(К) Оқушыларды ультрадыбыс датчигіне тиісті блоктармен таныстырыңыз. Қолдану мүмкіндіктерін қарастырыңыз.
(Т, Қ) Оқушыларға ультрадыбыстық датчигін қолдануға қарапайым тапсырмалар ұсыныңыз.
Лабиринттан шығу
Осы тақырыпты меңгеруге екі сабақ беріледі.
4-ші сынып оқушылары үшін бірнеше бұрылыстары бар шағын лабиринтті құру орынды. Сондай-ақ, лабиринтті өтудің әмбебап программасын құру үшін әрбір робот 2 ультрадыбыс датчиктермен жабдықталуы тиіс. Бір датчикті қолданғанда, тапсырманың бір нақты шешімі ғана табылады. Сондай-ақ, ультрадыбыс және жанасу датчиктерін қатар қолдануға болады.
Үстінде берілген сызбаны тақтаға іліп қоюыңызға болады.
Дайын программаларды тестілеу үшін бірнеше лабиринт алдын ала құрастырып қояласыз.
Дифференциация ретінде бірнеше лабиринт құрастыруға болады:
- Қарапайым деңгей: тіке жүру және оңға/солға бұрылу;
- Орта деңгей: 2-3 бұрылыстан тұратын лабиринт;
- Күрделі деңгей: алдын ала белгісіз лабиринт.
Қарапайым лабиринттердің үлгілері: