М. С. Атабаева PhD доктор, профессор



Pdf көрінісі
бет54/89
Дата07.09.2023
өлшемі2.57 Mb.
#476850
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   89
Бисенбаева

сөйленістік фразема қалыбы. Әдеби 
элементтерден құралған сөйленістік фразеологизмдердің құрамындағы 
сыңарларының әдеби тіл мен сөйленісте қолданылу аясы әртүрлі, сөйленістік 
фразеологизм құрайтындары жалпыхалықтық тілде тіркес түрінде кездеспеуі 
мүмкін. Мысалы, ағаш қазанның асы бір-ақ рет қайнайды – істің орайы бір-ақ 
рет келеді, бақ бір-ақ рет қонады (ҚХР); алып терісі, жеп еті жоқ – өте арық 
(Жаздыгүні малдың алып терісі, жеп еті жоқ (МХР); жарты терідей жалпылдау 
– жарамсақтану (Сен жарты терідей жалпылдамай тыныш отыр (Гур., Маң.); 
жебірін түгендеу – қысым көрсету, жазасын беру (Қолыма бір түсерсің, сонда 
жебірін түгендермін (Түрікм., Таш.); көзінің көлеңкесін қиғаш түсіру – 
менсінбеу, көзге ілмеу, адамсынбау (ҚХР); ішін үгіп алу – сырын айтқызу, 
сырын ақтарту (Маңғ.); 
 әдеби негіз +сөйленістік негіз сөз/диалектілік негіз 

сөйленістік 
фразема қалыбы. Бұл топқа жататын фразеологизмдер құрамы жағынан, 
негізінен екі, үш сыңардан тұрады, көп жағдайда сөйленістік сыңар есім сөз 
болып келеді де, әдеби негіз етістіктер арқылы етістік фразеологизмдер 
жасайды. Жанынан қасым болу – жанынан түңілу, жаны түршігу (ҚХР); дүз-
дөңдегі жарасу – дәм-тұзы жарасу, тату өмір сүру (ҚХР); бақадар әлінше - 
шамасына қарай (Қ.орда, Қарм.); аңынан айырылу – ес-ақылынан айырылу. 
Шырапаямен бір ұрады, екінші ұрғанда аңынан айырылылады (Қарақ.); 
адыбұлыққа жеткізу – көсегесін көгерту (Шымк.; Алм., Шел.); әптер-тәптерін 
шығару/әптек-тәптегін шығару –тас-талқанын, быт-шытын шығару (Алм., 
Жам.; Өзб.); беттен шармай алу – беттен алу қарсыласу (Бірдеме десең, 
бетіңнен шармай алады (Гур., Шевч.); 


104 
 сөйленістік негіз + сөйленістік негіз 

сөйленістік фразема Мұндай 
құрылымдағы тұрақты тіркес сөйленістерде өте аз. Мысалы, аңғары чылу 
(араны ашылу), дат бират – даурығу, байбалам салу (Жамб., Тал.), жә мә жәлесу 
– уағдаласу (Маңғ.) т.б. әкей-үкей дөңгежат – ұрда-жық, әпербақан, жуан 
жұдырық (ҚХР).
Ғ.Қалиев аймақтық тұрақты тіркестерді біртұтас лексикалық мағынаның 
көрсеткіші болып табылатындықтан, сөйленістердің лексикасындағы негізгі 
типтердің бірі ретінде қаралуы тиіс деп пайымдайды [124,59-83-бб.]. Аймақтық 
тұрақты тіркестер Қ.Қалыбаеваның еңбектерінде жеке зерттеу нысаны болған 
[43]. Қытай Халық Республикасындағы қазақ диаспорасы тілінің жергілікті 
ерекшеліктеріндегі тұрақты тіркестер жайлы С.Мұстафаұлының зерттеулері 
аймақтық тұрақты тіркестердің арнайы зерттеу нысаны бола алатын көлемде 
және мазмұнда екенін көрсетеді [82]. Р.Үрімова аймақтық мақал-мәтелдер мен 
этноқұрылымдық сипаты тұрғысынан зерделейді: мақал-мәтелдер мен 
фразеологизмдердің қалыптасуына әсер еткен географиялық, этномәдени, 
тарихи-әлеуметтік және тілдік факторлар, көрші тілдердің әсері; мағыналық 
даму, өзгерісі омонимдік, синонимдік, варианттылық және көпмағыналылық 
табиғаты тұрғысынан анықтауды мақсат етеді [44]. «Әр тілдегі мақал-мәтелдің 
баршасы антропоөзектік ұстаным бойынша қалыптасып, қалай жасалып 
айтылса да, адам баласының өзіне, яғни әрбір халықтың өкіліне бағышталып, 
соның бойындағы не жақсы, не жаман қасиеттерін сипаттауға арналады [44,19-
б.]. 
Аймақтық фразеологизмдер тақырыптық (атауыштық) мәніне қарай адам 
өмірінің барлық саласын қамтиды, дегенмен мінез-құлық, адамдық қасиет, 
адамдар арасындағы қарым-қатынасты танытатын өмірдің бағалауыштық [125, 
98-б.] бояуы басымдау жұмсалатын тұстарын көбірек суреттейді. С.Сәтенова 
қазіргі фразеологиялық зерттеулердің бағыт-бағдарына қатысты еңбегінде 
лексика-фразеологиялық жүйені тақырыптық топтарға бөліп зерттеу әдісінің 
тиімділігін көрсетеді. Ғалымның айтуынша, бұл жұмыс: «кәсіптік 
терминологияға байланысты қалыптасқан фразеологизмдер» мен «кәсіптік емес 
тақырыптық топқа жататын фразеологизмдер» атты екі бағытта жүйеленіп 
зерттеліп келеді. «Сан мыңдаған фразеологизмдерді өзара топтастырып жан-
жақты зерттеу арқылы ғана халықтың тіл байлығын, өмір тарихын, кәсібі мен 
мен тұрмыс-тіршілігін анықтауға болады. Осы жүйеде топтаудың нәтижесінде 
белгілі ұлттың әдет-ғұрпы, салт-дәстүрі, діни-наным-сенімі, ұлттық 
ерекшеліктері мен игі қасиеттері айқындалады» [118,78-79-бб.],-деп есептеледі. 
Қ.Қалыбаеваның аталған еңбегінде аймақтық фразеологизмдер: адамның 
психологиялық күй жайын көрсететін фразеологизмдер; адамның іс-әрекетін 
көрсететін фразеологимдер; адамды түрлі жағынан сипаттап көрсететін 
фразеологизмдер; алғыс және қарғыс мәнді фразеологизмдер; белгілі кәсіпке 
байланысты жасалған фразеологизмдер атаулары, бет-жүз, көз, аяқ, бас т.б. 
соматикалық атаулар арқылы жасалған фразеологизмдер болып бөлінеді [43]. 
Қазақ халқы төрт түлік малдың арқасында күн көріп, оны асырау 
мақсатында маусымдық мал жайылымының жағдайына сай көшпелі өмір 


105 
кешкені белгілі. Әрі осы көшпелі өмір салтын ұзақ сақтаған қазақ халқының 
ақпарат жинау, білім қорын жасау көзі – өзін қоршаған ортасы, сайын Даласы, 
оның амандығы, тыныштығы, береке-байлығының кепілі. Осыған орай
тіршіліктің әр кезеңін, мінез-құлқын өз кеңістігіне ең жақын жан-жануар, оның 
әр алуан қасиеттері, табиғаты арқылы бейнелейді [126,14,17-24-бб.], сол себепті 
тақырыптық топтардың негізіне осы жан-жануар атаулары ұйытқы болу 
арқылы жасалған фразеологизмдер жатады деуге болады: 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   89




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет