Лекции каз по тпмп 1-дәріс. Кіріспе



Pdf көрінісі
бет54/85
Дата05.09.2023
өлшемі4.11 Mb.
#476654
түріЛекции
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   85
Конструкциялық материалдар мен машина жасау өндірісінің технологиялық процестері - Дәрістер

 
 
1 – пісіру тогының көзі; 2 – пісіру үстелі; 3 – газды сорып алу жүйесі; 
4 – электрод ұстағыш; 5, 6 – құрал-сайманды және электродтарды 
сақтауға арналған жәшіктер 
5.20-сурет – Қолмен доғалы пісіруге арналған тұрақты постының жалпы түрі 
Автоматтық және жартылай автоматтық доғалы пісіру 
Қазіргі уақытта флюс қабатының астында немесе қорғаныш газдар ортасында балқитын 
металл электродпен автоматтық және жартылай автоматтық пісіруді кеңінен қолданады. 
Қазіргі заманғы автоматтар автоматтық пісіру кезінде доғаның ұзындығын 0,2…0,3 мм 
аралығында ұстап тұруға мүмкіндік береді, мұны қолмен пісіру кезінде қамтамасыз ету мүмкін 
емес. Автоматтық пісіру жіктің аса тұрақты сапасын береді. Флюс қабатының астында 
автоматтық пісіру кезінде қолмен доғалы пісірумен салыстырғанда – 2-8 есе, ал жоғары 
режимдерде пісіру жағдайларында 15-20 есе жоғарылайды. Пісіру тогын жоғарылату едәуір 
қалыңдықты металды жиектерін бөлшектемей пісіру мүмкіндігіне және балқытып қаптас-
тырылатын металл көлемінің ұлғаюына әкеледі. 
Автоматтық пісіру кезінде доға балқытып қаптастырылған флюстің астында жанады, ол 
бұйымға қалыңдығы 50…60 мм біркелкі қабатпен төгіледі. Осының нәтижесінде доға ауада 
емес, ал пісіру кезінде балқытылған флюстің астында орналасқан газ көпіршігінде жанады, бұл 
сұйық металдың бүркілуін жою және тіпті үлкен токтарда жіктің қалыптасуын бұзу үшін 
жеткілікті. Бұл ашық доғамен пісіру кезінде алынатын токпен салыстырғанда пісіру тогын 4–8 
есе арттыруға мүмкіндік береді, бұл пісіру процесінің жоғары өнімділігі болғанда жіктің жақсы 
сапасын сақтауға әкеледі. Флюстің астында пісіруді ток күші 1000…1200 А дейін болғанда 
жүргізеді, мұны ашық доғамен пісіру кезінде жүзеге асыру мүмкін емес болады. 
Автоматтық пісіру кезінде электродтық металдың шығыны электродтармен қапталған 
пісірумен салыстырғанда екі есе кем; қалыңдығы 15…20 мм дейінгі бұйымдарды жиектерін 
бөлшектемей пісіруге болады, сонымен бірге металдың қалдыққа және бүркілуге кететін 
шығындары барынша аз – балқытып қаптастырылған электродтық металдың массасынан 2 % 
артық емес. Флюс қабатының астындағы доға ашық доғамен пісіру кезіндегіге қарағанда 
тұрақты. 
Флюспен автоматтық пісіру сұлбасы 5.21-суретте көрсетілген. Пісірме доға электрод 1 
пен негізгі металдың (бұйымның) арасында жанады. Электрод сым түрінде беру механизмінің 
көмегімен – пісіру аймағына, ал ток электродқа ток өткізгіш арқылы 3 беріледі. Пісірме доға 
6 және пісіру ваннасы 7 қоршаған ортадан қалыңдығы 30…50 мм түйірленген флюс 4 
қабатымен оқшауланған. Пісіру ваннасы пісірілетін металл элементтердің және электродтық 
сымның балқытылған жиектерінің металынан тұрады. Доға және пісіру ваннасы тұсындағы 
флюс балқып, сұйық шлак ваннасын 8 құрайды. Пісіру доғасының орнын ауыстырған соң 


93 
пісірме жікті 9 құру процесі жүреді. Сонымен бірге оңай жойылатын қож қабығын 10 түзіп, 
қож ваннасы қатады. Флюстің балқытылмаған қабаты шанапқа сорылады да, пісіру кезінде 
қайта пайдаланылады.
Автоматтық пісіру үшін пісіру автоматы пайдаланылады, оған доға аймағына (автоматтық 
бастиек) электродтық сымды беру механизмі және бастиектің орнын ауыстыру немесе 
бұйымдардың орнын ауыстыру механизмі кіреді. Бастиегі дербес жетегі бар өзі жүретін арбаға 
бекітілген пісіру автоматын пісіру тракторы деп атайды. 
Автоматтық бастиектерді екі типке бөледі: балқитын және балқымайтын электроды 
(көмір, вольфрамды) бар. Балқитын электроды бар автоматтық бастиектердің – электродтық 
сымды берудің реттелетін және тұрақты жылдамдықтарымен екі түрі бар. Пісірме доғаның 
өздігінен реттелу қасиетіне негізделген жүйелер (сым тұрақты жылдамдықпен берілетін 
автоматтық бастиектер) және доғаның реттелетін кернеуі және электродтық сымды беру 
жылдамдығы бар жүйелер аса көп қолданыс тапты. Автоматтық доғалы пісіру кезінде электр 
доғасын басқаруды, қоспа материал мен флюстерді беруді, пісіру бастиегін жіктің бойында 
орнату мен жылжытуды арнайы механизмдер жүзеге асырады. 
1 – электрод; 2 – беру механизмі; 3 – ток өткізгіш; 4 – флюс; 5 – бұйым; 
6 – пісірме доға; 7, 8 – пісіру және қож ванналары; 9 – пісірме жік; 10 – қож қабығы 
5.21-сурет – Флюспен автоматтық пісіру сұлбасы 
5.22-суретте электродтық сымды берудің реттелетін жылдамдығымен АДС-1000 типті 
пісіру автомат-тракторының жалпы түрі ұсынылған. Оның келесі негізгі тораптары бар: өзі 
жүретін арба 1, тіреуіш 2, басқару пульті 3, электродтық сымға арналған кассета 4, күйенте 5
флюске арналған шанап 6, мүштігі 9 және нұсқағышы 8 бар пісірме бастиек 7. Доғаны 
қоректендіру көзі трансформатор болады. Автомат рельстер түрінде арнайы бағыттаушылар 
бойында немесе тікелей бұйым бойында орын ауыстыра отырып, пісіру жүргізе алады. 
Бастиекті пісірілетін бұйымға қатысты орнату үшін тракторда бағытталған құрылғылар 
көзделген. Трактор реттелетін айналымдар санымен тұрақты токты электр қозғалтқыштың 
көмегімен пісірілетін бұйымның бойында қозғалады, бұл пісіру жылдамдығын өзгертуге 
мүмкіндік береді. 
Флюспен жартылай автоматтық пісіру автоматтық пісіруден электродтық сымның жік 
бойында орын ауыстыруының қолмен жүзеге асырылуымен ерекшеленеді. Шлангылы 
автоматтың көмегімен түйісті, таврлы және айқасатын қосылыстарды, кәдімгі автоматтармен 
пісіруге қолайсыз қысқа және қисық сызықты жіктерді пісіруді орындауға болады. Сонымен 
бірге флюсті пісіру аймағына беру онда пісірме сым орналасқан шланг арқылы қысылған 
ауамен жүргізіледі. Флюспен пісіру кезінде электродтық сымға химиялық құрамы, бетінің 
тазалығы және оның қимасының калибрленуі бойынша қатаң талаптар қойылады. Сым 
өлшемдерінің диаметрі бойынша ауытқуы автоматтық бастиектің беретін аунақшаларының 
қалыпты жұмысын бұзады және жіктің сапасын нашарлатады, ал ластанған және тоттанған сым 
жік металында кеуектілік тудырады. 


94 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   85




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет