Лекция: 45 сағат СӨЖ: 45 сағат обсөЖ: 45 сағат Барлық сағат саны: 135 сағат Аралық бақылаулар саны: 2 (40 балл)


Лекцияның тақырыбы. Әлемдік саяси картаға тарихи – географиялық шолу



бет3/17
Дата24.04.2016
өлшемі1.32 Mb.
#78171
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17

Лекцияның тақырыбы. Әлемдік саяси картаға тарихи – географиялық шолу


(1 сағат)

Жоспар:

  1. Герман мемлекетінің құрылуы.

  2. ЮСФР-дің ыдырауы.

3.“Ергежейлі елдер.”

Пайдаланатын әдебиеттер:

Негізгі:

1.Т.О.Увалиев Дүниежүзінің қазіргі саяси картасы. Алматы,1998 ж.

2.Назарбаев Н.А. Ғасырлар тоғысында.-Алматы. “Қазақстан”. 1996 ж.

3.Гладкий Ю.Н., Лавров С.Б. “Экономическая и социальная география мира. Млсква 1993.

4.Двоскин Б.Я. Экономико-географическое районирование Казахстана-Алма-ата.1986г.

5.Готовимся к экзамену по географий. М.2002.



Қосымша:

6.Марков К.К , Дабродив О.П ,Симонов Ю.Г,Суетова И.А .Сведение о физической географии.М 1973

7.География және табиғат /журнал/ 2000 –2007 жж
Лекцияның мәтіні.

1990 жылғы қазан айында екі – Герман ( ГФР мен ГДР ) мемлекеті бірікті. ГДР – дің барлық 15 округі 5 жерге (өлке) бірігіп ГФР құрамына кірді, ал Батыс Берлин – мемлекеттік мәртебедегі ерекше статусы бар саяси бірлік болуын тоқтатып Шығыс Берлинмен қосылды, ал1991 жылы Берлин қаласы – Герман Федерацияық Республикасының астанасы болып жарияланды (бірақ Бонн қаласынан оның көшірілуі қаржы – экономикалық себептерге байланысты біраз жылға кейінге шегерілді). Осы себепті, 1991 жылдың қаңтары қарсаңында дүние жүзінің саяси картасында егеменді мемлекеттердің саны 169 –ға дейін қысқарды.

1991 жылдың қыркүйек айында Балтық маңы елдері – Литва , Латвия және Эстония тәуелсіздіктерін алды. Кезінде АҚШ қамқорлығында болған Мұхиттық Аралдардағы екі территория – Микронезия Федерациясы және Маршалл аралдары республикалары да өздерінің тәуелсіздіктерін осы кезде жариялады. Енді дүние жүзінде егеменді мемлекеттердің саны 174 – ке толды. 1991 жылдың соңында Кеңес Социалистік Республикалар Одағы (КСРО) ыдырағаннан кейін, оның орнында егеменді, жас тәуеліз мемлекеттер пайда болды. Олар: Ресей Федерациясы, Украина, Беларусь, Молдова, Қазақстан, Қырғыстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Түркменстан, Әзірбайжан, Армения және Грузия республикалары. Осы аталған мемлекеттер енді Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығын ( ТМД) құрды.

Югославия Социалистік Федеративтік Республикасында (ЮСФР) басталған саяси науқан қарулы қақтығыстар мен соғысқа айналып, ақырында ЮСФР – дің құлауына әкеліп соқтырды. 1990 жылдардың басында Югославияның 4 республикасында – оппозициялық партиялар жеңіске жетіп, олар ЮСФР құрамынан шығатындықтарын мәлімдеді. Соның салдарынан орталық, яғни Сербия мен олардың жаңа үкіметі араларындағы қарама – қайшылық жанжалдар тауып кетті ( олар социализм мен оның белгілерінен, жалпы “ социалистік” деп аталатын атаулардан бас тартты). Осындай жолдармен Югославияның құрамындағы бұрынғы одақтас республикалардың орнына, келесі тәуелсіз мемлекеттер пайда болды: Словения (жер көлемі – 20,3 мың кв.км, халқы шамамен 2 миллион адам, астанасы – Любляна); Хорватия (56,5 мың кв. км, халқы 4,7 миллион адам, астанасы – Загреб); Босния және Герцеговина ( 51,5 мың кв. км, халқы 4,6 миллион адам, астанасы – Скопье). Тек Сербия мен Черногория республикалары ғана федеративтік құрылымда – Югославия Одағына бірігіп отыр (Одақтың өз ішінде осы екі республика арасында, әсіресе Сербияның Косово және Метохия аймағында саяси дау – дамайлар баршылық).

Бұл жерде айта кететін мәселе, әлі де Босниядағы үш қауымдастықтың бір – бірімен қарама – қайшылықтары ( серб, хорват және мұсылман қауымдары) мен екі жақты саяси кереғарлықтар (хорват – мұсылман және серб топтары арасындағы) шешуін таппай отыр. Ал Македонияға келсек, оған Грекия үкіметі іштей өзінің қарсылығын әлі білдіруде, оның басты себебі елдің “ Македония” деген атаумен аталуына келіспеушілігінен туып отыр. Жалпы Македонияның ЮСФР құрамына ену кезінен қалған Болгариямен арадағы өзара түсініспеушіліктері тағы бар. ( Осы екі мемлекеттің Македонияның Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше болып кіруінде дауыс беруде қалыс қалуына байланысты, ЮСФР құрамында болған басқа республикаларға қарағанда - БҰҰ, оның мүшелікке енуі біраз кешеуілдеді).

1993 жылдың қаңтарында Чехо – Словакия Федерациялық Республикасы (ЧСФР) өзінің бірігіп өмір сүруін тоқтатып, оның орнына тәуелсіз екі мемлекет пайда болды; Чех республикасы (78,9 мың кв. км, халқы 10,4 миллион адам, астанасы – Прага) және Словак республикасы (49 мың кв. км, халқы 5,3 миллион адам, астанасы – Братислава).

Міне, осылайша егеменді мемлекеттердің саны, Шығыс Еуропа елдері мен Кеңес Одағы республикаларының есебінен көбейе түсті. Қазіргі кезде дүние жүзінің картасында – 200 жуық егеменді мемлекет бар (бұл мемлекеттерден басқа дүние жүзінде 40 шақты тәуелді елдер мен территориялар да бар).

Бүгінгі таңда Біріккен Ұлттар Ұйымына (БҰҰ) – 186 мемлекет мүше. Жоғарыдағы жаңадан құрылған мемлекеттер БҰҰ –ның құрамына, оның Бас Ассамблеясы сессиясының шешімі бойынша қабылданды. Мысал: Молдова, Армения, Әзірбайжан, Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркіменстан, Словения, Хорватия, Босния және Герцеговина республикаларын БҰҰ қабылдау 1992 жылдың көктемінде болды, ал Грузия осы жылы шілде айында қабылданды (тек Македония мүшелігінің мәселесі ғана дер кезінде жоғарыда аталған себептерге байланысты шешілмеді, ол БҰҰ бір жылдай кешеуілдеп барып енді).

«Ергежейлі» елдер деп аталатын микромемлекеттер: Ватикан, Кирибати, Тувалу, Тонга корольдығы, Науру және т.б. елдер, бұл БҰҰ – на қаржы және басқа да себеп – мүмкіншіліктеріне қарай кірмейді. Ал Швейцария ( БҰҰ жұмысына бақылаушы құқында қатысады) осы күнге дейін оған кіру – кірмеуін әлі шеше алмай отыр. Алайда, бұл елде әртүрлі жүздеген халықаралық ұйымдардың, оның ішінде БҰҰ – ның көптеген арнаулы мекеме – ұйымдарының штаб – пәтерлері орналасқан ( экономикалық, саяси, әлеуметтік, мәдени және т.б.). Бір ғана Женевада олардың саны – 234, мұндай дәрежеде ол Еуропада тек Парижді, Брюссель мен Лондонды ғана алға салады. Кейбір халықаралық ұйымдар өздерінің штаб – пәтерлерін Швейцарияны басқа да ірі қалаларына орталастырған, мысалға: Берн, Базель, Цюрих, Лозанна және т.б. қалаларында. Швейцария сияқты мәселен Ватикан, т.б. кейбір үкіметаралық ұйымдар , ұлт азаттық қозғалыстар мен халықаралық арнаулы мекемелер ( Еуропалық Одақ, Африка бірлігі, Палестинаны азат ету, « Ислам конференциясы « және т.б. ұйымдар ) БҰҰ бақылаушы мәртебесіне ие.

Егеменді мемлекеттермен қатар, қазіргі кезде дүние жүзінде 35 тен 40 –қа дейін отар немесе тәуелді елдер мен территориялар бар деп есептелінеді. Есептеудегі бұл айырмашылықты қалай түсіндіруге болады? Кейбір есептеулерде, БҰҰ – ның қолдауымен бұл елдерге ресми түрде Шығыс Тиморды жатқызады, ал басқалай жағдайда ол есептелінбей кетеді, ал Индонезия болса бұл елді БҰҰ – ның қаулы – қарарларымен келіспей, өзінің территориясына күшпен қосып жіберген болатын. Жақында Индонезия үкіметі, бұл мәселеде мәлімдегендей – қаржы, қорғаныс және сыртқы істері Жакарта құзырында, қалғанын Шығыс Тимордың өз еркіне бермек болып отырғанын жария етті. Көптеген елдер Палестина мемлекетінің өміршілдігін мақұлдайды, ал кейбірі оны қолдамайды, себебі ол автономиялық құрылымнан (1994 ж.) әлі егеменді елге толық айнала қойған жоқ.

Сол сияқты Азия – Тынықмұхиттық региондағы ( АТР) елдерді кейде бөлек – бөлек территория түрінде, кейбірде бір аумақ ретінде қарастырады. Бұл АТР аймағындағы елдерді шартты түрде үш топқа бөлуге болады: 1.) Отарлар, яғни БҰҰ – ның тізіміне ресми түрде тіркелген тәуелді территориялар, бұларға бостандық берілуі қатал түрде талап етіледі; 2.) Аомынь (Макао), бұл бодан - елді Португалияның отарлаушы үкіметі басқарады (1971 жылы Қытайдың талап етуі бойынша БҰҰ – ның тізімінен шығарылған ), сол сияқты – Тайвань. Бұл топқа 1997 жылдың шілдесіне дейін 99 жыл бойы Ұлыбритания иелегінде болған Сянган (Гонконг) да жатқызылған. 3.) Негізгі территориялар деп сөз жүзінде аталатын, ал іс жүзінде отар жерлер, бірақ олар БҰҰ – ның тізіміне кірмеген, себебі, оларды басқарушы мемлекеттердің мәлімдеуінше, олар «теңізден арғы департаменттер немесе территориялар», «еркін ассоциациялық мемлекеттер», т.б. болып табылады. Мысалы: Жаңа Каледония мен Полинезия Франция иелегінде, ал Австралия мен Жаңа Зеландия территориясы ь болып – Токелау, Рождества, Норфолк және т.б. аралдар саналады. Мұндай жерлер Мұхиттық Араладар мен Кариб теңізі бассейнінде жиі кездеседі.

Бұл елдердің барлығы дерлік территориясы және халқының саны жағынан шағын мемлекеттер. Тек Португалия иелегіндегі Аомынь (0,4 миллионнан астам халқы бар) мен АҚШ – тың отары Пуэрто – Рикодан (3,6 миллион тұрғыны бар) басқалары. Осы елдердің екеуі де ішкі мәселелерде өзін - өзі басқару құқығына ие, алғашқысы 2000 жылға дейін Қытайға қосылуға тиісті болса, ал Пуэрто – Рико АҚШ – пен «еркін ассоциация « күйінде.

Отарларды жою процесі әлі де жүріп жатыр, бірақ 60-70 жж. Салыстырғанда баяу. БҰҰ – ның тізіміндегі ең ірі отарлық иелік – Намибия 1990 жылғы науырызда (халқы 1,9 миллион адам) өз дербестігін алды. 1976 жылдың ақпанында Испания иелегінде болған – Батыс Сахара жері өз тәуелсіздігін жариялаған. Ал, 13 жылға созылған қарулы қақтығыстан кейін, Батыс Сахарада ( негізінен ұлт – азаттық ПОЛИСАРИО майданы, Марокко және Мавритания арасында) 1991 ж. қыркүйек айынан бастап соғыс қимылдары ресми түрде тоқтатылып, келіссөз басталды. Кейіннен Мавритания үкіметі, өзінің оған еген территориялық талаптарынан бас тартты. Бұл жерде енді БҰҰ- ның ұйымдастыруымен референдум ( тәуелсіздік немесе Мароккомен интеграция ) өткізілмекші. 1996 жылдан бастап ПОЛИСАРИО майданы мен Марокко арасында тікелей келіссөздер, ендігі жерде БҰҰ мандаты жүйесі тұрғысынан қайта жанданды. Бірақ әлі де толық бір мәмілеге келген жоқ, екі арада келіспеушіліктер бар.

Ал Сянган тәрізді ( «Бір мемлекет – екі түрлі жүйе « принципі үрдісі негізінде ) Аомыньның да тағдыры анықталды, жоғарыдағы айтылғандай ол ҚХР – дың егемендігіне 2000 жылдың басына дейін кіріп болады. Қытай үкіметі Тайваньға да жоғарыда аталған принцип негізінде біртұтас мемлекет болып өмір сүруді ұсынуда.

Ал басқа отарларға келетін болсақ, олардың көбісі метрополия үшін: бірінші кезекте әскери – стратегиялық мақсатта пайдалану; сол сияқты олардың басқа да саяси - әлеуметтік және транспорттық – экономикалық қызығушылықтарын туғызуда. Сондықтан, отаршыл – метрополиялар оларды мүмкіндігінше өз қолында ұстап тұруға тырысуда. Осы себепті Испания мен Ұлыбританияның арасындағы Гибралтардың егемендігі туралы тартыстың шегі жоқ сияқты. Аргенитана мен Ұлыбритания арасындағы Фолкленд (Мальвин) аралдары үшін болған әскери қақтығыс (1982 жылы ) әлі ұмытылған жоқ. АҚШ – тың көптеген әскери - әуе және әскер –теңіз базалары оның отар - аралдарында және онымен қоса Ұлыбританияға қарайтын Үнді мұхитындағы Чагос архипелагының аралдарында ( олардың ішінде Диего – Гарсия да бар ) орналасқан.

Фрнация Полинезияны 1958 жылдан өзінің « теңізден арғы территориясы « деп жариялап, онда ( Муруруо аралы ) олар мұхит кеңістігінде әлі күнге дейін ракеталық – ядролық қаруын сынақтан өткізуін тоқтатпай отыр( Жұртшылыққа осыдан 3-4 жылдай бұрын, мұндағы полигонында Францияның бірнеше дүркін ядролық жаралылыстар жасағаны белгілі). Ал Фрнацияның Оңтүстік Америкадағы тағы бір отары – француз Гвианасы «теңіздік департамент» болып саналады, оның Атлант мұхиты жағалауында орналасқан Куру қаласы маңында 1968 жылы салынған ракеталық – ғарыш орталығы мен космодромын Франциямен қоса, сондай – ақ АҚШ пен бірнеше Батыс Еуропа компонияларыда жердің жасанды серіктерін ұшыруда бірлесіп пайдалануда.

Тәуелсіз мемлекеттердің құрылуы, дамуы, қалыптасуы немесе оның ыдырауы мен егемендігінің жойылуы, мемлекет атының өзгертілуі, астаналардың көшірілуі, шекаралардың өзгерісі, т.б. мәселелер - аса күрделі тарихи – қоғамдық үрдіс болып табылады. Бұл процестер – саяси, әскери, әлеуметтік, экономикалық, діни, этникалық және т.б. көптеген ішкі және сыртқы факторлармен анықталады. Осындай жағдайда көптеген жылдар, кейде ғасырлар бойғы, кейбір елдер мен халықтардың өміріндегі күрделі мәселелер қордаланып шешілмей қалады. Соның ішінде, территориялық және шекаралық келіспеушіліктер де аз емес. Халықаралық маңызы бар территориялық дау – талас, т.б. осы тұрғыдағы ірі саяси оқиғалар туралы көптеген туынды кітаптар жарық көріп, ал бұл жайлы мақалалар мерзімді баспасөз басылым беттерінде үздіксіз жазылуда.

Мұндай дау – шарлардың шығу себептері әрқилы. Мысалы осындай мәселелер , негізінен алғанда талас – тартыстар, соғыстар мен қақтығыстардың нәтижелерінде туындайды немесе басқа елмен шекара туралы шарт жасасқанда, шекараны отаршылдардың немесе жеңуші елдердің күшпен белгілеуі нәтижесінде, ондағы этникалық жағынан біртекті халықтар тұратын территориялардың бөлшектенуі, шекараны табиғи шептер арқылы белгілеп жүргізудің қиындығы ( Африкада, Оңтүстік – Батыс Азияда және т.б.) немесе олардың жаңадан игерілген территориялар арқылы жасанды геометриялық және астрономиялық линиялар түрінде түзу сызықтар мен географиялық координаттар арқылы ойша жүргізілуі (Канада, Австралия) себептерінен болады. Міне осындай территорияларды – дүние жүзінің қазіргі саяси немесе картасынан анық көруге болады. Яғни, осындай « түзу сыөғыш немесе циркуль бойымен алынған территориялар» ( әсіресе Африка елдерінде ) шекара дауының басты себептері болып табылады. Мәселен, осы Африка елдерінің шекарасының 1/3 геометриялық және астрономиялық линиялармен, яғни түзу сызықтар және параллель мен меридиандар бойынша жүргізілген, онда мәдени ұлттық аумақтар мен табиғиғ шептер ерекшеліктері тіптен ескерілмеген.

Халықаралық проблемалар жөніндегі мамандардың тұжырымдауынша, біздің жер шарымызда – территориялық , шекаралық және т.б. дау – жанжалдар ошағы болып табылатын шамамен 300 – дей пункт бар деп есептелінеді, ал оның 100 – ден астамында ол аса күрделі шиеленіскен түрдегі қарама – қайшылықтарда тұр, олар тек сол елдердің шекара маңында ғана емес, кейде аса үлкен арақашықтықтарда да байқалады ( мысалы: Ұлыбритания мен Аргентина аралдарындағы Оңтүстік Атлантикадағы Фолкленд аралдары үшін талас, т.б.). Бредфорд университетінің (Австралия) ғалымдары М. Данго мен В. Экхардтың бағалауларынша екінші дүниежүзілік соғыстан кейін (1945 – 1990 жылдар аралығы), әлемде шамамен 450 – ге жуық әр түрлі масштабтағы екі – үш немесе одан да көп елдер араласқан қарулы қақтығыстар болған, яғни орташа есеппен бір жылда - он рет. Әрине, мұндай көп жылдарға созылған дау – жанжалдардың, әсіресе ірі соғыстар мен қарулы қақтығыстардың терең ойлы бір себеп – сипаттары болды. Қақтығыстардың шығуының шамамен тең жартысына – территориялық және шекаралық даулар негізгісебеп болып табылуда. Міне осындай себептерден, яғни ғасырлар бойы тай – таласып келген территория үшін, Иран мен ирак (1980 – 1988жж.) арасындағы сегіз жылға созылған қантөгіс соғыс туды. Үндістан мен Пәкістан арасындағы шекара шын мәнінде «діни шекара» болып табылады, ал Жамму мен Кашмир штатындағы демаркациялық линия мемлекеттік шекара ретінде әлі де тұрақталған жоқ, ол осы екі ел арасындағы шешілмеген түйін күйінде қалып, олардың милитарландыру саясатына бой ұруына негізгі себеп болуда. 1993 жылы дүние жүзі бойынша 43 соғыс әректтері тіркелген, оның : Азияда – 22, Латын Америкасында – 5, ал Еуропада Балқан түбегіндегі мемлекеттер ( бұрынғы Югославия) мен Солтүстік Ирландияда соғыс қимылдары әлі жалғасуда.
7-лекция.

Тақырыбы: Дүние жүзінің қазіргі саяси картасы. (1 сағат)

Жоспары:

1.Саяси картаның қалыптасу кезеңдері, ондағы сандық және сапалық өзгерістер.

2.Әлемнің қазіргі саяси картасы

Пайдаланатын әдебиеттер:

1. Т. О Увалиев Дүние жүзінің қазіргі саяси картасы.-А., 1998

2.Ю.Н. Гладкий С. Б. Лавров Дүние жүзінің эканомикалық және әлеуметтік географиясы.

3.Д. Жамбылов Саясаттану.

4. Гаджиев К.С. Введение в геополитику., -М., 1998

5. Витковский О.В. Политическая георгафия и геополитика. М., 1980

6. Каледин Н.В. Политическая география: стоки, проблемы. С-П.,1996

7. Плешаков К. Компоненты геополитического мышления. М., 1994

8. Разуваев В.В. Геополитика современности и геостратегии России.-М., 1996

9. Сорокин К.Э. Геополитика современности и геостратегии. М., 1996

10. Сатбалдин С.С. «Драконы» и «тигры» Азии: сможет ли казахстанський «барс» пройти их тропами?-А., 1998,1992

б) қосымша

11. Гаджиев К.С. Геополитика. М., 1997

12. Андрианова Т.В. Геополитические теории 20 века.-М., 1996


Лекцияның мәтіні:

1.Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін бірқатар социалистік мемлекеттердің құрылуы, отарлық жүйенің күйреуі және азаттық алған ондаған елдердің пайда болуы, блоктарға қосылмау қозғалысының өсуі секілді маңызды процесттер дүние жүзінің саяси картасына өзгерістер енгізді. Бірақ шығыс пен батыстың ғаламдық тайталысы, олардың арасындағы «қырғиқабақ соғыс» бүкіл соғыстан кейінгі кезеңнің негізгі мазмұнына айналды. Көптеген әскери-саяси одақтар, олардың ішінде Солтүстік Атлантика Шарты Ұйымы (НАТО) мен Варшава Шарты Ұйымы дүниеге келді. Жер шарының әр түрлі бөліктерінде жүздеген әскери базалар құрылып, оқтын-оқтын жергілікті соғыстар туып отырды. Дүние жүзінің саяси картасында көптеген халықаралық шиеленіс ошақтары, аймақтық жанжалдар пайда болды.

Парсы шығанағының ауданын қоса алғанда, Таяу Шығыс бүкіл соғыстан кейінгі кезеңдегі «жанжалды аймақ» болып отыр. Бұл-мәдениет пен діннің өте күрделі шиеленісі тарихи қалыптасқан, планетамыздың ең жұқарған жүйке жүйесі. Мұнда араб елдері мен Израильдің ғана емес, сонымен қатар көптеген басқа мемлекеттердің де мүдделері түйісіп отыр.

80-жылдардың екінші жартысында халықаралық қатынастарда егесуден өзара түсіністік пен ынтымақтастыққа көшу орын ала бастады. Сенімсіздіктің, күдікшілдік пен ашкөздіктің, күдікшілдік пен ашкөздіктің орнына тату көршілік қатынастар орнықты. Мұның Ресей, ТМД және АҚШ арасындағы, Еуропа, Азия-Тынық мұхит аймағы (АТР), басқа аймақтағы елдер арасындағы қарым-қатынастарға қатысы бар. Германияның бірігуі, ТМД-ның құрылуы, нақты қарусызданудың басталы, Варшава Шартты Ұйымының тарауы, НАТО елдерінің «Серіктестік» бейбітшілік үшін бағдарламасын жариялауы, оған Ресейдің қатысуы сияқты маңызды процестер мен құбылыстар дүние жүзінің саяси картасынан орын тепті. Көптеген аймақтық жанжалдардың қиын түйіндерін саяси құралдармен шешудің сәті түсе бастады.

Орталық Америкадағы (Никарагуа, Сальвадор), Африканың оңтүстігіндегі (Намибия, Ангола), Оңтүстік-шығыс Азиядағы (Камбоджа) осындай жанжалдар келіссөздер жолымен шешіледі.

Осының нәтижесінде халықаралық шиеленіс бәсеңдеп, әлемде тыныштық пен қауіпсіздік орнай бастады. Штаб-пәтері Нью-Йоркте орналасқан БҰҰ шиеленісті бәсеңдетде маңызды рол атқарды. 1999 жылдың басында бұл ұйымға 185 мемлекет мүше болды.

Осындай барлық жетістіктерге қарамастан, дүние жүзінің осы заманғы саяси картасында бейнеленіп отырған халықаралық қатынастың кей мәселелері өзінің шешімін табуы тиіс еді.

Біріншіден, бұл аймақтық және жергілікті жанжалдар. Олардың негізінде қантөгіс пен адам өліміне әкеп соғатын шекаралық талас не діни-этникалық қайшылықтар жатады.

Екіншіден, бұл-ядролық қарды таратпау туралы күрес 1970 жылы оны таратпау туралы жасалған келісімге сай ядролық державалар «клубына»-АҚШ, КСРО, Ұлыбритания, Франция және Қытай сияқты бес елдер кіруге құқылы.

Үшіншіден, НАТО одағын кеңейту.



2. Дүние жүзінің қазіргі саяси картасындағы 200-ден астам мемлекеттер ішінен, біздің республикамыз территориясының көлемі жағынан 9-шы орынды иемденеді. Жалпы еліміздің географиялық орналасу жағдайы қолайлы. Ол ең алдымен Қазақстан жер аумағының Еуразия материгінің кіндік ортасында татуыда орай, онығң транспорттық –географиялық әсіресе құрғақтағы және әуе жолдарының маңызы арта түсуде. Мәселен біз арқылы өтетін “Еуроазиат ” және “Трансазиат” теміржол магистральдары – Батыс Еуропа мен Таяу Шығыс елдерін Азия Тынық мұхит аймақтарымен ең қысқа да әрі ыңғайлы қатынас жолдары мен байланыстыруға мүмкіндік береді. Өткен ғасырлардағы елшілер аузындағы “география дегеніміз ел тағдыры ” деген қағида, бүгінде Орталық Азия елдерінің сыртқы сауда –эканомикалық қатынастарында “Ұлы Жібек жолының ” жаңғыруы барысында өз көрінісін табуда.
8-лекция.

Тақырыбы: Елдер типологиясы және олардың топтастыру түрлері.

(1 сағат)

Жоспары:

1.Елдерді типке бөлу және топтастыру.

2. Елдерді типке бөлу және топтастырудың негізгі белгілері.


Пайдаланатын әдебиеттер:

1. Т. О Увалиев Дүние жүзінің қазіргі саяси картасы.-А., 1998

2.Ю.Н. Гладкий С. Б. Лавров Дүние жүзінің эканомикалық және әлеуметтік географиясы.

3.Д. Жамбылов Саясаттану.

4. Гаджиев К.С. Введение в геополитику., -М., 1998

5. Витковский О.В. Политическая георгафия и геополитика. М., 1980

6. Каледин Н.В. Политическая география: стоки, проблемы. С-П.,1996

7. Плешаков К. Компоненты геополитического мышления. М., 1994

8. Разуваев В.В. Геополитика современности и геостратегии России.-М., 1996

9. Сорокин К.Э. Геополитика современности и геостратегии. М., 1996

10. Сатбалдин С.С. «Драконы» и «тигры» Азии: сможет ли казахстанський «барс» пройти их тропами?-А., 1998,1992

б) қосымша

11. Гаджиев К.С. Геополитика. М., 1997

12. Андрианова Т.В. Геополитические теории 20 века.-М., 1996


Лекцияның мәтіні:

1. Барлық топтағы елдерді дүние жүзінің саяси картасында типологияға бөліп-жіктеу атау, негізінен Қазан төңкерісінің нәтижесінде, әсіресе жүелі түрде екінші дүние жүзілік соғыстан кейінгі өзгерістерге байланысты әртүрлі саяси-қоғамдық құрылыстар жүйесі негізінде пайда болды. Елдерді соңғы уақытқа дейін үш типке бөліп келдік:

1) Социалистік;

2) Дамыған капиталистік;

3) Дамушы елдер;

Осындай идеологиялық прицип - әсіресе социалистік және кейбір дамушы елдердегі фундаментальды еңбектерге, ғылыми көпшілік жұмыстарға, жоғарғы оқу орындары мен мектеп оқушыларына да нақтылы енгізілді.

Біздің еліміздегі, яғни ТМД және Шығыс Европадағы, сондай-ақ Азия мен Африканың кейбір елдеріндегі, бертіндегі біраз жылдар ішіндегі болған түбегейлі саяси және әлеуметтік-эканомикалық өзгерістерге байланысты – “социализм системасы” типологиясы өзінің көп бқлігін жоғалтты . Бірақ, қазіргі кезде социализмді берік ұстап отырған мемлекеттер әлемде баршылық, олар: Қытай Халық Республикасы, Вьетнам Социалистік Республикасы, Корей Халық –Демократиялық Республикасы, Лаос және Куба Республикалары.

Ал енді Шығыс Европаға келетін боласақ,соңғы кезеңге дейін социалистік құрылысы тек Албания және соз жүзінде Сербия мен Черногорияның билеуші коммунистік пиғыл – көзқарастағы партиялары қолдап отырған. Албаниядағы кеціегі парламенттік сайлауда антисоциалистік оппозиция жеңіске жетті. Югославия Одақтық Республикасы ( Сербия мен Черногория арасындағы Одақ)- бұрынғы ЮСФР-дың қалған славян републикалары шығындау.

Дамушы елдер топтарына берілген саяси-эканомикалық анықтамалықтардың мінездемелерінде –социалистік бағыттағы елдер туралы сипаттама ескарілмегенімен, жалпы салыстырмалы түрде 1970-80жж олардың саны дүние жүзі бойынша 20-дан асатам болатын . Бұл елдердің көпшілігі социалистік бағыттың болашағының жоқ екенінен, әрі өздерінің саяси- әлеуметтік дамуы мен ішкі факторлар келіспеушілігінен, социалистік бағытты ұстаудан ресми түрде бас тартты. Ал кейбір елдер ұлттық эканомикасының құлдырауынан , азамат соғыстарының ұзаққа созылуынан, бүркемелі түрдегі шетелдік агрессияның өрістеуінен, бұрынғы Кеңес Одағы және социалистік жүйедегі т.б. елдерден берілетін қаржы – эканомикалық және басқадай көмектің қысқартылуынан, көптеген осы сынды себептерге байланысты олар да социализмнен бас тартуға мәжбүр болды.
2. Қазіргі кезде социалистік бағытты ұстанып отырған дамушы мемлекеттер әлемнің саяси картасында іс жүзінде жоққа тән.

Типологиялық бөлінуге негіз етіліп, тек саяси – қоғамдық жағдай ғана есептелініп алынған жіктеушілік өзінің келешексіздігін көрсетіп отыр . 1970 жылдардың басында-ақ Қытай, Югославия , Румыния, Латын Америкасы елдері, сәл кейін Вьетнам, Лаос және Куба - өздерін дамушы елдерміз деп жариялады. Бұрынғы Кеңес Одағы республикаларының басым көпшілігі және Балқан түбегіндегі социалистік елдер де қазір дамушы мемлекетер болып табылады .

Кейбір көрсеткіштері жағынан ірі дамушы елдер – Бразилия, Аргентина, Мексика, Үндістан дамыған елдер деңгейіне шамамен жақындайын деп қалды. Ал, 1970-80 жж бастап Азияның жаңа индустриялды елдері – Оңтүстік Корея, Сингапур, Тайвань, Сянганның эканомикалары өте қарқынды өркендеді. Соңғы жылдары Малайзия мен Тайлант елдері де тез қарқынмен даму үстінде. Осы мәселелерден, жалпы саяси идеологиялық және әлеуметтік- эканомикалық даму көрсеткіштеріне сәйкес үйлестіріліп алынған дүние жүзі елдерінің жіктелу типолпгиясы шартты түрде екендігі көрініп-ақ тұр.
9-лекция.

Тақырыбы: Елдер типологиясы және олардың топтастыру түрлері

(1 сағат)

Жоспары:

1.Дамыған, дамушы,”өтпелі эканомикалы”және социалистік елдер.

2.«Жаңа индустриялы» елдер

Пайдаланатын әдебиеттер:

1. Т. О Увалиев Дүние жүзінің қазіргі саяси картасы.-А., 1998

2.Ю.Н. Гладкий С. Б. Лавров Дүние жүзінің эканомикалық және әлеуметтік географиясы.

3.Д. Жамбылов Саясаттану.

4. Гаджиев К.С. Введение в геополитику., -М., 1998

5. Витковский О.В. Политическая георгафия и геополитика. М., 1980

6. Каледин Н.В. Политическая география: стоки, проблемы. С-П.,1996

7. Плешаков К. Компоненты геополитического мышления. М., 1994

8. Разуваев В.В. Геополитика современности и геостратегии России.-М., 1996

9. Сорокин К.Э. Геополитика современности и геостратегии. М., 1996

10. Сатбалдин С.С. «Драконы» и «тигры» Азии: сможет ли казахстанський «барс» пройти их тропами?-А., 1998,1992

б) қосымша

11. Гаджиев К.С. Геополитика. М., 1997

12. Андрианова Т.В. Геополитические теории 20 века.-М., 1996


Лекцияның мәтіні:

1. БҰҰ экономикасы дамыған елдердің қатарына Еуропаның, Азияның, Африканың, Солтүстік Американың, Австралия мен Мұхиттық аралдардың шамамен 60 елін жатқызады. Олардың бәрінің экономикалық және әлеуметтік даму деңгейі жоғары және жан басына келетін жалпы ішкі өнім мөлшері де айтарлықтай әркелкі болып келеді және оның құрамынан төрт топты бөліп көрсетуге болады.

Олардың біріншісін «Батыс елдерінің үлкен жетілігі» құрайды, оған АҚШ, Жапония, ГФР, Франция, Ұлыбритания, Италия және Канада кіреді. Бұлар батыс дүниесінің ірі экономикалық және саяси іс-әрекетімен көзге түсетін жетекші елдері.

Дүние жүзілік жалпы ұлттық өнім мен өнеркәсіп өндірісінің 50 пайызын астамы, ауылшаруашылық өнімдерінің 25 пайызынан астамы «жетіліктің» үлесіне келеді. Жан басына шаққанда жалпы ішкі өнім оларда 20 мың доллардан 30 мың долларға дейін жетеді.

Бұлардан гөрі орташа елдерді, ең алдымен Еуропа елдерін екінші топқа жатқызуға болады. Жекелей алғанда, әрқайсысының саяси және экономикалық қуаты үлкен болмаса да, олар дүниежүзілік мәселелерде жалпы алғанда зор, өскелең рол атқарады. Олардың көпшілігі жалпы ішкі өнімді жан басына есептегенде «үлкен жетілік» елдеріндегідей мөлшерде өндіреді.

Үшінші топты Австрия, Жаңа Зеландия және Оңтүстік Африка Республикасы сияқты –еуропадан тысқары елдер құрайды. Олар Ұлыбританияның қоныс аударған бұрынғы отарлары (доминиондары). Олар іс жүзінде феодализмнің не екенін білмеді, оның үстіне, қазір де өзгеше саяси және экономикалық даму жолына түскен. Әдетте, біраз өзгешеліктеріне қарамастан, Израильді де осы топқа қосады.

Төртінші топ әзірше қалыптасу сатысында. Ол экономикасы дамыған елдер қатарына Азияның Корея Республикасы, Сингапур және Тайвань сияқты елдері аумағы ауыстырылудан кейін 1997 жылы құрылды. Бұл мемлекеттер жан басына келетін жалпы ішкі өнім көрсеткішінен экономикасы дамыған елдерге жақындап отыр. Олар қызмет көрсетудің тез өсуші секторымен қоса, өте кең және әр алуан экономикалық құрылымға ие болып, дүниежүзілік саудаға белсенді қатысуда.

Дамушы елдер. Дамушы елдерге 150 ел мен аумақтар жатады, олардың бәрі біріккенде бүкіл құрылықтың жартысынан астамын алады, мұнда дүние жүзі халқының 3/5 щоғырланған. Дүние жүзінің саяси картасында бұл елдер экватордан солтүстікке және әсіресе, оңтүстікке қарай, Азияда, Африкада , Латын Америкасы мен Мұхиттық аралдағы кең байтақ белдеуді алып жатыр. Олардың кейбіреулері (Иран, Таиланд, Эфиопия, Египет, Латын Америкасы елдері және басқа бірқатар елдер) екінші дүниежүзілік соғысқа дейін-ақ тәуелсіздік алған болатын. Бірақ көпшілігі тәуелсіздікті соғыстан кейінгі кезеңде жеңіп алды.



  1. Дүние жүзінің дамыған елдерінің арасында жаңа индустриялық елдер деп аталатын, осы таяу кезде-ақ дамушы елдерге тән эканомикасы болған елдердің алатын орны айрықша ( Сингапур,Корея Республикалары,Аргентина, Бразилия және т.б.) Оларға тән ерекшелік – жан басына шаққанда жалпы ішкі өнім деңгейі біршама биік, еңбектің индустриялық түрлері дамыған эканомикасының салалық құрылымы біршама өркендеген, өңдеуші өнеркәсіп бұымдарын( соның ішінде өндіріс құралдарын ) экспортқа шығарады, жұмыс күші арзан Оларда нарықтық қатынастар дамушы елдердегіге қарағанда неғұрлым толысқан деңгейде.

Бұрынғы КСРО республикалары мен Шығыс Европа елдерінің көпшілігін де әдетте дамыған елдер қатарында айтады. Алайда ғылыми –техникалық прогрестің қарқыны мен эканомиканың тиімділігі жөніннен артта қалғандығының байқалуы бұл елдер халқының тұрмыс дәрежесі құлдыратты, сөйтіп соңғы жылдары олардың дамыған елдер деген дәрежелерін едәуір төмендетіп жіберді. Батыл формалар ғана Бұл елдерді әлеуметтік – эканомикалық өрлеуге жеткізу мүмкін.

10-лекция.

Тақырып Әлем аймақтарының саяси картасы (1 сағат)

Жоспары:

1. Еуропаның саяси картасы.

2. Шетелдік Азияның саяси картасы.

3. Австралияның саяси картасы.



Пайдаланатын әдебиеттер:

1. Т. О Увалиев Дүние жүзінің қазіргі саяси картасы.-А., 1998

2.Ю.Н. Гладкий С. Б. Лавров Дүние жүзінің эканомикалық және әлеуметтік географиясы.

3.Д. Жамбылов Саясаттану.

4. Гаджиев К.С. Введение в геополитику., -М., 1998

5. Витковский О.В. Политическая георгафия и геополитика. М., 1980

6. Каледин Н.В. Политическая география: стоки, проблемы. С-П.,1996

7. Плешаков К. Компоненты геополитического мышления. М., 1994

8. Разуваев В.В. Геополитика современности и геостратегии России.-М., 1996

9. Сорокин К.Э. Геополитика современности и геостратегии. М., 1996

10. Сатбалдин С.С. «Драконы» и «тигры» Азии: сможет ли казахстанський «барс» пройти их тропами?-А., 1998,1992

б) қосымша

11. Гаджиев К.С. Геополитика. М., 1997

12. Андрианова Т.В. Геополитические теории 20 века.-М., 1996


Лекцияның мәтіні:

1. Шетелдік Еуропа 500 млн. халқы бар 5,4 млн. км аумақты қамтиды. Мұнда тарихи тағдырларының ортақтығымен,тығыз саяси, экономикалық және мәдени қатынастарымен өзара байланысқан 40 шақты егемен мемлекет орналасқан. Шетелдік Еуропа –дүние жүзілік өркениет ошақтарының бірі, Ұлы географиялық ашулардың, өнеркәсіп төңкерісінің, қала агломерацияларының халықаралық экономикалық интеграцияның отаны.

Шетелдік Еуропаның аумағы солтүстіктен оңтсүтікке (Шпицберген аралынан Крит аралына дейін) қарай 5 мың. км-ге, батыстан шығысқа қарай 3 мың км-ден астам қашықтыққа созылып жатыр. Еуропа елдерінің ішінде едәуір ірілері де, орташалары бар, бірақ олардың көпшілігі айтарлықтай шағын елдер.

Шетелдік Еуропа елдерінің экономикалық-географиялық жағдайын екі басты белгі айқындайды.

Біріншіден, бұл елдердің бір-біріне көршілік жағдайы. Аумағы шағын, шалғай аудандары аз және көлік тез арада өте шығатын бұл елдер бір-бірімен тікелей шектесіп жатады немесе олардың арасын болмашы қашықтық бөліп тұрады. Бұған қоса, олардың шекаралары негізінен алғанда, көлік қатынасы үшін айтарлықтай кедергі келтірмейтін табиғи шептер арқылы өтеді.

Аймақтың саяси картасы ХХ ғасырдың өн бойында үш үлкен өзгерісті басынан өткізді: бірінші және екінші дүниежүзілік соғыстан кейін және осңғы жылдары.

2. Шетелдік Азия. Шетелдік Азия 3,6 млрд халқы бар 27 млн км 2 амақты алып жатыр. Бұл жер көлемі жағынан Африкадан ғана кейін, ал тұрғындарының саны жағынан барлық басқа аймақтарды қосып есептегеннен әлдеқайда көп дегенді білдіреді. Азияның саяси картасында 40-тай тәуелсіз мемлекет бар. Олардың көбі дүниедегі ең көне елдердің қатарына жатады. Шетелдік Азия-адамзат жаратылысының бір ошағы, жер өңдеудің, суармалы егістің, қалалардың және көптеген мәдени құндылықтардың отаны. Бұл жер аумағындағы елдердің басым көпшілігі дамушы елдердің санатына қосылады. Оның құрамына әдетте төрт ірі аймақ енеді:

-Орталық және Шығыс Азия;

-Оңтүстік-Шығыс Азия;

-Оңтүстік Азия;

-Оңтүстік-Батыс Азия;

-Шығыс және Оңтүстік-Шығыс Азия елдеріне Азия-Тынық мұхит аймағы кіреді.

Шетелдік Азияның аумағы солтүстіктен оңтүстікке қарай 7 мың км-ге дерлік, ал батыстан шығысқа қарай 10 мың км-ден дерлік, ал батыстан шығысқа қарай 10 мың км-ден астам ұзындыққа созылып жатыр. Қытай мен Үндістан алып елдердің, ал қалғандарының көпшілігі де едәуір ірі елдердің , ал қалғандарының көпшілігі де едәуір ірі елдердің қатарына жатады. Осы елдермен қатар Азияда шағындау мемлекеттер де кездеседі. Көптеген елдердің шекаралары жақсы байқалатын табиғи белгілер арқылы өтеді. Мысалы, Гималайдағы бірқатар орындар экономикалық және басқа да байланыстар үшін едәуір қиындықтар келтіріп отыр.

Австралия. Қазіргі Австралия-мемлекеттік құрылысы жағынан егеменді мемлекет. Бірақ ол Ұлыбритания басшылық ететін Достастық елдерінің құрамына енетіндіктен, оның ресми басшысы ағылшын корольдігі деп есептеліп, генерал-губернатор басқарады. Австралия-алты штат пен екі жер аумағынан бірігіп, Австралия Одағын құрайтын федеративтік мемлекет.

Австралияның халқы-18 млн адамды құрайды.


11-лекция.

Тақырыбы:Әлем аймақтарының саяси картасы

(1 сағат)
Жоспары:

1.Африка


2. Америка Құрама Штаттарының саяси картасы

3.Австралия Одағы.



Пайдаланатын әдебиеттер:

1. Т. О Увалиев Дүние жүзінің қазіргі саяси картасы.-А., 1998

2.Ю.Н. Гладкий С. Б. Лавров Дүние жүзінің эканомикалық және әлеуметтік географиясы.

3.Д. Жамбылов Саясаттану.

4. Гаджиев К.С. Введение в геополитику., -М., 1998

5. Витковский О.В. Политическая георгафия и геополитика. М., 1980

6. Каледин Н.В. Политическая география: стоки, проблемы. С-П.,1996

7. Плешаков К. Компоненты геополитического мышления. М., 1994

8. Разуваев В.В. Геополитика современности и геостратегии России.-М., 1996

9. Сорокин К.Э. Геополитика современности и геостратегии. М., 1996

10. Сатбалдин С.С. «Драконы» и «тигры» Азии: сможет ли казахстанський «барс» пройти их тропами?-А., 1998,1992

б) қосымша

11. Гаджиев К.С. Геополитика. М., 1997

12. Андрианова Т.В. Геополитические теории 20 века.-М., 1996


Лекцияның мәтіні:

1.Африканың аумағы –30,3 млн км 2, халқының саны 820 млн адам. Дүние жүзінде Африка сияқты отарлық қанау мен құл сатушылықтан осыншама зардап шеккен бірде-бір континент жоқ. ХХ ғасырдың басына қарай бүкіл Африка отарланған континент Африка отарланған континентке айналды және бүкіл Африка отарланған континентке айналды және бұл негізінен оның артта қалғандығын анықтап берді. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін отарлық жүйе қадам басқан сайын жойыла берді, міне, қазір континенттің саяси картасына (аралдағысымен бірге) 55 ел бар. Бұлардың бәрі де дамшы елдер қатарына жатады: Оңтүстік-Африка Республикасы экономикалық жағынан дамыған мемлекеттердің қатарына қосылды.

Экономикалық және әлеуметтік дамудың негізгі көрсеткіштері бойынша Африка басқа ірі аймақтардан едәуір артта қалып отыр, тіпті кейбір елдерінде бұл артта қалушылық біртіндеп тереңдеп барады.

Африканың аумағы солтүстіктен оңтүстікке қарай 8 мың км-ге, батыстан шығысқа қарай 7,5 мың км-ге созылып жатыр. Африкалық елдердің көпшілігі жер көлемі жағынан еуропалық елдердің кез келгенінен үлкен. Аумағы жағынан ең үлкен елі-Судан (2,5 млн. Км2). Ол ең үлкен еуропалық ел-Франциядан 4,5 есе үлкен.

Африка-аумағы жөніндегі талас-тартыстар мен шекаралық қақтығыстар кең тараған бірден-бір аймақ.

Солтүстік Америка. АҚШ аумағы жағынан әлем елдерінің ішінде төртінші орын алады. Ол мынадай үш бөліктен тұрады:



  1. негізгі аумағы (немесе АҚШ-тың өзі)-шығыстан батысқа 4,7 мың. Ал солтүстіктен оңтүстікке 3 мың км-ге созылып жатқан үлкен төртбұрыш тәрізді;

  2. Аляска;

  3. Тынық мұхитындағы Гавай аралдары.

  1. АҚШ мемлекеттік құрылысы жағынан-50 штаттан тұратын федеративтік республика . Әрбір штат өз конституциясы, өз заң шығару және атқару үкімет органдары, губернаторды сайлап қою билігі, сондай-ақ өз рәміздері бар. Бұдан басқа, елдің астанасы-Вашингтон орналасқан Колумбия Федералдық округі өзінше ерекшеленеді.

Орталық Америкадағы (Никарагуа, Сальвадор), Африканың оңтүстігіндегі (Намибия, Ангола), Оңтүстік-шығыс Азиядағы (Камбоджа) осындай жанжалдар келіссөздер жолымен шешіледі.

Осының нәтижесінде халықаралық шиеленіс бәсеңдеп, әлемде тыныштық пен қауіпсіздік орнай бастады. Штаб-пәтері Нью-Йоркте орналасқан БҰҰ шиеленісті бәсеңдетде маңызды рол атқарды. 1999 жылдың басында бұл ұйымға 185 мемлекет мүше болды.

Осындай барлық жетістіктерге қарамастан, дүние жүзінің осы заманғы саяси картасында бейнеленіп отырған халықаралық қатынастың кей мәселелері өзінің шешімін табуы тиіс еді.

3. Австралия Одағы немесе Авсралия мемлекетінің құрамына Австралия материгі, Тасмания аралы, кіреді. Бұл елдің географиялық жағдайының сипатты бір белгісі - өзге континенттер мен ілемнің жетекші мемлекеттерінен тым шалғайлығы. Бұл – кемел дамыған мемлекет, Қлыбритания бастаған Достастықтың мүшесі.

Халық саны біршама аз бола тұра ел орасан зор аумаққа орналасқан. Негізінен тропик өңірнде жатқан. Австралияның табиғаты көп жағынан бірегей табиғат. Ол дүниежүзіндегі ең жазық континент . Оның климаты жер беті сулары аз. Жер шарында бірде - бір материкте ағын сулары жоқ өңірлер мұндағыдай көп емес. Жер бетінде суы тапшы аумақтар да артезиян сулар жиі кездеседі. Оқтын -оқтын болатын қуаншылықтар, шаңды дауылдар, ормандардың өртенуі , апатты нөсер жауындар Австралияның эканомикасына жиі-жиі нұқсан келтіріп отырады.




12-лекция.

Тақырыбы: Әлем картасындағы Қазақстан.

(1 сағат)
Жоспары:

1.Қ. Р-ның мемлекеттік құрылысы және әкімшілік-аумақтық бөлінісі.

2. Әлемің саяси картасындағы Қазақстанның орны және халықаралық ұйымдарға қатынасы.

Пайдаланатын әдебиеттер:

1. Т. О Увалиев Дүние жүзінің қазіргі саяси картасы.-А., 1998

2.Ю.Н. Гладкий С. Б. Лавров Дүние жүзінің эканомикалық және әлеуметтік географиясы.

3.Д. Жамбылов Саясаттану.

4. Гаджиев К.С. Введение в геополитику., -М., 1998

5. Витковский О.В. Политическая георгафия и геополитика. М., 1980

6. Каледин Н.В. Политическая география: стоки, проблемы. С-П.,1996

7. Плешаков К. Компоненты геополитического мышления. М., 1994

8. Разуваев В.В. Геополитика современности и геостратегии России.-М., 1996

9. Сорокин К.Э. Геополитика современности и геостратегии. М., 1996

10. Сатбалдин С.С. «Драконы» и «тигры» Азии: сможет ли казахстанський «барс» пройти их тропами?-А., 1998,1992

б) қосымша

11. Гаджиев К.С. Геополитика. М., 1997

12. Андрианова Т.В. Геополитические теории 20 века.-М., 1996



Лекцияның мәтіні
1.Егер эканомикалық құбылыстарды зерттейтін ғылымдардың жиынтығын алып қарастырсақ, олар бір зәулім дарақтың тамырынан тарап өскен желектері тәрізді болып көрінер еді. Ол дарақ, бүкіл экономикалық,ғылымдардың методологиялық негізгі, экономикалық теория.

Халықаралық экономикалық қатынастар теориясы да өз бастауын экономикалық теориядан алады. Дегенмен, әрбір экономикалық ғылым саласының өміршендігін, басқа эканомикалық ғылмдардан ерекшелігін, қалыптасып даму кезеңдерін тек соның өзіне тән, дербес пәні болуы ғана дәлелдейді.

Халықаралық экономикалық қатынастардың пәні – осы қатынастар-ды жұзеге асыру механизмдерін талдап, оқыту.

ХЭҚ жекелеген елдердің салалық, аймақтық шаруашылығының субъектілері - өндірістік бірлестіктер мен кәсіпорындардың дүние жүзілік шаруашылық жүйесіндегі кешенді эканомикалық қарым-қатынастарын зерттейді.

ХЭҚ дүниежүзілік шаруашылықтағы кездесоқ эканомикалық қатынастарды емес сол қатынастардың тұрақты түрде қайталанып отыратын, бәріне ортақ, дәйекті процестерін талдайды.

ХЭҚ-тің механизміне өзінің құқықтық, заңдық нормаларымен қоса, оларды жүзеге асыратын әдістер мен амалдардың негізгі тобын халықаралық келісім - шарттар, хартиялар, кодекстер т.б осы қарым- қатынастардың көздеген мақсаттарға жетуіне қажетті құжаттар құрайды.

Халықаралық эканомикалық қатынастардың құрылымы мынадай:

1.Халықаралық еңбек бөлінісі.

2. Тауарлар және қызмет көрсетулердің халықаралық саудасы.

3. Капиталдар мен шетел инвестицияларының қозғалысы.

4. Жұмысшы күшінің халықаралық миграциясы.

5.Халықаралық валюта- қаржы және несие қатынастары.

6. Халықаралық эканомикалық интеграция.

7. Халықаралық ғылыми- техникалық және өндірістікқарым-қатынастар.

ХЭҚ-тің құрылымына халықаралық меншік қатыстарын және халықаралық ұйымдарды да жатқызуға болады. Халықаралық эканомикалық қатынастардың негізгі нысвны халықаралық сауда. Дүнижұзілік шаруашылық кешенінде өзінің құндық көлемі бойынша сыртқы сауда қатынастары алдыңғы позицияларды берік сақтап отыр. Сонымен бірге соңғы он жылдықтарда ғылыми –техникалық, көлік, қамсыздандыру, туризм, ақпарат, жабдықтарды ұзақ мерзімді жалға беру, конмультациялық қызмет көрсету жүйелеріндегі мемлекетаралық қатынастар да қарқынды дамып келеді. Заңды тұлғалар болып есептелетін кәсіпорындар мен ұйымдардың еларалық байланысы да халықаралық эканомикалық қатынастардың нысанына жатады. Тікелецй байланыстар халықаралық өндірістік кооперация, ғылыми тәжірибемен алмасу, құрылыс саласындағы қызметтер, объектілерді жаңарту түрлерінде жасалады.

Өндірістің интернационалдануы өндіргіш күштердің қызметін кеңейту мен қатар өндірістік қатынастарды да жетілдіреді. Эканомикалық интернационалдануы халықаралық өндірістік қатынастарды ұлттық өндірістік қатынастармен мейлінше жақындастырады.

Лекцияның мәтіні:
13-лекция.

Тақырыбы:Әлем картасындағы – Қазақстан.

(1 сағат)
Жоспар:

1.Алыс-жақын шетелдермен мемлекетаралық байланыстары

2.Қазақстанның қазіргі геосаяси мәртебесі
Пайдаланатын әдебиеттер:

1. Т. О Увалиев Дүние жүзінің қазіргі саяси картасы.-А., 1998

2.Ю.Н. Гладкий С. Б. Лавров Дүние жүзінің эканомикалық және әлеуметтік географиясы.

3.Д. Жамбылов Саясаттану.

4. Гаджиев К.С. Введение в геополитику., -М., 1998

5. Витковский О.В. Политическая георгафия и геополитика. М., 1980

6. Каледин Н.В. Политическая география: стоки, проблемы. С-П.,1996

7. Плешаков К. Компоненты геополитического мышления. М., 1994

8. Разуваев В.В. Геополитика современности и геостратегии России.-М., 1996

9. Сорокин К.Э. Геополитика современности и геостратегии. М., 1996

10. Сатбалдин С.С. «Драконы» и «тигры» Азии: сможет ли казахстанський «барс» пройти их тропами?-А., 1998,1992

б) қосымша

11. Гаджиев К.С. Геополитика. М., 1997

12. Андрианова Т.В. Геополитические теории 20 века.-М., 1996



Лекцияның мәтіні:

Еліміздің сыртқы экономикалық байланыстарын орнықтырып, дамытудың қазіргі кезеңі сол қатынастардың нысандары мен әдістерін түбегейлі өзгерту қажеттігімен айқындалады. Меншік құқының қандай түрінде болмасын отандық жұздеген фирмалар мен кәсәпорындар халықаралық эканомикалық қарықатынастарға қосылып, оның белсенді мүшесі болуға ұмтылуда. Дегенмен, қазақстандық өндірушілер мен тұтынушылардың дүниежүзілік сауда-саттық процесіне еркін адымдап кіруіне, эканомикалық интеграциянын шараптарын пайдалануына кедергі боларлық себептер де жоқ емес.

Сол себептердің бірі халықаралық эканомикалық қатынастар саласындағы бай жәжірибені екшейтін, әлемдік рыноктық ерекшеліктерін талдайтын қазақ тіліндегі оқу құралдарының тапшылығы.Соңғы уақытқа дейін орын алып келген сыртқы эканмикалық қтынастарға деген көзқарасымыз рыноктын заңдарына сәйкес құрылған эканомикалық жүйелерде өзінің шарасыздығын,тіпті кейбір сәттерде зиянды екендігін көрсетіп жүр. Таяу Шығыс елдері арасындағы суада қатыгнастарын атасақ та жеткілікті. Бұл қатынастар мемлекетаралық, аймақаралық сипатта болады. Ал, дүниежүзілік шаруашылықтың пацда болуына байланысты халықаралық эканомикалық қатынастардың да қызмет ауқымы кеңейіп, тереңдеп әлемдік сипатқа ие бола бастады.

Өзінің қалыптасу және даму жолдарында дүниежүзілік шаруашылық ұзақ “тар жол, тайғақ кешулерден ” өтті. Мысалы, Рим империясының өзі сол кездегі дүниежүзілік шаруашылықтың сипаттында болады,- деп есептейтін зерттеушілер бар. Латын Америкасы елдерінің ішінде өнеркәсібі жедел дамып келе жатқан мемлекеттерге Бразилия, Аргентина және Мексика жатады.

Құрылу мен қалыптасу үстіндегі бүкіл дүниежүзілік шаруашылық өз құрамына эканомикалық өсу деңгейлері бірдей емес - өнеркәсібі дамыған, дамушы және эканомикалық жүйесі өтпелі кезеңді басынан кешіріп отырған елдерді біріктіріп отыр.

Қазақстанның қазіргі геосаяси жағдайы оның халықаралық ұйымдарға белсенді араласуымен, Орта Азиядағы беделімен, экономикалық даму деңгейімен жүргізіп отырған ішкі және сыртқы саясатымен анықталады. Еліміздің БҰҰ-на мүше болуы, ШЫҰ-на жетекшілік етуі, әлемдік саясаткерлер тарапынан оң баға алуы, пайдалы қазбаларға бай болуы, тімді сыртқы саясатты жүргізуі – халықаралық деңгейдегі геосаяси жағдайына әсер етеді және географиялық орналасуының маңыздылығы оның көршілес елдер арасындағы саяси-экономикалық беделін арттырады.

Қазақстанның “Азияның қақпасы” деген атқа ие болуы оның Батыс елдерімен арадағы саясатының бағытын айқындайды. Себебі барлық Орта Азия елдері халықаралық нарыққа Қазақстан арқылы шығады, яғни дүние жүзілік сауда қатынастарына араласу үшін транзиттік бағыт ретінде Қазақстанның географиялық жағдайын пайдаланады.
14 Лекция

Тақырыбы: Халықаралық ұйымдар.

(1сағат)
Жоспары:


  1. ХХ ғасырдағы халықаралық ұйымдар.

  2. Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ).

Пайдаланатын әдебиеттер:

1. Т. О Увалиев Дүние жүзінің қазіргі саяси картасы.-А., 1998

2.Ю.Н. Гладкий С. Б. Лавров Дүние жүзінің эканомикалық және әлеуметтік географиясы.

3.Д. Жамбылов Саясаттану.

4. Гаджиев К.С. Введение в геополитику., -М., 1998

5. Витковский О.В. Политическая георгафия и геополитика. М., 1980

6. Каледин Н.В. Политическая география: стоки, проблемы. С-П.,1996

7. Плешаков К. Компоненты геополитического мышления. М., 1994

8. Разуваев В.В. Геополитика современности и геостратегии России.-М., 1996

9. Сорокин К.Э. Геополитика современности и геостратегии. М., 1996

10. Сатбалдин С.С. «Драконы» и «тигры» Азии: сможет ли казахстанський «барс» пройти их тропами?-А., 1998,1992

б) қосымша

11. Гаджиев К.С. Геополитика. М., 1997

12. Андрианова Т.В. Геополитические теории 20 века.-М., 1996


Лекцияның мәтіні:

Халықаралық ұйымдар әлемдік саясаттың ажырамас бір бөлігі. Қазіргі таңда жиырма мыңға жуық өз қызметін атқарып келеді. Халықаралық ұйымдар санының осыншама күрт өсуі, бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін басталды. Оған дейін елуге жуық қана тұрақты түрде қызмет атқаратын ұйымдар болған. Халықаралық ұйымдардың беделі сан жағынан күрт өсуіне мемлекеттер арасындағы саяси, экономикалық, сауда-саттық және мәдени қатынастардың кеңеюі орасан зор ықпал етті. Ең алғашқы құрылған халықаралық ұйым қатарына «Жер өлшеуші халықаралық ұйымын» (1864 ж), «Дүниежүзілік почта одағын» (1874 ж), «Әдебиет және өнер шығармаларына меншікті қорғау халықаралық одағы» (1886 ж) мен «Құлдыққа қарсы халықаралық одақты» (1890 ж) жатқызуға болады.

Қазіргі таңда құрылған халықаралық ұйымдардың өздеріне тән белгілері бар. Бұл белгілерді төмендегідей атап өтуге болады:

-әр халықаралық ұйым көпжақты келісім шарт негізінде құрылады. Бұл көпжақты келісім шарт ұйымдардың халықаралық құқық нормаларына сай заңды түрде іс атқарғандығын дәлелдейді;

-халықаралық ұйымдар белгілі бір мақсатта құрылуы тиіс. Бұл мақсат саяси, экономикалық, әскери, ғылыми немесе мәдени т.б. болуы мүмкін;

-халықаралық ұйымдардың өз құрамында тұрақты органдары болуы қажет. Бұл органдар ұйымның мақсатына сай құрылып, іс атқарады;

-ұйымдар халықаралық құқық нормаларына қайшы ешқандай бағыт немесе мақсат ұстанбауы тиіс.

Жоғарыда аталған белгілерді негізге ала отырып халықаралық ұйымдарға мына түсініктемені беруге болады: Халықаралық ұйым дегеніміз, халықаралық құқық субъектісі бар және тұрақты органдардан тұратын, халықаралық құқық нормаларына қайшы келмейтін мақсаттарды орындау үшін көпжақты келісім негізінде құрылған мемлекеттердің халықаралық бірлестігі.

Қазіргі халықаралық қатынастар жүйесі шеңберінде құрылған ұйымдар үкіметаралық және үкіметтік емес болып екі категорияға жіктеледі.

Үкіметаралық ұйым дегеніміз, бірнеше мемлекеттердің бірараға келіп ортақ саяси, экономикалық, әскери, мәдени т.б. мүддені көздейтін ынтымақтастық негізінде құрылған халықаралық бірлестіктер болып табылады. Яғни үкіметаралық ұйымдардағы келісім шарттар мемлекеттік деңгейде қабылданады.

Үкіметтік емес ұйымдар болса, мемлекеттік билікке ұмтылмай, кәсіби ерекшелікпен шектелмейтін ашық коммерциялық емес ұйым болып есептеледі. Сондықтан үкіметтік емес ұйымдарға кәсіподақтар мен саяси партиялар жатпайды. Қысқасы үкіметтік емес ұйымдар мемлекеттік деңгейде құрылмағанымен, олардың қызметтеріне мемлекет ешқандай кедергі жасамайды. Мысал ретінде айта кететін болсақ, біріншісіне «Шанхай ынтымақтастық ұйымын», ал екіншісіне «ЮНИСЕФ-ті» жатқызуға болады.

2. Біріккен Ұлттар Ұйымы.

БҰҰ дүниежүзіндегі мемлекеттердің басым көпшілігін біріктіріп отырған халықаралық ұйым. БҰҰ 26 маусым 1945 жылы 50 мемлекет тарапынан қол қойылған Сан-Франциско конференциясы шешімімен құрылған. БҰҰ –на 191 мемлекет мүше. БҰҰ –да бақылаушы елдер мен ұйымдар: Ватикан, Палестина, Африка бірлігі ұйымы, Еуропалық одақ, Ислам конференциясы ұйымы мен халықаралық қызыл крест комитеті.

БҰҰ-ның есігі бейбіт сүйгіш барлық мемлекеттер үшін ашық. Ұйымға мүшелікке елдерді «қауіпсіздік кеңесінің» ұсынуы бойынша «Бас Ассамблея» қабылдайды.

БҰҰ –ның ғаламдық деңгейде ұстанған басты мақсаттары:

-дүниежүзілік тұрақтылықты, бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамассыз ету;

-мемлекеттер арасындағы жанжалдарды дипломатиялық тәсілдер арқылы шешуге жәрдемдесу;

-халықаралық құқықтық жүйені нығайту;

-мемлекеттер арасында экономикалық, сауда-саттық, мәдени т.б. ынтымақтастықты дамыту болып табылады.

БҰҰ –ның штаб пәтері АҚШ-тың Нью-Йорк қаласында орналасқан.



БҰҰ –ның құрылымы:

1. Бас Ассамблея: -ұйымға мүше мемлекет өкілдерінің барлығы қатысады. Ассамблея ұйымның шегінде кез келген мәселені талқылап шешім қабылдайды, бүкіл ұйымның бюджетін бекітеді, қауіпсіздік кеңесінің жыл сайынғы баяндамаларын талқылап мүше мемлекеттерге ұсыныс әзірлейді. Бас Ассаблеяның төрағасы болып 13 маусым 2005 жылы өткен 16 сессиясында Ян Элиассан (Швеция) бір ауыздан сайланды.

2. Қауіпсіздік кеңесі: бұл органға БҰҰ жарғысының 24 бабына сәйкес дүниежүзілік қауіпсіздік пен бейбітшілікті қорғау жауапкершілігі жүктелген. Бұған қоса кеңес халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікке кез келген қауіп қатер төнген жағдайда, оны қалпына келтіру үшін «Бас Ассамблеяға» ұсыныс жасайды. БҰҰ-на мүше 15 мемлекет өкілдерінен тұратын кеңесте 5 тұрақты өкілі бар. Олар: АҚШ, Ресей, ҚХР, Ұлыбритания, Франция. Тұрақты емес қалған 10 мүше ел «Бас Ассамблея » тарапынан екі жылға ағылшын алфабиттікң тізіміне қарай сайланады.

3. Бас хатшы және хатшылық: ұйымның атқарушы органы міндетін жүзеге асырып, оған қауіпсіздік кеңесінің ұсынысы бойынша «Бас Ассамблея» тарапынан бес жыл мерзімге тағайындалатын «Бас хатшы» басшылық етеді. Бас хатшының негізгі міндеті БҰҰ шеңберінде ұйымдастырылған конференцияларға қатысып, жыл сайын БҰҰ-ның әр түрлі саладағы қызметі туралы Бас Ассамблеяда баяндама жасау болып табылады.

4. Халықаралық сот: басты міндеті мемлекеттер арасындағы даулы мәселелерді шешу және БҰҰ органдарының, оның мамандандырылған мекемелерінің құқық мәселелері бойынша ұсыныстық ұйғарым шығару болып табылады. Штаб пәтері: Гаагада орналасқан.

5. Экономикалық және әлеуметтік кеңесі: мәдениет, білім, денсаулық сақтау, экономика, әлеумет мәселелері бойынша зерттеулер жүргізіп, баяндамалар әзірлейді және Бас Ассамблеяға, БҰҰ мүшелеріне, ұйымның арнайы мамандандырылған мекемелеріне білім, мәдениет, экономика т.б. мәселелер бойынша ұсыныстар жасайды. Экономикалық және әлеуметтік кеңесі Бас Ассамблея тарапынан үш жыл мерзімге сайланатын 54 мүше елден тұрады. Кеңестегі экономикалық, мәдени, білім т.б. шешімдер мүше елдердің басым көпшілігі дауысымен қабылданады. Әр мемлекет кеңесте бір дауысқа ие.

6. Қамқорлық жөніндегі кеңес: БҰҰ жарғысының 77 бабында белгіленген территория тұрғындардың экономикалық, саяси, әлеуметтік дамуына, білім беру саласында ілгерілеп, өзін-өзі басқарып, тәуелсіздікке жету бағытында прогрессивті дамуына жәрдемдесуге көмек беретін кеңес.
15 лекция

Тақырыбы: Саяси мәселелер және халықаралық ұйымдар.

(1 сағат)

Жоспары:

  1. Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы (ШЫҰ)

  2. Солтүстік атлант келісім шарты ұйымы (НАТО)


Пайдаланатын әдебиеттер:

1. Т. О Увалиев Дүние жүзінің қазіргі саяси картасы.-А., 1998

2.Ю.Н. Гладкий С. Б. Лавров Дүние жүзінің эканомикалық және әлеуметтік географиясы.

3.Д. Жамбылов Саясаттану.

4. Гаджиев К.С. Введение в геополитику., -М., 1998

5. Витковский О.В. Политическая георгафия и геополитика. М., 1980

6. Каледин Н.В. Политическая география: стоки, проблемы. С-П.,1996

7. Плешаков К. Компоненты геополитического мышления. М., 1994

8. Разуваев В.В. Геополитика современности и геостратегии России.-М., 1996

9. Сорокин К.Э. Геополитика современности и геостратегии. М., 1996

10. Сатбалдин С.С. «Драконы» и «тигры» Азии: сможет ли казахстанський «барс» пройти их тропами?-А., 1998,1992

б) қосымша

11. Гаджиев К.С. Геополитика. М., 1997

12. Андрианова Т.В. Геополитические теории 20 века.-М., 1996


Лекцияның мәтні:

ШЫҰ 2001 жылы 15 маусымда ҚХР-ның Шанхай қаласында «Шанхай бестігі ұйымының» мирасқоры ретінде құрылды. Оған дейін ұйымның атауы «Шанхай бестігі» деп аталатын. Шанхай бестігі ұйымы Рсесй, ҚХР, Қазақстан, Қырғызстан және Тәжікстан елдерінің мемлекет басшылары тарапынан 29 сәуір 1996 жылы құрылған еді. 2001 жылы 15 маусымда шанхайда өткен мемлекет басшыларының кеңесіне Өзбекстанның ұйымға толыққанды мүше ретінде қабылдануына байланысты «Шанхай бестігі ұйымының» атауы «Шанхай ынтымақтастық ұйымы» деп өзгертілді. ШЫҰ –на мүше елдердің жалпы территориялық көлемі Еуразия аймағының 61% қамтитынын ескерген жөн.

Мүше мемлекеттер: Ресей, ҚХР, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстан. Бақылаушы елдер: ШЫҰ-да бақылаушы статусына Моңғолия 17 маусым 2004 жылы (ШЫҰ-ның Ташкент саммитінде), ал Иран, Пәкістан және Үндістан 5 шілде 20058 жылы (ШЫҰ-ның Астана саммитінде ) иеленді.

ШЫҰ-ның басты мақсаты:

-мүше мемлекеттердің өзара қауіпсіздік мәселелерін бірлесіп шешуге көмектесу;

-саяси, экономикалық және мәдени, гуманитарлық салалардағы сенім шараларын нығайтуға ұмтылу болып табылады.

ШЫҰ әскери блок емес. Ұйым аймақтағы мемлекеттердің қауіпсіздігі мен тұрақты дамуына сыртқы қатер төндіріп отырған ланкестік пен экстремизмге қарсы бағытталып, жаһанданудың күрделі процестерінің барысында экономикалық сипаттағы әлемдегі күрделі мәселелерді талқылап, өзара ынтымақтастықты нығайту мақсатын көздейді.

ШЫҰ –ның штаб пәтері Пекинде (ҚХР) орналасқан.

Басты органдары:


  1. Мемлекет басшыларының кеңесі.

  2. Сыртқы істер министрлерінің кеңесі

  3. Үкімет басшыларының кеңесі

  4. Хатшылық пен атқару комитеті: бұл екі органды Бас хатшы басқарады. Бас хатшы болып Қытай дипломаты Чжан Дэгуан мүше мемлекеттердің басым көпшілігі дауысымен сайланды.

  5. Ланкестікке қарсы бағытталған құрылымы: отыз адамнан тұрады. Оның басшысы үш жыл мерзімге әр елден ауыспалы тәртіппен тағайындалады.

ШЫҰ өз қызметін орыс және қытай тілдерінде жүргізеді.

2002 жылы 7 маусымда Санк –Петербургте ШЫҰ-н қатысушы мемлекеттер басшыларының екінші кездесуі өтті. Кездесу барысында мемлекет басшылары үш құжатқа қол қойды:

-ШЫҰ Хартиясына;

-ШЫҰ-на мүше мемлекеттер арасындағы ланкестікке қарсы аймақтық құрылым туралы келісімге;

-ШЫҰ мүше мемлекеттер басшыларының декларациясына қол қойылды.

Ұйымға қағидаттары мен міндеттеріне келісетін кез келген мемлкет мүше бола алады. 17 маусым 2004 жылы ШЫҰ-ның мемлекет басшыларының Ташкент саммитінде Қ.Р. Президенті Н. Ә. Назарбаев ШЫҰ мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің төарағасы болып сайланды. 2005 жылы 5 шілде де ШЫҰ –ның мемлекет басшылары деңгейінде Астанада саммиті өтті.



2.Солтүстік атлант келісім шарты ұйымы (НАТО)

Солтүстік атлант келісім шарты ұйымы (НАТО) КСРО –ның Батысқа бағытталуы мүмкін шабуылынан қорғану және АҚШ-тың Батыс Еуропадағы саяси ықпалын жоғалтпау мақсатында «Вашингтон келісім шартына» сәйкес 1949 жылы құрылды.

Мүше мемлекеттер: АҚШ, Бельгия, германия, дания, Италия, Исландия, Испания, Франция, Канада, Люксембург, Нидерланды, Норвегия, Ұлыбритания, Түркия, Грекия, және Португалия. 1999 жылы Чехия, Польша және Венгрия НАТО-ға толыққанды мүше ретінде қабылданды.

НАТО-ның басты мақсаты:

-ұйымға мүше мемлекеттердің тәуелсіздігін, қауіпсіздігі мен шекара тұтастығын, өзін-өзі қорғау деңгейін күшейту үшін керекті барлық жағдайларды жасау;

-Еуро-Атлантикадағы тұрақтылық пен қауіпсіздікті сақтап, диалог және ынтымақтастық арқылы дүниежүзіндегі мемлекеттер арасында бейбітшіл қатынастар орнатуға көмектесу.

НАТО-ның штаб пәтері Брюссельде (Бельгия), ал әскери академиясы Римде (Италия) орналасқан.

НАТО-ның құрылымы:



1.Солтүстік атлант кеңесі: бұл кеңес НАТО-ның ең жоғарғы саяси және әскери органы болып есептелінеді. Солтүстік атлант кеңесі жылына екі рет мемлекет, үкімет немесе сыртқы істер министрлері деңгейінде жиындар өткізеді. Кеңесте қабылданған шешімдердің бір нұсқасы мүше елдердің сыртқы істер министрлеріне жіберіледі.

2.Қорғаныстық жобалар комитеті: Исландия, Испания және Франциядан тыс НАТО-ға мүше елдердің барлығы комитеттің жиындарында қатысады. Жылына екі рет мүше елдердің қорғаныс министрлері деңгейінде жиналып, НАТО шеңберінде жүргізілетін әскери операцияларға қатысты шешімдер қабылданады.

3.Ядролық жобалармен айналысатын топ: мүше елдердің қорғаныс министрлері деңгейінде жиындар өткізеді. Бұл жиындарда НАТО-ның қорғаныс және ядролық қару жараққа байланысты саяси ұстанымы қарастырылады.

4.НАТО –ның құрамындағы сан-алуан саламен айналысатын комитеттері:

-саяси комитеті;

-қорғаныс мәселелерімен айналысатын комитеті;

-азаматтық және әскери бюджеттік комитеті;

-қауіпсіздік комитеті;

-әуе навигациясының қауіпсіздігіне бағытталған комитеті;

-инфрақұрылым комитеті;

-қарулы күштер комитеті;

-азаматтық қорғаныс жобаларына қатысты комитеті;

-білім, ғылым және мәдениет салаларымен айналысатын комитеті.

Әр комитет өз саласы бойынша зерттеулер жүргізіп «Солтүстік атлант кеңесіне » ұсыныстар әзірлейді.



5.Бас хатшы. НАТО-ның құрамындағы комитеттерді үйлестіріп, жиындарда қабылданған шешімдердің орындалуын қадағалайды. Бас хатшы «Солтүстік атлант кеңесі» мен «Қорғаныстық жобалар комитетінің» т.б. төрағасы болып табылады. Бұған қоса Бас хатшы жиындарда мүше мемлекеттердің талқылайтын саяси, әскери т.б. мәселелерін белгілейді.

6.Әскери комитеті: НАТО-ның ең жоғарғы әскери инстанциясы болып есептелінеді. Әскери комитет тікелей «Солтүстік атлант кеңесіне», «Қорғаныстық жобалар комитеті» мен «Ядролық жобалармен айналысатын топқа» өз қызметі туралы мәлімет беріп тұрады. Комитет жылына екі рет мүше елдердің әскери штаб басшылары деңгейінде жиындар өткізеді.

7.Халықаралық әскери штабы: негізгі міндеті әскери комитетке ұсыныстар жаау болып табылады. Әскери штабқа директор басшылық жасап, әскери комитеттің қабылдаған шешімдерін іс-жүзінде орындайды.

16-лекция.

Тақырыбы:Саяси мәселелер және геосаясат

(1 сағат)
Жоспары:

1. Саяси мәселелер география ғылыми бағыт ретінде

2. Саяси мәселелер және геосаясат негіздері
Пайдаланатын әдебиеттер:

1. Т. О Увалиев Дүние жүзінің қазіргі саяси картасы.-А., 1998

2.Ю.Н. Гладкий С. Б. Лавров Дүние жүзінің эканомикалық және әлеуметтік географиясы.

3.Д. Жамбылов Саясаттану.

4. Гаджиев К.С. Введение в геополитику., -М., 1998

5. Витковский О.В. Политическая георгафия и геополитика. М., 1980

6. Каледин Н.В. Политическая география: стоки, проблемы. С-П.,1996

7. Плешаков К. Компоненты геополитического мышления. М., 1994

8. Разуваев В.В. Геополитика современности и геостратегии России.-М., 1996

9. Сорокин К.Э. Геополитика современности и геостратегии. М., 1996

10. Сатбалдин С.С. «Драконы» и «тигры» Азии: сможет ли казахстанський «барс» пройти их тропами?-А., 1998,1992

б) қосымша

11. Гаджиев К.С. Геополитика. М., 1997

12. Андрианова Т.В. Геополитические теории 20 века.-М., 1996



Лекцияның мәтіні:

1. Саяси мәселелер-саясаттанумен ұштасатын пән. Өз бетінше ғылыми бағыт ретінде ол ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басында қалыптасты, қазір осы саяси құбылыстар мен процестердің аумақтық сарамандалуы жайлы ғылым ретінде қарайды. Бұл саяси географияның:

А) дүние жүзінің саяси картасы және оның жеке аймақтарының қалыптасуын;

Б) саяси шекараның өзгерісін;

В) мемлекеттік құрылыстың ерекшеліктерін;

Г) саяси партиялар, топтар және одақтарды;

Д) көпшілік сайлау науқандарының аумақтық аспектілерін («электрораттық» география деп аталатын) оқытуын көрсетеді. Бұлардың барлығы-ғаламдық, аймақтық, жертану, жергілікті делінетін түрлі дәрежеде қаралуы мүмкін. Отандық әдебиеттерде әдетте, саяси-географиялық елтануға жатқызылатын жеке елдер жайлы жұмыстар көбірек.

Елдер мен аудандардың саяси-географиялық (геосаясаттық) жағдайын бағалау, яғни олардың саяси одақтастары мен қарсыластарына, әр түрлі саяси жанжалдар ошағына қатынастары едәуір қызығушылық тудырады. Саяси географиялық жағдай уақытқа қарай өзгермелі, сондықтан ол тарихи категория болып табылады.

Ресейдің саяси-географиялық жағдайы. 1991 жылы Кеңес Одағының ыдырауынан кейін тиімсіздеу бағытқа қарай күштірек өзгереді. Кейбір бұрынғы аумақтары мен акваторияларынан айырылу бәрінен бұрын оның батыс шекарасына әсер етті.

Геосаясат-саяси географияның құрамдас бөлігі бола отырып, ең алдымен, елдің шекарасына деген және әрекеттестігі туралы мемлекеттік саясатты білдіреді.

Бірінші және екінші дүниежүзілік соғыс, сонымен бірге «қырғиқабақ соғыс» заманында геосаясаттық тұжырымдама аумақты басып алу, әскери базаларды құру, мемлекеттердің істеріне әскери араласуды негіздеуге тырысады. Мұндай бағытталыну қазірде орын алуда, бірақ негізгі екпін халықаралық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласына қарай ауысуда. Ресейдің қазіргі геосаясаттық зерттеулер ең алдымен, оның сыртқы саясатындағы басты бағыттар, халықаралық қатынастың барлық жүйелермен байланысты.

Дүние жүзінің саяси картасы-өзінше бір дәуір айнасы. Ол үздіксіз даму үстінде, Алайда, ол адамзаттың бүкіл тарихында нақ ХХ ғасырдағыдай үлкен өзгеріске ұшыраған емес.




17-лекция.

Тақырыбы:Саяси мәселелер және геосаясат.

(1 сағат)
Жоспары:

1.Әлемдік өркениет.

2. Саяси кеңістік және геосаяси бәсекелестік.
Пайдаланатын әдебиеттер:

1. Т. О Увалиев Дүние жүзінің қазіргі саяси картасы.-А., 1998

2.Ю.Н. Гладкий С. Б. Лавров Дүние жүзінің эканомикалық және әлеуметтік географиясы.

3.Д. Жамбылов Саясаттану.

4. Гаджиев К.С. Введение в геополитику., -М., 1998

5. Витковский О.В. Политическая георгафия и геополитика. М., 1980

6. Каледин Н.В. Политическая география: стоки, проблемы. С-П.,1996

7. Плешаков К. Компоненты геополитического мышления. М., 1994

8. Разуваев В.В. Геополитика современности и геостратегии России.-М., 1996

9. Сорокин К.Э. Геополитика современности и геостратегии. М., 1996

10. Сатбалдин С.С. «Драконы» и «тигры» Азии: сможет ли казахстанський «барс» пройти их тропами?-А., 1998,1992

б) қосымша

11. Гаджиев К.С. Геополитика. М., 1997

12. Андрианова Т.В. Геополитические теории 20 века.-М., 1996



Лекцияның мәтіні:

Адамзат өркениетінің бүкіл дамуы ғылыми-техникалық прогреспен тығыз байланысты. Алайда, осы прогресс өндіргіш күштердің жедел және терең өзгерістерінің жекелеген кезеңдері болып табылады. ХVІІІ –ХІХ ғасырларда бірқатар елдерде қол еңбегі өндірісінен ірі машина өндірісіне өтуді жария еткен өнеркәсіп төңкерістері кезеңі осындай еді. Оның үстіне, ХХ ғасырдың ортасында басталған қазіргі ҒТР кезеңі тап осындай болды.

Ғылыми техникалық революция ғылымның, тікелей қоғамның өндіргіш күшіне айналуына негізделіп, адам баласының өндіргіш күштерінің сапа жағынан түбегейлі өзгергендігін көрсетеді.

Ол ақырыннан пісіп жетіледі де, содан кейін адамның материалдық және рухани мүмкіндіктерінің ғаламат өсуіне бастама болды.

ҒТр төрт басты белгісі мен сипатталады.

Біріншіден, жан-жақтылығы, әмбебаптығы. Ол барлық салаларды, еңбектің сипатын, тұрмысы, мәдениеті, адамдардың психологиясын өзгертеді.

Екіншіден, ғылыми-техникалық өзгерістердің төтенше жеделдету ғылыми жаңалықтар мен оларды өндіріске енгізудің арасындағы уақыттың күрт қысқаруынан, жылдам морольдық тозу деп аталатынынан, демек, өнімнің үнемі жаңарып отыруынан көрінеді.

Үшіншіден, ҒТР еңбек ресурстарының біліктілік деңгейіне қойылатын талабын біліктілік деңгейіне қойылатын талабын күрт арттырады, мұның сендердің әрқайсысының тікелей қатысы бар.

Төртіншіден, ҒТР-дың маңызды ерекшелігі-ол екінші дүниежүзілік соғыс жылдарының өзінде әскери-техникалық революция ретінде өмірге келді: оның басталуы туралы 1945 жылы Хиросимада атом бомбасының жарылуын жаңғырықтыра хабарлады.


18-лекция.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет