Лекция сабағының тақырыбы: Бейнелеу өнеріне теориялық кіріспе. Адам мәдениетінде өнердің мәні мен мағынасы Жоспары: Бейнелеу өнеріне теориялық кіріспе


Жоспары: 1. Жоғары қайта өрлеу дәуірі 2. Жоғары қайта өрлеу дәуіріндегі ұлы суретшілер Мақсаты



бет24/40
Дата05.10.2023
өлшемі1.3 Mb.
#479915
түріЛекция
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   40
Әлем өнер тарихы

Жоспары: 1. Жоғары қайта өрлеу дәуірі
2. Жоғары қайта өрлеу дәуіріндегі ұлы суретшілер
Мақсаты: студенттерге Жоғары қайта өрлеу дәуірінің өнері мен ұлы суретшілері жайлы түсіндіру
Мәтіні (қысқаша):
1. Жоғары қайта өрлеу дәуірі
"Қайта өрлеу" (Возрождение) деген термин Италияда XV ғасырда пайда болды, алғаш рет бұл түсінік жазушы жене суретші Джорджо Вазари еңбектерінде, әсіресе оның "Ең атақты суретшілер, сәулетшілер және мүсіншілер" атты төрт томдық зерттеулерінде қолданыла бастады.
XV-XVI ғасырлардағы Италия мәдениет қайраткерлері мен гуманистері өз дәуірлеріндегі өнердің өрлеуін аса жоғары бағалады. Антикалық мәдениет үлгілерінен соң, ұзақ уақыт бойы Батыс Еуропа елдерінде тағылық, кертартпа заман үстем болып келді. Олар гүлдену, өркендеу дәуірі енді ғана басталды деп есептеді. Италияда басталған бұл өнер, өдебиет, мәдениет, ғылым саласындағы бетбүрыс бірте-бірте Англия, Германия, Франция, Испания, Голландия, Финляндия жене т.б. көптеген елдерге тарады.
Ренессанс немесе Қайта өрлеу дәуірі, марксизм классиктерінің айтуы бойынша, өнер, мәдениет, ғылым тарихындағы ұлы жасампаз бетбұрыс болды.
Үш ғасырдан астам уақыт ішінде Италияда, басқа да көптеген Батыс Еуропа елдерінде көркемөнердің барлык дерлік салаларында бұрын-соңды болып көрмеген гүлдену басталды.
Леонардо да Винчи, Рафаэль, Микеланджело, Тициан, Джорд­жоне... Энгельстің сөзімен айтканда, Қайта өрлеу дәуірі туғызған алып тұлғалар. Олардың катарында: Альбрехт Дюрер, Үлкен Лукас Кранах, Кіші Ганс Гольбейн сияқты немістің белгілі суретшілері бар.


2. Жоғары қайта өрлеу дәуіріндегі ұлы суретшілер
Жоғары қайта өрлеу дәуірінде Италияда ұлы үш суретші жұмыс істеді. Сол дәуірдің барлық жетістігі, тынысы осы шеберлердің жұмыстарынан айқын сезіледі. Олар: Леонардо Да Винчи (1452-1519), Микельанджело (1475-1564) және Рафаэль (1483-1520) болды.
Леонардо Да Винчи өз дәуірінде барлық ғылым саласында, оның ішінде әдебиет пен музыка саласында да еңбек етті. Ол өз дәуірінен бұрын алға кетті. Сол кездің өзінде ұшу аппаратын ойлап тапты, соның жобасын сызып қалдырды, алғаш рет адам денесін сойып, ішкі құрылысы туралы зерделі де зерттеу жұмыстарын жүргізді. Ол көбінесе герцог сарайында жұмыс істеді. (Миланда, герцог Людовико Моро сарайында).
Леонардо Да Винчи инженер, сәулетші, суретші қызметтерін бірге атқарды. Әсіресе суретшінің өмір сүрген 1495-97 жылдары қуанышты, шығармашылық жылдары болды. Миландағы Әулие Мария делла Грация шіркеуінде салған тамаша шығармалары шоқтығы биік жұмыстар еді. Солардың бірі-«Құпия кеш». Бұл жұмыс Джоттаның «Иуда ишараты» деп аталатын шығармасының алғашқы тарауы іспеттес.
Джотто христосты отыз тиынға сатқан Иуданың сатқындық әрекетін бейнелеп берсе, Леонардо сол оқиға алдындағы бір қым-қуыт кештегі ішкі арпалысты көрсетуге тырысқан. Бұл кезде Италияны жау шауып, халқы қиын-қыстау күндерді бастан кешіп жатқан еді. Содан да «Құпия кеш» шығармасы дәл заман талабына сай туған туынды болды. Елді қорғау үшін бірлік пен ерлік керек. «Алтау ала болса, ауыздағы кетеді» дегендей, Леонардо соны меңзеп, бірлікке шақырды. Алауыздық пен сатқындық, опасыздық еш уақытта жақсылық әкелмейтінін, ондай жағдайда елің, жерің көрінгеннің тақымында кететінін меңзейді, соны ашына суреттейді.
Леонардоның екінші бір ғаламат, әлемде теңдесі жоқ туындысы-«Мона Лиза» немесе «Джоконда» бейнесі. Сәл ғана езу тартып, ұяң жымиып тұрған нәзік те сұлу жас келіншектің ішкі жан дүниесінен ғаламат мейірбандық, тылсым сыр бары көрінеді. Леонардо Да Винчи жұмыстары онша көп емес, оның бірде-бірін мыңмен айырбастамас едік. Оның қаламының құдіреттілігі де осында. Біреу болса да бірегейлігінде.
Осы Қайта өрлеудің екінші бір ғаламат, ұлы суретшісі Микеланджело еді.(1475-1564). Ол-тасқа тіл бітірген талантты мүсінші, сырлы бояуға нұрлы өмір берген шебер суретші, сәулет өнерінің сайыпқыран сарбазы, жүрегімен жыр толғап, сыр төккен ақын еді. Оның қай жұмысын алмасаң да ең алдымен адамды, оның ақыл-парасатын, ерлігін, еңбегін паш етеді. Ол халықтың қамын жеген қолбасшыны, адамзат баласына адамгершіліктің ізгі қасиетін ғана тілеп, аялы алақанын, елжіреген жүрегін ұсынған ананы жырлап, солардың кесек тұлғасын көркем бейнеледі.
Микельанджело шығармашылығының шыңдалып, бастау алар тұсы оның қоғам қайраткері, әрі ақын Лоренцо Медичи сарайына шақырылу тұсынан басталады. Лоренцо Медичи оны өз қамқорлығына алып, антик өнерінің озық үлгілерімен жете таныстырады. Джотто, Мазаччо сияқты ұлы суретшілердің шығармаларын мұқият зерттеп, өнер қазынасын тереңірек атқарады. Әсіресе Донателло жасаған мүсіндер оған айрықша әсер етіп, оның мүсін жасау теориясын оқып-үйренуіне игі ықпалын тигізеді. Оның ең елеулі жұмыстарының бірі Римдегі Әулие Петр соборындағы белгілі мүсін «Жоқтау» болып табылады. Шығармада екі кейіпкер: ана мен бала. Мерт болған жалғыз ұлының суыған денесін алдына қойып, егіліп отырған ана бейнеленген.
Микельанджелоны шырқау шыңға шығарған екінші бір атақты жұмысы-«Давид» мүсіні. Оны ол 1502-1504 жылдары сомдап,Флоренция қаласының орталық алаңына тұрғызады. Сол кезде басқыншылармен ұзаққа созылған қырғын соғыс Италия халқына ауыр азап, қайыспас қайрат әкеледі. Қайғы мен қасірет шеккен халық тағдыры Микельанджелоны қатты толғандырады. Сондықтан да ол осы «Давид» мүсінін қолға алды. Талай тарлан шеберлердің көркем шығармаларына арқау болған Давид тұлғасын жаңа қырынан бейнелеп беруді өзіне парыз санайды. Халық мұңын жоқтаушы, соның қанды кегін қайтарушы ретінде бейнелеуді ойлайды. Үлкен ой кесек тұлға болып өріледі. Биіктігі 5,5 метрлік біртұтас ақ мәрмәр тасты соншалықты зергерлікпен қашап шығару жоғарғы шеберліктің белгісі еді. Шебер осы мүсіннің ішкі мінез-құлық, толғанысын асқан шеберлікпен көрсетеді. Қабағы қатулы батыр жүзінен халықтың жауға деген өшпенділігін, ашу-ызасын көруге болар еді.
Мүсін Микельанджелоның атақ-даңқын аспандата көтерді. Бұлардан басқа тағы да бірнеше жұмыстары- «Бұғаудағы құл», «Күн» және «Түн» мүсіндері (Моисей мүсіні) бар.
Сұңғат шығармалары ішінде Сикистин каппелласының төбесіндегі роспистік жұмысты атауға болады (Ватикан сарайында). Осы роспистерді жазу үшін төрт жыл уақыт кеткен. Роспись ұзындығы қырық метрге жетеді. Бұл шығармада суретші діни інжіл мазмұны бойынша, дүниенің жаратылуы мен ақырзаманға дейінгі уақытты бейнелеген, фрескадан 350 адамның сұлбасын санап шығуға болады.
Қайта өрлеудің үшінші алыбы- Рафаэль Санти (1483-1520). Рафаэль жұмыстарынан нағыз қайта өрлеу дәуірінің лебін сезінуге болады. Оның жұмыстарында атақты ұлы суретші Леонардо Да Винчидің әсері сезіліп тұрады, ұлы суретшіден көп нәрсені үйреніп, көкірекке түйген ол көбінесе ана тақырыбына қалам тартады. Алғашқы жұмыстарының бірі- «Констабиле мадоннасы».
1503 жылы - Рафаэль үшін өмірдегі жаңа кезең басталады. Сол жылы Римге шақырылып, Ватикан сарайындағы жұмыстарға қызу кіріседі. Суретшіге ең салтанатты залдарды көркемдеу тапсырылады. Кейінірек бұл әлемге аты әйгілі болған шығармалар «Диспут», «Афина мектебі» т.б. еді. Рафаэль Санти әр заманның қайраткер-кемеңгер өкілдері-Платон, Аристотель, Гомер, Данте образдарын шынайы суреттеп береді.
Рафаэльдің ең әйгілі шығармасының бірі-«Сикистин мадоннасы». Ұлы суретші көп жасай алмады, ол 37 жасында кенеттен дүниеден қайтты.
Италиядағы сұңғаттың ең кең тараған ортасы Венеция болды. Өте ылғалды ауа райы роспись пен фрескаларға көп нұқсан келтірді. Сондықтан Италияда суретшілер тұңғыш рет ылғалға берік майлы бояуды пайдаланды. Бұл бояу алғаш Нидерландыда ойлап табылған болатын. Майлы бояуды пайдалану суретшіге басқа да бояу сырларын ашуға мүмкіндік берді.
Осы тұста атақты суретшінің бірі Тициан өмір сүрді (1477-1576). Жүз жылдық ғұмырында суретші жүздеген тамаша туындылар жазды, көбінесе портрет жанрында жұмыс істеді. Сондай жұмыстың бірі-«Өз автопортреті», «Риминальди портреті» т.б.
Тициан шығармаларының ішіндегі ең шоқтығы биігі-патриоттық тақырыпта салынған «Әулие Себастьян» шығармасы. Бұл шығарма ежелгі Рим тарихынан келіп жеткен халық батыры, ержүрек Себастьян елді жауға қарсы күреске, ерлікке үгіттейді, шақырады. Бірде жау қолына түсіп, өлім жазасына тартылады. Жаулар оны «мыңдаған садақ оғымен өлтірілсін»-деген үкім шығарады. Тицианның тағы бір елеулі еңбегі-«Урбин шолпаны», «Мария Магдалина» бейнесі.
Тициан Венеция сұңғат өнері мектебінде өзіндік ерекшелігі бар жаңа, тың жол салды. Алғаш рет бай колоритті сурет салуды осы ұлы суретші алға тартты. Оның жұмысындағы негізгі компоненттер жарық, бояу реңі, көлеңке болды. Ол бұрынғы суретшілердей сызықтық басымдылықпен емес, бояу реңі мен бояу дақтары (мазок) басымдылығымен ерекшеленеді.
Тициан-қайта өрлеу дәуіріндегі соңғы өнер алыптарының бірі. Оның теңдесі жоқ ғажап туындылары ғасырлар бойы көрермендер, өнер адамдары үшін рухани азық болды. Италия қайта өрлеу дәуірінде Тицианнан кейін тағы да бірнеше тамаша суретшілер легі өмір сүрді. Олар: Веренозе, Джорджоне, Тинторетто т.б. Осы кезеңде сұңғаттың «манеризм» саласы қалыптаса бастады.


Бақылау сұрақтары:

  1. Жоғары қайта өрлеу дәуірі

  2. Леонардо да Винчи шығармашылығы

  3. Рафаэль Сантидің шығармашылығы

  4. Микеланджело шығармашылығы

  5. Тициан шығармашылығы

11. Лекция сабағының тақырыбы: XVII ғасырдағы Италия, Испания өнері


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   40




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет