Мазмұндама жазу оқушылардың жазба мәдениетінің свуаттылығының кілті



бет11/18
Дата15.11.2023
өлшемі197.5 Kb.
#483347
түріМазмұндама
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   18
Мазмұндамалар жинағы

Керемет нәрселер
Сендер ұшқыш кілем туралы ертегіні білесіңдер ме?
Бұл ертегіні баяғы заманда ойлап шығарған. Ол кезде кілем болған. Бірақ ұшақ болмаған.
Адамдар ертеде ұшып жүруді көп аңсаған. Сондықтан да олар ұшқыш кілем туралы ертегіні ойлап шығарған. Ал қазірде мұндай керемет нәрселер көз алдымызда болып жатады.
Бізде ұшқыш кілем жоқ. Бірақ ұшақ бар. Оған ұшқан құс та жете алмайды.
Сұрақтар:
1. Ұшқыш кілем туралы ертегіні қай кезде ойлап тапты?
2. Адамдар бұл ертегіні не үшін ойлап шығарды деп ойлайсыңдар?
3. Адамдардың бұл армандары қалай жүзеге асты?
4. Ұшақты суретте.

Жоспары:


  1. Адамдардың арманы.

  2. Ұшқыш кілем.

  3. Арманның орындалуы.



Шөккен қала.
Оңтүстік Америкада Мексика дейтін ел бар. Мексиканың астанасы – Мехико қаласы. Ғалымдардың анықтауы бойынша, қала бұдан жетпіс жыл бұрынғы деңгейінен жеті метр шөккен. Қаланың кейбір аймақтары соңғы отыз жыл ішінде алты метр төмен түскен. Бұл неліктен?
Қаланың шөгу себебі – қала астындағы су шамадан тыс көп пайдаланылған. Қала астындағы су тартылып қалған. Соған орай жердің жоғары қабаты да төмен түскен. Жермен бірге қала да шөккен.
Тақтаға жазылатын және түсіндірілетін сөздер мен сөз тіркестері: Оңтүстік Америка, Мексика, Мехико, деңгей, жоғары қабат.
Сұрақтар:
1. Мексика деген жер қай жерде орналасқан?
2. Қала неше метрге дейін шөккен?
3. Қаланың шөгу себебі?
4. Шөгу дегенді қалай түсінесің?

Жоспары:


  1. Оңтүстік Америкадағы қала

  2. Қаланың шөгуі

  3. Қаланың шөгу себебі



Қоян
Бір мезгілде күн батты. Ауылға жақын жерде бір қоян тұрушы еді. Түн болды. Қоян бір құлағын көтеріп тыңдап, артқы аяқтарымен шоқиып отырды. Біраздан соң қалың қардың үстімен секіріп барып отырды. Жан-жағына жалтақтап қарай бастады.
Маңайында қардан басқа еш нәрсе жоқ. Айдың жарығымен қар жалт-жұлт етіп, толқын секілді құбылып жатыр. Қоян қырманға қарай орғи жөнелді. Жолда ескі таныстарынан екі қоянға кезікті. Олармен біраз ойнап жүрді.
Ауылда от сөнген. Иттің үргені басылған. Жалғыз-ақ, бір үйден баланың жылаған даусы естілді. Бұл тез қырманға келіп жетті. Мұнда өзінің жолдастарына кез болды. Бәрі ойнады. Бидай мен сұлыны жеп, түннің жартысын өткізді. Бір мезгілде күншығыстан бозарып таң көрнеді. Біздің қоян қайтадан жүгіріп, ініне келді. Екі құлағын арқасына салып, екі көзін ашқан қалпымен ұйықтап кетті.
М. Дулатов
Сұрақтар:
1. Күн батысымен қоян не істеді?
2. Қоян қай жаққа жөнелді?
3. Түнде қар қалай құбылып жатыр?
4. Жолда нелерге кезікті?
5. Қоян қырманда не істеді?
6. Қоян таң атқанда қалай келді?
7. Ол қалай ұйықтайды екен?




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   18




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет