Лекциялардыњ ЌЫСЌа мазм¦НЫ


* Өзін-өзі тексеру сұрақтары



бет13/14
Дата23.11.2023
өлшемі151 Kb.
#484222
түріЛекция
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
Лекция Кеңестік Казақстан

* Өзін-өзі тексеру сұрақтары
- Классикалық кеңестік экономиканың дағдарыс себептері;
- Кеңестік экономиканың сапалы түрде даму жолына түсуінің әлеуметтік өмірге әсерін неден аңғарамыз;
- Қоғаемды демократияландырудың алғашқы қадамдары;
* Ұсынылатын әдебиеттер:
- Қазақстанның жаңа және қазіргі заман атрихы,2005
- Назарбаев Н.Ә. Әділеттің ақ жолы,1991
- Омарбеков Т. XX ғасырдағы Қазақстан тарихының өзекті мәселелері,2001


3 Модуль. Қазақстан-тәуелсіз мемлекет
14-Лекция. Қазақстан Республикасының саяси, әлеуметтік-экономикалық дамуы 2 сағат
* Лекция мақсаты
Тәуелсіз Қазақстан мемлекетінің экономикалық-әлеуметтік және саяси даму жолындағы алғащқы қиыншылықтар мен қайта құрулар жан-жақты түсіндіріледі. Тәуелсіз Қазақстан республикасының халықаралық жағдайы және мәден өміріндегі алғашқы қадамдары қамтылады.
* Түйін сөздер
«декларация», «президенттік басқару», «парламент», «Конституция», «мемлекеттік рәміздер», «Қазақстан 2030», «халықаралық ұйымдар»
* Негізгі сұрақтар
1. Кеңестер Одағының ыдырауы
2. Қазақстан Республикасының бірінші және екінші Конституцияларының
қабылдануы
3. ҚР-ның нарықтық қатынастарға көшуі

1.КСРО-ның ыдырауының басты себептерінің бірі - экономикалық дамуда артта қалушылық. Атап айтқанда, Одақ экономикасының технологиялық жағынан артта қалуы, сондай-ақ оның өндірісі шығарған тауарлардың бүкіл әлемде бәсекеге түсу қабілетінің төмендігі еді. Сонымен қатар, соғыстан кейінгі жылдары КСРО АҚШпен әскери бәсекеге түсіп және капиталистік елдермен әскери-стратегиялық тепе-теңдікті сақтау үшін қорғаныс ісіне аса көп қаржы шығарды. 1950-1990 жылдар арасындағы 40 жылда әскери шығын 20 триллонға жетті. Мұндай зор шығындар экономиканы зор шығындарға ұшыратты.


Кеңестер Одағының ыдырауының саяси себептері туралы айтқанда, ондағы сяси-экономикалық бірлік пен біртұтастық 80-ші жылдардың аяғында болмағандығын айтамыз. Кеңестер Одағында ұлттар толқулары күшті болды. Мысалы, қазақстандағы 1986 жылғы оқиға.
Сондықтан бірқатар ұлт республикалары Одақтан бөлініп шығу, өздерінің егеменді мемлекет болуы жөніндегі талаптарын қойды. Міне, осының нәтижесінде 1988 жылдың қараша – 1989 жылдың мамыр айлары аралығында Балтық жағалауындағы Эстония, Литва, Латвия республикалары өздерінің егемендігі туралы алғашқы құжаттарын қабылдады. Осыдан кейін, 1989-1990 жылдары егемендік туралы Декларацияны КСРО-ның басқа республикалары да қабылдады. Сөйтіп, 74 жыл бойы өмір сүрген КСРО мемлекеті құлады.
1991 жылдың 21 желтоқсанында Алматыда 11 республика өкілдерінің қатысқан кездесуі болды. Олар тең құқықтық жағдайдағы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы құрылғандығы жөніндегі шартқа қол қойды.
1991 ж. 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің жетінші сессиясында парламент депутаттары «қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Заң қабылданды.
2.Еліміз егемендік алғаннан бері екі Конституция қабылданды. Оның біріншісі – 1993 ж. қаңтарда өмірге келді. Оның кемшіліктері болды. Нақты айтсақ, ел ішінде болып жатқан саяси-экономикаклық және әлеуметтік процестерді бірден ой елегінен өткізіп, мем мүмкіндіктерін ғылыми тұрғыдан нақты анықтау мүмкін болмады. Сондықтан 1995 жылдың 30 тамызында референдум арқылы жаңа Конституция қабылданды.
Жаңа Конституциямыз, еліміздің рәміздері халқымыздың бірнеше ғасырлар бойы аңсаған шынайы егемендікке қол жеткізгендігінің нақты көрінісі болып табылады.
3.Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін нарықтық экономикаға көшу жолына түсті. Осы бағытта 1992 жылы қаңтарда бағаны ырықтандыруға, мемлекеттік меншікті оның иелігінен алып жекешелендіруге кірісті.
Қазақстанда нарықтық экономикаға көшудің алғашқы кезде үш кезеңі белгіленді. Бірінші кезең – 1991,1992 жылдар, екінші кезең – 1993-1995 жылдар.Үшінші кезең 1996-1998 жылдар болып белгіленді. Нарықтық қатынастарға көшу барысында көптеген қиыншылықтарға кездестік. Атап айтқанда, жекешелендіру барысында қателіктер жіберілді, бағаны ырықтау оңай болмады. Сонымен бірге индустрияландыру жылдары қазақстан тер өндіруші кәсіпорындардың салынбауы, ел экономикасын дамытуда үлкен қиыншылықтар туғызды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет