Құлын, қозы, лақ.
Жаз. Өрісте лақ, құлын, қозы кездесе кетті. Іші пысқан олар бірігіп ойнамақ болды. Әуелі нендей ойын қызық екенін талқыға салды.
Сөзді ақ лақ бастады:
Ойынның қызығы – тауға шығу. Тастан-тасқа секіру.Әрі қан тарайды, әрі епті боласың.
Қошақан лақтың сөзін жаратпады:
Секіріп, атылып ойнау ойын емес. Ойынның қызығы – қошқарша сарт-сұрт сүзісу. Әрі күшің толады. Әрі бұлшық етің қатаяды.
Сендердің ойындарың көңілге қонбайды. Ойнаған соң шапқылап жарысайық. Тұра қалып тебісейік, - деді құлын.
Үшеуі қызылкеңірдек болып ұзақ керісті. Ақыры келісе алмай, әрқайсысы өз жөніне кетті.
Сұрақтар:
Жылдың қай мезгілі еді?
Төлдер не істемек болды?
Лақ қандай ойын ұсынды?
Қошақан ше?
Ал құлын ше?
Ақыр не істеді?
Менің елім
Осы кең-байтақ үлкен жерде әрбір адамның туған жері - өзінің ауылы, көшесі, үйі бар. Ол – оның кішкентай отаны. Осындай кішкентай туған жерлерден үлкен Отан құрылады. Сен осы жердің қай бұрышында тусаң да, бүкіл жер – сенің Отының, туған елің. Сен оны мақтанышпен:
Бұл менің елім – Қазақстан Республикасы! – дейсің.
Ө. Қанахин
Бүлдірген тере барғанда
Абай бала күнінде бүлдіргенге құмар болады. Жәнібек өзенінің бойында бүлдірген көп деп естиді.
Бір топ бала атқа мініп сонда барады. Олар аттарын тұсап қояды. өздері бүлдірген тере бастайды. Бүлдіргенді тойғанша теріп жейді. Содан кейін апарған ыдыстарын да толтырып алады. Абай шешесіне бүлдіргеннің ең жақсыларын бөлек теріп алады. Оған басқа балалар таңғалады.
Сұрақтар:
Абай жас жас күнінде неге құмар болды?
Балалар бүлдірген теруге қай жерге барады?
Олар бүлдіргенді қалай тереді?
Абай бүлдіргеннің ең жақсыларын кім үшін тереді?
Аңқау күшік
Біздің мойнақ деген күшігіміз бар. Мойнақты шеңберден қарғып өтіп шығуға үйретпек болдық. Бірақ күшік шеңберден қарғымады. Содан соң қағазға мысықтың суретін салдық. Оны шеңберге жапсырдық. Мойнақ суретті көрді. Аңқау күшік суретті тірі мысық екен деп, оған оқтай атылды. Сөйтіп, Мойнақ шеңберден қарғуды үйренді.
Сұрақтар:
Олардың несі бар?
Мойнақты неге үйретпек болды?
Мойнақ қайтты?
Қағазға ненің суретін салды?
Аңқау күшік не істеді?
Мойнақ нені үйренді?
Орман сағаты
Мен әр демалыс сайын ауылға атама барамын. Менің атам – орманшы. Өсімдіктер мен жануарлардың тіршілігі туралы көп біледі. Мен атамнан көп нәрсе үйрендім.
Бірде атам екеуіміз орман ішін аралап жүріп, алаңқайға шықтық. Алаңқайда әртүрлі гүлдер жайқалып өсіп тұр. Атам бір гүлге қарап, сағаттың бес болғанын айтты. Мен таңғалдым. Атам маған әр гүлдің қай уақытта ашылып, қашан жабылатынын білсең, онда уақытты білу қиын емес екендігін айтты.
«Жас натуралистер» кітабынан
Достарыңызбен бөлісу: |