(1 сағат)
Жоспар:
-
Республикалық мемлекеттік құрылыс.
-
Монархиялық форма.
3.Достастық басқару формасы.
Пайдаланатын әдебиеттер:
Негізгі:
1.Т.О.Увалиев Дүниежүзінің қазіргі саяси картасы. Алматы,1998 ж.
2.Назарбаев Н.А. Ғасырлар тоғысында.-Алматы. “Қазақстан”. 1996 ж.
3.Гладкий Ю.Н., Лавров С.Б. “Экономическая и социальная география мира. Млсква 1993.
4.Двоскин Б.Я. Экономико-географическое районирование Казахстана-Алма-ата.1986г.
5.Готовимся к экзамену по географий. М.2002.
Қосымша:
6.Марков К.К , Дабродив О.П ,Симонов Ю.Г,Суетова И.А .Сведение о физической географии.М 1973
7.География және табиғат /журнал/ 2000 –2007 жж
Дүние жүзінде дербес тәуелсіз мемлекеттерді басқарудың төрт түрі белгілі:
Оның ішіндегі ең басымы – республикалық форма. Қазір әлемде 150- ге жуық егеменді республика бар ( дүние жүзі мемлекеттерінің жалпы саныынң ¾ бөлігі). Басқарудың жалпы бұл, республикалық формасында – прогрессивтік және демократиялық артықшылықтар көбірек деп саналады. Отарлаушы державалардың қанауында болып, өткен және үстіміздегі ғасырдың бас кезінде бостандық алған Латын Америкасының көптеген елдері осы басқаруды таңдап алды. Осы ғасырымыздың ортасында тәуелсіз болған Азияның бұрынғы бодан елдері (соның ішіндегі ірілері – үндістан, Индонезия, Пәкістан, Вьетнам, Филиппин және т.б.) және негізгі бөлігі өз тәуелсіздіктерін 60-70 жж. Алған африканың қазіргі 50 егемен мемлекеті ( барлығы -53)де өздерін республика деп жариялады. Мысалы, салыстырмалы түрдегі жас монархиялармен (XIX ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың басындағы Шығыс Еуропаның сегіз елінің бесеуі монархиялық билікте болған) қатар, мыңжылдық монархиялар – Египет, Эфиопия, Иран (Персия) – екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі кезеңде бірден республикаға айналды.
Басқарудың бұл формасы – осы республикалардың барлығының бірыңғайлы екенін түсіндірмейді. Олардың аралдарында, саяси және әлеуметтік өмірлеріндегі айырмашылықтардан басқа, басқару институттары мен кейбір саяси - әлеуметтік қарым – қатынастарында бұл республикалардың өз іштерінде де үлкен өзгешщеліктер барын байқауға болады.мысалы, оны Швейцария мен Сомали, Франция мен Иран, Аргентина мен Куба республикаларын бір – бірімен салыстырудан – ақ көруге болады, т.б. осындай мысалдар қазіргі дүниедеге аз емес. Республикалар өз кезегінде президенттік және парламенттік республикалар болып ерекшелінеді.
-
Мемлекетті басқарудың келесі формасы – монархиялар, олардың әлемдегі жалпы саны – 31. Америка құрылығында бірде – біреуі жоқ, Мұхиттық аралдарда – 2, Африкада -3 , Азияда -14, Еуропада – 12. Осы жерде Андорра мемлекеті туралы талас туып отыр: іс жүзінде ол – республика, сөз жүзінде – конституциялық монархия, яғни XIII ғасырдан бері ресми түрде князьдық (1993 жылдан парламенттік князьдық) болып саналады. Шетелдерде оның феодалдық – символикасын және осыған сәйкес мемлекеттік міндеттемелерін ескеріп, жалпы халықаралық құқық маамандары көбіне Андорраны монархияға жатқызады. Қазірде осылардың ішінде жалғыз ғана империя бар, ол – жапон елі . Қалған монархиялардың көпшілігі – корольдықтар, бірнеше князьдықтар, сұлтандықтар( сұлтанаттар), әмірліктер (эмиаттар)бар. Сонымен қатар Ұлы Герцогтық ( Люксембург) та және папалық қала – мемлекет ( Ватикан) те бар.
Кейбір монархиялар өзіндік басқару формаларына байланысты ерекшеленеді, соның ішінде республикаға тән элементтері көбірек кездесетіндері де бар. Мысалы, Федеративтік Конституциялы Монархиялы ел – Малайзияда, жоғарғы билеушіні (монархты) өздерінің ортасынан бес жылға сұлтандар сайлайды (Малайзия сұлтандарының мұрагер билеушілері).
Басқа Азиялық Федеративтік Монархия – Біріккен Араб Эмираттарында (БАЭ) мемлекет басшысын бес жылға Эмираттың билеушілері - Әмірлердің Жоғарғы Кеңесі сайлайды. Монархилардың көпшілігі – конституциялық монархиялар. Бірақ әлі де абсолюттік монархиялар, олардың ішінде теократтық (діни) монархиялар да өмір сүруде. Олар: Еуропада – Ватикан, Азияда – Бутан, Бруней, ал Таяу Шығыста – Сауд Арабиясы, Катар, Оман, БАЭ, Бахрейн, Кувейт. Бұл елдерде мемлекет басқарушы адам, әрі дінбасы да болып табылады.
Мемлекетті басқарудың осы аталған формалары – мемлекеттің даму деңгейін немесе әлеуметтік – экономикалық даму процестерінің бағыттарын анықтамайды. Осыған орай Скандинавия елдерінің, Ұлыбританияның , Бельгияның монархияларын – Африканың , Азияның немесе оларды соңғы империя – Жапониямен салыстырудан – ақ көруге болады. Республикалық басқару формасының монархиямен салыстырғандағы жоғарғы деңгейде тұрғандығы туралы белгілі теократикалық постулат әрқашанда іс жүзінде айғақталмайды. Мысалы, Еуропаның барлық монархиялары (Ватиканнан басқасы) іс жүзінде – Африканың , Азияның, Латын Америкасының көптеген республикаларына қарағанда – аса демократияшыл болып табылады.
Мемлекетті басқарудың үшінші формасы - Достастық, яғни бұрынғы «Британ Бірлестігі» ( Ұлыбритания басшылығымен) құрамындағы мемлекеттер (1931 жылы құрылған). «Егеменді елдердің ерікті ассоциациясы «құрылымындағы ұйым, оған мүше елдер сыртқы және ішкі саясаттарында теңқұқықтық пен дербестікке ие. Олардың ішіндегі әлемдегі аса ірі және жоғары дамыған елдер – Канада мен Австралия да бар. Осы ұлттар бірлестігінің өмір сүргеніне жетпіс жылға жуық уақыт өтті. Достастықтың 15 еліне, мысалы Ұлыбританияның бұрынғы доминиондары – Канада, Австралия, Жаңа Зеландияда және т.б. елдерде мемлекет басшысы қызметін генерал – губернатор атқарады, оны осы елдер үкіметінің ұсынысымен – ағылшын королевасы тағайындалды.
Достастықтың соңғы оншақты жыл ішінде тұрақталды, оған қазір Ұлыбританиямен қоса 50 мемлекет (оның ішінде 30 республика, 5 монархия, қалғаны жоғарыда аталған 15 ел) кіріп отыр. Саяи және әлеуметтік – экономикалық құрылымы жалпы экономикалық даму деңгейі, нәсілдік және діни құрамы, этникалық – тілдік және т.б. ерекшеліктері жағынан бұлар әртүрлі елдердің күрделі жиынтығы болып табылады. Сөз жүзінде бірлестіктердің барлық елдері тең, ал Ұлыбританияның жетекшілігі туралы ресми түсінік- ұғымдар жоқ. Өздерінің жалпы проблемалық мәселелерін, премьер- министрлер мен қаржы министрлерінің қатысуымен (екі жылда бір рет) конференцияларда талқылайды. Егер конференция шешімін жақтап сол мемлекеттің өкілі дауыс бермесе, ол ел үшін оның күші жоқ деп есептелінеді. Достықтың біріңғай Конституциясы, одақтық – шарт – келісімдері, ресми таңбалары да жоқ, халықаралық ареналарға біріккен күйде (мысалы, БҰҰ- на немесе қандайда – бір халықаралық акцияларға) шықпайды. Достастықтың мүшелері- бұл ұйымнана кез – келген уақытта өз қалауынша біржақты түрде шығып кете алады. Осылайша – Мьянма, Ирландия, Пәкіста, осы Достастықтан шығып кеткен болатын. Достастққа кіретін мемлекеттердің барлығы да ішкі және сыртқы істерінде өздерінің егемендіктеріне ие, тек Ұлыбритания королевасын жоғарғы өкміет иесі деп таныды.
Достастықтың көптеген мүшелері, мемлекетті басқарудың дәстүрлі формаларын таңдаған. Көпшілігі республикалар (Үндістан, Бангладеш, Ниггерия, Гана, Замбия, Зимбабве және т.б.) азырағы – монархиялыр (Ұлыбритания, Малайзия, Бруней, Свазиленд, Тонга). Ал,. Осы ұйымның кейбір мүшелері өздерін республикаға да, монархияға жатқызайды (Канада, Австралия Одағы, Жаңа Зеландия, Папуа- Гвинея, Тувалу, Маврикий, Антигуа және Барбуда, Багам аралдары бірлестігі, Барбадос, Белиз, Гренада, Сент – Винсент және Гренадина, Сент –Китс (Сент – Кристофер) және Невис, Сент – Люсия, Ямайка). Бұл елдердің тұрғындары Ұлыбритания Корлевасының қол астына қарайтын адамдары емес, өз мемлекеттерінің азаматтары болып табылады. Бұл мемлекеттер ішкі қатынастары және сыртқы байланыстары жөніндегі мәселелерін - өздері, яғни парламенттері мен үкіметтері шеше алады. Іс жүзінде олардың барлығы, қандайда бір дәрежеде Ұлыбританияның (тіл жағынан, мәдениеті, тұрмысы, халықтық салт – дәстүрлері) саясатын, заңдарын, дәстүрлерін ұстанып, соның бағытымен жүріп отырады, әрі бұлардағы мемлекет басшысын (генерал – губернаторды) ағылшын корлевасы тағайындап, ал ол өз кезегінде оны өкімет билеушісі деп таниды, яғни кейбір мәнде Англияға жалтақтап өмір сүріп отырған сипатта. Мемлекеттің басқарудың осындай бір ерекше формасы – дүние жүзінің 50 елінің сяси өмірінде қолдау тауып отыр (жер көлемі – 30миллион кв. км, халқы – 1,2 миллиард адам).
4). Мемлекетті басқарудың төртінші форасы – бір ғана елмен сипатталады, ол ел – Лиивя Араб республикасы немесе ресми түрде Социалистік Халықтық Ливия Араб Жамахириясы. Бұл форма басқа бірде – бір елде жоқ, және де Ливия басшылары өз елдерін – Жамахирия деп тануын қатал түрде талап етіп отыр (Жамахирия – араб тілінен аударғанда “халық өкіметі” немесе “бұқаралық мемлекет” деген мағынаны білдіреді).1977 жылы жүргізілген реформаларға сәйкес, барлық дәстүрлі республикалық билеуші органдар мен елді басқару жүйелері барлық деңгейде халықтық сайлау жиналыстарымен және қоғамдық жиындар, әрі халық комитеттерімен ауыстырылған. Мемлекеттің жоғары органы болып – Жалпы Бүкілхалықтық Конгресске жарияланып, ол жылына екі рет шақырылатын болды.
Ал тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы (ТМД) елдеріне келсек, бұларды біз елдерді басқарудың жеке формасы ретінде қарастырмаймыз, тек қысқаша түрде ғана тоқталамыз. 1991 жылдың соңында ол, Кеңес Одағының ыдырауының нәтижесінде дүниеге келді. Оның құрамындағы 15 одақтас республикалар ішінен сол мезетте Балтық маңғы республикалары мен Грузия ТМД – мүше болып кірмеді (Грузия тек 1994 жылы ТМД – ға мүше болды).
Саяси картаның ең маңызды элементі болып, мемлекеттік аумақтық - әкімшілік құрылымы болып саналады. Дүние жүзінде көптеген мемлекеттерінің халықтарының – ұлттық (этникалық) нәсілдік және діни құрамы әркелкі, өте күрделі болып келеді. Унитарлық мемлекеттер дүние жүзінің саяси картасында көбірек кездеседі, ал федерациялар бар болғаны – 20 –дан сәл астам.
Олардың құрылуы әр түрлі принциптерге негізделген. Мәселен, ұлттық-этникалық құрылым бірлігіне сәйкес(бұрынғы Кеңес Одағы, Югославия Федерациясы, ЧСФР, сол сияқты қазіргі Ресей Федерациясы Югославия Одағы, Бельгия, Швейцария, Үндістан, Пәкістан, Нигерия ); автономиясы тарихи – географиялық жағынан сипатталынатын – штаттар, провинциялар, жерлер (өлкелер), территориялар аумағы негізінде (АҚШ, Канада, Мексика, Бразилия, Венесуэла, ГФР, Австрия, Малайзия, БАЭ, ОАР, Комор аралдары, Австралия Одағы, Микронезия Федерациясы) құрылған федеративтік мемлекеттер бар.
Саяси - әкімшілік құрылымы жғынан федеративтік мемлекеттер:
-
Ресей Федерациясы
-
Еуропа
-
Австрия Республикасы
-
Бельгия Корольдығы
-
Германия Федеративтік Республикасы (ГФР)
-
Швейцария Конфедерациясы
-
Югославия Одақтық Республикасы
-
Азия
-
Индия Республикасы
-
Малайзия Федерациясы
-
Мьянма Одағы
-
Біріккен Араб Әмірліктері
-
Пәкістан Ислам Республикасы
-
Африка
-
Комор аралдары Федеральдық Ислам Республикасы
-
Нигерия Федеративтік Республикасы
-
Оңтүстік Африка Республикасы (ОАР)
-
Америка
-
Бразилия Федеративтік Республикасы
-
Венесуэла Республикасы
-
Канада
-
Мексика Құрама Штаттары
-
Америка Құрама Штаттары
-
Австралия мен Мұхиттық Аралдар
-
Австралия Одағы
-
Микронезия Федерациясы
1980 жылдың екінші жартысынан бастап, әлемнің көптеген аймақтарында ұлтаралық қатынастар күрт нашарлап, соның салдарынан – ішкі мемлекетаралық қақтығыстар көбейіп кетті. Кейінгі кездерде ірі көлемдегі діни және ұлтаралық (этникалық) қатынастар бірінші кезекте – біздің ТМД елдерінде өте, сондай –ақ Югославияда, Үндістанда, Канадада, ОАР – да және т.б. бірқатар федерациялық мемлекеттердегі жағдай аса шиеленісіп отыр. Алайда, бұлардың қатарына – Швейцария, Австрия, Малайзия, Бразилия сияқты федерациялық мемлекеттерді мүлдем қосуға болмайды.
Ендеше бұл оқиғалардың бәрін федерациялық құорылым принципі тұрғысынан түсіндіруге әсте болмайды. Осындай жағдайларды тек қана халықтардың тіл немесе діни құрамының күрделілігінен, ұлттық (этникалық)қатынастардың шиеленісуінен туады деп қарастыруға да болмайды. Сондай – ақ, этникалық топтар арасындағы қақтығыстар унитарлы мемлекеттерде де жиі байқалып отыр, әрі мұндай жікшілдік ( сепаратистік) оқиғалар олардың біртұтастығын бұзуда. Оған мысалдар келтірсек:Ирак, Эфиопия, Сомали, Ауғанстан, Әзірбайжан, Папуа – Жаңа Гвинея, Шри – Ланка, Испания, Ұлыбритания (Ольстер), т.б. елдер.
19-лекция.
Достарыңызбен бөлісу: |