Ақылсыз бұқа
Ертеде бір қара бұқа болыпты. Ол өзімен бірге жайылатын басқа сиырларды менсінбепті. «Менің туысы бөлек, күшім мол. Бұлармен бірге жүруге тиіс емеспін», - деп, басқаларға көзін алартыпты. Әлі жеткенді сүзіп, күн көрсетпепті. Күндердің күнінде ол бір үйір жылқыға кезігеді. Сонда әлгі бұқа мынадай ойға кетеді: «Осы сиырлар теңім емес. Одан гөрі мен жылқылардың үйіріне қосылайын», - дейді. Жылқы не істесе ол да соны істейді. Тіпті кісінеуді үйренеді. Үйір басы айғыр не айтса соны бұлжытпай орындайды. Айғырға кім ұнамаса, бұқаға ол да жаман болып көрінеді.
Сөйте-сөйте айғырдың оң қолы болып алады. Жайылымның шөбін қызғанып, сиырларды, торпақтарды жәбірлейді.
Бір күні ауа райы түнеріп, аспанды қара бұлт торлайды. Аяқ астынан бір топ аш қасқыр жылқының үйіріне шабуыл жасайды. Жылқылар қасқырдан қашып, құтылып кетеді.Әрине,бұқа сорлы жылқыға ілесе алмай, әбден қалжырайды. Үйірлі қасқыр оны қамап алады. Жаны қысылған бұқа өлім тұзағы таяғанда Зеңгібаба тілінде өкіре бастайды. Сол маңайда жайылып жүрген бір топ сиыр әлгі дауысты ести сала көмекке келеді. Қасқырларды мүйізбен қуып, бұқаны аман–есен алып қалады.
Содан бері бұқа ешуақытта өз тегін сатпауға, қорламауға ант етіпті.
Жоспары:
Кесірлі бұқа
Қара бұқа жылқы ішінде.
Қасқырдың шабуылы.
Бұқаны құтқару.
Бұқаның анты.
Қош тырналар
Мамыр айы. Ауыл шетіндегі ағашы мен қамысы сол өзен үсті құстар әуеніне толған. Құйқылжата салған сан алуан әуезді үнге диқан құлағын тосып келеді. Бір кезде жағалаудан екі үрпек балапанды көзі шалды. Ұясынан түсіп қалған шығар деп ұяны іздеді. Таба алмады. Содан соң екі балапанды үйіне әкеліп, асырамақ болды. Қос балапанның жүні желге үлп-үлп етеді. Диқан оларды басындағы тақиясына салып алды.
Үйге келген соң, балапандарды бөлмеге жайғастырды. Ақ ұлпа мақтадан ұя жасады. Ұсақ жемдер шашып, шағын ыдысқа су құйды. Бір айдан соң қос балапандардың жүндері түлеп, қанаттары шыға бастады.
Екі айдан соң қос балапан тырнаға айналды. Мойны ұзын әрі иір, қанаты көкшіл қара.
Күз келді. Күн суытқан кезде ауыл үстінен тізбектеле ұшып бара жатқан тырналар көші көрінді.
Қос тырна тұмсықтарын көкке қадай, ұшуға ыңғайланды. Олар қанаттарын қағып-қаығп жіберіп, аспанға тырналардың соңынан ұша жөнелді. Диқан қол бұлғаған күйі қала берді.
Сұрақтар:
Жылдың қай мезгілі?
Өзен үсті ненің әуеніне толған?
Диқан қандай күйде еді?
Ол нені көріп қалды?
Диқан балапандарға қандай қамқорлық жасады?
Қос балапан қай құсқа айналды?
Балапандардың түрі қандай?
Тырналар көші қай кезде көрінді?
Қос балапан қайтті?
Иман
Көбеннің көкесі көшеден көңілсіз келді. Күнде жұмыстан келгенде үйге күлімдеп кіретін.
Көбен көкесінің шәркесін алып беріп:
Ол не көке, тыныштық па? – деді.
Имансыз екен! – деп көкесі қабағын түйді.
Ол қандай кісі? – деді Көбен.
Жұмыстан шаршап қайтқам. Автобусқа мінсем, отырарға орын жоқ. Бір қара баланың қасына келіп тұрдым. Ойпырмай орын беретін түрі жоқ. Терезеге телміріп, теріс қарап отыр.
Орныңнан тұр! Үлкен кісіге орын бер! – демедіңіз бе?
Сабыр сақтап, имандылық көрсету керек, балам.
Мен сізге түсінбей тұрмын, көке. Иман деген не сонда?
Иман әдептілік, сабырлылық, инабаттылық, ізеттілік...
Әлгі қара бала иманнан жұрдай екен-ау, көке!
Ондай баланы тәрбиелеу керек. Имансыз болма, балам!
Жоспары:
Көңілсіздік.
Болған оқиға.
Имансыз болма.
Достарыңызбен бөлісу: |