Бақылау сұрақтары:
-
Кіріспе жұмыстары.
-
Көркем туындыны оқыту.
-
Көркем мәтінді талдау.
-
Көркем шығарманың жанрлық ерекшеліктеріне қатысты мәселелер
-
Кіріспе әңгіме арқылы көркем туындыға жете назар аудартудың жолдары
-
Шығарманың тақырыбы мен мазмұны
-
Тарихи фактілердің кіріспе сабақтарда кіріспе сабақтарда жан-жақты қарастырылуы
-
Әдеби материалдарды ұтымды сұрыптау
-
Үлгі-мысалдарды жазушы шығармашылығында суреттелген кезеңмен байланыстыра қамту
-
Суреткердің әдебиеттен алатын орнын, тарихи тұлғасын таныту.
19- лекция. Тақырыбы: Көркем мәтінді оқып-үйрену және талдау жұмыстары
Жоспары:
-
Көркем туындыда көтерген проблемалар.
-
Көркем шығарманы талдай білуге машықтандыру.
Лекция мақсаты: Көркем туындыда көтерген проблемалар. Көркем шығарманы талдай білуге машықтандыру.Көркем мәтінді талдау мәселесі. Оқыту әдістерінің талдау нәтижелерінің мазмұнына қарай берілетіндігін студенттерге түсіндіру.
Лекция мәтіні:
1. Көркем мәтінді оқу барысында оқушыларды, сөз жоқ, ең алдымен, оқиға желісі, кейіпкерлер тағдыры қызықтырады. Соған байланысты олар қуана, қайғыра біледі. Тіпті, сезімтал балалар сол кейіпкерлерге ұқсағысы келеді. Бұндай мәселелер – жаңалық емес, өмір тәжірибесінде анықталған дүниелер. Міне, осы көркем туындыны өз беттерімен оқу кезеңдерінде ең басты мәселе оқушылар назарынан тыс қалады, яғни шығарма авторы, оның туындыны жазған кездегі ойы, мақсаты оқиғалар мен кейіпкерлер іс-әрекетінің көлеңкесінде қалып қояды. Мұғалім мақсаты – талдау кезінде шығарма негізінде жатқан проблема, оның басты ойы, тілі сияқты сол көркем туындыны құрып тұрған көркем компоненттер туралы сөз қозғау болып табылады. Көркем туынды оқу сияқты, оны талдау да әдебиетті оқытудың маңызды, күрделі жұмыстарының бірі. Көркем туындыны талдау, әрине, мұғалім басшылығымен жүргізіледі, ең басты қызмет те мұғалімдікі. Дегенмен талдау оқушылардан да көп нәрселерді талдау дағдыларын, іскерлігі, машықтарын талап етеді. Мұғалім талдау барысында ең негізгі екі түрлі қызмет атқарады: 1. Көркем туынды көтерген проблемалар, автор ойы, оның көркем компоненттері туралы, яғни талдау нені талап етеді, соны орындату.
2. 2. Оқушыны оқыған шығармаларын талдай білуге машықтандыру, дағды-іскерліктерін жетілдіру, әдеби талдауды үйрету қызметін атқарады. Әдеби талдауға баулу жүйелі де сабырлы еңбекті талап етеді. Мұғалімнің талдауға қандай әдіс-тәсілдер қолданып, оны қалай тиімді ұйымдастырғаны ғана шешуші рөл атқарып қоймайды, сонымен қатар баланың көркем туындыны оқу кезіндегі қабылдауы, алғашқы әсері де үлкен рөл атқарады. Көркем туындыны талдаудың күрделілігі, қиындығы да осында. Қорыта келгенде, талдау мұғалімге байланысты дүние ғана емес, оның алдындағы оқушыларға да тікелей байланысты (көркем туындыны қабылдауы, дүниетанымы мен ой өрісі, сезім дүниесіне де байланысты).
Талдау барысында мұғалім сондай-ақ, оқушыларды көркем туындыға байланысты алғашқы әсерлерін толықтыруға, көркем сөз құдіретін түсіне білуге, әр шығарма негізінде үлкен ой, үлкен мәселе жататынын аңғара білуге баулиды.
Бақылау сұрақтары:
1. Көркем туындыда көтерген проблемалар.
2. Көркем шығарманы талдай білуге машықтандыру.
3. Көркем мәтінді талдау мәселесі.
4. Оқыту әдістерінің талдау нәтижелерінің мазмұнына қарай берілетіндігі
5. Мұғалімнің талдауға қолданған әдіс-тәсілдері
20- лекция. Тақырыбы: Көркем шығармалармен жұмыстың қорытынды кезеңдері
Жоспары:
-
Қорытынды сабақтарды ұйымдастыру жолдары.
-
Оқушылардың эмоциясына әсер ету.
-
Әдеби айтыс, пікірталас өткізу.
Лекция мақсаты: Қорытынды сабақтардың кіріспе сабақтармен, көркем мәтінмен жұмыс кезеңімен тығыз байланыстылығын ұқтыру. Қорытынды сабақтарды ұйымдастыру жолдарын түсіндіру. Оқушылардың эмоциясына әсер ету жолдары. Әдеби айтыс, пікірталас өткізу жолдары әдіс-тәсілдері жайлы мәліметтер беру.
Лекция мәтіні:
1. Көркем шығарманы талдауға берілген сағаттарды мұғалім қай талдау түрімен жүргізбесін, қандай әдіс-тәсіл пайдаланбасын, соның ішінде қорытынды жұмысқа арнайы сағат бөліп, қорытынды сабақтарды өткізудің маңызына ерекше көңіл бөлуі керек. Қорытынды жұмыстарда оқушылар мәтінді қайталап оқып, не болмаса уақыттың бәрін оны талдауға жұмсайды. Балалар оқыған сайын дүниелеріне қайта айналып соғады.
2. Қорытынды жұмыстарда оқыған көркем туындының мазмұны емес, оның идеясы, тақырыбы, көркем тілі, маңызы туралы мұғаліммен біріге отырып, бір тұжырым, қорытындыға келеді.Қорытынды оқушылардың бұрынғы білімін жаңғыртып, эмоциясына қайта әсер етумен шектеліп қана қоймай, оларды тың мәселелерге де жетелейді. Мысалы, 7-сыныптағы Ғ. Мүсіреповтың «Ананың арашасы» әңгімесіндегі қорытынды жұмыстарды мына мазмұнда жүргізуге болады:
-
Оқушылардың эмоциясына, сезім қылына әсер ету.
-
Ең басты оқиға, негізгі эпизод (идеяны ашатын) – Антоновтың Нағима ананы жазалауынан шағын инсценировка дайындау, соны көрсету.
-
Әдеби айтыс, пікір таласына жетелейтін сұрақтар әзірлеу. Әңгіме неге «Ананың арашасы» деп аталады? Антоновтың өлімі туралы не айтар едіңдер? Нағима ана жеңісінің мәні, себебін ойлан.
Осы қорытындыда Ғ. Мүсіреповтің ана туралы әңгімелеріне берілген сыншы, әдебиет зерттеушілерінің бағасы оқылса (не жазылып қойса), ол да тиімді болған болар еді. Оқушылар талдау негізінде алған білімдерін ғылыми пікірлермен толықтырар еді, жазушыға, оның шығармашылығына деген қызығушылығы беки түсер еді. Жоғары сыныптарда қорытынды жұмыстар онда атқарылатын мәселелерімен күрделене түседі.
3. Жоғары сыныптарда қорытынды сабақ өткізудің тиімділігі:
-
Оқушылар оқып кеткен шығармасына қайта үңіледі, оған басқа мақсат, басқа көзқараспен қарай бастайды.
-
Өз беттерімен іздену жұмысына кіріседі, проблемаларды шешуге бұрынғы білімдерін, икем-дағдыларын жұмылдырады, оны жаңа біліммен ұштастырады.
-
Мұғалім оқушылардың алған білімдерін жаңа, тың мәселелер көтере отырып, толықтырады, байытады.
-
Оқушылардың икем-дағдысы, іскерлігін арттыру жұмыстары жүреді.
-
Оқытудың жалғаспалық, жүйелілік, ғылымилық принципі тоғыса келіп, оқушыларға терең білім беру жүзеге асады.
Қорытынды сабақтарды қалай ұйымдастыру әр мұғалімнің ізденісі, шеберлігіне де байланысты болмақ. Көркем мәтінді талдау жұмыстарын тиімді жүргізе білу, оның тиімді әдіс-тәсілдерін іздене білу әдебиетті оқытудың ең басты мәселелерінің кілтін таба білумен барабар болмақ.
Бақылау сұрақтары:
-
Қорытынды сабақтарды ұйымдастыру жолдары.
-
Оқушылардың эмоциясына әсер ету.
-
Әдеби айтыс, пікірталас өткізу.
-
Көркем шығарманы түсініп талдаудың шешуші кезеңіне тоқталу.
-
қорытынды сабақтардың бекітілуі
-
Әдеби бағыттар
-
Әдеби бағыттардың дамуы мен қалыптасуындағы тарихи-әлеуметтік себептер
-
Әдеби шығармадағы реализм, романтизм ұғымдарының көрінісі
21- лекция. Тақырыбы: Ақын-жазушылардың өмірбаянын, шығармашылық жолын оқыту
Жоспары:
-
5-8 сыныптарда суреткер өмірінен мәліметтер берудің тиімділігі.
-
9-11 сыныптарда ақын-жазушы өмірбаянын тарихи әдебиеттік ізбен берілуі.
-
С. Сейфуллин өмірбаянына арналған хронологиялық кесте.
Лекция мақсаты: Мектепте ақын-жазушылар өмірін оқытудың маңызы зор, әрі ол әдебиетті оқудың күрделі бір саласы болып табылатындығын студенттерге жеткізу. 5-8 сыныптарда суреткер өмірінен мәліметтер берудің тиімді жолдары. 9-11 сыныптарда ақын-жазушы өмірбаянын тарихи әдебиеттік ізбен берілетіндігі. С. Сейфуллин өмірбаянына арналған хронологиялық кесте арқылы ақын өмірінен мәлімет беру
Лекция мәтіні: Бағдарламада ақын, жазушы өмірбаянын оқыту 9-11 сыныптарда тарихи әдебиеттік ізбен беріледі. Ал 5-8 сыныптарда әдебиеттік оқуларда өмірі емес, жекелеген шығармаларын талдау ұсынылады. Сол себептен де әр оқушы өздері оқып жатқан шығарма кімдікі, шығарманың жазылу тарихы туралы тұжырымды түрде хабар алса, артық болмайды. Сондықтан 5-8 сыныптарда да суреткер өмірінен мәліметтер берудің тиімділігі бар. 5-сыныпта М. Шахановтың «Отырар дастаны» шығармасын оқу алдында оқушыларға әңгімелеу әдісімен Мұхтардың қысқаша өмірін таныстырып, әсіресе, Желтоқсан, Арал мәселелеріндегі азаматтық, күрескерлік, ұлтжандылық қасиеттерін айтып берудің маңызы зор. 8-сынып оқулығында Абайдың Әбіш туралы өлеңдері беріледі. Әбіш кім болған (оқулықта қысқа ғана мәлімет беріледі), Абай оған неге бірнеше өлеңдер жазған, ол өлеңдер әкенің баласын жоқтауы ғана ма деген сұрақтарды мұғалім ақын өміріне шолу жасай отырып, түсіндіреді. Тіпті, берілген шығарманы талдау, оған қызықтыру үшін де бұл тәсілдің маңызы ерекше, мұғалім әңгімелей отырып, Абай өлеңдерінің басты-басты кезеңдеріне тоқталады. Халық үшін «мыңмен алысқан» ұлы ақын өз балаларын сол «Халық ұлы, адам ұлы» болу үшін тәрбиелегенін, әсіресе, Әбішінен үлкен үміт күткенін, бірақ Әбіш қазасы ол үмітті үзіп, ақынды орны толмас қайғыға ұшыратып, қолына қағаз алғызғанын әңгімелеудің тиімділігі зор. 5-8 сыныптарда суреткердің бүкіл өміріне тоқтаудың қажеті жоқ. Өміріне тұжырымды түрде шолу жасап, әсіресе, оқығалы отырған шығармаға байланысты мәселелерге ғана көбірек көңіл бөлу керек.
Тәжірибеде суреткер өмірбаянына арнайы сағаттар бөліп, шығармашылығын талдау алдында оқыту және оны шығармашылығымен қоса, хронологиялық жүйемен оқыту орын алған.
Суреткер өмірбаянын өтуде оның өмір кезеңдерінің басты оқиғалары, оларға байланысты туған шығармалары туралы маңызды мәліметтерді жинақтап, хронологиялық кесте жасап, пайдалануға болады:
Үлгі: Сәкен Сейфуллин (үзінді)
Жылы
|
Негізгі оқиғалар
|
Жазған шығармалары
|
1894
|
Ақмола уезі, Нілді болысы, 1-ауылда дүниеге келді
|
Үлкендердің өтінішімен өлең шығара бастауы (толық сақталмаған).
|
1905
| -
Нілді зауытына келіп, Лаврентийдің қолында орысша үйрене бастады
-
Жұмысшылар көтерілісінің куәсі болуы
|
|
1913
1914
1916
|
Омбы қаласында семинарияда оқуы, саяси жұмыстарға қатысуы
|
Қазан қаласында «Өткен күндер» өлеңдер жинағының басылуы
|
Осындай кестелермен бірге, суреткердің жүріп өткен жолдары,шығармаларының жазылып, басылған, әрі тараған жерлері, шет елдерде аударылып, жарық көруі, өмірінің басты кезеңдері өткен мекемелер, т.с.с. маңызды мәселелерді қамтыған карта жасап, пайдалануға да мұғалім ерекше ден қойғаны жөн. Ақын-жазушылардың ата тегі, шыққан руы, ұшқан ұясы, ұрпағы жайында да мәліметтер беріп отырудың маңызы бар.
Суреткер өмірі мен шығармашылығын өтуде өмірбаяндық шығармаларды да пайдалану тиімді болмақ. Мысалы, Сәкен («Тар жол тайғақ кешу»), Сәбит («Өмір мектебі», «Есею жылдары»), т.с.с. өмірін өткенде сол тарихи шығармалар бойынша оқушыларға қысқаша хабарлама-әңгімелер жасатудың, мұғалімнің өзінің де керекті жерінде оларды негізге алып, оқытуының маңызы зор. Көптеген ақын-жазушылардың өздері туралы жазған өмірбаяндары бар. Мысалы, Ғ. Мүсіреповтің «Автобиографиялық әңгімесі», Жамбылдың өзі туралы айтқандары, т.б. материалдар баршылық. Суреткердің өмірбаянын өзінен артық кім біледі? Сондықтан бұл материалдарға да мұғалімдер назар аударуы керек. Ақын-жазушы еліне сырттай саяхат жасау, бар болса, мұражайына, ескерткішіне бару, тіпті алғашқы сабақты сол жерлерде өту, оларды көрген, дәмдес болған, немесе шәкірті, туысы болған адамдармен кездесу сабағын ұйымдастырудың орны ерекше. Ал мұндай мүмкіндік болмағанда, мұғалім оқушыларының, үйірме мүшелерінің көмегімен кабинетті безендіріп, өткелі отырған суреткер туралы көрме жасап, сабағына тиімді пайдаланады, сабақты сол жерде өткізеді. Бұл орынға оқушыларды алдын ала алып келіп, таныстырып, ынтасын, қызығушылығын арттыруға болады.
Бақылау сұрақтары:
-
Мектепте ақын-жазушылар өмірін оқытудың маңызы зор, әрі ол әдебиетті оқудың күрделі бір саласы
-
5-8 сыныптарда суреткер өмірінен мәліметтер берудің тиімді жолдары.
-
9-11 сыныптарда ақын-жазушы өмірбаянын тарихи әдебиеттік ізбен берілетіндігі.
-
С. Сейфуллин өмірбаянына арналған хронологиялық кесте арқылы ақын өмірінен мәлімет беру
-
Суреткер өмірі мен шығармашылығын өтуде өмірбаяндық шығармаларды да пайдалану
-
Ақын-жазушылардың өмірбаянына байланысты жеке деректер, мәліметтер, тарихи фактілердің кіріспе сабақтарда жан-жақты қарастырылуы
22- лекция. Тақырыбы: Шолу тақырыптарын оқыту
Жоспары:
-
9-11 сыныптарда шолу тақырыптарын ұйымдастыру жолдары.
-
XIX ғасырдың II жартысындағы қазақ әдебиеті.
Лекция мақсаты: 9-11 сыныптарда шолу тақырыптарын ұйымдастыру жолдары жайлы мәліметтер қарастыру. XIX ғасырдың II жартысындағы қазақ әдебиеті және алатын орны.
Лекция мәтіні: Шолу тақырыптары 9-11 сыныптар бойынша беріледі.
Бағдарламада берілетін сағат санының аздығы, бірақ шолулардың ауқымдылығы, маңызы оны оқытудың өзіндік күрделілігін көрсетеді. Шолуларда ең алдымен тарихи-саяси мәселелер, қоғам дамуының жалпы сипаты беріледі, ары қарай мәдениет, әдебиет, өнерге олардың әсері сөз етіледі. Әдеби бағыттар, жанрлар, ағымдар туралы айта отырып, ақын-жазушылар шығармашылығы (сол кезеңдегі), олардың негізгі жетістіктері әңгімеленеді. Қай ақын-жазушы болмасын, ол - өз дәуірі, өз қоғамының бел баласы, соның өкілі. Олардың еңбектері, өздері өмір сүріп отырған қоғамды, оның тыныс-тіршілігін, бейнесін сөз өнерімен берулері, сол кезеңге байланысты әдебиетке қосқан үлесі шолу түрінде беріледі.
Шолу тақырыбында қамтылатын материал ауқымы кең де, керісінше, оны өтуге бөлінген уақыт тапшы. Әдебиетті оқытуда шолу тақырыптарының бір маңызы сол, ол бүкіл бір кезең әдебиеті туралы оқушыларға алдын ала хабар береді, жан-жақты түсінік жасайды.
Осы мол да маңызды материалдарды мұғалім іріктеп, саралап, ең негізгі, ең маңызды мәселелердің дәнін, түйінін бөліп ала білу керек. Сабақ алдында «Бүгінгі сабақтың ең маңызды мәнді мәселелері», «Нені міндетті түрде білу керек?» деген кесте-плакатты пайдалануға болады.
Үлгі:
19 ғасырдың 2 жартысындағы қазақ әдебиеті
Бүгінгі сабақтың ең негізгі, мәнді мәселелері – сол кезеңдегі тарихи-әлеуметтік жағдайлар.
а) Кең-байтақ қазақ өлкесі Ресей империясының құрамында, Қазақстан Ресейге өз еркімен қосылды ма? Соңғы кездегі тарихи шындықтар туралы жаңалықтар;
ә) Әлеуметтік, мәдени, әдеби байланыстар, оның прогрессивтік маңызы;
б) Әдебиетте ағартушылық, демократтық, гуманистік, азаматтық бағыттың өрістеуі. Реализм әдісінің, сыншыл реализмнің қалыптасуы. Өрлеу дәуірінің басталуы (әдебиетте).
Ғылымның, педагогиканың, мәдениеттің өрістеуі, олардың ірі өкілдері:
а) Ш. Уәлиханов – қазақтың ұлы ғалымы, қазақтың төл ғылымының негізін салушы, этнограф, тарихшы, тілші, әдебиетші, фольклорист, суретші, заңгер, географ, саяхатшы, ағартушы, демократ;
ә) Ы. Алтынсарин – қазақ педагогі, жаңаша оқыту саласының негізін салушы. Жазушы, ақын, аудармашы, балалар әдебиетінің атасы, ұлы гуманист, демократ-ағартушы;
б) А. Құнанбаев – қазақтың классикалық әдебиетінің шұғылалы шыңы, көркем, жазба әдебиетінің, әдеби тілінің негізін салушы, Батыс, Шығыс, орыс әдебиеті, мәдениетін халқына таратушы, ойшыл-философ, ғажап аудармашы, қазақ әдебиетіне түбірімен өзгеріс әкелген жаңашыл ақын, сыншыл реализм әдісінің негізін салушы, гуманист, демократ-ағартушы.
Халық ақындары: Шортанбай, Мұрат, Кердері шығармашылықтары:
а) халықты қанаушылар, байлықтың құлдарын өлтіре сынаулары;
ә) патшаның отарлау саясатына қарсы ұлтжанды үндері, Ресейге қосылудың шынайы, көлеңкелі жақтарын ашына жырлауы;
б) осы ақындар туралы әр түрлі пікірлер. Соңғы кездегі тарихи шындыққа негізделген бағалар, ойлар.
Абайдың ақындық мектебінің қанат жаюы (Ақылбай, Мағауия, Әсет ақындар туралы).
-
Әнші, ақын композиторлардың бір тобы. ән өнері, музыка мәдениетінің дамуы. Біржан сал, Ақан сері, Жаяу Мұса шығармашылығы.
-
Әдеби бағыт, реализм, сыншыл реализмнің көркем әдебиет әдісі ретінде дамуы. Реализмнің сыншылдық, ағартушылық, гуманистік, азаматтық сипаттары. Прогрессивтік романтизмнің де бой көрсетуі, оның маңызы.
Тақырыптың түйіні жазылған бұл кестені үлестірме-нұсқау ретінде балалардың алдына беру тиімді болмақ, себебі, үйде дайындау кезінде де пайдалануларына қолайлы келеді.
2.Шолу тақырыптарын өтуде көрнекіліктің маңызы. Мысалы, осы «19 ғасырдың 2 жартысындағы әдебиетті» өтуде Абай, Шоқан, Ыбырай туралы көрме-витрина, олар туралы ұлылардың бағалары, пікірлері жазылған кесте-плакаттар, альбомдар, карта-сызба, көркем туындылар (Абай, Шоқан, Ыбырай туралы жазылған), оқу фильмдерін орынды пайдалану оқушылардың қызығушылығын арттырады, көлемді тақырыптардан жалығып кетуден сақтандырады.
Міне, осылайша оқушылардың қызығушылығын арттырып, алғашқы мәліметтерді сөзбен емес, осы көрнекіліктермен беруге болады.
Хронологиялық кесте жасап, басты-басты мәселелерді топтап, жинақтап, оқушылардың көз алдына қою да тиімді.
Шолуларды өтуде оқушылардың өзіндік жұмыстарына ерекше көңіл бөлінеді. Мұғалім көмегімен олар әр түрлі тақырыптарға шағын хабарламалар әзірлейді.
Бақылау сұрақтары:
-
9-11 сыныптарда шолу тақырыптарын ұйымдастыру жолдары.
-
XIX ғасырдың II жартысындағы қазақ әдебиеті.
-
Шолу тақырыптарын оқытуда сол дәуірдің тарихи әлеуметтік жағдайына көркем әдебиеттің сабақтастық байланысына сипаттама беру.
-
Оқытылатын тақырыпқа сай қосымша әдебиеттер пайдаланудың тиімділігі
-
Шолу тақырыптарының түрлері
-
Шолу тақырыптарының түрлері бжойынша жүргізілетін жұмыстар
-
Көркем шығармалардың негізгі тақырыптары
-
Идеялық-эстетикалық мазмұны мен маңызы
-
Әдеби жанрына түсінік беру
23- лекция. Тақырыбы: Әдеби-теориялық ұғымдарды оқыту.
Жоспары:
-
5-сыныпта әдебиет теориясын оқыту.
-
6-сыныпта әдебиет теориясын оқыту.
-
7-сыныпта әдебиет теориясын оқыту.
-
8-сыныпта әдебиет теориясын оқыту.
-
9-сыныпта әдебиет теориясын оқыту.
-
10-сыныпта әдебиет теориясын оқыту.
-
11-сыныпта әдебиет теориясын оқыту.
Лекция мақсаты: Әдеби теорялық ұғымдарды мектепте оқытуі түрлерін көрсету. Олар: 5-сыныпта әдебиет теориясын оқыту. 6-сыныпта әдебиет теориясын оқыту. 7-сыныпта әдебиет теориясын оқыту. 8-сыныпта әдебиет теориясын оқыту. 9-сыныпта әдебиет теориясын оқыту. 10-сыныпта әдебиет теориясын оқыту. 11-сыныпта әдебиет теориясын оқыту. Және де осы оқыту түрлеріне жан-жақты мәліметтер беру.
Лекция мәтіні:
Мектептегі әдебиет теориясынан берілетін білім көркем шығарма табиғатын танудың құралы, кілті болып есептеледі. Одан білім беру жеке қарастырылмайды, ол көркем шығармамен тығыз байланыста, оны оқып-үйрену кезінде қалыптасады. Оқу бағдарламасында оқушылардың жас ерекшеліктеріне, сыныптарына, онда оқылатын көркем шығармалардың сипатына қарай, берілетін білім мөлшері белгіленген.
Оқу бағдарламасы, сол бойынша жасалған оқулықтарды парақтай отырып, әрі осы сыныптардағы оқушылардың жас ерекшеліктеріне, оқылатын көркем туындылардың құрамына қарай отырып, әр сынып бойынша төмендегі жүйеде әдеби-теориялық ұғым беруге болады деп есептейміз:
-
5-сынып.
-
Халық ауыз әдебиеті туралы қысқаша түсінік. Әдебиет туралы кіріспе әңгіме.
-
Ауыз әдебиетінің негізгі жанрлары: мақал, мәтел, жұмбақтар, батырлар жыры, қиял-ғажайып ертегілер, әдеби ертегілер туралы алғашқы ұғым.
-
Мысал жанры. Әдебиеттегі дәстүр туралы, аударма туралы алғашқы түсінік.
-
Өлең, оның өзіндік ерекшелігі, құрылысы жайында кіріспе әңгіме.
-
Әңгіме жанры. Сюжет, эпизод туралы сөз.
-
Әдеби кейіпкерлер, олардың портреті туралы.
-
Лирика, табиғат лирикасы туралы алғашқы ұғым.
-
Гипербола, эпитет, теңеу, кейіптеу туралы түсінік.
-
Көркем шығарманың тақырыбы туралы алғашқы әңгіме.
-
Монолог, повесть, баллада туралы алғашқы ұғым.
-
6-сынып
-
Шыншыл ертегілер, аңыз, әңгімелер, жаңылтпаштар туралы түсінік.
-
Өлең құрылысы, ұйқас түрлерінен хабар беру.
-
Суреттеу, баяндау, әңгімелеу, композиция туралы түсініктерін кеңейту.
-
Өмірбаяндық әңгіме жанры туралы алғашқы ұғым.
-
Сюжетті өлеңдер туралы түсінік. Лирика туралы алғашқы ұғым.
-
Теңеу, эпитет, метафора туралы төменгі сыныпта алған білімдерін толықтыру.
-
7-сынып.
-
Батырлар жыры туралы ұғымдарын тереңдету.
-
Оптимизм, романтика, риторикалық сұрақтар, аллитерация, ассонанс туралы түсінік.
-
Табиғат лирикасы туралы білімдерін тереңдету.
-
Ирония, сатира, эпитеттің ұлғайған түрі, антитеза жайында хабар беру.
-
Әдеби бағыттар. Реализм туралы алғашқы ұғымдар.
-
Публицистика жанры, көркем шығарма тілі, поэтикалық тіл туралы түсінік.
-
Суреттеу, баяндау, әңгімелеу жайындағы білімдерін жетілдіру.
-
«Суреткер ақын», «Лирик ақын» ұғымына түсінік беру.
-
8-сынып
-
Поэма туралы ұғымдарын тереңдету.
-
Сюжет, композиция, көркем шығарма, тақырыбы, идеясы, кейіпкерлері туралы түсініктерін кеңейту.
-
Тип, прототип туралы алғашқы ұғым.
-
Ұйқас түрлері туралы түсініктерін кеңейту.
-
Шешендік сұрау, шешендік лептеулер, анафора мен эпифора туралы ұғым.
-
Драмалық шығармалар туралы алғашқы түсінік.
-
9-сынып
-
Фольклор туралы түсінік. Аңыз-әңгімелер, шешендікке құрылған аңыздар, эпостық, лиро-эпостық жырлар туралы түсініктерін кеңейту.
-
Гипербола, тұрақты эпитет, әдебиеттегі типтілік жайындағы білімдерін тереңдету.
-
Айтыс, импровизация туралы түсінік.
-
Жыршы, жырау, ақын, толғау, афоризм туралы ұғымдарын қалыптастыру.
-
Дәстүр мен жаңашылдық, реализм, романтизм, әдеби бағыттар, әдеби ағымдар жайында хабар беру.
-
Тропа, фигуралардан бұрынғы сыныптарда алған білімдерін тереңдету (ассонанс, аллитерация, эпитет, метафора, антитеза, әдеби шығармалардың көркем тілі).
-
Поэзиядағы оптимистік сарын, элегиялық сарын, әдеби характер, әдеби тип, лирикалық шегіністер туралы ұғым.
-
Сын-зерттеу еңбектері, сценарий, либретто туралы алғашқы ұғымдар беру.
-
10-сынып
-
Әдебиеттегі демократтық, ағартушылық бағыт, сыншыл реализм.
-
Эпистолярлық жанр, публицистика, ғылыми мақалалар туралы түсінік.
-
Шоқантану, Абайтану, фольклорист, азамат ақын туралы ұғым.
-
Аударма, мысал жанры туралы түсініктерін кеңейту түрлері, соның ішінде шығыстың «Назира» үлгісі.
-
Саяси-әлеуметтік, махаббат, достық, философиялық, элегиялық, азаматтық лирикалар, жалпы лирика түрлері жайында әңгіме.
-
Әдебиеттің халықтығы, жаңашылдық, ақын-жазушы стилі, әдеби тіл, кейіпкер тілі, философиялық трактаттар, қарасөздер туралы түсінік.
-
Роман жанры, өлеңмен жазылған роман, өмірбаяндық романдар, журналистика, естеліктер, романтикалық поэма, әдебиет теориясы туралы очерк, фельетон жайындағы ұғымдарын тереңдету.
-
Әнші-ақын-композитор туралы, психолог ақын жайында әңгіме.
-
Лирикалық кейіпкер, типтік бейне, сатира, аллегория, сюжеттік өлеңдер туралы түсініктерін кеңейту.
-
Ұйқас түрлері, өлең құрылысындағы жаңашылдық (Абай шығармашылығы) туралы ұғым.
-
11-сынып.
-
Төңкерістен кейінгі әдеби ағымдар (символизм, футиризм, т.б.).
-
Поэтикалық әдебиет және социалистік реализм туралы (ұтымды, ұтымсыз жағы).
-
Новелла, баллада, эпопея, тарихи романдар, драматургиядағы тартыс пен характер, трагедия, комедия жанры, суреткердің даралық стилі, шеберлігі, лиро-эпикалық поэмалар, трагедиялық образдар жайында түсінік.
-
Тип, прототип, көркем шығармадағы деталь, штрих, псевдоним, очерк, фельетон, роман жанрындағы сюжет пен композиция, қарасөзбен жазылған поэма, тарихи тақырыптар, ұлттық тақырыптар, әдебиеттер достығы, халықтық сипаты, дәстүр мен жаңашылдық ұғымдарын кеңейту.
-
Портрет-эссе, роман-диалог, трилогия, деректі әңгімелер жайында әңгіме.
-
Әдебиеттегі көркем шындық, тарихи шындық, көркем бейне, стиль мен әдістер, авторлық тұжырым, әдебиеттің тегі мен түрі, өлең құрылысы, өлшемі туралы бұрынғы білімдерін кеңейту.
Қай сыныпта болмасын, әдеби-теориялық ұғымдар көркем шығарма негізінде, онымен тығыз байланыста түсіндіріледі.
Енді осы әдеби-теориялық ұғымдарды сабақтың қай кезеңінде беру тиімді – соған тоқтайық. Фольклор, ауыз әдебиеті, ертегі туралы жалпы ұғымды ертегіні бастайтын алғашқы сабақта, кіріспеде берген жөн.
Әдеби-теориялық ұғымдарды берудің келесі бір жолы – салыстырмалы жұмыстар, салыстыру әдістері.
Әдеби-теориялық ұғымдар берудің, маңызды бір саласы - әдебиеттің көркемдігі, тропа, фигуралар туралы білім беру. Бұл жұмыс көбінде көркем шығарма тіліне, поэзиялық шығармаларға поэтикалық талдау жасау арқылы, жүзеге асады.
Достарыңызбен бөлісу: |