Компьютер жұмысының принципі
Компьютер информацияны арнайы құрылған программалар арқылы ғана өңдей алады. Жалпы оның орындайтын негізгі жұмысы информацияны еңдіру, оны өндеу, өнделген информацияны сыртқа шығару және сақтау.
өңдеу
енгізу
сақтау
шығару
1-сурет. Компьютер жұмысының принципі.
Программаны пайдаланып жұмыс істейтін ЭЕМ-дердің көпшілігінің құрылымы американың кибернетика ғалымы Дж.Фон Нейманның еңбектерінде 1945 жылы жарық көрді.
Фон Нейманның жұмыс істеу принципі:
Фон Нейманның машинасының негізгі блоктары: басқару блогы, арифметикалық-логикалық құрылғы, жад және енгізу-шығару құрылғылары;
Информация екілік жүйе бойынша кодталады және сөз деп аталатын бірліктерге бөлінеді;
Алгоритм команда деп аталатын басқару қызметші сөздерінің тізбектерінен тұрады. Алгоритм құрайтын командалар жиынтығы программа деп аталады.
4. Программа мен деректер бір жадта сақталады. Түрлі типті сөздер кодтау жолымен емес, пайдалану жолымен ажыратылады.
5. Басқару құрылғысы мен арифметикалық құрылғы бір құрылғыға біріктіріледі, оны орталық процессор деп атайды. Олар кезекпенен жадтан оқылған командаларды ашып, сәйкес түрде бір мәнді етіп орындайды. Информация машинаға оның жад (ішкі жад, жедел жад) деп аталатын кұрылғысына екілік жүйеде кодталған (шифрланған) күйде ендіріледі.
Информация берудің екілік санау жүйесі
Компьютер үшін пайдаланылатын код 0 мен 1-ден тұратын тізбек. 0 мен 1- екілік санау жүйесінің цифрлары. Информатикада код түзетін мұндай цифрлар бит деп аталады. (binary digit-екілік цифр). Екілік сандар көмегімен кез-келген алфавиттің символдары кодтар түрінде таңбалана алады, яғни бұл кез-келген тілде жазылған мәлімет екілік кодтар түрінде бейнеленеді деген сөз. Екілік санау жүйесінің сандары ондық сандар сияқты бір разрядты, екі разрядты не көп разряядты болып келуі мүмкін. Үшінші және одан жоғары буындық компьютерлерде бір символды кодтау үшін сегіз разрядты екілік код пайдаланылады, мысалы 11000101.
Мысалы, ЭЕМ-де латын, казақ алфавиттерінің әріптері және цифрлары 0 және 1 цифрлар тізбегінен тұратын таңбамен бейнеленеді:
-
Әріп
|
Код
|
Әріп
| Код |
цифр
|
Код
| А |
10000000
| А |
01000001
|
0
|
00110000
|
Ә
|
11110000
|
B
|
010000 10
|
1
|
00110001
|
Б
|
10000001
|
C
|
О1000011
|
2
|
00110010
|
В
|
10000010
|
D
|
01001000
|
3
|
00110011
|
Г
|
10000011
|
Е
|
01000101
|
4
|
00110100
|
F
|
11110001
|
F
|
01000110
|
5
|
00110101
|
*
|
00101010
|
=
|
00111101
|
+
|
00101011
|
/
|
00101111
|
(
|
00101000
|
)
|
00101001
|
“Aға” деген сөз 24-разрядты мынадай екілік сандармен бейнеленеді:
Aға- 10000000 11110001 10000000 Компьютердің жадында сақталған информацияның барлық түрлері-сөздер, саңдар, суреттер, компьютер жүмысын басқару программалары—бәрі де екілік сандар тізбегі түрінде жазылады.
ЭЕМ-де қолданылатын символдық таңбаларды бейнелейтін сегіз разрядты екілік санды «байт» (ағылшынның byte деген сөзінен) деп атауы келісілген. 1 байт -8 биттен тұратын тізбек. Іс жүзінде байттан үлкен килобайт (Кбайт), мегабайт (Мбайт), гигабайт (Гбайт) өлпемдері де пайдаланылады:
1 байт = 8 бит = 23 бит;
1 Кбайт = 1024 байт = 210 байт;
1 Мбайт = 1024 Кбайт = 220 байт;
1 Гбайт = 1024 Мбайт = 230 байт.
Кбайт, Мбайт өлшемдерінің шамалары мынадай: жазу машинкасында терілген бір беттік (60х40) кұжат көлемі 2 Кбайттан сәл көптеу, ал осындай 500 беттік кітапқа енгізілген құжат көлемі шамамен 1Мбайт болады.
Достарыңызбен бөлісу: |