Мазмұндама жазу оқушылардың жазба мәдениетінің свуаттылығының кілті



бет7/18
Дата15.11.2023
өлшемі197.5 Kb.
#483347
түріМазмұндама
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   18
Мазмұндамалар жинағы

4- сынып


Қимас дос
Сырттан дауыс естілді. Бақыт ашық терезеден мойнын созды. Келіп тұрған сыныптасы Болат екен.
- Кітапханаға бара жатырмын. Алған кітаптарымды оқып бітірдім. Жүр кеттік.
Бақыттың көзі Болаттың қолындағы екі кітапқа түсті. «Қалай тез оқып шыққан?» деп ойлады ол. Ал мұның алғаны жұқа ғана кітапша еді. Оның да үзіп-жұлып тек суреттерін көріп шыққан. «Әлі оқығам жоқ» деуге досынан ұялды.
Сәлден соң екеуі балалар кітапханасының ішіне енді. Жайна апай оларды жылы қарсы алды.

  • Алған кітаптарыңды осылай ұқыпты ұстағандарың жақсы, - деді, бұлардың кітаптарын көріп жатып. – Қалай, қызық па екен?

  • Апай өте қызық екен! – деп, Болат кітап мазмұнын айтуға көшті.

Бақыт болса шып-шып терлеген маңдайын алақанымен бір сүйкеп өтті. Тақта алдында да бұлай қысылған емес.

  • А-пай мен де кітап алайыншы, келесіде айтам... Әдемілеп айтам... – деді ол.

  • Алсыншы, апай. Оқиды ол! – деп Болат қиылды.

  • Жарайды, сенем сендерге! Кітапқа құштар болсаң, ол да Болаттай жақсы жолдас, қимас дос бола алады, - деді Жайна апай Бақытқа жымия қарап.

Сұрақтар:

  1. Болат Бақытты қайда шақырды?

  2. Бақыт не ойлады?

  3. Екеуі қайда келді?

  4. Болатқа Жайна апай не үшін риза болды?

  5. Бақыт неге қысылды?

  6. Жайна апай балаларға не дедеі?

  7. Болат апайға не деп қиылды?

  8. Сен Жайна апайдың пікіріне қосыласың ба?

Мейірім
Көктем. Мамыр айы маужырап, қырат пен сай-саланы қыс бойы мекендеген қасат қар еріп, сылдырап, жылға-жылғамен ағады.
Төңірек тегіс түрленіп көку шөп қаулап өсуде. Ақ. Сары, қызыл гүлдері көздің жауын алған тау бөктері түсті кілемдей құлпыра түскен.
Отияр ауылының қасындағы айналасын қамыс көмкерген терең көлдің маңайы жыл құстарының ызу-қиқу шуына толы. «Қой қоздап, қорада шу».
Осындай бір күні жалғыз үй-шопан қыстауының қорасына зып беріп ана үйрек ұшып кірді. Мұны Жасұлан байқап қалды да, дереу әжесіне келіп хабарлады.
Әжесі екеуі күні бойы аңдыды. Ана үйрек қораға ұя салыпты. Демек, балапан басып алмақшы.
Міне, жайлауға көшетін мезгіл де жетті. Ана үйрек әлі қозғалмастан ұясында жатыр. Әже немересінің меселін қайтармай, құстың амандығын сақтап қалу үшін қыстауда қалып қойды.
Көп ұзамай қауырсын қанат балапандарын ертіп, ана үйрек дүр етіп қорадан ұшып шықты.
Қария мен алты жастағы Жасұлан бірте-бірте жоғарылап ұшып бара жатқан құстарға қарап, қош айтып, көздеріне жас алды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   18




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет