Мұз астындағы ұйқы
Қыстың алғашқы аязынан кейін көлдің бетін айнадай жылтыр мұз басты. Мұз әлі жұқа болғанымен, күн сәулесін көлегейлеп, су асты күңгірт тартты. Бұрын мұндайды көрмеген жас сазандар су астының күңгірт тартқанына абыржып қалды. Мұны байқаған кәрі сазан түсіндіріп жатыр:
Жыл сайын осылай болады. Біраздан кейін мұздың үстін қар басады да, мүлде қараңғылық орнайды.
Әже, ондай қараңғыда талшық-нәрді қалай іздейміз?
Уақыты келгенде білесіңдер. Аю сияқты біздің сазан тұқымы да қыста тамақ жемейді. Ал, соңымнан еріңдер!
Кәрі сазан көл астында талай қыстаған. Көлдің терең жерлерінің бәрі білетін. Оның соңынан басқа сазандар ілесті. Бәрі тереңдегі бір қуысқа жиналды да, ұйқыға жатты. Су астын қараңғылық басты.
Жоспары:
Аяз
Судың күңгірт тартуы.
Сазандардың абыржуы
Қолқанат
Айдос жаз бойы бақшада жұмыс істеді. Жүйектерді суғарды. Арам шөптерді отады. Қолынан күрек, кетпені түспеді.
Бақшадағы қарбыздар қампиып өсті. Қызанақтар нарттай қызарды.
Айдос достарына қарбыз сойып берді. Достары Айдостың еңбегіне риза болды. Осылайша Айдос қолқанат бала атанды.
Сұрақтар:
Жаз бойы Айдос не істеді?
Бақшадағы көкөністер қалай өсті?
Айдос достарына не берді?
Достары ризашылықтарын қалай білдірді?
Жоспары:
Айдостың еңбегі
Бақша өнімдері
Қолқанат бала
Теңбіл доп
Қанатқа әкесі теңбіл доп сатып әперді. Оны көрген Қанаттың қуанышында шек болмады. Ауладағы балалардың бәріне көрсетіп шықты. Бұлар күнде аулада футбол ойнайтын болды. Допты тепкілей бергендіктен теңбіл доп ескіре бастады.
Бірде көрші көшенің балалары Қанаттарды футболдан жарысқа шақырды. Қанат достарымен ойында жеңіп шықты. Жеңімпаздарға сыйлыққа теңбіл доп берді.
Сұрақтары:
Әкесі Қанатқа не әперді?
Қанат не істеді?
Қанат достарымен не ойнайтын болды?
Сыйлыққа не берді?
Достарыңызбен бөлісу: |