Жоспары:
1. XVII ғасырдағы Италиялық сәулетші, мүсінші Франческо Борромини
2. Барокконың көрнекті мүсіншісі - Лоренцо Бернини шығармашылығы
Италия суретшісі Микеланджело да Караваджо
4. Испанияның ұлы суретшісі Эль Греко
5. Испания суретшісі Диего Веласкес
Испан суретшісі Хусепе Рибера
Мақсаты: Студенттерге XVII ғасырдағы Италия және Испания өнері жайлы түсіндіру
Мәтіні (қысқаша):
1. XVII ғасырдағы Италиялық сәулетші, мүсінші Франческо Борромини
XVI ғасырда қалыптасқан өнердегі жаңа бағыт "барокконың" өркендеу орталығы Рим қаласы еді. Мұндағы XVII ғасырдан қалған сәулет өнерінің белгілері барокко дәуіріне дәлме-дәл келеді.
Осы белгілерге мысал ретінде касиетті Петр соборы, Римдегі Иль Джезу шіркеуі, Ватикандағы патшалық баспалдақ жөне Римдегі фонтанды айтуға болады.
Рим бароккосының көрнекті өкілі - сәулетші, мүсінші Франческо Борромини (1599-1667). Оның Римдегі Сан Карло Алле Куатро Фонтане шіркеуі барокко стиліне сай және өзінің ерекшелігімен кезге түседі. Бұл ғимарат элементтері ірі және жылжымалы тәрізді. Ондағы періште бейнелері қабырғадағы сопақша гербті ұстап тұр. Барокко сәулетшілерінің ең ұнамды элементтерінің бірі - сопақша еді. Сан Карло шіркеуінің бұрышы кесілген жөне алдында фонтаны бар төрт мүсін орналасқан. Сондықтанда ғимарат атауы-Алле куатро Фонтане. Франческо Барроминидің екінші құрылысы-Сант Иво алла Сапиенда шіркеуі.
Барокко тамаша көріністерге бай болды. Римдегі барокко көрермендердің негізгі ансамблі ретінде қалыптасты. Ол готика дәуіріндегідей сөулет өнерін, мүсін мен кескіндемені біріктірді. Барокко шеберлері өнерді табиғатпен байланыстырумен қатар театр құрды. Үлкен сарайларды - саябақтармен, демалыс орындарымен және су бұрқақтарымен әшекейледі.
2. Барокконың көрнекті мүсіншісі - Лоренцо Бернини шығармашылығы
Барокконың көрнекті мүсіншісі - Лоренцо Бернини (1598— 1680). Ол ұзақ өмір сүрді, сарайда патша қарамағында кызмет істеді, көптеген тапсырыстарды асқан шеберлікпен орындады. Лоренцо Бернини - қасиетті Петр Соборын әрі қарай жалғастырып, әшекейледі.
Жалғыз ғана үлкен мүсіндер тобы Санта-Мария делла Виктория атты шағын шіркеуде орналасқан. Бүл мүсін Бернини шығармашылығын тереңінен ашады, ол мәрмәрден спектакль ретінде жасалды. Оның «Давид», «Аполлон мен Дафна» атты шығармалары белгілі.
Достарыңызбен бөлісу: |