Курсы бойынша студенттердің алған білімдерін тексеру мақсатында тест тапсырмалары берілген. Еңбекті студенттер мен мектеп мұғалімдері оқу құралы ретінде пайдалануына болады



Pdf көрінісі
бет9/66
Дата21.11.2023
өлшемі0.94 Mb.
#483900
түріОқулық
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   66
Kazak tili okytu adistemesi Orazbaeva

Тыңдалым, яғни аудирование - соңғы жылдары кӛп сӛз 
болып жүрген және оқу процесінде кеңінен орын алған 
маңызды салалардың бірі. Тыңдалым - «аудирование» деген 
терминнің білдіретін мағынасы - «есту арқылы түсіну». Бұл 
термин айтылған не техникалық аппараттарға жазылған 
аудиомәтіндегі сӛздерді, сӛйлемдерді тыңдай білудің 
нәтижесінде қабылдау және түсіну деген ұғымды білдіреді. 
Бұл атаудың ең басты мәні - адамдар арасындағы қарым-
қатынасты жүзеге асыратын тілдік тұлғаларды тыңдау, есту 
арқылы қабылдау және ұғу. Тыңдалым 
процесін 
тілдік 
қарым-қатынастағы сӛзді қарапайым есту құбылысымен 
алмастырмау керек. Есту - дыбысты акустикалық жағынан 
қабылдау, ал тыңдалым тек есту ғана емсе, сонымен бірге 
мағыналы, маңызды хабарды ұғып алып, қажетке жарату. 
Тыңдалымды жете меңгеру оған қатысты мынадай 
белгілерді үйретумен байланысты: 
1. Басқа дыбыстардан тілдік дыбыс толқынын, олардың 
ерекшеліктерін ажырата білу; 
2. Аудиолық тілдік тұлғалардың мағынасы мен мәнін дұрыс 
қабылдау білу; 
3. Мәтіннен қажетті деректі тауып, пайдалана білу; 
4. Тыңдалымға қатысты негізгі кӛрсеткіштерді жан-жақты 
меңгеру. 
Тілді үйренуде тыңдалымның маңызы мен ерекшелігін 
белгілейтін ең басты кӛрсеткіш - тыңдалымға арналған 
мәтін, яғни аудиотекст. Арнаулы мәтін арқылы тыңдалымға 
тән мынадай басты белгілер: текстегі қатысымдық және 
тілдік тұлғаларды тану, қабылдау, түсіну және қолдану - іс 
жүзіне асады және сӛйлесім әрекетінде үздіксіз жетіліп 
отырады. Тыңдалым процесінде оқытылатын мәтін мазмұны 
мен композициялық құрылым жағынан жүйелі, тұтас түрде 
ұсынылуы қажет. 
Мазмұндық ерекшелігіне қарай: 


36 
а/ берілген тақырып оқушыға таныс материалдан 
жинақталғаны жӛн; 
ә/ ойдың логикалық жүйесі сақталып отыру керек; 
б/ мәтінге қатысты орындалатын жұмыстар нақтылы, анық 
болып беріледі; 
в/ кӛмекші материалдар, кӛрнекілік қатар қолданылады; 
г/ негізгі ой түйінделіп, оның тӛңірегіндегі қосымша, 
қосалқы ойлар соған қатысты жүйелі түрде баяндалады. 
Сол сияқты тыңдалым нәтижелі болу үшін, акустикалық 
ережелерді дұрыс меңгеру де аз рӛл атқармайды: 
а/ Сӛйлемнің фонетикалық норманы сақтап айтылуы.
ә/ Сӛз бен дауыстың ырғағы. 
б/ Екпін мен дауыс ырғағын дұрыс қою. 
г/ Сӛйлем мен сӛйлем аралығындағы үзіліс. 
Сонымен қатар әр түрлі жағдайларға қатысты 
ерекшеліктердің де әсері бар: 
а/ Айтылар ойдың ым, қимыл-қозғалыс сияқты қосымша 
әрекеттермен толықтырылып отыруы. 
ә/ Мезгіл мен орынды дұрыс таңдап алу. 
Тыңдалымға арналған мәтінмен жұмыс оқытушы мен 
оқушы арасында жоспарлы іс-әрекет болуын қажет етеді: 
1. Жұмыс істеу ережелерімен таныстыру. 
2. Тапсырмаларды жүйелі тәртіппен орындау. 
3. Аудиохабарды тыңдап, қабылдай білу. 
4. Түсінуді қамтамасыз ету және бақылау. 
Мәтінді жан-жақты меңгеру үшін берілетін тапсырмалар 
бірнеше түрге жіктеледі: 
1. Мәтіннің мазмұнын түсінуге арналған тапсырмалар; 
2. Мәтіннен алынған ақпаратты творчестволық ізденістермен 
толықтыруға арналған тапсырмалар; 
3. Мәтіндегі хабарларды адамдармен қарым-қатынаста, 
сӛйлесуде қолдана білуге арналған тапсырмалар. 
Қамтамасыз етуге тиісті жағдайлар мәтінді оқыған 
дауыстың ырғағы дұрыс, байыпты болуына байланысты. 
Сонымен бірге дауыстың фонетикалық нормаларға сәйкес, 


37 
темпі орташа, сӛйлем мен сӛйлемнің арасындағы үзілісі 
анық, сӛздің екпіні айқын қойылуын талап етеді. Сол сияқты 
тыңдалым процесі ӛтетін дәрісхананың, орынның жақсы 
болуы да оған әсер етеді. 
Тыңдалымға терең үйретудің әдістемелік екі жолы бар: 
Кӛзбен кӛретін кӛрініс, кӛрнекілік. 
Мұнда мәтінді оқып-үйрену сурет; фотография, схема, карта
арқылы немесе белгілі бір орындарға арнайы саяхат жасау 
арқылы т.с.с. жолдармен қатар ӛткізіледі. 
Тілдегі сӛздер мен тіркестерді түрліше қызықты жолдармен 
оқыту. 
Бұл ретте мәтіннен кейбір сӛздер не тіркестер түсіп 
қалып, оны табу керек болады, немесе сұрақтар жазылып, 
оны толықтыру үшін анкеталар беріледі. Жалпы мәтінді есте 
сақтап, тілдік қатынаста қажет жағдайларды білу үшін, әр 
түрлі әдістемелік жолдар іске асырылады. 
Үйренуші мен үйретушінің кӛзбе-кӛз не бірін-бірі 
кӛрмей қарым-қатынаста болу ыңғайына қарай тыңдалым екі 
түрге бӛлінеді. 
1. Тіке тыңдалым. 
2. Аралық тыңдалым. 
Тіке тыңдалымда тыңдаушы сӛйлеушінің бет пішінің, 
еріндерінің қимыл-қозғалысын, ымдаған, ишарат білдірген 
дене қимылын кӛріп, соған қарап та ойды түсінеді, мағынаны 
қабылдайды. 
Аралық тыңдалымда тыңдаушының алдында диктордың 
ӛзі жоқ, тек дауысы ғана естіледі. Мұнда сӛйлеушінің 
қызметін грампластинкалар, диафильмдер, кассеталар 
атқарады. Бұл жағдайда кӛбінесе сӛйлеушінің үніне, дауыс 
ырғағына қарап түсінуге тура келеді. 
Сондықтан тыңдалымға үйрету техникалық құралдарды 
қолдануды 
талап 
етеді. 
Тыңдалымға 
қатысты 
пайдаланылатын техникалық құралдардың негізі мыналар: 


38 
Диафильмдер, киноүзінділер, оқулық кинофильмдер, 
пластинкалар, таспаленталар, фоножазбалар, бейнетаспалар 
т.б. 
Тыңдалымға қатысты кӛңіл аударатын мәселелер: 
а/ Мәтінді түсінудің түрлерін меңгеру және қажет ойды 
қабылдау. 
ә/ Мазмұнына, құрылысына т.б. қарай мәтінді жіктеп бӛлу 
/әңгіме, баяндау, хабар т.б./ 
б/ Тақырыпты дұрыс белгілеу. 
в/ Мәтіннің кӛлемін ескеру. 
г/ Бақылау арқылы бағалау. 
Тыңдалым арқылы оқыту жүйесінен ӛткен, оған үйренген 
оқушы нені білу керек? Тыңдалымға қатысты оқытушы тіл 
үйренушіге нені оқыту керек: 
1. Оқушы грамматикалық құрылымдардың, тіркестердің, 
сӛздердің формаларын есту арқылы ажырата білуі және 
түсінуі керек. 
2. Ӛткен материалдың барлық тіркестерін есте сақтау және 
ұғуы қажет. 
4. Сӛйлеушінің ойын нақты, тез меңгертіп түсінуі керек. 
5. Мәтінде белгісіз сӛздер кездессе де, оның жалпы мазмұны 
мен мағынасын ұғуға тырысу керек. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   66




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет