М. К. Сүлейменов Азаматтық процестегі татуластырушы-судья Жалпы ережелер



бет6/8
Дата22.04.2024
өлшемі74.77 Kb.
#499516
1   2   3   4   5   6   7   8
suleymenov m k sudya- primiritel sokr variant. 22.09.20 kaz

Беларусь. Беларусьте 2004 жылы Беларусь Республикасының Шаруашылық процестік кодексіне медиацияның сот-әкімшілік моделі енгізілді. Оған сәйкес шаруашылық соттың даудың мәніне сәйкес келетін біліктілігі бар лауазымды адамдары (мысалы, бөлім бастықтары, сот практикасы бөлімдерінің мамандары) медиаторлар болуға құқылы. Беларусь Республикасы Шаруашылық процестік кодексінің 156-бабына сәйкес татуластырушы экономикалық істерді қарайтын сотта мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдар немесе туындаған жанжалдың мәніне сәйкес келетін біліктілігі бар медиаторлар, келісімшарт негізінде тартылатын басқа адамдар арасынан тағайындалады.
Негізінен татуластырушылар ретінде мынадай лауазымды адамдар бола алады: соттардың жұмысын қамтамасыз ету басқармаларының (бөлімдерінің) бастықтары, сот практикасы бөлімдерінің бастықтары, сот практикасы бөлімдерінің бас және жетекші мамандары, кадр жұмысы бөлімдерінің бастықтары және өзге де мамандар28.
Ресей. Ресейде сотта татуласу институты 2019 жылы енгізілді. Ресейде төрелік, азаматтық және әкімшілік процестердегі тараптарды татуластыру рәсіміндегі жаңашылдықтар 2019 жылғы 25 қазанда күшіне енді. Олар келесі үш заңның қабылдануына байланысты әрекет ете бастады:
1. 26.07. 2019 жылғы №3 – ФКЗ Федералдық Конституциялық заң
Ол Ресей Федерациясы Жоғарғы Сотының Пленумына сотта татуласуды жүргізу регламентін бекітуге, сондай-ақ сот татуластырушыларының тізімін жасауға және бекітуге құқық береді.

2. 26.07.2019 ж. № 198-ФЗ Федералдық заң
РФ Салық кодексіне татуластыру рәсімдері нәтижесінде мемлекеттік бажды ішінара қайтаруға байланысты өзгерістер енгізеді. Соманың мөлшері татуласуға қай кезеңде қол жеткізілгеніне байланысты болады.
Өзгерістер күшіне енгенге дейін талап қоюшы татуласу келісімін жасаса отырып, мемлекеттік баждың 50%-дан аспайтын бөлігінің қайтарылуына көздеуі мүмкін.


Татуласу кезеңі



Мемлекеттік баждан пайыз

Кассациялық сатыдағы соттың істі қарау, қадағалау тәртібімен сот актілерін қайта қарау сатысында.

30%

Апелляциялық сатыдағы соттың істі қарау сатысында.

50%

Татуласу туралы келісім жасасу, талап қоюшының талап қоюдан бас тартуы, жауапкердің талап қоюды, оның ішінде бірінші сатыдағы сот талап қоюшыға қайтару туралы шешім қабылдағанға дейін, татуластыру рәсімдерін жүргізу нәтижелері бойынша тануы кезінде.

70 %


Талап қоюшы үшін бұл өзгеріс оң сипатқа ие. Мемлекеттік баждың үлкен сомасы туралы сөз болған жағдайда, татуласу келісімін жасасу тиімді болады.

3. 26.07.2019 жылғы №197-ФЗ Федералдық заң
Осы заңмен Азаматтық процестік кодекс «Татуластыру рәсімдері. Татуласу келісімі.» атты 14.1-тараумен толықтырылды.
РФ АПК-нің 153.3-бабына сәйкес даулар келіссөздер, делдалдық, оның ішінде медиация, сотта татуласу немесе егер бұл федералдық заңға қайшы келмесе, басқа да татуластыру рәсімдерін қолдану арқылы реттелуі мүмкін.
Сотта татуласу рәсімі тараптарға сот татуластырушысының қатысуымен татуластыру рәсімін пайдалану арқылы дауды реттеуге мүмкіндік береді. Отставкадағы судья сот татуластырушысы ретінде әрекет етеді.
РФ Жоғарғы Сотының Пленумы татуластырушылардың тізімін қалыптастыруға және бекітуге жауапты болады. Ол төрелік соттардың сот татуластырушылары ретінде әрекет етуге ниет білдірген отставкадағы судьялардың ішінен сот татуластырушыларының кандидатуралары туралы ұсыныстарын ескереді. Нақты дауды шешуге арналған кандидатураны тараптар өзара келісімі бойынша айқындайды, ал сот оны бекітеді.
Сот татуластыру рәсімін жүргізу туралы ұйғарым шығара алады. Мұндай жағдай, егер тараптар мұндай рәсімді өткізу туралы ұсыныспен келіссе немесе сот бұл туралы өтінішхатты қанағаттандырса, болу мүмкін.
Ұйғарымда сот татуластыру рәсімі аяқталатын мерзімді көрсетуі тиіс. Сонымен бірге, тараптар мерзімді ұзарту туралы өтінішхат бере алады.
Егер сотқа мысалы, билік органдарының шешімдерін даулау үшін жүгінгенге дейін тараптар дауды сотқа дейін реттеуді пайдаланбаған болса, онда мынадай қағидат қолданылатын болады: заңды тұлға, ЖК немесе азамат келіскен жағдайда, сот талқылауды кейінге қалдыра алады және мысалы, іс жүзіндегі мән-жайларды нақтылау, ұстанымдардағы қайшылықтарды жою, оның ішінде өзара есептеулерді салыстыру арқылы жою үшін татуластыру рәсімін жүргізе алады.
Жоғарғы Сот Пленумының 2019 жылғы 3 қазандағы № 41 қаулысымен бекітілген Сотта татуласуды жүргізу регламентінде29 сотта татуласуды пайдалану дауларды бейбіт жолмен реттеу, әріптестік іскерлік қатынастардың қалыптасуына және дамуына жәрдемдесу, іскерлік айналымның ғұрыптары мен әдебін қалыптастыру сияқты сот ісін жүргізудің міндеттерін іске асыру үшін жүзеге асырылады деп бекітілген.
Сотта татуласу үшін тараптар ақы төлемейді.
Тараптар сотта татуласу тәртібін процестік заңнаманың және осы Регламенттің ережелерін ескере отырып, сот татуластырушысының келісімімен айқындайды.
Сот татуластырушысына қойылатын талаптар Регламенттің 8-бабында бекітілген:
«1. Отставкадағы және Ресей Федерациясы Жоғарғы Сотының Пленумы бекітетін сот татуластырушыларының тізіміне енгізілген судья сот татуластырушысы болып табылады.
2. Отставкадағы және сот төрелігін іске асыруға тартылған судьяның сот татуластырушысы ретінде әрекет етуге құқығы жоқ.
3. Отставкадағы және мемлекеттік билік органдарында, жергілікті өзін-өзі басқару органдарында, мемлекеттік және муниципалдық мекемелерде, кәсіподақ және өзге де қоғамдық бірлестіктерде, сондай-ақ Мемлекеттік Дума депутатының көмекшісі немесе Ресей Федерациясы Федералдық Жиналысының Федерация Кеңесінің мүшесі не Ресей Федерациясы субъектісінің заң шығарушы (өкілді) органы депутатының көмекшісі ретінде жұмыс істейтін немесе қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтары жөніндегі уәкіл лауазымына тағайындалған судьяның сот татуластырушысы ретінде әрекет етуге құқығы жоқ.».
Регламенттің 9-бабында сот татуластырушыларының тізімін қалыптастыру туралы айтылған:
«1. Ресей Федерациясы Жоғарғы Сотының Пленумы сот татуластырушыларының тізімін Ресей Федерациясының Жоғарғы Сотының, жалпы юрисдикциялы кассациялық соттардың, кассациялық әскери соттың, округтік төрелік соттардың, Зияткерлік құқықтар жөніндегі соттың, жалпы юрисдикциялы апелляциялық соттардың, апелляциялық әскери соттың, төрелік апелляциялық соттардың, республикалардың жоғарғы соттарының, аймақтық, облыстық соттардың, федералдық маңызы бар қалалық соттардың, автономды облыстық соттардың, автономды округтік соттардың, төрелік соттардың, округтік (флоттық) әскери соттардың сот татуластырушысы ретінде әрекет етуге ниет білдірген отставкадағы судьялардың ішінен сот татуластырушыларының кандидатуралары туралы ұсыныстары негізінде қалыптастырады және бекітеді.
2. Тізімді қалыптастыру кезінде судья лауазымында жұмыс тәжірибесі, ғылыми қызмет тәжірибесі, мамандануы, кандидаттың тұратын өңірі ескеріледі».
Регламенттің 13-бабына сәйкес сотта татуласудың тараптары:
сот татуластырушысын таңдауға;
сотта татуласуды жүргізу тәртібі жөнінде ұсыныстар енгізуге;
сотта татуласуға өзге адамдардың қатысуы қажеттігі туралы мәлімдеуге;
дауды реттеу үшін қажетті ақпаратты хабарлауға;
басқа тарапқа және сот татуластырушысына сұрақтар қоюға;
сот татуластырушысымен жеке әңгіме жүргізу туралы өтініш білдіруге;
дауды реттеу және татуласу нәтижелеріне қол жеткізу бойынша ұсыныстар айтуға;
тараптар айтқан ұсыныстарды олардың орындалуы және тараптардың әрқайсысының мүдделерін қанағаттандыруы мәніне талқылауға;
сотта татуласу мерзімі өткен жағдайда рәсімді ұзарту туралы өтінішхат беруге құқылы.
Регламенттің 15-бабына сәйкес:
«1. Сотта татуласуға тараптар бастамашылық жасауы не оны сот ұсынуы мүмкін.
Сотта татуласуды жүргізу туралы соттың ұсынысы талап қою арызын (арызды) іс жүргізуге қабылдау туралы, істі сот талқылауына дайындау туралы ұйғарымда немесе іс бойынша өзге де ұйғарымда қамтылуы мүмкін, сондай-ақ сот оны ауызша нысанда жасауы мүмкін.
4. Сот татуластырушысының кандидатурасы тараптардың өзара келісімі бойынша сот татуластырушысының мамандануы мен тұратын аймағы ескеріле отырып, сот татуластырушыларының тізімінен айқындалады және сот ұйғарымымен бекітіледі.
Сотта татуласуды жүргізуге тараптар келіскен және сот татуластырушысының кандидатурасын айқындау мүмкін болмаған жағдайда, сот татуластырушысының кандидатурасын ұсынады, содан кейін оны тараптардың келісімімен бекітеді.
Бір тараптардың қатысуымен өзара байланысты бірнеше даулар бойынша тараптар келіскен кезде сол бір сот татуластырушысы бекітілуі мүмкін.
5. Сотта татуласу бірлескен, жеке келіссөздер жүргізуді қамтамасыз ету, тараптардың мүдделерін ескере отырып, дауды реттеу үшін тең жағдайлар жасау және татуласудың өзара қолайлы нәтижесіне қол жеткізу шартымен сот ғимаратында, жеке үй-жайда өткізіледі».



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет