Лекция тезистері лекция тақырыптары 2 сағатқа арналып жасалған. 1-лекция. Тақырыбы: Жалпы техикалық және арнайы пәндерді оқыту әдістемесі пәніне кіріспе. Курстың пәні. Жоспары



бет4/30
Дата05.10.2023
өлшемі0.56 Mb.
#479914
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30
stud.kz-72859

Бақылау сұрақтары:

  1. Технология оқу пәні мазмұнының құрылымын түсіндіріңіз.

  2. Бағдарлама мазмұнындағы теориялық мағлұматтар мазмұнын түзетін оқу материалдарын атап шығыңыз.

  3. Оқытудағы дидактикалық принциптердің бағдарламадағы оқу материалдарын іріктеуде және оларды оқытуда жүзеге асырылуын түсіндіріңіздер (әрбір дидактикалық принцип бойынша).

  4. Бағдарлама мазмұнында дидактикалық принциптерді жүзеге асыруға бағдарланған құрамды бөліктерді айтып беріңіз.

4-лекция. Тақырыбы: Кәсіптік оқыту жүйесі


Жоспары:
1. Кәсіптік оқыту жүйесі жайлы түсінік.
2. Кәсіптік оқыту жүйелерінің тарихы.
3. Жүйелерді анықтайтын факторлар.
4. Кәсіптік оқыту жүйелері негізінде оқытуды ұйымдастырудың ерекшеліктері
Лекция мақсаты: Еңбекке баулудағы және кәсіпке оқытудағы дидакткиалық жүйелер жөніндегі түсінік беру және олардың тиімді нұсқасын пайдалануға бағдарлау.
Лекция мәтіні: Мұғалім «Технология» пәні мазмұнында қарастырылған технологияны оқытудың ерекшеліктері негізінде оқушыларды оқыту мен тәрбиелеуді жүзеге асырады, мектеп оқушысының жеке тұлғалық дамуына, оның азаматтық позициясының, ғылыми, экологиялық және экономикалық сауаттылығының қалыптасуына, өзінің болашақ кәсібін анықтауына мүмкіндік береді. Оқу мекемесінің статусына сәйкес мұғалім оқу жоспарын, оларға өзінің оқытатын пән бағдарламасын саналы таңдайды, сондай-ақ оқу-әдістемелік әдебиеттермен қамтамасыз етеді. Оқытуды ұйымдастырудың әртүрлі формаларын, құралдары мен әдістерін және мектеп оқушыларының оқу іс-әрекеттерін, оның ішінде жаңа педагогикалық технологияны пайдаланады. Оқу үдерісін жоспарлау кезінде білім беру мазмұнының негізгі компоненттерін (білім, іскерлік, шығармашылық іс-әрекет тәжірибесі, әлемге (дүниеге), іс-әрекетке эмоциональды-құндылық қатынастар тәжірибесі) қатынасын есепке алады, теориялық және эмпирикалық білімдердің тиімді қатынасын анықтайды, технология пәнін оқыту принциптерін басшылыққа алады. Оқу бағдарламаларының орындалуын, технология пәні бойынша мемлекеттік білім беру стандартында қарастырылған білім деңгейіне сәйкес оқушылардың оны меңгеруін қамтамасыз етеді. Оқушылардың құқығы мен еркіндігін сақтайды, оқу тәртібіне, сабаққа қатынасу режиміне, адамдық қасиеттеріне, мектеп оқушыларының арына және олардың жеке басына құрметпен қарауы тиіс.
Технология пән мұғалімдеріне қажетті оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастыру-дағы білім, іскерлік және дағдылар жоғары оқу орындарында қалыптас-тырылуы тиіс, ал білім беру жүйесінде (мектеп қабырғасында, т.б.) практика барысында жетілдіріледі.
Мектептегі технология пән мұғалімдеріне орта мектепте оқушылардың технологиялық мәдениетін қалыптастыру қажетті шарттың бірі болып табылуда. Сол себепті де технология мұғалімінен оқушыларға технология-лық білім беруді нәтижелі жүзеге асыру талап етіледі. Технологиялық білім беру өндірістік немесе оқыту жүйелері негізінде жүзеге асырылады.
Технологиялық білім беру үшін пән мұғалімінің оқытуға сәйкес аталған дайындығы кең, әрі терең болуы керек. Аталған бағыт бойынша дайындық кәсіптік оқыту деңгейінде жүзеге асырылады. Пәнді оқытуды терең түсіну үшін «өндірістік оқыту», «өндірістік оқыту жүйелері» жөніндегі ұғымдарының (түсініктерінің) мәнін түсіну қажет.
Өндірістік оқыту деп, еңбек өнімділігіне тән белгілі біліктілік деңгейінде нақты жұмысшы кәсібі бойынша жұмысқа қажетті білім, іскерлік және дағдылар жүйесімен оқушыларды қаруландырудағы педагогикалық үдерісс түсініледі. Жүйе өзара байланыста тұтастық түзетін элементтердің бірлігі ретінде қарастырылады. Ал, өндірістік оқытудың жүйесі деп, іріктелген оқу материалдарын құрылымдық өңдеу – оны дидактикалық талдау, бөлу, оңайлату, қайта топтау, қажет жағдайда тұтас бірлікті бұзбайтын көмекші материалдарды енгізу түсініледі.
Орындалатын тапсырмалардың ерекшелігіне қарамастан өндірістік оқыту мен технология пән сабағының практикасы бір-біріне ұқсас келеді. Оқытудың бұл екі түрі де оқытудың мазмұнына, топтарға жіктелу қағидалары және топтастырылу реттілігі оқытудың жүйесін қолдану негізінде анықталады. Оларды көбінесе кәсіптік оқыту немесе еңбекке баулудың жүйесі деп атайды, әрі олар еңбекке практикалық іскерлік пен дағдыны қалыптастырудың дидактикалық жолдары ретінде қарастырылады.
«Технология» пәні мазмұнындағы материалдарды өңдеу технологиясын оқыту кәсіптік оқыту жүйелері арқылы жүзеге асырылады. Олар төмендегідей:


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет