1-сынып
Қарлығаш пен торғай
Қарлығаш ұя салды. Дайын ұяға торғай орналасып алды. Торғайға қарлығаштың шамасы келмейтін болды. Ол көмекке басқа қарлығаштарды шақырды. Көп қарлығаш ұядан торғайды қуып шықты. Қарлығаш өз ұясына қайта орналасты.
Сұрақтар
Қарлығаш не салды?
Ұяға не орналасып алды?
Қарлығаш басқа қарлығаштарды неге шақырды?
Көп қарлығаш ұядан нені қуып шықты?
Қарлығаш қайда орналасты?
Аралардың достығы
Орманда бір топ ара тұрыпты. Бәрі еңбекқор болыпты. Үнемі гүлден шырын жинапты. Өздері тату тұрыпты. Сондықтан балдай тәтті өмір сүріпті.
Сұрақтар:
Орманда қанша ара тұрыпты?
Бәрі қандай болыпты?
Үнемі не теріпті?
Өздері қалай тұрыпты?
Сондықтан қалай өмір сүріпті?
Сағаты бар шортан
Бір жұмысшы шортанды ұстап алды.
Ол шортанды үйіне алып келді. Әйелі балықты тазалады. Балықтың ішінен қол сағат шықты. Жұмысшы сағатты бұрады. Сағат жүріп кетті.
Сұрақтар:
Жұмысшы не ұстап алды?
Кім шортанды үйіне алып келді?
балықты кім тазалады?
Балықтың ішінен не шықты?
Жұмысшы сағатты қайтты?
Сағат қайтті?
Үш мысық
Үш сұр мысық бір тышқанды көрді. Үшеуі бірдей тышқанға ұмтылды. Тышқан ұн тұрған шараға күмп берді. Мысықтар бірге түсті. Тышқан қашып кетті. Үш сұр мысық ақ мысықтар болып шыға келді.
Сұрақтар:
Үш сұр мысық нені көрді?
Қаншасы тышқанға ұмтылды?
Тышқан қайда күмп берді?
Мысықтар қайтті?
Тышқан қайтті?
Үш сұр мысық қандай болып шыға келді?
Достарыңызбен бөлісу: |