Лекции каз по тпмп 1-дәріс. Кіріспе



Pdf көрінісі
бет52/85
Дата05.09.2023
өлшемі4.11 Mb.
#476654
түріЛекции
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   85
Конструкциялық материалдар мен машина жасау өндірісінің технологиялық процестері - Дәрістер

 
 
 
 
 


88 
 
2 - дәріс. Қолмен электр доғалы пісіру 
Қолмен электр доғалы пісіруді металл (балқитын) электродпен, қорғалмаған (қаптамасыз) 
көмір электродымен, сондай-ақ қорғаныш газдар ортасында көмір немесе вольфрам 
электродтарымен жүзеге асыруға болады. Электродпен қапталған қолмен пісіру сұлбасы 5.17-
суретте көрсетілген. Пісірме доғаның 7 әсерінен электрод өзегі 6 балқиды, оның металы 
тамшылар түрінде пісіру ваннасына түседі. 
 
 
1 – пісірме жік; 2 – қож қабығы; 3 – қож ваннасы; 4 – қорғаныш атмосферасы; 
5 – электрод қаптамасы; 6 – электрод өзегі; 7 – пісірме доға; 8 – пісіру ваннасы
5.17-сурет – Электродпен қапталған қолмен пісіру сұлбасы 
Пісіру процесінде доғаның айналасында газ қорғанышы атмосферасын 4 және 
балқытылған металдың бетінде сұйық қож ваннасын 3 түзетін электрод қаптамасы балқиды. 
Пісірме доғаның орын ауыстыруы металдың кристалдануына және пісірме жіктің 1 қалыпта-
суына мүмкіндік туғызады. Электродтың балқытылған қаптамасы пісіру ваннасының бетіне 
қалқып шығады және қатып, қатты қож қабығын түзеді.
Электр доғасын кейіннен электродты 3…4 мм ара қашықтыққа жылдам бұрып әкетіп, 
пісірілетін бұйым металына электродтың ұшын жанастыру арқылы тұтатады. Сонымен бірге 
тізбекте 20…25 В кернеу болғанда жұмыстық (пісіру тогы) өтеді, оның шамасы доғаның 
ұзындығына және электродтың маркасына байланысты болады. Доғаның ұзындығын l
д
(мм) 
мына формула бойынша анықтайды: 
l
д
= 0,5 (d
э
+ 2), 
мұнда d
э
– электрод диаметрі, мм. 
Доғаның ұзындығы пісірме жіктің сапасына және оның геометриялық пішініне әсер етеді. 
Доға неғұрлым қысқа болса, балқытып қаптастырылған металдың сапасы соғұрлым жоғары 
болады. Доғаның ұзындығы үлкен болғанда пісіру ваннасының қорғанышы нашарлайды да, жік 
металы ауа оттегімен және азотымен қарқынды қанығады. Сондай-ақ доға ұзындығының 
ұлғаюымен металдың бүркілу қарқындылығы артады, ал жіктің өзінде қуыстардың пайда болу 
ықтималдығы жоғарылайды.
Доғаның тұрақтылығын қолдау үшін пісіру кезінде электродты балқыту процесінде пісіру 
ваннасына үздіксіз береді. Сонымен бірге қажет болғанда берілген енді жікті алу үшін 
көлденең тербелістер жасап, оны жік осінің бойында жылжытады. Жіңішке бұйымдарды және 
көп қабатты жіктің бірінші қабаттарын пісіргенде электродты көлденең тербелістерсіз 
жүргізеді. Жіктің дұрыс қалыптасуы үшін пісіргенде электродты пісірілетін металдың бетіне 
қатысты (вертикальдан 15…20
о
бұрышпен) көлбеулетіп ұстау қажет. Электродтың көлбеу 


89 
бұрышын өзгертіп, негізгі металдың балқытылу тереңдігін реттеуге, пісіру және балқытып 
қаптастырылған металды салқындату жылдамдығына әсер етуге болады. 
Жалғанатын тетіктердің жиектерін бөлшектемей түйістіріп пісіруді басым көпшілігінде 
тетіктің (қаңылтырдың) бір жағының жігін өтпелі балқыту арқылы жүргізеді. Бұл жағдайларда 
төсемдерді (болат немесе мыс) қолдану ұсынылады. Егер бұл мүмкін болса, кейде екінші 
жағынан жікті тар қабатпен (білікшемен) пісіреді.
V тәрізді бөлшектелген жікті түйістіріп пісіргенде доғаның жиектерін жиектердің 
қиябетінің жанында тұтатады және металдың білікшесін балқытып қаптастырады. 
Қаңылтырдың қалыңдығына және электродтың диаметріне байланысты жікті бір немесе 
бірнеше өткелде орындайды. 
Алынатын конструкцияның деформациясын азайту мақсатында Х тәрізді жіктерді 
тетіктердің екі жағынан қабаттарды айнымалы салу арқылы пісіреді.
5.18-суретте көп қабатты пісіру және «қайық тәрізді» пісіру сұлбалары көрсетілген. 
Пісірудің көп қабатты сұлбасы кезінде (5.18-сурет, а) алдымен жіктің түбірін пісіреді және 
сонан соң қабаттармен (білікшелермен) бөлшектеуді толтырады. Сонымен бірге әрбір қабатты 
тазалайды. Қабаттар санын электродтың диаметрінен анықтайды. Қабаттың қалыңдығы 
(0,8…1,2) d
э 
тең.
 
 
а – көп қабатты; б – «қайық тәрізді»
5.18-сурет – Пісіру сұлбалары 
Пісіру сапасын жоғарылату үшін оны бұрыштық жіктермен орындағанда бұйымды 
көбінесе сөре мен қабырғаның жанасқан орны төменгі қалыпта болатындай етіп 
орналастырады. Пісірудің мұндай сұлбасы «қайық тәрізді» пісіру деп аталады (5.18-сурет, б). 
Мұндай жағдайда сұйық металдың ағатын жері болмайды және оны электродтың көлденең 
тербелістерімен шайып, үлкен пісіру ваннасымен жұмыс істеуге болады. Токты берілген 
электрод үшін барынша мүмкін етіп орнатады. Сәйкесінше пісіру өнімділігі барынша үлкен 
болады. 
Кеңістіктегі орны бойынша жіктерді төменгі, вертикаль және төбелік деп бөледі. Пісіру 
үшін төменде орналасқан жіктер аса ыңғайлы болады. Вертикаль жіктерді екі тәсілмен 
орындауға болады – төменнен жоғары қарай және жоғарыдан төмен қарай. Төменнен жоғары 
қарай пісіргенде пісіру ваннасын біртіндеп жоғары қарай жылжытады. Мұндай жағдайда ол 
қатып қалған металда жатады. Төменде орналасқан пісіруге қарағанда, вертикаль жіктерді 
орындағанда ток 10…15 %-ға төмен болады. 
Жоғарыдан төмен қарай пісіру кезінде пісіру ваннасы сұйық металдың беттік тартылуы 
есебінен салбырап тұрады. Сонымен бірге негізгі міндет – ванна металының доғаның 
алдындағы әлі балқытылмаған негізгі металға ағуына жол бермеу, әйтпесе ол жіктің жиегі 


90 
бойында негізгі металмен пісірілмейді. Бұл пісірушінің біліктілігі жоғары болғанда 
электродтардың аздаған маркаларымен ғана орындалады. 
Вертикаль жазықтықта горизонталь орналасқан жіктерді пісіру кезінде тек жоғарғы 
қаңылтырда ғана бөлшектейді. Сонымен бірге доғаны төменгі жиекте қоздырады, ал кейін 
біртіндеп жоғарғы қаңылтырдың қия кесілген жиегіне өтеді. 
Көптеген электродтармен пісірме жіктерді төбеде орналасқанда орындауға болады. Бұл 
жағдайда металды электродтан бұйымға, яғни төменнен жоғары қарай тасымалдау 
электрмагниттік күштердің әсерімен қамтамасыз етілген. Пісіру ваннасы беттік керілу күштері-
мен ұсталынып қалады және сондықтан шағын болуы тиіс. Осы мақсатпен пісіру тогын төмен 
орналасқанда пісірумен салыстырғанда 20…50 %-ға азайтады және қысқа доғамен жұмыс 
істейді. 
Жұқа қаңылтырларды пісіру кезінде жікті тар білікше (ені 0,8…1,5 электрод диаметрі) 
түрінде салады, ал қалың қаңылтырларды пісіру кезінде кеңейтілген білікшелерді қолданады. 
Мұндай жіктерде электродтың ұшы үш қозғалыс жасайды: жік сызығының бойында 
ілгерілемелі және көлденең-тербелмелі қозғалыстар жасайды. Соңғылары жік жиектерінің 
қызуын жақсартады, балқытып қаптастырылған металл ваннасының салқындауын баяулатады, 
шала пісірілімді жояды және біртекті жіктің алынуын қамтамасыз етеді. Пісіру кезінде 
электрод ұшының әр түрлі тербелмелі қозғалыстарының сұлбасы 5.19-суретте көрсетілген. 
Талап етілетін өлшемді, пішінді және сапалы пісірме қосылыстарды алу үшін пісіру 
процесінің негізгі көрсеткіштерін анықтайтын пісіру режимі белгіленеді. Қолмен доғалы пісіру 
кезінде бұл көрсеткіштерге: электрод маркасы, оның диаметрі, пісіру тогының күші және түрі, 
доғаны тұтандыру кернеуі, пісіру өнімділігі жатады. Пісірілетін металдың химиялық құрамы 
электродтардың типі мен маркасын анықтайды. Электрод диаметрін пісірілетін металдың 
қалыңдығына және жіктің кеңістіктегі орнына байланысты таңдайды.
Жік төмен орналасқанда электрод диаметрінің және пісірілетін металдың ара қатысын 
басшылыққа алып, электрод диаметрін анықтауға болады: 
Пісірілетін бұйымның Электрод диаметрі, мм 
қалыңдығы, мм
1…2 2…3 
3…5 3…4 
5…10 4…5 
10…24 5…6 
Әдетте жіктерді вертикаль және төбеде орналасқанда пісіруді диаметрі 4 мм-ден артық 
емес электродтармен орындайды. Пісіру режимінің маңызды сипаттамасы пісіру тогының күші 
I
п
(А) болып табылады, оны төменде орналасқанда аз көміртекті болаттан жасалған диаметрі 
3…6 мм электродтармен пісіру үшін мына өрнектен анықтауға болады:
I
п
= (40…60) d
э

мұнда d
э
– электрод диаметрі, мм. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   85




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет