Лекции каз по тпмп 1-дәріс. Кіріспе



Pdf көрінісі
бет53/85
Дата05.09.2023
өлшемі4.11 Mb.
#476654
түріЛекции
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   85
Конструкциялық материалдар мен машина жасау өндірісінің технологиялық процестері - Дәрістер

 
 
5.19-сурет – Қолмен доғалы пісіру кезінде электрод ұшының 
тербелмелі қозғалыстарының сұлбасы 


91 
Пісіру тогының шамасы шала пісірілімнің тереңдігіне ғана емес, сонымен бірге жіктің 
пішініне де әсер етеді. Жіктің ені электродтың 3…4 диаметріне тең болғанда, жіктің пішіні аса 
қолайлы болады. Әдетте қолмен пісіруді 50 А жоғары токтарда жүргізеді. Пісіру тогының 
шамасы 100 А артық болғанда доғаның жану кернеуі оның ұзындығына ғана байланысты 
болады және мына формула бойынша анықталады: 
U
д
= α + βl
д

мұнда α – электродтарда кернеудің түсуін сипаттайтын коэффициент (болат электродтарда α = 
10…12, 
көмір 
электродтарда 
α 

35…38);
β – доға діңгегінің 1 мм ұзындығына кернеудің түсуін сипаттайтын коэффициент (β = 2,0…2,5). 
Токтың түрін және полярлығын электродтардың таңдалған маркасына байланысты анықтайды. 
Тұрақты ток үшін доғаны тұтандыру кернеуі – 40…60 В; айнымалы ток үшін 50…70 В. 
Толық пісіру уақытын мына формула бойынша анықтайды: 
Τ
т
τ
0
/k
мұнда τ
0
– доға жануының негізгі уақыты, сағ; – пісірушінің жүктеу коэффициенті, ол өндіріс 
түріне және орындалатын жұмыстың сипатына байланысты 0,4…0,8 тең. 
Доға жануының негізгі уақытын мына формула бойынша анықтауға болады: 
τ
0
Q
қ
 /(I k
қ
), 
мұнда 
Q
қ
– 
балқытып 
қаптастырылатын 
металдың 
массасы, 
г;
I – пісіру тогы, А; k
қ
– электродтың маркасын, металдың қалдыққа және бүркілуге кететін 
шығынын есепке алғанда 1 А пісіру тогына келетін, 1 сағат ішінде балқытып қаптастырылған 
электродтық металдың мөлшеріне тең балқытып қаптастыру коэффициенті, грамм. Жұқалап 
сыланған электродтар үшін k
қ 
= 7…8 г/А·сағ.; қалың сыланған электродтар үшін k
қ
= 10…12 
г/А·сағ. және одан жоғары. 
Балқытып қаптастырылған металдың массасын мына формула бойынша анықтайды: 
Q
қ
k
б 
I
п
 τ
0

мұнда k
б
– балқытылу коэффициенті (8…14 г/А·сағ); I
п
– пісіру тогы, А. 
Пісіру жылдамдығы мынаған тең: 
V
п
L/τ
0

мұнда – жіктің ұзындығы, м. 
Қапталған электродтармен пісіру және балқытып қаптастыру үшін жылжымалы немесе 
тұрақты постыларды қолданады. Қолмен доғалы пісіруге арналған тұрақты пост (5.20-сурет) – 
бұл бірінші кезекте қоршаған персоналды доғаның жарық сәулесін шығаруынан қорғауға 
арналған, брезент перделермен, ара жабындармен немесе қалқандармен қоршалған өндірістік 
алаң бөлігі. 
Пост пісіру тогының көзімен 1, газды сорып алу жүйесі кірістірілген пісіру үстелімен 2
құрал-сайманды 5 және электродтарды сақтауға арналған жәшіктермен, электр ұстағышпен 
жабдықталған. Сонымен қоса, пост қажетті технологиялық құрылғылармен және құрал-
сайманмен жасақталған. 
Электродтардың қалдыққа және бүркілуге кететін шығыны электродтардың бүкіл 
массасының 25 % құрайды. Тұрақты токта қолмен пісіргенде электр энергиясының шығыны – 
балқытып қаптастырылған металдың ≈ 7 кВт·сағ/кг, ал айнымалы токта 3,5 кВт·сағ/кг құрайды. 
Тура полярлы тұрақты токта көмір электродымен пісіргенде электродтың шығыны маңызды 
емес болады, ал кері полярлықта пісірген кезде ваннаның көміртектенуі байқалады. 
Қаңылтырларының қалыңдығы 3 мм бұйымдар үшін – көмір электродымен қоспа 
материалынсыз; қалыңдығы 3 мм-ден артық бұйымдар үшін қоспа шыбығын доға аймағына 
беру арқылы пісіреді. 
Тура әрекетті доғадан басқа, жанама әрекетті доғаны пайдалануға болады (5.8-суретті 
қараңыз, б). Бұл жағдайда арнайы ұстағышта бекітілген екі көмір электродын қолданады. Болат 
қаңылтырдың қалыңдығы 1…3 мм болғанда металл қоспасынсыз көмір электродымен пісіру 
өнімділігі 50…60 м/сағ жетеді. Көмір электродының диаметрі ток шамасы 200…600А болғанда 
10…25 мм аралығында түрленеді. 


92 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   85




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет