Мазмұндама жазу оқушылардың жазба мәдениетінің свуаттылығының кілті



бет3/18
Дата15.11.2023
өлшемі197.5 Kb.
#483347
түріМазмұндама
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18
Мазмұндамалар жинағы

2-сынып
Бірлестік
Құмырсқа қыста жейтін тамақ жинап алмақшы болды. Ол тамақ іздеп айналаны қарады. Құмырсқа бір күні үлкен дән тауып алды. Дән өте ауыр екен. Құмырсқа дәнді орнынан қозғай алмады. Ол көмекке серіктерін шақырды. Серіктері құмырсқаға көмектесуге келді. Олар ауыр дәнді жабылып сүйреп кетті. Сөйтіп, құмырсқа дәнді апармақшы болған жеріне оңай жеткізді.
Сұрақтар:

  1. Құмырсқа неліктен айналаға қарады?

  2. Ол серіктерін неге шақырды?

  3. Құмырсқа дәнді не істеді?



Ақ қошақан
Ақ қошақан енесімен бірге өріске шығатын. Ол өрістің шөбіне тойып, секіріп ойнайтын.
Бір күні ақ қошақанның екі алдыңғы аяғы ақсап қалды. Ол енді жүре алмайтын болды.
Серік оған шөп жұлып әкеп берді, нан берді, су берді. Шүберекпен аяқтарын таңып қойды. Көп кешікпей ақ қошақанның аяқтары жазылды. Ол өріске кетті.
Сұрақтар:

  1. Ақ қошақан не істеуші еді?

  2. Ақ қошақан неліктен өріске шыға алмады

  3. Ақ қошақанды Серік қалай күтті?

  4. Серіктің ісіне қандай баға берер едіңдер?

  5. Сендер мұндай жағдайда не істер едіңдер?



Көктем хабаршысы
Көктем де келді. Ауылдың ортасынан қақ жарып ағып жатқан өзен таси бастады. Қар еріп, сай-саланы су алды.
Ауыл қариялары қолдарын көлегейлеп, ұшқан құстарға жиі қарайды. Олар сол сәтті тосады.
Бір күні тырналар келді. Жұрттың бәрі тыраулаған тырналардың соңынан ұзақ қарап тұрды. Ертесіне жұрт жер жыртуға шықты.
Жоспары:

  1. Көп күткен көктем.

  2. Тырналар.

  3. Жер жырту.



Сүйкімді лақ
Биыл көктем ерте келді. Қар суы сарқырап ағып жатыр. Қой қоздап, ешкілер лақтап, ауыл абыр-сабыр. Кей біреулері егіздеп тауып, лақтарын жарытпады. Оларға емізікпен сүт беру Ерланға тапсырылды. Ерлан бұл іске құлшына кірісті. Жылы сүтке тойған лақтар маңырауын қоя қойды. Біраздан кейін маужырап, тәтті ұйқыға кетті. Ерлан оларға сейірлене қарап әлі тұр. Не деген сүйкімді лақтар!
Сұрақтар:

  1. Жылдың қай мезгілі еді?

  2. Ауыл қандай күйде?

  3. Ерланға қандай жұмыс тапсырылды?

  4. Лақтар қалай рақаттанды?

  5. Лақтар қандай?





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет