* Өзін-өзі тексеру сұрақтары: - Кеңестік экономикадағы қарама-қайшылықтарды неден көреміз;
- Ұлттық саясаттың дағдарыста болу себептері;
- Кеңестік қоғамның дамуында альтернативті жолдар болды иа?;
* Ұсынылатын әдебиеттер: - Қазақстанның жаңа және қазіргі заман тарихы,2005
- Қонаев Д. Ақиқаттан аттауға болмайды,1994
- Омарбеков Т. XX ғасырдағы Қазақстан тарихының өзекті мәселелері,2001
13-Лекция. Қазақстан қоғамды реформалау мен жаңарту тұсында. 2 сағат
* Лекция мақсаты XX ғ. 80-жылдарының орта шенінде кеңестік қоғамда түбегейлі өзгеріс қажеттігі айқын сезілді. Мемлекеттің экономикалық, саяси өмірінде үлкен жаңалықтар болды. Лекция барысында әкімшіл-әміршіл жүйенің тоқырауға ұшырап, Кеңестер Одағының ыдырау процесі жан-жақты түсіндіріледі.
* Түйін сөздер «демократия», «қайта құру», «желтоқсан оқиғасы», «референдум», «қоғамдық ұйымдар», «нарықтық қатынастар», «жекешелендіру», «тәуелсіз мемлекет»
* Негізгі сұрақтар 1. Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық жағдайы 2. Қоғамды демократияландыруға бағыт 3. Тәуелсіздік жолындағы Қазақстан
1.20-шы ғасырдың 80-жылдарының орта шенінде кеңестік қоғамда түбегейлі өзгеріс қажеттігі айқын сезілген еді. Кейбір үкімет басшылары да терең өзгерістер керек екенін түсіне бастады. 1985 жылы наурыз айында КОКП Орталық комитетінің пленумында Бас хатшы болып М.С.Горбачев тағайындалды. Сол жылдың сәуір айында ол өзінің «қайта құру» бағытын айқындады. Бірақ бұл шешім тек сөз жүзінде қалды. Іс жүзінде ол кеңес қоғамын ыдыратуды тездетті.
Қазақстанда Одақтың барлық жерлерінде сияқты тоқырау жылдарында басқару ісінде жағымпаздық, парақорлық, рушылдық, жершілдік сияқты көптеген келеңсіз құбылыстар орын алды. Бұл жылдары ұлт саясатында, әлеуметтік-экономикалық және кадр мәселелерінде көптеген ауытқылушылыққа жол берілді. Жалпы барлық кеңес қоғамы үшін бұл кезде қоғамдық ойдың мәні өзгеріп, сөз бен істің арасында алшақтық, қайшылық кең өріс алды. Кадр мәселелерін шешу партия комитеттерінің тек бірінші басшыларының айтуымен, солардың таңдауымен жүретін болды.
2.1986 жылғы ақпан айында болған қазақстан компартиясының 16 съезінде республика министрлер кеңесінің төрағасы Н.Ә.Назарбаев келеңсіз жағдайларды сынға алды.
Қазақстанның жоғарғы органдарына орталықтан басшы кадрлар жіберу кеңінен орын алды. Оларды қызметке жібергенде жергілікті жердің пікірі, республиканың тарихи жағдайы, оның салт-дәстүрі есепке алынбады. 1986 жылғы 16-шы желтоқсан күні Қазақстан компартиясы Орталық комитетінің 1-ші хатшысы Д.А.Қонаев қызметінен алынып, оның орнына Мәскеу жіберген Г.В.Колбин сайланды. Бұл қайта құру мен демократиядан үлкен үміт күтіп отырған қазақ халқының наразылығын туғызды. Арты ереуілге жалғасты. Қазақ жастарының бұл бас көтеруінің түрі ұлттық болғанымен, мазмұны ұлтшылдық емес еді. Орыс немесе басқа ұлтқа қарсы болмады.1989 жылы Г.В.Колбинның орнына Н.Ә.Назарбаев тағайындалды.
Қайта құру жылдарында бұқаралық хабарлама органдары Қазақстанда болып жатқан жағдайларды өзгерістерді ешқандай бүкпесіз ашық жаиялап отырды. Халықтың азаматтық және ұлттық сана-сезімі едәуір өсті. Қайта құру барысында қазақ халқы өзінің тарихы, ұлттық қайта даму, ана тілі, мемлекеттік егемендік алу жөнінде талаптарын қоя бастады.
3.1987 жылы шілде айында алғаш рет қазақстанда жергілікті кеңестерге халық депутаттарын саулау округтер бойынша көп мандатты негізде іске асырылды. 1990 жылы наурызда Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесіне сайлау ұйымшылдықпен өтті. 1990 жылы 24 сәуірде Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Н.Ә.назарбаевті республиканың тұңғыш президенті етіп сайлады.
Республикада көппартиялық жүйенің көрінісі ретінде 1990 жылы соц-дем партия, 1991 жылы «Азат» азаматтық қоз\ғалысы т.б. саяси ұйымдар құрыла бастады. Ұлттық мәдениет жаңғырып, ұлттық сана өсті.
Республиканың өндіріс құрылымы шикізат өнімдероін өндіру саласымен сипатталды. Өңдеу саласы өте төмен, әлсіз, ғылыми негізделмеген болды. Сондықтан да Қазақстанда оның үлесі өте аз еді. Қазақстан өндірісінің 93 пайызы Одаққа, тек 7 пайызы ғана өзіне бағынышты болды.
20-шы ғасырдың 70-ші – 80-ші жылдары қоғамдық-саяси өмірдегі және әлеуметтік-саяси дамудағы теріс құбылыстар одан әрі өсіп, қоғамдағы қайшылықтар мейілінше шиеленісе түсті.