Бақылау сұрақтары
Арифмометр деген не?
Аналитикалық машина деген не?
ЭЕМ буындарының функционалдық элементтерін түсіндіріңіз.
Үшінші буын ЭЕМ-дерін айтып беріңіз.
ЭЕМ-дерді жіктеп беріңіз?
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:
О.Сейітқұлов Есептеуіш жүйелер, желілер және телекоммуникациялар. Оқу құралы-Шымкент, 2012 (50д)
Медетбекова Р. Информатика. Оқулық-Шымкент-2011 (20д)
О.Ибрагимов WEB бағдарламалауға кіріспе. Оқу құралы-Шымкент, 2015 (30д)
Зәуірбеков Н. Алгоритмдеу және программалау негіздері. Оқулық –Қарағанды, 2014 (15д)
Соммервиль И. Бағдарламалық жасақтама. 1-бөлім. Оқулық-Алматы, 2013 (10д)
Алдажаров Қ. Компьютерлік желілер. Оқу құралы-Алматы, 2010 (10д)
Таненбаум Э. Компьютерлік желілер. Том-1. Оқу құралы-Алматы, 2013 (10д)
Беркімбаев К. Информатика. Оқулық-Алматы-2010 (12д)
Королева Н. Информатика. Оқулық-Алматы-2012 (10д)
Лекция № 2 Дербес компьютердің құрылғылары.
1. Дербес компьютердің жіктелуі
2. Дербес компьютерді іске қосу және өшіру.
Жеке қолданылатын дербес жұмыс істейтін есептеуіш құралдары 1975 жылдардан бері қарай шығарыла бастады. Оларға IBM PC тәріздес 2 дербес ЭЕМ-дер жатады. Бұлар бүкіл әлемге әйгілі АҚШ-тың International Business Machines фирмасы жасаған дербес ЭЕМ-дер (Personal Computer) негізінде жұмыс істейтін шағын, кең тараған компьютерлер (computer-есептеуіш). Дербес компьютерлер тұрмыстық, оқып үйренуге арналған және мамандандырылған деп аталатын үш түрге бөлінеді:
1.Тұрмыстық компьютерлер-үй шаруашылығында әртүрлі компьютерлік ойындар ойнау үшін және жеке кәсіби жұмыстар атқару үшін қолданылады.
2.Оқып үйренуге арналған дербес компьютерлер-мектептерде, жоғары оқу орындарында әртүрлі пәндерді (физика, математика, тарих) оқу ісінде кеңінен қолданылады.
З.Мамандандырылған дербес компьютерлер-белгілі бір жұмыс саласында пайдалануға арналған. Мамандықка қажетті күрделі программалармен қамтамасыз етілген. Үйренуге жеңіл, әрі жылдам меңгеріп алуға болады. Бұл ДЭЕМ-дер ғылыми қызметкерлерге, инженерлерге, экономистерге және т.с.с. басқа мамандарға арналған.
Олардың негізгі техникалық көрсеткіштері: разрядтылығы 16 немесе 32 бит. Есептеу жылдамдығы шамамен алғанда секундына 1 млн. қарапайым арифметикалық амалдар орындайды. Жедел жадының көлемі 640-8000 Кбайт, қатты магниттік дискідегі мәлімет жинақтауыш көлемі 20-З00 Мбайт, иілгіш магниттік дискідегі мәлімет жинақтауыш көлемі 360-1440 Кбайт.
ДЭЕМ кұрамына кіретін кұрылғылар екіге бөлінеді. Олар: жүйелік блок және сыртқы құрылғылар.
ДЭЕМ-нің құрамы:
•жүйелік блок - берілгендерді өңдеуге арналған кұрылғы;
•монитор немесе дисплей-текстік және графикалық информацияны кескіндеуге арналған кұрылғы;
•пернелі тақта (клавиатура)-берілгендерді, информацияларды компьютерге енгізуге арналған кұрылғы;
•баспа құрылғысы (принтер) -текстік және графикалық информацияларды қағаз бетіне басып шығаруға арналған құрылғы;
•тышқан- графикалық курсорды басқаратын кұрылғы;
сканер - текстік немесе графикалық информацияны оқуға арналған құрылғы:
•модем-телефон желісі арқылы басқа компьютерлермен информация алмасуға арналған кұрылғы;
•стример-мәліметтерді (информацияны) магниттік таспаға сақтауға арналған құрылғы;
•CD-ROM - компакт-дискілерді оқуға арналған кұрылғы.
Достарыңызбен бөлісу: |