Курсы бойынша студенттердің алған білімдерін тексеру мақсатында тест тапсырмалары берілген. Еңбекті студенттер мен мектеп мұғалімдері оқу құралы ретінде пайдалануына болады



Pdf көрінісі
бет8/66
Дата21.11.2023
өлшемі0.94 Mb.
#483900
түріОқулық
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   66
Kazak tili okytu adistemesi Orazbaeva

Іштей оқу - берілген материалды не мәтінді үн 
шығармай, сӛйлеу мүшелерін қимылдатпай, не сәл ғана 
қозғалту арқылы кӛзбен оқу. 
Іштей оқу оқылымның негізгі формасы, қалпы болып 
саналады. Ол, біріншіден, монологтық сипатта болып, 
кӛбінесе бір адамға қатысты болады. Екіншіден, іштей 
оқығанда, адам текстен информацияны ӛзі үшін алады. 
Үшіншіден, ол информация алудың ең тиімді де тӛте жолы 


30 
болып табылады. Тӛртіншіден, бұл оқушыға түсінетін 
жүктеменің кӛлемін кемітеді. 
Дауыстап оқу - материалды қатты, мәнерлеп, барлық 
сӛйлеу аппаратын іске қосып, айналасындағы адамдарға 
естіртіп, үнмен оқу. 
Мәтінді дауыстап оқу арнайы мақсаттарға сай 
жүргізіледі. Дауыстап оқу белгілі бір хабарды адам ӛзі үшін 
ғана емес, екінші адамға жеткізгісі келгенде орындалады. 
Дауыстап оқу қашанда диалогтық сипатқа ие, ӛйткені бір 
адам оқиды, екінші адам оны тыңдайды, процесс екі 
адамның арасында жүреді. 
Дауыстап оқу дыбыстарды дұрыс айтуға, сӛйлеу мәнерін 
жетілдіруге, оқығанды есте сақтауға негіз бола келіп, іштей 
оқуға үйрететін алғашқы қадам болып табылады. 
«Жазылым» термині «жазу» (жазудың түрлері, әріптің 
жеке ӛзі т.б.) деген мағынаны емес «жаза білу», «ойыңды 
басқа біреуге түсінікті болу үшін, қағаз бетінде сауатты 
жеткізе білу» дегенді білдіреді. 
Жазылым - тіл үйренуге қатысты қиын да күрделі жұмыс. 
Жазылым - тілдік тұлғалардың графикалық, фонемалық 
жүйесіне негізделген; лингвистикалық, психологиялық, 
физиологиялық, әдістемелік ерекшеліктерге қатысты тілдік 
материалдың мазмұны мен формасын бірдей қамтитын
адамдардың ұзақ мерзімдегі қарым-қатынасына мүмкіндік 
жасайтын күрделі тарихи әрекет. 
Жазылым біріншіден, әріптің, сӛздің графикалық 
таңбасы арқылы іске асады; екіншіден, бұл графикалық 
таңбалар белгілі бір фонемалық, мағыналық қасиетке ие 
болады; үшіншіден, жазылым құбылысында сӛйлесім 
әрекетінің барлық түрі қатысады; тӛртіншіден, жазу үстінде 
тіл үйренуші адам сӛйлемнің мазмұн-мағынасына ғана емес, 
формасына да кӛңіл аударуға мәжбүр болады, бесіншіден, 
жазылым қағаз бетіне түскен материалдың түсінікті, жүйелі 
болуына тікелей байланысты жүзеге асады.


31 
Жазылым графикалық таңбалардың мағыналық жүйесі 
мен тізбегі арқылы адамдардың бір-бірімен қарым-
қатынасын қамтамасыз етеді. Жазу арқылы адам айтайын 
деген ойын қағазға түсіріп, екінші бір адамға, жалпы 
адамзатқа жеткізуді мақсат тұтады, яғни адам ойын басқаға 
жеткізу үшін жазуды үйренеді.
Әдіскерлердің қалыптасқан пікірі бойынша, жазылым үш 
бӛліктен құралуы тиіс. Олар: Себеп-салдарлық, аналитико-
синтетикалық, орындалымдық. 
Яғни жазылым әрекеті, біріншіден, белгілі бір әсерді 
екінші адамға жеткізудің нәтижесінде ойға келеді, алдымен 
оның себебі пайда болады. 
Екіншіден, аналитико-синтетикалық кезеңде сӛйлем 
құрылымы жасалады, сӛздер бір-бірімен тіркеске түседі, 
сӛздің қызметі мен орны белгіленеді. 
Үшіншіден, графикалық таңбалар арқылы жазбаша мәтін 
/текст/ пайда болып, жазу орындалады. 
Біздің пікірімізше, тілдік қатысымға байланысты 
жазылым бірнеше құрылымдық кезеңнен тұрады да, кӛп 
салалы болады: 
1. Қажеттіліктен пайда болатын себеп. 
2. Себептің ойда, санада бейнеленуі. 
3. Ойдың сӛз арқылы тізбектелуі. 
4. Сӛздің графикалық әріптермен таңбалануы. 
5. Жазудың екінші адамға түсінікті болып, берілген 
хабарды білдіруі. 
Себептік кезеңде адам жазумен шұғылдану үшін белгілі 
бір себеп-салдарлар пайда болып, соның әсерінен ойын 
қағазға түсіруді ойлап, оны іске асырғысы келеді. Адам 
ӛмірінде кездесетін әр түрлі деректі, ақпатартты басқа 
біреуге жеткізу қажеттілігінен жазғысы келеді; бірдеңені 
айтуды, жазуды қалайды, сол арқылы адамдар арасындағы 
қарым-қатынастың алғы шарттары байқала бастайды. 


32 
Екінші кезеңде жаңағы ӛмірден туған қажеттілік, яғни 
белгілі бір хабар миға ауысады, адамның санасында 
бейнеленеді, ой туғызады. 
Үшінші кезеңде адам санасындағы қалыптасқан ой сӛзге, 
сӛйлемге айналады. Сол ойды дұрыс жеткізу үшін тіл 
үйренуші тиімді сӛздерді іздейді, айтқысы келетін хабардың 
ең басты мінін дәл, нақты жеткізуді қалап, сӛздердің 
мағынасын ойластырады. 
Тӛртінші кезеңде ойда жинақталған сӛздер графикалық 
таңбалар арқылы тізбектеліп, белгілі бір ережелер 
заңдылығымен қағазға түсіп, жазуға айналады. Ол жазудың 
үлгісімен ғана емес, білдіретін мазмұндық сыпатымен де 
еркешеленеді. 
Бесінші кезеңде қағазға түскен сӛйлемдер тұтас 
жүйесімен, белгілі бір хабардың толық мазмұнын оқушыға 
жеткізеді. 
Жазуды оқыған екінші адам ондағы берілген деректі 
қабылдайды, соған қарап жауап қайтарады. 
Жазылымның 
лингвистикалық 
ерекшелігі 
әріптік 
таңбадан бастап алфавитке дейінгі жазуды, тілдің дыбыстық 
жүйесін, олардың жазылу ережесін, жазбаша сӛйлеу 
үлгілерін қамтиды. 
Жазылымның лингвистикалық мазмұнын белгілейтін 
мәселелер мыналар: 
1. Графика. 
2. Орфография. 
3. Жазып алу. 
4. Жазбаша сӛйлеу. 
Бұл салада үйретілетін ең басты мәселе - жазылымның 
графикасы. Графика, яғни жазу таңбалары - жазу үшін 
қолданылатын барлық әріптердің таңбалық жиынтығы. 
Әріптік таңбалар екі түрде жазылады: баспа түрінде және 
қолжазба түрінде. Әрбір әріп бас әріп және кіші әріп болып 
таңбаланады. Барлық әріптердің жүйелік жиынтығы тілдің 
алфавитін құрайды. Қазақ тілі графикасының ерекшелігі - 


33 
әріптер қалай жазылса, солай оқылады және басқа тілден 
енген дифтонг /қосарланған/ дыбыстардан басқалары 
құрамына қарай бір таңба бір әріпті білдіреді де, бір әріп бір 
дыбысты кӛрсетеді. 
Жазуды меңгеруде лингвистикалық жақтан үйретілетін 
келесі мәселе - орфография. Ол - белгілі бір сӛзді әріптік 
таңбалар арқылы дұрыс жаза білудің ережесі. Мұндай 
ережені оқытпай тұрып, жазуды да, тілді де сауатты меңгеру 
мүмкін емес. 
Тілді үйретуде орфографияға қатысты кездесетін 
қиындықтар да баршылық. Олар: 
1. Фонетикалық, морфологиялық, тарихи принциптердің 
ӛзгешеліктері мен ерекшеліктерін жан-жақты ескеру. 
2. Екпін түсіп айтылған буындардың дұрыс жазылуын 
қадағалау. 
3. Қазақ 
тіліндегі 
еріндік, 
езулік 
дауыстылардың 
жазылуына ерекше мән беру. 
4. Жуан, жіңішке дыбыстардың фонемалық қасиетін есте 
сақтау. 
5. Дауыссыз дыбыстардың айрықша белгілерін дұрыс 
меңгерту т.б. 
Жалпы орфографиялық білім екі саланы қамтиды: 
1/ жеке лексикалық единицаларды, сӛздерді дұрыс жаза білу 
ережесі; 
2/ грамматикалық заңдылықтарды білу арқылы тіркесті, 
сӛйлемдерді байланыстырып, дұрыс жаза білу. 
Жазбаша сӛйлесім - лингвистикалық ерекшеліктерді 
толық меңгерудің кӛрінісі және ең күрделі тілдік құбылыс. 
Жазбаша сӛйлесім дегеніміз - оқушының айтар ойын басына 
аяғына дейін толық жаза білуі, кӛзқарасын, пікірін қағазға 
түсіріп, жеткізуі. Мәселен, тілді үйренуге қатысты 
жазбалардың қатарына хат жазу, пікір жазу, түсініктеме, 
қатынас қағаз, реферат т.б. жазу жатады. Мұнда сӛздер мен 
сӛз тіркесі, сӛйлемдер бір-бірімен байланысты болады. 
Ойдың жүйесі үзілмей, келесі сӛйлемдерде жалғасып, 


34 
толығып отырады, Сол себепті жазба материалдар тұтас 
бүтіндігімен кӛзге түсіп, басқа адамдарға түсінікті болады.
Жазылымның психологиялық ерекшелігі - жазбаша 
тапсырмаларды дұрыс пайымдап, логикалық жағынан 
меңгеру және графикалық, орфографиялық дағдылар мен 
шеберлікті ұштау. Жазылымның әдістемелік ерекшелігі - 
графика мен орфографияны, жазу мен жазбаша сӛйлемді 
жетік білудің, үйренудің амалдары мен жолдарын іздестіре 
отырып жазғызу, оқыту. Жазылымның тез әрі сауатты 
үйренудің ұтымды тәсілдерін пайдалану. 
Жазылымның физиологиялық ерекшелігі - жазу кезінде 
дене мүшелерінің қимыл-қозғалысын дұрыс игеруді үйрету. 
Қолдың, саусақтың іс-әрекеті, кӛз бен бастың қозғалысы, 
отырыстың пішіні т.б. - барлық адамның физиологиялық түр-
тұрпатының жазылымда алатын орны мен маңызы, қызметі 
ескеріп отыруды қажет етеді. 
Жазуды үйретудің басты алғышарттары: 
1. Қазақ алфавитіндегі әріптердің таңбасын дұрыс жазуға 
үйрету, яғни каллиграфияны жете меңгеру. 
2. Әріптік таңба мен фонеманың қазақ тілі жазуында 
алатын орны. 
3. Жеке тілдік единицалардың дұрыс жазылу ережесін білу. 
4. Қазақ тілі грамматикасына сәйкес сӛз тіркестері мен 
сӛйлемдердің байланысу заңдылықтары мен дұрыс жазылу 
ережелерін игеру. 
5. Ойды жазбаша жеткізудің ең қарапайым және қысқа 
түрін меңгеру. 
6. Шағын мәтін мен сӛйлемшелерді /фраза/ құрастыра білу. 
7. Хат жазу үлгісін меңгеру. 
8. Іс -қағаздарды дұрыс толтыра білу. 
Жазуды терең меңгеру оның басты ерекшеліктерін білумен, 
оған дағдыланумен қатар, материалдың мазмұнын түсінумен, 
жазба жұмысқа автордың кӛзқарасын білумен байланысты. 
Сонымен бірге оның /автордың/ затты, істі, оқиғаны тану 


35 
үстінде қандай кӛңіл-күйде болғандығы, оған деген 
қызығушылығы, ынтасы де ескеріледі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   66




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет