Мазмұндама жазу оқушылардың жазба мәдениетінің свуаттылығының кілті



бет4/18
Дата15.11.2023
өлшемі197.5 Kb.
#483347
түріМазмұндама
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18
Мазмұндамалар жинағы

Көл жағасында
Біздің ауылдың жанында кішкене көл бар. Көлдің суы мол. Айналасы жап-жасыл шөп. Ауылдың құс фермасы осы көлдің жағасында орналасқан. Құс фермасының тауығы, қазы, үйрегі осы кішкене көлдің жағасындағы көгалға жайылып жүреді. Ауылдың құс фермасы жылдан-жылға ұлғайып келеді.


Кептер
Үйде Еркін мен қарт әжесі болды. Өзгенің бәрі жұмыста. Әжесі қарап отыра алмайды. Жүн түтеді, ұршық иіреді.
Әжесі немересін есік алдындағы легенді алып келуге жұмсады. Еркін есік алдына шықты. Ол мысықтың кептерді талап жатқанын көрді. Еркін кептерді мысықтан құтқарып алды.
Ол кешікті. Әжесі шыдай алмады. Сыртқа шықты. Еркін болған жайды әжесіне айтты. Әжесі немересінің мейірімділігіне сүйсінді.
Сұрақтар:

  1. Үйде кімдер болджы?

  2. Әжесі үйде немен айналысады?

  3. Еркін қайда шықты?

  4. Еркінге әжесі не үшін сүйсінді?



Көк шыбық
Еркін мен Жарас есік алдына алты шыбық отырғызды. Су алыс, шелектеп тасып құйды. Арада он шақты күн өтті. Шыбық бүршік жарып келе жатты. Екеуі қайта-қайта барып көреді.

  • Мынау – менің ағашым, - дейді Жарас.

  • Анау – менікі, - дейді Еркін.

Шыбықтарды әлдеқашан екеуі меншіктеп алған. әкесі де балаларына дән риза.


Сынған аяқ
Сейіт байқаусызда аяғын сындырып алды. Ойбайлап жылаған баласын көрген шешесі талып қалды. Оны Сейіт көрді. Сынықшы Сейіттің аяғын қайта салды.
Сейіт қатты қиналды. Бірақ қабағын шытпады. Оған өз жанынан ана жанының қиналғаны ауыр еді.
Сұрақтар:

  1. Сейітке не болды?

  2. Анасы не істеді?

  3. Сейіт неге қабағын шытпады?

3-сынып
Бүлдірген тере барғанда.
Бүлдірген өзен, бұлақ бойына көп өседі.
Бір топ бала бүлдірген теретін шелек, кәрзеңке алды. Олар бүлдірген өсіп тұрған жерге жетті. Бұл жер жап-жасыл, жібек кілем төсеп тастағандай. Ойпаңдар да, бұта-өсімдіктер де көкпеңбек. Айнала төңірек, жердүние маужырап тұр. Не деген сұлу табиғат.
Балалар біраз тамашалап тұрды да, бүлдірген теруге кірісті. Бүлдіргенді тойғандарынша жеді. Апарған ыдыстарын да толтырып алды.
Содан соң бұлақ бойындағы көгалға отырып демалды. Түскі тамақтарын ішті.
Кешке қарай ауылға қайтты. Бұл күн балаларға өте қызықты өтті.
Жоспар:

  1. Бүлдірген теруге бару.

  2. Бүлдірген өскен жердің табиғаты.

  3. Бүлдірген теру.

  4. Демалу және ауылға қайту.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет