Лекция: 30 Семинар: 8 СӨЖ: 97 Барлық сағат саны: 135 Аралық бақылау (АБ): 60



жүктеу 1.7 Mb.
бет5/11
Дата17.06.2016
өлшемі1.7 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

Бақылау сұрақтары:

  1. Оқыту үрдісі және әдебиет пәні

  2. Әдебиет пәнінің мұғалімі, оның адамдық, азаматтық, ұстаздық келбеті

  3. Қайраткер ұстаздардың мұғалімдік тәжірибелері, озық өнегелері (Ы. Алтынсарин, А. Байтұрсынов, М. Дулатов, М. Жұмабаев, С. Көбеев, Қ, Бітібаева, т.б.)

  4. Әдебиет пәнінің мұғалімі және уақыт талабы

  5. Сабақ өту барысында мұғалімнің іс-әрекеті

  6. Оқу мотивтері

  7. Оқушының іздену іс-әрекеттері – салыстыру, талдау, жинақтау, абстракциялау, жалпылау, нақтылау сияқты интеллектуалдық біліктері.



11- лекция. Тақырыбы: Көркем шығарманы оқыту барысында оқушылардың жас ерекшеліктерін ескеру
Жоспары:

  1. Кіші жастағы жасөспірімдер (5-7 сыныптар, 10-12 жас).

  2. Ересек жастағы жасөспірімдер (8-9 сыныптар, 13-14 жас).

  3. Үлкен жастағы жастар (10-11 сыныптар, 15-17 жас).


Лекция мақсаты: Студенттерге көркем шығарманы оқытуда жас ерекшеліктеріне байланысты топтастыру: Кіші жастағы жасөспірімдер (5-7 сыныптар, 10-12 жас). Ересек жастағы жасөспірімдер (8-9 сыныптар, 13-14 жас).Үлкен жастағы жастар (10-11 сыныптар, 15-17 жас).
Лекция мәтіні:

1. Мектептегі оқу мен тәрбие, сыныптан тыс жұмыстардың барлығы да оқушылардың жас ерекшелігі, психологиясына байланысты ұйымдастырылады. Балаларға көркем шығарманы оқыту, кітапқа деген құмарлығы, сөз өнеріне деген ынтасы мен құлшынысын дамыту мектептерде әдебиетті оқыту, одан білім берудің аса маңызды, әрі күрделі жұмыстарының бірі болып табылады. Бұл мәселелерде де оқушылардың психологиялық ерекшелігі, жасы, оқып жүрген сыныбы ескеріледі. Көптеген ғалымдар, психологтар, мұғалімдер зерттеулері, пікірлер бойынша, оқушыларды көркем шығарманы оқытуға баулу, оны оқырман ретінде қалыптастыру бірнеше сатыдан тұрады.

  1. Кіші жастағыларға 5-7 сыныптардағы 10-12-дегі жасөспірімдер.

  2. Ересек жастағыларға 8-9 сыныптардағы 13-14-тегі жасөспірімдер.

  3. Үлкен жастағыларға 9-11 сыныптардағы 15-17-дегі жастар жатқызылды. Балаларды топқа бөлу, әрине, қатып қалған дүние емес. Қабілеті, дарыны, ынтасы, еске ұстауы, алғырлығы, ойлылығы жағынан бір сыныптағы бір жастағы балалардың өзі әр түрлі болып келетіні тәжірибеден белгілі.

2. Кіші жастағылар – психологиясы, мінез-құлқы, физиологиялық жағынан балалықтан кетсе де, әлі де қалыптасып, толысып жетпегендер. Олар – қимыл-қозғалысы жағынан шапшаң, өте әсершіл, әрі не нәрсеге де сенгіш, барлығын шындық деп қабылдайтын, жақсылыққа да, жамандыққа да құлай берілетіндер. Бұл жастағыларды ертегілер әлі қызықтырады, фантастикалық, қиял-ғажайып оқиғалары бар шығармаларды беріле оқиды. Кино, көгілдір экран алдынан кетпейтіндер де осылар.

Мектепте көп шулайтындар да, тез қимылдап, тез шешім қабылдайтындар да 10-12 жастағылар. Әдеби шығармаларды оқу, қабылдау ерекшеліктеріне келсек, поэзиядан, драмалық туындылардан гөрі әңгімелерді, қарасөзбен жазылған шығармаларды оқуға ынталы болып келеді. Оқыған шығармалардың мазмұнына қарай әр түрлі эмоциялық көңіл күйді бастарынан кешіріп, соны ұмыта алмай, дел-салдыққа түсушілік, алаңдаушылық оларда өте жиі кездеседі.

Олар оқып отырған кітаптарына, ондағы оқиғаларға толық сенеді.

Қорытынды: 10-12 жастағы балалар көркем туынды негізінде идея жататынын, ол авторға байланысты болатынын ойлана бермейді. Олар оқып отырған дүниесін өмірдің өзі деп қабылдайды және өз түсінігі, өз сезімімен қабылдайды. Сонымен осы жастағы балаларды кітап оқуға баулуда, оқырмандық мәдениетін қалыптастыруда мына мәселелерді басшылыққа алған жөн.



  1. Кітапты қалай оқу керек, оқып отырып, неге назар аудару керек, яғни оқырмандық мәдениетін дамыту мақсатында үнемі басшылық жасау, ақыл-кеңес беру.

  2. Ересек, 13-14 жастағы жасөспірімдердің психологиясы, физиологиялық даму барысында өзіндік ерекшеліктер бар. Олар айналаға, соның ішінде өнер туындыларына өз көзқарастарымен қарай бастайды. Осы жастағы балалардың қай жағынан болсын, әлі қалыптасып болмағанын, сынаптай толқып тұрған шақтарын естен шығаруға болмайды. Бұл шақ, психолог ғалымдардың айтуы бойынша, өте жауапты, маңызды шақ. Балалықтан кету, үлкендікке жету арасындағы нәзік көпір. Білім беру, тәрбие істерінде де бұл жасқа ынтамен, ерекше қараған дұрыс. 13-14 жастағы балалар 10-12 жастағы балаларға қарағанда көркем шығармаға басқаша көзбен қарай бастайды. Көркем туындыны оқып отырып, жүрегіне жақын нәрселерді еркін қабылдайды, әдеби талдау кезінде өз пікірлеріне көбірек жүгінеді. Кітаптағының барлығына бірдей сене бермейді, барлығына бірдей қуана да, қайғыра да білмейді. Авторға келіспеушіліктерін білдіреді, «дұрыс емес, бұлай болу керек қой» деген сөздерді олардан жиі естуге тура келеді.

Бұл жастағы балалармен жұмыстың ең маңызды түрі - әдеби, көркем тілдерін жетілдіру: «жазбаша, ауызша». Оқыған шығармаларын талдай білуге баулу. Жоғары сыныптарда оқушылардың көркем туындыны қабылдаулары да жас ерекшеліктеріне байланысты болады. Бұл жастағылар өзін еркін сезінеді. Көп нәрсені өз беттерімен шешкенді ұнатады, «бас бостандықтарын» сүйеді, әрі оны қызғыштай қоруға дайын тұрады. Өмірге, айналаға өзіндік көзқарасы қалыптаса бастайды. Бұл шақ, психолог тілімен айтқанда, адам болып қалыптасудың гүл атқан шағы, жастық шағының бастауы. Романтика, қиял, мұрат іздеу, алғашқы махаббат – бәрі-бәрі әсіресе, осы шақта құлпыра түседі. Міне, осындай жастағылармен мұғалім қандай жұмыс жүргізуі керек?

  1. Әдеби шығармаларды талдауда, ең алдымен, оқушылардың өз пікірін, ойын, әсерін білу.

  2. «Сенің пікірің, ойың қате» деп, кесіп айтудан сақтану, керісінше, талдау барысында олардың пікіріне ден қоя отырып, сенімді, дәлелді түрде, шындыққа жетелеу.

  3. Әдеби шығармалар айналасында жиі-жиі пікір таласын өткізу, тілдерін дамыта отырып, пікірлерін қорғай білуге де баулу.

  4. Бұл жастағы оқушыларға «алдындағы бала» деп қарамай, оқырман ретінде қарым-қатынас жасау, тең дәрежеде әңгімелесу, өз пікірін, не оқулық пікірін тықпаламау. Өздеріне қорытынды жасатуға жағдай туғызу.

  5. Өнерге, сөз өнеріне деген оқушылардың шынайы сезімін, талабын жетілдіру үшін, әр мұғалімнің өзі жоғары мәдениетті, әдебиетті терең білетін, әдістемесі шебер, білімі жан-жақты, әр баланың шынайы досы, пікірлері болу керек.


3. Көркем мәтінді талдау шығармашылық жұмыстарды талап етеді. Қай көркем шығарманы оқыса да, оқушылардың ол туралы өзіндік әсері, пікірі туындайды. Біреуге қатты ұнаған шығарма екіншісіне ұнамауы мүмкін. Оқушы көркем туындыны өз дүниетанымы, сезімі, білім дәрежесіне байланысты қабылдайды. Әдеби талдаудың басты мақсаты – оқушылардың өзіндік қабылдауларын, пікірін - әдебиеттану ғылымының талабына сай ғылыми арнаған бағыттау болып табылады. Көпшілік ұстаздар талдауды бастамас бұрын, оқушылармен сол туынды жайында арнаулы әңгіме, пікірлесу өткізеді, тіпті шағын әдеби айтысқа да жетелейді. Оның тиімділігі сол, мұғалім оқушының көркем туындыны қалай қабылдағанын аңғарады, талдауда қандай мәселелерге ерекше назар аудару керек, соған бағыт-бағдар алады. Әдебиетші мұғалім алдындағы оқушыға оқырман деп қарап, оны оқырман ретінде тәрбиелеуі керек. Әр бала – жеке тұлға. Ол – психологиялық жағынан болсын, дүниетанымы, білімі жағынан болсын, бір-біріне ұқсамайтын жеке адам. Талдау, ең алдымен, міне, сол «жеке адамның» жеке пікіріне де сүйене жүргізілуі тиіс. Әдебиеттану ғылыми әдеби талдауда ең басты мына мәселелерге көңіл аудартады (ғылыми талдаудың негізгі принциптері мынадай):

а) Көркем туындыдағы авторлық көзқарас.

ә) Көркем туындыдағы мазмұн мен форма бірлігі.

б) Суреткердің көркем тәсілі, дүниетанымы, көзқарасы, олардың арасындағы байланысты ашу.



Әдеби талдауда осы принциптерді басшылыққа алу оқылып жатқан көркем туынды туралы, оның авторы туралы үстірт пікірлер мен жалған бағалардан сақтандырады. Әдеби талдаудың қай дәрежеде болуы мұғалімнің талдау әдіс-тәсілдерін қалай меңгергеніне де байланысты болып келеді. Талдауда композиция, сюжет, жазушы стилі, көркем туынды негізінде жатқан идея, оның көтерген мәселесі ерекше назарға алынады.
Әдеби талдаудың негізгі тәсілдері, бағыттары

  1. Көркем туындыдағы жазушы ойы, идеясына көз жүгірту. Әдеби талдау үшін, ең алдымен, сол көркем туындыда жазылған, баяндалған оқиғалардың тарихи негізіне ерекше назар аудару керек. Мысалы, Абайдың көп өлеңдерін, соның ішіндегі «Қалың елім, қазағым» өлеңін жазуға әсер еткен, мәжбүр еткен 19 ғасырдың екінші жартысындағы қазақ қауымының, қоғамының әлеуметтік жайы болған. Немесе Бұқар жырау толғауларының бәрі өз заманының тарихи айнасындай. Оның толғауларын сол өз заманындағы тарихи-әлеуметтік оқиғалар туғызған.

  2. Көркем туынды композициясын талдау тәсіліне бас кейіпкерлердің іс-әрекетін салыстыру; негізгі оқиғаларды сұрыптау; портрет, суреттеулердің көркем туындыдағы орнына тоқталу жатады. Мысалы, «Қорғансыздың күні» (М. Әуезов) әңгімесінің басында жолаушылар суреттеледі. Әсіресе, Ақан портреті оның нәпсіқұмар жан екенін аңғартады, әңгімедегі негізгі сұмдық оқиғаларды осы портреттеу алдын ала болжатқандай болады.

  3. Жазушы стиліне талдау жасаудың маңызы сол, ол туында негізінде жатқан авторлық көзқарас, идеяны ашуға көмек жасайды. Жазушы стилі дегенде, ең алдымен, оның көркем тілі, поэтикалық бейнелер жасауы


Бақылау сұрақтары:

  1. Кіші жастағы жасөспірімдер (5-7 сыныптар, 10-12 жас).

  2. Ересек жастағы жасөспірімдер (8-9 сыныптар, 13-14 жас).

  3. Үлкен жастағы жастар (10-11 сыныптар, 15-17 жас).

  4. Көркем туындыдағы авторлық көзқарас.

  5. Көркем туындыдағы мазмұн мен форма бірлігі.

  6. Суреткердің көркем тәсілі, дүниетанымы, көзқарасы, олардың арасындағы байланысты ашу.

  7. Кіші жастағылар – психологиясы, мінез-құлқы.



12- лекция. Тақырыбы: Оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар
Жоспары:

  1. Көркем шығармалардын тектік, жанрлық сипатын білуі.

  2. Поэзиялық туындыларға қойылатын талаптар.

  3. Прозалық туындыларды оқыту жолдары.


Лекция мақсаты: Студенттерге көркем шығармалардың тектік, жанрлық сипаты жөнінде сипаттама беру. Поэзиялық туындыларға қойылатын талаптар және прозалық туындыларды оқыту жолдарын көрсету.
Лекция мәтіні:

  • мәтінді талдап оқуға және пікір алысуға ұсынылған шығармаларды өз бетімен оқып, мұғалім басшылығымен зерделеп меңгеруі, пайымдап оқу, дұрыс оқу.

  • өлеңдер мен прозалық туындыларды, 10-12 өлең (бұған поэмалар фрагменттері де кіреді), 3-4 прозалық туындылар үзінділерін жатқа айта білуі;

  • тегі, жанры әр түрлі туындыларды, оларда бейнеленген оқиғалар мен кейіпкерлерге өзіндік қарым-қатынас білдіре отырып, мәнерлеп оқи білуі;

  • өзіне бұрын таныс емес кез келген мәтінді (шығарманы) дауыстап та, іштей де дұрыс оқуы;

  • жылына талдап оқуға және пікір алысуға ұсынылған ауыз әдебиетінің, Отандық және шетелдік классикалық балалар әдебиеті үлгілерінің мұғалім басшылығымен және өз бетімен кемінде 20-ға тарта туындыларын оқуы;

  • оқып зерделенген туындының тектік, жанрлық сипатын білуі;

  • әдебиет және фольклор туралы жалпы ұғымдарды, олардың негізгі сипаттарын; қазақ ауыз әдебиетінің басты жанрларының (тұрмыс-салт жырлары, мақал-мәтелдер, жұмбақтар, ертегілер, аңыз-әңгімелер, шешендік сөздер, эпостық жырлар, лиро-эпостық жырлар) негізгі сипаттарын және әдебиеттің тектерін (эпос, драма, лирика) білуі;

  • оқылған лирикалық туындыларға, олардың көркемдік, поэтикалық тіл ерекшеліктерін пайымдай отырып, өзіндік сезінуі, түйсінуі негізінде баға беруі;

  • туындыдаға көркем суреттеу, сипаттаулардың (портрет, пейзаж, интерьер және т.б.) баяндаулардың түрлерін, автор позициясын бейнелеу құралдарын (ажуа, мысқыл, сарказм), юмор мен сатира, аллегория түрлерін айыра білуі; оларға қатысты ұғымдарды практикалық қолдану деңгейінде меңгеруі;

  • тақырыбы бір-біріне үндес (жақын) шығармалардың кейіпкерлерін, оқиғаларын (анықтайтын мәселемен байланыстыра отырып) салыстыра пайымдай алуы;

  • өлең сөздің құрылымдық элементтерінің (өлшем, ырғақ, ұйқас, шумақ) мән-мағынасын, негізгі ұғымдарын білуі және олардың практикалық қолданыста ажырата алуы;

  • мәнерлеп оқудың партитурасын, яғни барлық элементтерін (дауыс ырғағы мен екпіні, олардың бірде жоғары, бірде бәсең болуы) білуі;

  • оқылған шағын эпикалық туындының мазмұнын (кейбір стильдік ерекшеліктерін сақтай отырып) толық, қысқаша және іріктеп мазмұндап айтып беруі;

  • оқылған, зерделенген мәтіннің, өзінің сөйлейтін сөзінің, шығарма жұмысының жай күрделі жоспарын құра білуі;

  • проблемалық сұраққа ауызша немесе жазбаша байыпты жауап беруі; мәтінге сұрақтар мен тапсырмалар түзе білуі;

  • әдеби шығарма бойынша (кейіпкерлер мінездемесі, кейіпкерлерге салыстырмалы мінездеме), сондай-ақ сол шығармалар бойынша салынған иллюстрациялар мен суреттерге негіздеп өз толғамын, көзқарасын білдіре отырып, шығарма жазу.

  • әдеби тақырыпқа бір дерек бойынша реферат әзірлеу, әдеби сын мақалаларға конспект жасай білуі.


Бақылау сұрақтары:

  1. Көркем шығармалардын тектік, жанрлық сипатын білуі.

  2. Поэзиялық туындыларға қойылатын талаптар.

  3. Прозалық туындыларды оқыту жолдары.

  4. Проблемалық сұраққа ауызша немесе жазбаша байыпты жауап беруі

  5. Мәнерлеп оқудың партитурасын, яғни барлық элементтерін (дауыс ырғағы мен екпіні, олардың бірде жоғары, бірде бәсең болуы) білуі

  6. Оқылған лирикалық туындыларға, олардың көркемдік, поэтикалық тіл ерекшеліктерін пайымдау

  7. Өзіндік сезінуі, түйсінуі негізінде баға беруі



13- лекция. Тақырыбы: Көркем шығарманы оқыту
Жоспары:

  1. 5-8 сыныптарда әдеби шығармаларды сыныпта оқыту жолдары.

  2. Жоғары сыныптарда көлемді шығармаларды оқытудың үй жұмыстары арқылы жүзеге асуы.

  3. Көркем туындыларды бақылау жөнінде жүргізілетін жұмыстар.


Лекция мақсаты: Мектептегі 5-8 сыныптарда әдеби шығармаларды сыныпта оқыту жолдарына бсипаттама беру. Жоғары сыныптарда көлемді шығармаларды оқытудың үй жұмыстары арқылы жүзеге асуы жөнінде сипаттама беру. Көркем туындыларды бақылау жөнінде жүргізілетін жұмыстар жайында мәімет беру.
Лекция мәтіні:

1. Әдебиетті оқыту көркем шығарманы оқудан басталады. Балаға көркем туындыны оқытпай, әдебиеттен білім беру мүмкін нәрсе емес. Көркем туындыны жай оқып шығу емес, одан алған әсері, туынды оқушы жүрегіне, сезіміне әсер етті ме, соны білу – мұғалім үшін маңызды мәселе, 5-8 сыныптарда әдеби шығармаларды оқу көбіне сыныпта жүргізіледі. Түсіндірмелі (комментарий) оқу арқылы шығарманың алғашқы бөлімдері оқылады, тәжірибеде осы тәсіл жиі кезігеді, себебі мұғалім ол арқылы шығарманы оқуды ұйымдастырады, оқушыларға бағыт-бағдар береді.

2. Түсіндірмелі оқу, әсіресе, күрделі шығармаларды оқу кезінде тиімді болады. Көркем шығарманы оқу үйде, сыныпта жүргізіледі. Бірақ екеуі бір-бірімен тығыз байланыста іске асып отырады. Мысалы, көркем туындыны түгелдей сыныпта оқуға уақыт жетіспейді, сондықтан мұғалім қалауы бойынша ең негізгі, маңызды бөлімдер сыныпта оқытылып, қалған бөлімдері үй тапсырмасы ретінде беріледі. Көркем туындыны оқуда мәнерлеп оқу, әр сөзді айқын, түсінікті оқу, жинақы оқу, дауыс естілімінің де ашық болуы талап етіледі. Сыныпта дауыстап оқығанда, бұлар айқын көрінеді. Дауыстап оқу мен іштей оқуды алмастырып отырған жөн. Төменгі сынып оқушылары көбіне дауыстап оқығанды ұнатады, жоғары сынып оқушылары іштей оқығанды қалайды. Көркем туындыны оқу жоғары сыныптарда үйде жүзеге асады. Себебі, көркем туындыларды былай қойып, қысқа әңгімелерді сыныпта оқуға уақыт жетпейді. Жоғары сыныптарда өтілетін роман, хикаят сияқты көлемді туындыларды оқу тек үй жұмысы арқылы жүзеге асатыны ұстаздар қауымына бұрыннан-ақ белгілі жай. Әр мұғалім бала көркем туындыны оқыды ма, оқыса, одан қандай әсер алды, соны біліп отырғаны жөн. Мұғалім сыныптағы үйге берілген туындыны оқушылардың қалай оқып жатқанын назардан тыс қалдырмауы керек, үнемі ол туралы хабардар болып отырғаны жөн. Оқып біткен мерзімде мынадай жұмыстар жүргізуге болады (бақылау ретінде):

3. Ауызша, жазбаша сұрақтар арқылы кейде мұғалім әр оқушыға әр түрлі мазмұндағы тапсырмалар бере отырып та тексереді.

а) өзіне ұнаған бір эпизодты қысқаша баяндату, не сол эпизодтың мазмұнының тезисін жасату;

ә) негізгі кейіпкерлерді жинақтату;

б) жазбаша викторина жүргізу.

в) сынақ үлгісіндегі ауызша сұрақ-жауап арқылы тексеру;

г) бүкіл сыныпқа ортақ тапсырма – көркем туындыдан алған әсерін қысқаша баяндап беру;

д) әдеби «көкпар ойыны» арқылы тексеру.

Көркем туындыны оқуды ұйымдастыру, әрі бақылау жасауда баланы жалықтырмау, қажытпау керек. Ол үшін мұғалім қызықты, тиімді жолдар ізденгені дұрыс.


Бақылау сұрақтары:

  1. 5-8 сыныптарда әдеби шығармаларды сыныпта оқыту жолдары.

  2. Жоғары сыныптарда көлемді шығармаларды оқытудың үй жұмыстары арқылы жүзеге асуы.

  3. Көркем туындыларды бақылау жөнінде жүргізілетін жұмыстар.

  4. Көркем шығарманы оқыту

  5. Ауызша, жазбаша сұрақтар арқылы тексеру.

  6. Өзіне ұнаған бір эпизодты қысқаша баяндату, не сол эпизодтың мазмұнының тезисін жасату;

  7. Негізгі кейіпкерлерді жинақтату;

  8. Жазбаша викторина жүргізу.

  9. Сынақ үлгісіндегі ауызша сұрақ-жауап арқылы тексеру;

  10. Бүкіл сыныпқа ортақ тапсырма – көркем туындыдан алған әсерін қысқаша баяндап беру;

  11. Әдеби «көкпар ойыны» арқылы тексеру.



14- лекция. Тақырыбы: Көркем мәтінді талдау жұмыстары
Жоспары:

  1. Жан-жақты толық талдау.

  2. Шолу бағытындағы талдау.

  3. Автор ізімен талдау.

  4. Сұрыптап талдау.

  5. Образдар жүйесіне талдау.

  6. Проблемалық талдау.


Лекция мақсаты: Студенттерге талдау түрлерін түсіндіру.Талдау түрлері: жан-жақты толық талдау, шолу бағытындағы талдау, автор ізімен талдау, сұрыптап талдау, образдар жүйесіне талдау, проблемалық талдау түрлерінің әр қайсысына толық мәліметтер қарастыру.
Лекция мәтіні:

1. Көркем туынды оқу сияқты, оны талдау да әдебиетті оқытудың маңызды, күрделі жұмыстарының бірі. Көркем туындыны талдау, әрине, мұғалім басшылығымен жүргізіледі, ең басты қызмет те мұғалімдікі. Дегенмен талдау оқушылардан да көп нәрселерді талдау дағдыларын, іскерлігі, машықтарын талап етеді. Мұғалім талдау барысында ең негізгі екі түрлі қызмет атқарады:

  1. Көркем туынды көтерген проблемалар, автор ойы, оның көркем компоненттері туралы, яғни талдау нені талап етеді, соны орындату.

  2. Оқушыны оқыған шығармаларын талдай білуге машықтандыру, дағды-іскерліктерін жетілдіру, әдеби талдауды үйрету қызметін атқарады.

Көркем мәтінді талдау жолдары.

2. Жан-жақты, толық талдау көркем туындыны тұтастай қарастырып талдайды. Әсіресе, бұл талдау кейде мәтіндік талдау деп те аталады. Жан-жақты талдау уақытты көп алады, дегенмен, оның тиімділігі көркем туындыны жанды бір организмдей тұтас қарастырады. Шешуші бір эпизодтар, не суреттеу, баяндау, кейіпкер монологі, сөйлеу тілдері негізге алынады. Бұл талдаудың өзіндік ерекшелігі сол, ол үнемі мәтінге жүгініп отырады. Сондықтан мұғалім көркем туынды идеясын ашатын оқиға, эпизодтар, кейіпкерлер сөзі, іс-әрекеті, оны ашатын мәселелерді назарға алып отырады.

3. Талдаудың келесі бір түрі – шолу бағытындағы талдаулар. Бұл талдаудың өзіндік ерекшелігі сол, мұғалім көркем туындыны жалпылама, шолу бағытында қарастырады. Проблемалық сұрақтарға немесе белгілі бір эпизодтарға арнайы тоқталмайды. Көркем шығарма сюжеті, композициясы, тілі, көтерген тақырыбы тұтастай қамтылады. Оқушылар көркем мәтінмен емін-еркін жұмыс істей алады.

Талдаудың тағы бір түрі – сұрыптап талдаулар. Бұл талдау көбіне проблемалық сұрақтар, проблеманы шешу айналасында ұйымдастырылады. Мұғалім шығарма негізіндегі ең басты проблемаларды сұрыптай отырып, талдауды соны шешуге бағыттайды.



4. Мектепте әдебиетті оқытудың күре тамыры көркем мәтінді оқу мен талдау жұмыстары болып табылады. Көркем мәтінді оқыту, оны талдауға баулу - әдебиет мұғалімінің де ең негізгі қызмет, мақсаты. Оқу мен талдау – бір ананың егіз баласындай, жанды бір организмдей туыстас, әрі бірліктегі мәселе. Көркем мәтінді талдау оны оқусыз жүзеге аспайды. Оқу әр оқушының өз еңбегіне, оны қабылдай білу, түсіне білуіне, яғни әр баланың қабілеті, дарыны, ой-өрісіне байланысты жүреді. Бұл жұмыс төменгі сыныптан, яғни 5 сыныптан басталып, жүйелі жүріп отыруы керек. Мысалы, 5 сыныпта Абайдың «Күзін» сыныпта талдап, оқу алдында оны үйден оқып келу тапсырылады. Лирикалық шығармаларды оқу, қабылдау әрі ол туралы пікірі, ойын айту – аса күрделі мәселе. «Күз» өлеңін өз бетімен оқу үшін, мынадай көмек-нұсқау үлестірмесін ұсынуға болады:

  1. Өлеңді асықпай, әр сөзіне назар аудара отырып, оқып шық, бірнеше рет оқысаң, тіпті жақсы.

  2. Күз суреті берілетін сөздерге назар аудару.

  3. «Күздегі» адамдар іс-әрекеті, әсіресе, кедейлер тірлігін еске сақта.

  4. Өлеңді оқи отырып, қандай көңіл-күйде болғаныңды айтып беруге тырыс.

5. Көркем шығарманы талдау сынып ұжымының қатысуы арқылы жүргізіледі. Талдауда мұғалім көпшілік балалардың пікірімен, ойымен танысуға мүмкіндік алады. Әрі бұл жұмыста мұғалімнің басшылық – «көсемдік» орны да ерекше. Оқу баланың тікелей өз еңбегі, өз ісімен жүзеге асса, талдау мұғалім арқылы, оның ұйымдастыруы, ойластыруы арқылы іске асады. Талдауда оқушының жеке жұмысы ұжымдық жұмыспен үндеседі, байланысады да, бір мақсатты көздейді. Біріншіден, оқушының көркем туындыны қабылдауы, әсері, эмоциясын танып-білу, оларды дамыту мақсаты. Екіншіден, көркем шығармаға деген эстетикалық көзқарасын қалыптастыру, көркем туындыны өнер туындысы ретінде түсінуіне әсер ету.

Үшіншіден, талдау арқылы оқушының танымын, қабілетін, қорыта айтқанда, оның ойлау белсенділігін, бүкіл іс-әрекетін дамыту. Сондай-ақ ең басты мақсат – көркем туындыны талдау жолдарын меңгерту, көркемдік-эстетикалық ерекшелігі, оның көтерген тақырыбы, образды жүйесін т.б. бірлікте, кешенді түрде қарастыра отырып, талдауға баулу.

Талдау әрі жүйелі, әрі тұтас, көркем шығарманың барлық нәрі, дәнін аша алатындай, нанымды да ғылыми мазмұнда жүргізілуі керек. Мектепте әдеби талдаудың үш жолы бұрыннан-ақ тәжірибеде кеңінен пайдаланып келеді. Олар: а) автор ізіме талдау, бұны тұтастай, толық талдаудейді; б) кейіпкерлерге талдау жасау, в) тақырыпты проблемалық талдау. Көпшілік мұғалімдер аралас талдауды тиімді деп табады.

Автор ізімен талдау, оның негізгі мақсаттары.

Бұл талдауда мұғалім көркем шығарма сюжеті, эпизодтары, автордың негізгі ойы, мазмұн мен форма жүйесін сақтай отырып, талдауа ерекше назар аударады.

Көркем туындыны образдар жүйесіне қарай талдау жолдары

Образдар жүйесіне талдау талдаудың мектеп тәжірибесінде дәстүрге айналған өте көп тараған түрі болып табылады. 5-8 сыныптар оқушылары көркем туындыдағы бас кейіпкерлерге толық толық талдау жасай алмаса да, олардың іс-әрекеттерін назардан тыс қалдыра алмайды.

Ең бастысы, авторлық көзқарас шығарма негізіндегі басты проблема – образдық талдауда ерекше назарға алатын проблемалар болып табылады. Мысалы, Құнанбай бейнесі арқылы автор 19 ғасырдың екінші жартысындағы феодалдық қоғамды, оның бас өкілін сомдайды. Бұл образды жасаудағы автор мақсаты да сол. Құнанбай іс-әрекеттері, оның әр түрлі қылықтары сол қоғам сипаты дәрежесінде көрсетіледі. Олай болса, талдауда осы мәселелер еске алынуы керек. Образдық талдау жүйесінде де мұғалім көркем шығарманы тұтастай қарастырып, оның барлық компоненттерін (тақырып, идеясы, образдар жүйесі, идеялық эстетикалық табысын) бірлікте ала отырып, талдауды басшылыққа алады.

Әдеби шығармаларды проблемалық талдау жолдары.

1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет