М. С. Атабаева PhD доктор, профессор


көңіл-күй мәнді фразеологизмдер



Pdf көрінісі
бет59/89
Дата07.09.2023
өлшемі2.57 Mb.
#476850
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   89
Бисенбаева

 көңіл-күй мәнді фразеологизмдер. Болдырған сиыр әртүрлі боқ 
тышады – есі шыққан ананы да, мынаны да істейді (ҚХР). Ашуы қап тауындай -


108 
қатты ашулы, жарылардай болу (ҚХР). Аузына маржан салу – үн-түнсіз отыру, 
аузын ашпау, ләм-мим демеу (ҚХР). Әздікке ғашып жату – рахаттанып жаны 
жай тауып жату (Қарақ.). Бүйіріне алтын жамбы салғандай – шүкіршілік ету, 
қанағат сезімінде болу (ҚХР). Басы ішіне түсіп кету – ұнжырғасы түсу, 
уайымдау (Басың ішіңе түсіп кетіпті ғой, қия алмай отырсың ба? (Б.Сабыр.). 
Бойында шыбыны қалмау – зәре-құты қалмау (ҚХР). Бір таудың бұғысы – 
ешкімге кіріптарлығы жоқ, өз еркі өзінде (ҚХР). Бір тері, бір сүйек болып қалу 
– қу сүйегі қалу жүдеу (ҚХР). Доңыз айбаттану – ызасы келу, қатты ашулану 
(Бостан-босқа доңыз айбаттанып отырудың жөні жоқ (Алм., Кег.). Алжыған аю 
далаға түседі – қаңғып кету шатасу (МХР); 

 табиғат құбылысына байланысты фразеологизмдер. Ақбан-доқпан 
соғу – ат құлағы көрінбейтін алай-түлей боран (Орал., Қазт.). Ақ киіктің 
бұрқасыны – киік лақтаған кезде соғатын ызғарлы жел (Түрікм., Красн.). Ақ 
айран – боран (Ақ айран боранның арасынан қараңдап екі ит шыға келді 
(Б.Сопақбаев).; 

 қашықтық, мезгіл мағынасын білдіретін фразеологизмдер. Әкем бой, 
шешем бой – отыз-қырық метр шамасындағы қашықтық (Адам аулынан әкем 
бой, шешем бой шыққасын-ақ мүсәпір деген бар ғой (Түрікм, Таш.). Жер аяғы 
қияннан – ит арқасы қияннан (Еңбегім қайтпаса, қиын болды, жер аяғы қияннан 
келгенде (Түрікм., Красн.). Жердің бас-аяғы – алыс, қашық (Жердің бас-
аяғынан келген бала көрінесің, әйтеуір, барға ықтияр боласың ба? (Гур., Маңғ.). 
Монғол жеріндегі қазақтарда қой бір келу – күзге жуық қойдың күніне бір-ақ 
рет сауылатындығы, ал қой екі келу – жаздың күні қойдың түсте, кешке 
сауылуын білдіреді. 
Поэтикалық фразеологизмдер ғаламның тілдік бейнесін жасаса, ғаламның 
тілдік бейнесі белгілі халықтың ғасырлар бойы жинақталған ұлттық-мәдени 
тәжірибесінің, әлем жайлы білімдер жиынтығының тілдегі көрінісі, суреті 
болып табылады. Ендеше өмір, заман бейнесін тіл иесі халықтан артық ешкім 
сезіне, түсіне, суреттей алмайды. Оның бояуын келтіру үшін материалды 
алыстан іздемейді, өз айналасынан табады. Басқаға таныс емес, жат дүние 
образға айналады. Береке, байлық жан азығына да, тән азығына да бірдей, ішкі-
сыртқы факторлармен өзектес. Фразеологиялық оралымдар табиғатындағы 
ұлттық мәдени мазмұн этностың көңілінде уайым-қайғы болмаса, қатықсыз 
қара суға да семіретін биік, дархан табиғатын, философиялық терең пайымын 
танытады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   89




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет