3. ПӘННІҢ МАҚСАТЫ МЕН МІНДЕТІ, ОНЫҢ ОҚУ
ПРОЦЕСІНДЕГІ РОЛІ
Курстың мақсаты: Әдебиеттi оқыту әдiстемесi пәнiнiң мақсаты болашақ мұғалiмдердi өз кәсiбiнiң сырларын терең меңгерген, шәкiрттерге бiлiм берiп, тәрбиелеуге әзiр, көркем шығарманы талдау бiлiмiн терең меңгерiп, оны оқушыларға түсiндiре алатындай етiп дайындау. Әдебиетттi оқытуда мұғалiм жұмысының әдiстерi мен тәсiлдерiн принциптiк жолмен негiздеп беру - әдебиетттi оқыту әдiстемесiнiң негiзгi мiндетi болып табылады.
Студенттер әдебиеттi оқыту әдiстемесiнiң ғылыми пән екендiгiн, оның басқа ғылым салаларымен байланысын, әдебиеттi оқытуда қолданылатын әдiс-тәсiлдердi, әдiстеменiң зерттеу әдiстерiн, көркем шығарманы талдау, ауызша, жазбаша тiл дамытуға төселдiру амалдарын жалпы меңгерген теориялық және тарихи - әдеби бiлiмдерiн, оқу дағдыларын өздерiнiң мұғалiмдiк қызметiнде дұрыс пайдалана бiлуге үйренедi.
Курстың міндеттері:
-
V-IХ және Х-ХI сыныптарға арналған қазақ әдебиетi пәнiнiң бағдарламаларымен танысу, оның мазмұнын, мiндетiн меңгеру;
-
Әдебиттi оқыту әдiстемесiнiң негiзгi әдiс амалдарын және көмекшi әдiс - тәсiлдерiн үйрену;
-
Орта мектептiң V – IХ және Х – ХI сыныптарына арналған қазақ әдебиетi пәнiнiң оқулықтары мен хрестоматияларын талдау;
-
V-IX және Х-ХI сыныптарда әдебиеттi әдебиеттi оқыту әдiстемесiне байланысты көрсетiлген үлгiлер бойынша әр типтi сабақтардың әр алуан жоспарларын, конспектiлерiн жасау;
-
Мазмұндама, шығарма жаздырып, тексерiп, талдауға үйрену;
-
Күнтiзбелiк - тақырыптық жоспардың үлгiсiн жасау;
-
Өздiгiнен көрнекi құралдар жасап үйрену;
-
Сыныптан, мектептен тыс жүргiзетiн жұмыстарды ұйымдастыра бiлу
4. КУРСТЫҢ ПОСТРЕКВИЗИТТЕРІ МЕН ПРЕРЕКВИЗИТТЕРІ
№ |
Пререквизиттер (пәннің алдында міндетті түрде игерілуге қажетті пәндер)
|
Постреквизиттер (пәннен кейін өтілетін, осы пәнге сүйенетін пәндер)
|
Кафедра
|
Кафедра қабылдаған шешім, хаттамасы №___ күні
|
1
|
“Әдебиеттану ғылымына кіріспе”
|
ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиеті
|
«Тілдер» кафедрасы
|
№ 1 хаттама 20.08.09ж.
|
2
|
“Ежелгі дәуір әдебиеті ”
|
Қазіргі қазақ әдебиеті
|
|
|
3
|
“Хандық дәуір әдебиеті”
|
|
|
|
4
|
“Халық ауыз әдебиеті”
|
|
|
|
5. ЖҰМЫС ОҚУ ЖОСПАРЫНАН К¤ШІРМЕ
№
|
Кредит саны
|
Курс
|
Жалпы сағат саны
|
Аудиториялық сабақтар
|
Аудиториядан тыс сабақтар
|
Қорытынды бақылау
|
лекция
|
Прак
|
сем
|
лабор
|
ОБС¤Ж
|
С¤Ж
|
1
|
2
|
3
|
135
|
30
|
|
8
|
|
|
97
|
еМТИХАН
|
6. ОҚУ САБАҚТАРЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ:
Жұмыс бағдарламасында (силлабус) сағаттар оқу жұмыстары түрлеріне қарай бөлінген: лекция, семинар, ОБСӨЖ (оқытушының бақылауындағы студенттің өзіндік жұмысы), СӨЖ (студенттің өзіндік жұмысы), ЛБС-лабораториялық сабақтар.
Лекция – студентке тақырыпты игеруде неге назар аударуына бағыт береді.
Пәнді толық меңгеру үшін студент ұсынылған әдебиеттердің барлығымен жұмыс істеуі қажет
Семинар сабақтарында – студент талдау, салыстыру, тұжырымдау, проблемаларды анықтай білу және шешу жолдарын белсенді ой әрекет талап ететін әдіс-тәсілдерді меңгеруі керек
ОБСӨЖ – оқытушының бақылауындағы студенттің өзіндік жұмысы.
Материалды сабақ үстінде оқытушының көмегімен оқып меңгеру.
Оқытушы тақырыпқа сәйкес студенттің білім деңгейін тексереді, бақылайды.
СӨЖ-студенттің өзіндік жұмысы. Студент СӨЖ тапсырмаларын кестеге сәйкес белгіленген мерзімде оқытушыға тапсыруға міндетті.
Лабораториялық сабақтарда студент теориялық қорытындыларын, яғни, теория мен тәжірибе бірлігін анықтап, құрал-жабдықтарды құрастыруға, пайдалануға дағдыланады, тәжірибе кезінде алынған нәтижелерді талдауды, теориямен сәйкестеліп дәлелдеуді үйренеді.
7. СТУДЕНТКЕ АРНАЛҒАН ЕРЕЖЕЛЕР :
Сабаққа кешікпеу керек.
Сабақ кезінде әңгімелеспеу, газет оқымау, сағыз шайнамау, ұялы телефонды өшіріп қою керек.
Сабаққа іскер киіммен келу керек.
Сабақтан қалмау, науқастыққа байланысты сабақтан қалған жағдайда деканатқа анықтама әкелу керек.
Жіберілген сабақтар күнделікті оқытушының кестесіне сәйкес өтелінеді.
Тапсырмаларды орындамаған жағдайда қорытынды баға төмендетіледі.
8. ОҚУ САЃАТТАРЫНЫҢ ТАҚЫРЫП БОЙЫНША БӨЛІНУ КЕСТЕСІ
№
|
Тараулар атауы,
реті
|
Аудиториялық сабақтар
|
Аудиториядан тыс сабақтар
|
лекция
|
прак
|
сем
|
лабор
|
ОБС¤Ж
|
С¤Ж
|
1
|
Кіріспе. Әдебиетті оқыту әдістемесі пәні.
|
1
|
|
|
|
|
3
|
2
|
Әдебиетті оқыту әдістемесінің мақсаттары мен міндеттері.
|
1
|
|
|
|
|
3
|
3
|
Қазақ әдебиетін оқытудағы басты заңдылықтар мен ғылыми-зерттеу әдістері.
|
1
|
|
|
|
|
3
|
4
|
Әдебиетті оқыту әдістемесінің қысқаша тарихы
|
1
|
|
|
|
|
4
|
5
|
Оқытудың жаңа технологиясы
|
1
|
|
1
|
|
|
3
|
6
|
Жалпы білім беретін мектептегі әдебиет курсының мазмұны мен құрылысы.
|
1
|
|
|
|
|
3
|
7
|
Әдебиетті оқытуда базалық білім курсы мен тарихи-әдеби курсты жоспарлау.
|
1
|
|
|
|
|
3
|
8
|
Әдебиетті оқыту әдістері
|
1
|
|
1
|
|
|
4
|
9
|
Әдебиет сабағында әдіс-тәсілдерді таңдап алу жолдары
|
1
|
|
|
|
|
3
|
10
|
Әдебиет пәнінің мұғалімі
|
1
|
|
|
|
|
3
|
11
|
Оқушылардың көркем шығарманы қабылдау процесіндегі жас ерекшелігі мәселесі
|
1
|
|
1
|
|
|
4
|
12
|
Оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар
|
1
|
|
|
|
|
3
|
13
|
Көркем шығарманы оқыту
|
1
|
|
|
|
|
3
|
14
|
Көркем шығарманы талдау
|
1
|
|
|
|
|
3
|
15
|
Эпикалық шығармаларды оқыту
|
1
|
|
|
|
|
3
|
16
|
Драмалық шығармаларды оқыту
|
1
|
|
|
|
|
3
|
17
|
Лириканы оқыту
|
1
|
|
1
|
|
|
3
|
18
|
Әдебиет сабағында көркем шығармамен жұмыс істеу кезеңдері
|
1
|
|
|
|
|
4
|
19
|
Көркем мәтінмен жұмыс кезеңі
|
1
|
|
|
|
|
3
|
20
|
Қорытынды сабақтар
|
1
|
|
1
|
|
|
3
|
21
|
Ақын-жазушы өмірбаянын оқыту
|
1
|
|
|
|
|
4
|
22
|
Шолу тақырыптарды оқыту
|
1
|
|
|
|
|
3
|
23
|
Әдебиет теориясы мәселелерін оқыту
|
1
|
|
1
|
|
|
3
|
24
|
Әдебиет сабағы. Сабақ үлгілері мен түрлері.
|
1
|
|
|
|
|
3
|
25
|
Әдебиет сабағында тіл дамыту жұмыстары
|
1
|
|
|
|
|
4
|
26
|
Жазба жұмыстар арқылы тіл дамыту
|
1
|
|
1
|
|
|
3
|
27
|
Оқушы білімін есепке алу мен бағалау
|
1
|
|
|
|
|
3
|
28
|
Әдебиет сабағының көрнекілігі
|
1
|
|
|
|
|
3
|
29
|
Әдебиет бойынша сыныптан тыс оқу және сыныптан тыс жұмыстар
|
1
|
|
1
|
|
|
3
|
30
|
Мұғалім даярлау жүйесіндегі педагогикалық практика
|
1
|
|
|
|
|
4
|
|
Барлығы:
|
30
|
|
8
|
|
|
97
|
-
ЛЕКЦИЯ САБАҚТАРЫ
1- лекция. Тақырыбы: Әдебиетті оқыту әдістемесі
Жоспары:
-
Әдістеме туралы түсінік
-
Әдебиетті оқыту әдістемесінің ғылыми пән екені.
-
Әдебиетті оқыту әдістемесінің басқа ғылым салаларымен байланысы.
Лекция мақсаты: Әдістеме туралы түсінік беру. Әдебиетті оқыту әдістемесінің ғылыми пән екендігін студенттерге түсіндіру. Әдебиетті оқыту әдістемесінің басқа ғылым салаларымен байланысы жөнінде жан-жақты мәліметтер беру.
Лекция мәтіні:
1. Методика - әдістеме (грекше метод – зерттеу жолы). Метод - әдіс жеткізу жүйесі. Әдебиет әдістемесі – қазақ әдебиетінің оқыту заңдылықтарын зерттейтін педагогикалық ғылым. Әдістеме әдістерден тұрады. Әдіс – «танымның одан әрі дами түсуіне қызмет ететін, танылған заңдылықтардың негізінде жасалған ережелер». Әдіс мақсатқа жетудің белгілі бір жүйеге түскен жолы. Әдіс – зерттеліп отырған нысанаға сай келетін таным құралы. Әдіс - әдебиетті талдау мен бағалау ісінде жинақталған ілімдер мен тәжірибелерге, қағидаларға, амалдарға, тәсілдерге негізделеді. Әдіссіз танып-білу мүмкін емес.
Тәсіл – оқушыларға тірек сигналдары арқылы жеткізу жүйесі. Олар: образды сөз өрнегі, көркем бейнелі сурет, графикалық көрнекіліктер.
Қазақ әдебиеті әдістемесі – жан-жақты дамыған, жетілген, теориялық, тәжірибелік негізі қалыптасқан. Оның зерттейтін нысанысы (обьектісі), мақсаты, зерттеу әдістері жүйеленген. Әдебиет әдістемесінің нысанасы – оқыту мәселесі. Әдебиеттегі көркем шығармаларды оқып үйрену негізінде оқушыларға әдеби білім мен халықтық даналық тәрбие беру жөніндегі туатын заңдылықтарды қарастырады. Бұл міндетті жүзеге асыруда педагогика ғылымының, оның теориясының жалпы қағидаларына, ережелеріне сүйенеді.
2. Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі әдебиеттану ғылымымен, тіл білімімен, тарих ғылымымен, психологиямен, педагогиканың теориясымен, таным теориясымен, эстетикамен тығыз байланысты.
Мектепте өтілетін оқу пәндерінің ішінде қазақ әдебиеті тіл біліміне тікелей байланысты. Қазақ әдебиеті әдістерінің зерттейтіні – көркем әдебиет. Көркем әдебиет – сөз өнерінің туындысы, алтын қазынасы.
«Әдебиет сөзбен жасалады». Сөзді жасайтын халық.
Әдебиеттану ғылымынсыз әдебиетші мұғалімдер әдебиетті ғылымның әрі өнердің бір саласы ретінде оқыту мүмкін емес. Бұл пәнді оқытудың күрделілігі де қызықтығы да осында. Әдебиетші мұғалім ең алдымен көркемсөз табиғатын ашатын заңдылықтарды білуі керек, көркем туындыны талдаудың ғылыми әдістемелерін жетік меңгеруі қажет. Әдеби шығармаларды талдауда мұғалім мен оқушы арасында бірлескен еңбек, бірлескен шығармашылық, өнерпаздық орын алуға тиіс.
Әдебиет ғылымының үнемі дамуының арқасында әдебиет әдістері жүйеленіп, молайып, қорланып, байып отырады. Мектепте оқылатын әдебиет пәні, қазақ әдебиеті әдебиет тану ғылымына енген теориялар мен әдістер арқылы дамиды. Қазақ әдебиетін оқыту – ғылым ретінде дамуын мына бағытта зерттейді:
-
ғылыми-әдеби эксперимент;
-
жаңартылған сабақтың түрлері;
-
шығармашылықпен оқыту жүйесі;
-
дидактикалық ұстанымдар.
3. Мектепте әдебиет сабағы оқытудың білім берудің жүйелі, жалғаспалы, бірізділік принциптерін басшылыққа ала отырып, жүргізілуі керек.
Ол төмендегідей кезеңдерден тұрады:
1-кезең: 1-4 сыныптар
2-кезең: 5-8 сыныптар
3-кезең: 9-14 сыныптар
1-кезеңнің негізгі мақсаты – оқуға, жаза білуге, мазмұндауға үйрету, көркем туындыға деген оқушы ынтасын қалыптастыру.
2-кезеңде көркем сөздің көркем шығармадағы ролі, маңызын танып-білу жұмыстары жүргізіледі. Оқу бағдарламасында талдауға ұсынылатын шығармалар жанрлық жағынан қамтылады. Көркем туынды туралы өз пікірлерін, ойларын айта білуге дағдыландыру.
3-кезеңге әдебиетті оқыту ауыз әдебиетін байытып, әдебиет тарихымен жалғастырылады. Оқушы өз беттерімен көркем туындыны оқытуға, талдауға баулу, әдебиет тарихы, сыны, әдебиеттік ғылымнан білім беру, ақын-жазушы стилі, тілі, әдеби әдістер туралы үйрету.
Бақылау сұрақтары:
-
Әдістеме туралы түсінік
-
Әдебиетті оқыту әдістемесінің ғылыми пән екені.
-
Әдебиетті оқыту әдістемесінің басқа ғылым салаларымен байланысы.
-
Әдістеменің зерттеу объектісі
-
Әдебиет әдістемесінің нысаны
Достарыңызбен бөлісу: |