Жоспары: 1. Голландия сұңғатындағы натюрморт пен портрет жанры
Европа көркем өнеріндегі жаңа бағыттар
Мақсаты: Студенттерге XVII ғасырдағы Голландия өнерімен Европа көркем өнеріндегі жаңа бағыттар жайлы түсіндіру
Мәтіні (қысқаша):
1. Голландия сұңғатындағы натюрморт
1. ХҮІІ ғасырда Голландия өнері өзінің шарықтау, гүлдену кезеңінің басынан өткерді. Елде көптеген сұңғат шеберлері шықты. Олар көбінесе белгілі бір бағытта жұмыс істеді. Голландия сұңғатының бір ерекшелігі, онда басқа елдердегідей суретшілер діни-қиял-ғажайып тақырыпқа қалам тартпады, тіпті ондай туындылар жоқтың қасы. Суретшілердің тапсырыскерлері көбінесе ірі буржуазия иелері, чиновниктер болды. Олар тек өздерін дәріптеуге, туындыларда өздерін бейнелеуді мақсат етіп, соны суретшілерден талап етті.
Суретшілердің туындылары басқа елдердегідей шіркеу мен ірі сарайларға арналып салынбағандықтан, көбінесе бөлмелерге ілуге шағындалып жасалынды.
Голландия сұңғатында жанрлық және күнделікті тұрмыс-тіршілік дамыды. ХҮІІ ғасырдағы ірі шеберлердің бірі Питер де Хох (1629-1684) болды. Оның туындылары көбінесе қарапайым, күнделікті үй тіршілігіне арналды. Сондай жұмысының бірі-«Кіреберіс» (Чулан) туындысы. Жалпы, бұл шебер үй-ішінің аясын, соған тән аула бейнесін шынайылықпен бейнеледі. Күнделікті қарапайым, шаруа өмірін жеріне жеткізе суреттеді.
Екінші бір атақты шебер-ол Ян Вермер Делфтский (1632-1675). Суретшінің қолтумасындағы уақиға көбінесе бөлмеде өтеді. Терезеден түскен сәуледен бөлме табиғатының қалай болатынын, ондағы әр заттың қалай құбылатынын бұл шебер керемет бере білген.
Ян Вермердің ең сүйікті бояу-реңі-аспан-көк пен ашық сары түс. Ол көбінесе ас үйдегі әйел, іс тігіп немесе тоқымамен айналысып отырған, хат оқып, музыка тыңдап отырған адамдар бейнесін бейнелеуші суретші болды.
Атлас бұл мен неше түрлі киім өңін айнытпай, өмірдегідей бере білетін шебер суретші Герард Терборх болды (1617-1681). Суретші көбінесе ауқатты семья өмірін, қайғы-мұңсыз өмірді дәріптеді.
Голландия сұңғатында натюрморт жазу да дамыды. Өнердің осы ағымы арқылы елдің тұрмыс хал-ахуалын біршама көрсете білді. Аса қымбат, асыл, күміс, алтын, хрусталь ыдыстар, бокалдар, ашық әр түсті гүл шоғы, жеміс-жидекке толы вазалар-міне осының бәрі голланд натюрмортына тән нәрселер болды. Теңізшіліктің дамуымен теңіз саудагершілігі бұл елде қатты дамыды, соның арқасында бай қазыналарға ие болды. Осыдан барып сұңғатта жаңа бағыт-«марина» өмірге келді. Бұл-теңіз көрінісін дәріптеп көрсету еді. Малшылар туралы жазылған картиналар дами келе жануарлар өмірін бейнелейтін-анамалистика жанрының шығуына себеп болды.
Голландияда осылармен қатар портреттік кескіндеме өнері жоғары дәрежеде дамыды. Сол кездегі атақты портрет жазудың шебері Франс Халс (1580-1666) болды. Суретші көбінесе әскери адамдарды , олардың топтама портреттерін, цыган бейнелерін өз туындыларына арқау етті, әсіресе көңілді, күліп тұрған адамдарды бейнелеуді ұнатты, ондай туындылары өте сәтті шықты да. Сондай суреттерінің бірі-«Цыган бейнесі» т.б.
Осы кезенде өмір сүрген ұлы суретшінің бірі- Рембрандт болды (1906-1669).Ол жас кезінде көнілді, ашық-жарқын өмірді көп бейнеледі, Суретшінің кейіннен жазған суреттерінде бір тұйықтық, салмақтылық байқалады, сонымен бірге адам қайғы-қасіретін көрсету етек алған. Шығармасындағы мұндай бетбұрысты Рембрандттың өмірінің өзгерісінен іздеуге болады. Жанындай жақсы көретін жарынан айырылу суретші үшін үлкен соққы болды, сонымен бірге кедейшілік те етегінен тартты. Бірақ та осындай қайғы-мұң, жоқшылық Рембрандтты мойыта алмады. Сәулетшінің атақты қолтумасының бірі-әйелі мен автопортреті.
Достарыңызбен бөлісу: |