар /Т/ арқылы
қабылдаушыға /Қ/ дұрыс жету керек. Ал ол ауызша болсын,
жазбаша болсын бәрібір жүзеге аса береді: тек жазбаша
түрде болса, онда арада кӛп уақыт ӛтуі мүмкін. Ӛйткені әр
түрлі
жағдайларға
байланысты
хабардың
бірден
жеткізілмеуі, немесе тоқтап тұруы, немесе бірнеше үздікпен
берілуі мүмкін т.б.
Тілді зерттеуші ғалымдар тілдік қатынас құбылысына
байланысты үш кезеңді атап ӛтеді, олар мыналар:
1. Хабардың дұрыс айтылуы, шығуы. Мұнда синтаксистік
заңдылықтар, яғни грамматикалық единицалардың айтылуы,
дыбысталуы ерекше кӛзге түседі.
2. Айтылуға тиісті мағынаның дұрыс жеткізілуі, айтылар
ой мен айтылған тілдік құралдың тепе-теңдігі. Мұнда
семантикалық заңдылықтар басым рӛл атқарады.
3. Әңгімелесуші - екінші адамның хабарды дұрыс
қабылдануы. Е.И.Пассов осы үш кезеңді баяндай келіп,
тілдік қатынастың толық жүзеге асуы үшін ең бастысы -
үшінші кезең, алдыңғы екі кезең қарым-қатынасты іске
асырмайды, бірақ ӛкінішке орай тілдік қатынаста біз осы
үшінші кезеңге жете бермейміз, яғни қарым-қатынаста
19
бірінші және екінші кезеңдерде тоқтап қалып қоямыз деп
кӛрсетеді[3,8].
Біздің пікірімізше, тілдік қатынас жалпы адамзат
арасындағы ойға, санаға қатысты болса, ол, ең алдымен,
сыртқы объективті шындықты қабылдаудан, жеткізейін
деген хабарды пайымдаудан туады.
Сондықтан
тілдік
қатынас
жоғарыдағы
тілші
ғалымдардың атап ӛткенінен басқа да бірнеше кезеңнен
тұрады. Олар мыналар:
1. Хабардың пайда болуы. Тілдік қатынасты жүзеге
асыратын сӛйлеу әрекетіне қажетті ең бірінші фактор -
сыртқы дүниенің адам санасына әсер етуі, сол әсердің
нәтижесінде мида ойдың қорытылуы, хабардың пайда болуы.
2. Хабардың сыртқа шығуы. Санадағы тұжырымдалған
пайымдаудың, ойдың яғни ұғымның, хабардың тіл арқылы,
тілдік тұлғалар арқылы айтылуы, яғни сыртқа шығуы.
Хабардың сыртқа шығуына айрықша қызмет ететін -
адамның сӛйлеу мүшелері. Дыбыстау мүшелері немесе
сӛйлеу аппараты тек адамзатқа ғана тән ерекше құбылыс
екені осы процестен де кӛрінеді.
3. Хабардың жеткізілуі. Айтылуға тиісті хабардың (сӛйлем,
диалог, монолог) дыбысталумен шектеліп қана қоймай,
келесі адамға, субьектіге жеткізілуі. Ол ауызшада, жазбаша
да болуы мүмкін. Хабар жеткізілмей қалып қойса, қарым-
қатынас, яғни түсінісу, ұғынысу болмайды. Демек, бұл
әрекеттің де ӛзіндік алатын орны мен маңызы бар.
4. Хабардың қабылдануы. Сӛйлеу әрекетіндегі келесі саты
- жеткізілген хабардың қабалдануы. Қабылдау әрекетінде
қосымша жұмыс атқаратын бірнеше фоктор бар (мәселен,
есту, кӛру, оқу, тыңдау, ойлау), бірақ ең бастысы - келген
хабарды түсіну, яғни қабылдап алу.
5. Хабардың жауабы. Тілдік қарым-қатынас болу үшін,
хабарды қабылдап алумен ғана шектелу біржақты процесс
болып қалады, енді тілдік қатынас жүзеге асу үшін,
қабылданған хабарға кӛңіл аудару, яғни оны сарапқа салу,
20
бағалау, түсіну, сосын жауап қату шарт. Яғни түсінісу
арқылы оған жауап қайтару қажеттігі туады. Сӛйтіп, хабар
жаңарып, келесі сатыға ӛтеді, яғни жаңа хабар шығады.
Сонымен, хабар жауапқа ие болып, жаңа қарым-қатынасқа
жол ашылады.
Бұдан шығатын қорытынды: тілдік қатынаста ХАБАР /Х/
маңызды рӛл атқарады.
Енді осы хабар қалай берілетініне кӛңіл бӛлу қажет.
Тілдік қатынас тілдің дыбысталу /естілу/ және таңбалану
/жазылу/ жүйелері арқылы жүзеге асады. Яғни, тілдік
қатынас құбылысы тілдің таңбалық жүйесі мен сӛздердің
және сӛйлемдердің айтылу қасиетіне тікелей байланысты.
Бұл ретте тілдік тұлғалардың дыбыс арқылы айтылуы да,
әріп арқылы таңбалануы да тілдік қатынаста бірдей маңызды
қызмет атқарады.
Тілдік қатынастың дыбыс арқылы айтылуы және әріп
арқылы таңбалануы лингвистикада ауызша және жазбаша
тілдік қатынастар деп те айтылады. Осы тұрғыдан келгенде,
тілдік қатынасты дыбыстық және графикалық таңбалардың
әмбебап жүйесі деп танысақ, онда тілдің таңбалар жүйесі
тілдік қатынастың жазбаша түрі болады да, тілдің дыбысталу
жүйесі тілдік қатынастың ауызша түрі болып табылады.
Тілдік таңбалар жазылу арқылы кӛзге кӛрінеді, ал дыбысталу
/немесе айтылуы/ арқылы естіледі. Бұл екеуі де тілдік
қатынастың жүзеге асуы үшін қызмет етеді.
Ауызша қатынас адамдардың бір-бірімен тікелей қарым-
қатынасы нәтижесінде іске аса келіп, белгілі бір хабардың
дыбысталуы /естілуі/ арқылы сыртқа шығады. Адамдардың
арасындағы ауызша тілдік қатынас - ӛте ертеден пайда
болып, қоғаммен бірге ӛмір сүріп келе жатқан құбылыс.
Ауызша қатынас - ойдың тіл арқылы сыртқа шығуы, ол
тілдік тұлғалардың сӛзге, сӛйлемге айналып, дыбысталуы
арқасында жүзеге асады.
Ауызша тілдік қатынаста басты рӛл атқаратын - адамның
сӛйлеу мүшелері, дыбыстау мүшелері /ерін, тіл, тіс, мұрын,
21
дауыс шымылдығы т.б./ жиі қозғалып, еркін жұмыс істеу
арқылы қатысымдық тұлғалардың айтылып, естілуіне
мүмкіндік жасайды.
Бұл - сӛйлесім әрекетінің іске асуының алғашқы кезеңі
болып табылады.
Ауызша ТҚ адамның сӛйлеу қабілетіне қарай ӛзгеріп
отырады және тілдік қатынастың әр түрлі қызметін
/эмоциялық, экспрессивтік, байланыстырушылық т.б./ іске
асады. Бұл ретте дауыс ырғағының мәні ерекше.
Жазбаша
қатынас
тілдік
тұлғалардың
таңбалық
қасиетімен басланысты бола келіп, адамдардың бір-бірімен
тікелей қатынаста болуын аса қажет етпейді.
Жазбаша қатынаста тілдік тұлғалардың естілу қасиетінен
гӛрі, кӛзге кӛріну ерекшелігі басым болады. Мұндай қарым-
қатынас таңбалардың тұрақты жүйесі арқылы іске асады,
оны адам ӛз бетінше ӛзгерте алмайды.
Жазбаша тілдік қатынаста басты роль атқаратын - тілдік
тұлғалардың таңбалық кӛрінісі. Жазбаша тілдік қатынас /ТҚ/
- ауызша тілдік қарым-қатынастан /ТҚ/ кейін пайда болған
құбылыс.
Ауызша ТҚ пен жазбаша ТҚ айырмашылықтарын
қадағалай отырып, оларды дыбыстық ТҚ /дыбысталу
нәтижесінде болатын/ және таңбалық ТҚ /әріптермен
таңбаланудан болатын/ деп те атауға болады.
Дыбыстық ТҚ естілуімен ерекшеленеді, ал таңбалық ТҚ
жазылады және әріптер арқылы кӛзге кӛрінеді.
Сонымен, ауызша қатынас дыбыстала келіп, сӛйлеу
арқылы іске асады және тыңдалады. Жазбаша қатынас
таңбалана келіп, жазу арқылы жүзеге асады және оқылады.
Осы айтылғандарды ӛрнек түрінде берсек, тӛмендегідей
болады:
Тілдік қатынас
22
Ауызша ТК
ЖазбашаТҚ
Дыбыстық
қатынас
Таңбалық
қатынас
Айту
Тыңдау
Жазу
Оқу
Ауызша
тілдік
қатынас
пен
жазбаша
тілдік
қатынастардың әрқайсысы жеке құбылыс ретінде ӛмір
сүрмейді. Олар ӛзара тығыз байланысты бола келіп, біреуі
екіншісіне ұласады.
Тілдік қатынасқа негіз болатын адамның ойлау қабілеті,
осы ерекшелігімен ол тілсіз қатынастан ажыратылады. Оны
ғалымдар айтып та жүр. Ойлаусыз тілдік қатынас жоқ. Ойлау
тілдік қатынастың тірегі ғана емес, ол - бүкіл сӛйлеу
әрекетімен ӛмір сүретін адамзаттың болмысы. Ойлау мен
сана, тіл мен сӛйлеу - бір-бірінен ажырамас жүйелі
құбылыстар.
Тілдік қатынас сӛз жоқ ойлау мен сӛйлеудің бірлігінен
тұрады. Ӛйткені тіл-ойдың кӛрінісі, адам ойын тіл арқылы
яғни сӛйлеу арқылы жеткізеді. Ал тілдік қатынастың негізі -
тіл.
Сондықтан олардың бірлігі ӛте берік, олар бірінсіз бірі ӛз
қызметтерін атқара алмайды. Яғни, ойлау мен сӛйлеу тіл
арқылы қарым-қатынаста маңызды рӛл атқарады. Тілді
оқыту қазір тілдің түрлі заңдылықтарының теориясын
үйретуге емес, тілдің адамдар арасындағы қатынастық
қызметін меңгертуге, екінші тіл арқылы адамдар бір-бірімен
қатынас жасай алатын болуына бағытталып отыр.
Тілді оқытуда қатысым әдісінің қолданылуы кешірек
басталғандықтан, әлі оның теориялық негізі толық
қалыптастырып үлгерген жоқ.
23
Ғалым-тілшілердің
қатысымдық
/коммуникативтік/
теорияны әлі де бір жүйеге келтірмеуі оның анықталуына
уақытты сарапшы санауға әкеліп отыр. Бұл мәселенің
шешілуінің қиын да, күрделі екенін аңғартса керек.
Сондықтан қазақ тілінің қатысымдық жүйесін бір ізге
салып, оның теориялық негізін жасауға ат салысу - бүгінгі
зерттеушілердің алдында тұрған міндет.
Рас, қандай болсын ереже бірден сәтті болмауы мүмкін,
ӛйткені ол ұзақ тәжірибелердің жиынтығынан, бірнеше
ұжымдық еңбектің нәтижесінен тұжырымдалады. Дегенмен,
бүгінгі күн талабын қазірден бастап қолға алып, тіл
заңдылықтарын зерттеуді тереңдете түссек, сол азды-кӛпті
айтылған пікірлерден дұрыс тұжырым жасауға мүмкіндік
туады.
Сонымен, тілдік қатынас - адамдарға тән ойлау мен
сӛйлесім үрдісінің белгілі бір қоғамдық қатынаста тіл
арқылы жарыққа шыққан кӛрінісі.
Тілдік қатынастың басты ерекшелігі: ол үздіксіз
қозғалыста болатын қатынас құралы тілдің санамен бірлігі
арқасында жүзеге асады және тек адамзатқа ғана тән болып
табылады.
Қандай болсын тілдік қатынасқа кем дегенде екі
байланысшы қатысады. Олардың біреуі хабарлайды, екінші
қабылдайды, немесе біреуі хабарды айтып, не жазып
жібереді, екіншісі хабарды алады. Бұл екі процестің екеуі де
сӛйлесім әрекеті арқылы болады; есту мүшесінің актив
қызметі арқылы жүзеге асады; кӛзбен кӛру арқылы
қабылданады.
Екіншіден, ол адамдардың қарым-қатынас құралы тіл
арқылы жүзеге аса келіп, бір адамға ғана емес, жалпы
адамзатқа, қоғамға қызмет етеді. Яғни, ол - қоғамның ӛзі
туғызған, оның әлеуметтік қажеттігін ӛтейтін күрделі
құбылыс.
Үшіншіден, тілдік қатынас жеке адамның тікелей ӛз
басына емес, жалпы оның қоғамдағы орнына байланысты
24
болады. Ол қоғамдық қарым-қатынастың негізін сала келіп,
адамның әлеуметтік дәрежеге кӛтерілуіне әсер етеді және
қоғамдық-әлеуметтік пікірлесудің, ұғынысудың дамына жол
ашады. Сӛйтіп, адамдар арасындағы қоғамдық қарым-
қатынастың қалыптасуының шарты болып табылады. Адам
мен адам тілдік қарым-қатынасқа түсу арқылы дербес, жеке
ӛмір сүруден қалады, олар табиғатпен, жаратылыспен біріге
отырып, күрделі әлеуметтік, қоғамдық ортаға түседі.
Тӛртіншіден, тілдік қарым-қатынас адамды қоғамдық
күрделі үрдістермен қатар қойып, оны жаратылысқа, қоғамға
тәуелді етеді. Себебі, адам тілді тікелей ӛзі ӛзгерте алмайды,
ӛзі қолдан жасай алмайды, адам тек тілдік заңдылықтарды
зерттей алады.
Бесіншіден,
тіл
-
бүкіл
қоғамдық-әлеуметтік
құбылыстардың ең күрделісі, ол - кішіден бастап үлкенге
дейінгі, ұсақтан бастап іріге дейінгі әрекеттердің жүзеге
асуын қамтамасыз ететін жетекші құрал. Осы қоғамдық
қатынастарды тіл жүзеге асырып қана қоймайды, оған бағыт
сілтейді, жол ашады. Сондықтан да ол барлық қоғамдық
үрдістердің іске асу кӛзі болып табылады.
Алтыншыдан, тілдік қатынас әлеуметтік идеялардың
жүзеге асуына әсер ете келіп, бүтіндей қоғамның
қалыптасуына қызмет етеді. Ол барлық саяси топтардың
байланыстырушы құралы бола отырып, ӛзі де қоғамдық-
әлеуметтік құбылысқа жатады.
Қорыта келгенде, тілдік қатынас /ТҚ/ - ойлау мен
сӛйлеудің қатысы арқылы тілдік тұлғалардың таңбалық
жүйесі мен дыбысталу қасиеті нәтижесінде жүзеге асатын,
қатысымдық тұлғалардың семантикалық бірлігі мен
байланысу заңдылықтары арқылы берілетін, адамдардың
ӛзара түсінісуін қамтамасыз ететін, тек адамзатқа ғана тән
күрделі тілдік қоғамдық-әлеуметтік процесс.
Тілдік қатынас ең кем дегенде екі адамның қатысы
арқылы жүзеге асады деген пікір жоғарыда айтылған. Оны
25
тілдік қатынасты зерттеуші ғалымдардың кӛпшілігі атап
ӛтеді. Ол - тілдік қатынастың жеңіл түрі.
Бірақ бір ескеретін мәселе тілдік қарым-қатынас,
пікірлесу екі адамның арасында ғана емес, екі топтың
арасында да немесе бір адам мен ұжымның, яғни кӛпшіліктің
арасында да бола береді. Бұл - тілдік қатынастың жеке
хабаршы мен жеке қабылдаушымен ғана атқарылмайтынын,
хабаршы мен қабылдаушының сан жағынан түрліше болып
келетінін кӛрсетеді.
Қатынасатын адамдар санына қарай тілдік қатынас
қарапайым ТҚ не күрделі ТҚ болып келуі мүмкін. Егер тілдік
қарым-қатынас екі адамның арасында жүргізілсе, оны
қарапайым /не жеңіл/ ТҚ болады. Ал бірнеше топтың, не
үлкен ұжымдардың бір-бірімен қарым-қатынасын іске
асыратын тілдік қатынас күрделі ТҚ жатады.
Тілдік қатынастың барлығы жоғарыда айтылған ауызша
және жазбаша түрде іске асады.
Әр түрлі ғылым ӛкілдерін қызықтырған күрделі мәселе -
«Сӛйлесім әрекеті» - / «речевая деятельность»/. Кӛптеген
ғалымдар зерттеу объектісіне қарай оның ерекшеліктерін әр
қырынан
қарастырған.
Мәселен,
лингвист-ғалымдар
сӛйлесім әрекеті мен тілдің ара қатысын сӛз етсе, психолог
сӛйлесім әрекетінің жалпы ми арқылы ӛту үрдісін, жүру
бағытын
зерттейді.
Физиолог
оның
жұмыс
істеу
механизмдерін,
құралдарын,
қызметін
тексереді.
Психолингвист сӛйлесім әрекеті іске асу үшін жұмсалатын
тілдік
тұлғалардың
санамен
байланысын,
сӛйлеу
аппаратының ойға қатысты қимыл-қозғалысын дәлелдейді.
Әдіскер
болса,
ол
осы
салалардың
барлық
заңдылықтарын ескере отырып, сӛйлеуге үйретудің тиімді
үлгілерін табуды және ұйымдастыруды, жалпы сӛйлеу
әрекетін жүзеге асыруды кӛздейді. Бұл саладағы ғалымдар
кімді оқытатынын; оларды неге үйрету керектігін; не үшін,
не мақсатпен және қалай оқытатынын; оларды неге қалай
оқыту қажеттігін қарастырады. Тілші-әдіскерлердің ең
26
бірінші мақсаты - сапалы оқытудың жолдарын табу, яғни
қалай оқытсақ, ісіміз жақсы нәтиже береді деген сауалға
жауап іздеу. Соны практикалық жағынан дәлелдеп,
теориялық тұрғыдан жүйелеп кӛрсету.
Адамның сӛйлесім әрекетін кӛптеген авторлар белгілі
бір хабарды, ойды, информацияны баяндау, яғни екінші
біреуге жеткізу деп түсіндіреді. Немесе тілдік қарым-қатынас
дегеніміз адамдардың бір-бірімен тіл арқылы белгілі бір
ақпаратпен алмасуы деген пікірді айтады. Рас, адамзат
тілінің ең басты қызметінің ӛзі - ойды, хабарды жеткізу.
Сӛйлеу кезінде адам қалай болса солай тіліне келгенін
айта салмайды, ол ең алдымен ойлауды басынан ӛткереді,
сырттағы объективтік шындық санаға, ойға әсер етіп,
пайымдау туғызады. Сол адам миының ойлау процесі
арқасында нені айту керек, не туралы сӛйлеу қажеттігі
жӛнінде нақтылы сӛз жасалады.
Бұл - тек адамның ойлау жүйесіне ғана тән күрделі
процесс.
Адам не туралы сӛйлейтінін, тіл арқылы нені
жеткізетіндігін білгенмен, яғни сӛйлесім әрекеті, адамның
сӛйлеу тілі ӛзіне тәуелді емес, ол - табиғат берген,
жаратылыстан туған күрделі процесс. Адам сӛйлеуді
жетілдіріп, дамытады, оның заңдылықтарын қарастырады,
бірақ сӛйлеу тілін ӛзі жасай алмайды. Осыдан сӛйлеудің,
тілдің қоғамдық-әлеуметтік сипаты аңғарылады. Хабардың
қай түрі болса да шындыққа құралу керек, сонда ғана тілдік
қатысым ӛз бетінше дамиды және сӛйлеу /информацияны
қабылдау, оған жауап қайтару, қайта жауап алу/ қатысымдық
құбылыстың қоғамдық мәнін ашады, адамдар арасындағы
әлеуметтік кӛпір бола алады. Демек, адамдар бірінің айтқан
сӛзін екіншісі жай білу үшін ғана емес, олар бір-бірімен
ӛзара түсінісу үшін, ӛзара қарым-қатынаста болу үшін
қарым-қатынастық бірлікке ұмтылады. Осыдан келіп тілдік
қатынастың қоғамдық-әлеуметтік мазмұны, мәні шығады.
27
Линвистикалық, әдістемелік әдебиеттердің кӛпшілігінде
сӛйлесім әрекетін тӛрт түрге бӛліп қарастыру тұрақты орын
алған.
Олар:
1. Сӛйлеу /говорение/
2. Оқу /чтение/
3. Жазу /письмо/
4. Түсіну /аудирование/
Біз жан-жақты тәжірибелерге сүйене келіп, сӛйлесім
әрекетін бес түрге бӛліп қарастырамыз. Олар: оқылым,
Достарыңызбен бөлісу: |