М. С. Атабаева PhD доктор, профессор


ақыл, білімділік туралы фразеологизмдер



Pdf көрінісі
бет56/89
Дата07.09.2023
өлшемі2.57 Mb.
#476850
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   89
Бисенбаева

 ақыл, білімділік туралы фразеологизмдер. Серпіні сегіз болу – беделі 
арту, айтқаны болу, дәуірі жүру (Серпіні сегіз болып үкімі жүрген адам (Сем 
Ұрж.). Аңына келу – ақылына келу Шежіреден білетінлер аңына келіп адам 
болды (Қарақ). Аңынан айырылу – ес-ақылынан айрылу (шарапаямен бір 
ұрады, екінші ұрғанда аңыңнан айырыласың (Қарақ.) Ақылға үйір салу-
ақылмен іс жасау (ҚХР) Ақыл жарасып алу – ақылдасып, кеңесіп алу 
(Шығ.Қаз., Больш.) Ақыл қайран қалу – қайран қаларлық, ой жетпейтін (ҚХР). 


106 
Ақылынан шашылу – ақылынан айырылу, адасу (Түрікм.). Арқар жалақ күн 
көру – ептеп-септеп, қалт-құлт етіп күн көру (ҚХР); Арқасына қағып, аузына 
жағу/арқасына қағып, аузына үру – мәпелеу, әлпештеу (Гур., Маң.; Қарақ). 
Басын ара шағып алған жоқ – ақыл-есі дұрыс (Мынадай қанды қырғыннан 
Сағидолланың інісі Шәмсаны аман қоя беретін Жінгоның басын ара шағып 
алды дейсің бе (М.Разданұлы). Бас пен жақтай айыру – бес қолдың саласындай 
жетік білу (Жамал маңайына өнеге өргізіп, көп істерді бас пен жақтай айырып, 
береке танытып отыратын, хат-сауаты бар зерделі жан еді (Ғ.Қанапияұлы); 

 адамның әлеуметтік ортадағы орнын (бедел, абырой) мінез-құлқын, 
сын-сипатын білдіретін фразеологизмдер. Айғай шоқыдай азамат – беделді, 
абыройлы азамат (ҚХР). Ақымақтың шай қалтасы – алдауға түсіп қалатын, 
ақымақ адам ҚХР). Жан кезген қу-қыдырымпаз қу (Тау., Қош.). Ит басты, сиыр 
аяқты – жексұрын адам (ҚХР) Жыланның аяғын көрген – әккі, қу (ҚХР). Ит 
жеріген жаужұмырдай – жеккөрінішті, сүйкімсіз, қадірі жоқ (ҚХР). Иттің 
жүніне тұрған қылаудай – болмашы, мардымсыз (ҚХР). Көп үстінен көлмектей 
су ішетін – көптің арқасында күн көретін, ұқыпсыз, төгіп-шашатын (ҚХР). 
Күшігін аузымен тасығандай – мейірбан, ақ көңіл, мінезі жұмсақ, елжіреуік 
ҚХР). Ауар-тамары жоқ – айна қатесі жоқ, ұқсас (Ауар-тамары жоқ, құдды сіз 
құсап жасалған машина «адам» (ҚХР). Қолының басы ашық – қолы ашық, 
береген (Оның қолының басы ашық, барын аямайды (Сем., Абай). Құйқадан 
құлақ шығару, жауырыннан жамбас жону – пәле іздеу, орынсыз соқтығу (ҚХР); 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   89




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет