Жоспары:
1. Меровингттік және Каролингтік дәуір
2. Роман өнері (Х-ХІІ ғғ.)
3. Готикалық өнер (ХІІІ-ХІҮ ғғ.)
Мақсаты: Студенттерге Орта ғасырдағы Батыс Европа өнері жайлы түсіндіру
Мәтіні (қысқаша):
1. Меровингттік және Каролингтік дәуір
Рим империясы құлағаннан кейін 476 ж. Батыс Европада орта ғасыр дәуірі деген дәуір басталды. Бұл дәуір мың жыл шамасына созылды.
Рим империясы құлағаннан кейін солтүстіктен әр түрлі халық, тайпалар империя жеріне қоныс аудара бастады. Әсіресе солтүстіктен герман тобындағы халықтар көптеп келіп, қоныстана бастады. Сол кезде олардың мәдени деңгейі римдіктерге қарағанда көп төмен еді. Сондықтан да оларды римдіктер «варвары» (жабайы) деп атады. «Варварлардың» әсерімен қол өнері күшті дамыды. Олар Европаға күшті дамыған тоқыма қол өнерін әкелді. Тоқып жасаған заттар, ою-өрнек бірін-бірі қайталамайтын әсем ырғақтардан тұрды. Бұл заттарда ғажайып ою-өрнекпен қоса түрлі аңның, адамның таңғажайып бейнелері, кескіндері бейнеленді.
Осы кезеңде кітап безендіру де жақсы дамыды. Монастырларда монахтар «библияны» және басқа да кітаптарды көшіріп көркемдеді. Мұндай кітап көркемдеуді «миниатюра» деп атады.
Меровингттік дәуірде миниатюрадағы адам, жан-жануар бейнесі жалпылама, жазықтық түрінде, тәсім кейпінде бейнеленді, ал Каролинг дәуірінде, әсіресе Ұлы Карл тұсында (742-814) бейнелеуу шыншылдыққа жақын, табиғи кейіпке келтірілді. Ұлы Карл өзі оқымаса да өнер мен ғылымға үлкен қамқорлық жасап отырды. Ұлы Карл тұсында франктер мемлекетіне Франция, Голландия, Бельгия, Германияның бір бөлігі, Италия, Испания кірді. Осы кезеңде көбінесе тас шіркеулер тұрғызылды. Олар өте қарабайыр, қарапайым, ұсқынсыз болды. Бұл шіркеулер көбінесе римдік базилик жобасында тұрғызылды. Христиан дінінің күшеюінен мұнда да мүсін өнері онша дамымады.
Ұлы Карл империясы ыдырағаннан кейін, оның орнына үш мемлекет пайда болды. Олар: Франция, Германия, Италия. Сол кезде Каролинг өнері жаңа ғасыр өнерінің дәуіріне аяқ басқан еді.
Достарыңызбен бөлісу: |