Жүйелік блок
Жүйелік блок –прооцессор, жад, адаптер (бақылаушы), жүйелік шина, таймер, қоректену блогы мен енгізу/шығару порттары орналасқан компьютердің негізгі блогы. Жүйелік блоктың ішіне орналасқан құрылғылар ішкі құрылғылар деп, ал басқалары (пернетақта, монитор, принтер т.б.) сыртқы құрылғылар деп аталады. Жүйелік блок мыналардан тұрады:
Микропроцессор-компьютерді басқаруды және барлық есептеу процестерін орындайтын кұрылғы.
Жедел (оперативный) жад- компьютердің жұмысы кезінде пайдаланылатын программалар мен берілгендерді уақытша (компьютер сөндірілгенге дейін) сақтайды.
Тұрақты есте сақтау құрылғысы (постоянное запоминающее устройство) — ол компьютерге зауыттан шыққан кезде жазылып келеді және оны өзгертуге болмайды. Компьютер жаңадан іске қосылған кезде бірінші болып осы тұрақты жадты оқып компьютерді тесттен өткізеді және жұмысты одан әрі қарай жалғастыру үшін басқа программаларға жол береді (операциялық жүйеге). Информацияны ендіру-шығару командалары осы ТЕСҚ арқылы орындалады.
Қатты жад (винчестер) — информацияны тұрақты түрде сақтайды, ол орнынан алынбайды, ауа кірмейтіндей жабық қорапшаға салынып, жүйелік блокта орналасады. Ол екі жағынан да мәлімет жазылатын бір дестеге біріктірілген бірнеше программалар: операциялық жүйе, көп қолданылатын программалар пакеті және т.б. жазылған.
Иілгіш жад (дискет)- бір компьютерден екінші компьютерге мәліметтерді тасымалдау, информацияны сақтау үшін кажет. Көп жағдайда иілгіш жадтардың екі түрін пайдаланамыз, олар көлемі мен сыйымдылығына қарай бөлінеді:
1.Көлемі 5,25 дьюйм, яғни 133 мм - оның сыйымдылығы 1,2 Мб;
2.Көлемі 3,5 дьюйм, яғни 89 мм - оның сыйымдылығы 1,44 Мб.
Процессордың өте жылдам істейтін тағы бір шағын көлемді жады бар, оны кэш-жад (Сасһ) деп атайды. Ол жедел жад пен процессор арасында дәнекерлік қызмет атқарады.
Бейнемонитор
Бейнемонитор екі құрылғыдан тұрады: монитор және бейнеадаптер. Монитор-кәдімгі телевизор экраны сияқты электрондық құрылғы. Ол компьютердің жедел жадында өнделіп жатқан информацияны экранда көруге мүмкіндік береді. Бейнеадаптер- монитор экранына шығарылатын бейнелардың кодтарын сақтайтын өз жады бар (бейнежады) бар құрылғы. Ол бейне құраушы символдарды, график және түрлі түсті түстерді түзетін сигналдарды монитор экранына жіберетін интрегралдық микросхема. Бейнеадаптердің бейнелердің тудыру мүмкіндігіне қарай монитор жұмысының режимі мәтіндік және графикалық болып екіге бөлінеді. Монитор үлгілерін бір-бірінен ажырату ең алдымен оның экранының көлденеңі мен биіктігіне сыятын символдар мен нүктелер санына байланысты. Мәтіндік режимде кәсіби компьютер экранына 80х25 символ сыяды(экран жолына 80 символдан 25 жол). Графикалық режимде, монитор үлгісіне қарай экран бетіне 320х200 не одан да көп пиксельдерді орналастыру мүмкін.
Экранда бейненің көріну сапасы және нүктелердің экранда бір түсті не түрлі түсті боялып көрсетілуі бенйадаптердің үлгісіне байланысты. Бейнеадаптердің үлгілері CGA, EGA, VGA және SVGA болып келеді.
-
Бейнеадаптер үлгілері
| Экран сыйымдылығы |
Мәтіндік режим
|
Графикалық режим
|
CGA
|
80х25, 16 түс
|
320х200, 4 түс
|
EGA
|
80х25, 16 түс
|
640х350,16 түс
|
VGA
|
80х25, 16 түс
|
720х350,16..256 түс
|
SVGA
|
80х25, 16…256 түс
|
800х600, 16.. 256 түс
|
Соңғы кездері көбірек пайдаланатын бейнеадаптер-SVGA. SVGA-ның басқа адаптерлерге қарағанда бағасы қымбат, онда пайдаланатын түстердің саны көп және мониторда символдар мен нүктелер экранда анығырақ көрінеді. Соңғы кездерде шығарылған Pentium типті дербес компьютерлерде осы бейнеадаптерлер орналастырылған.
Достарыңызбен бөлісу: |