Мектеп жасына дейінгі балалардың бос уақытын тиімді ұйымдастырудың педагогикалық ерекшеліктері



бет11/12
Дата24.09.2022
өлшемі108 Kb.
#461231
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
Мт 2

ҚОРЫТЫНДЫ

Қазіргі қазақ мектептерінде ата-бабалардан мұра болған ұлттық құндылықтарымызды сақтай отырып, оны жаңаша дамыту, жетiлдiру және әлемдік педогогика жетістіктерімен ұштастыру негізінде жас ұрпақтардың бойына сiңiру қажеттiгi туындайды. Атап айтқанда, ұлттық сана –сезiм, қазақы мiнез-құлық, рух, діл, ана тілін құрметтеуді білім алушылар бойына сiңiру, мәдениеттiң дәстүрлi құндылықтарын жүрегiне ұялату өзекті мәселе болуы керек. Мектептiң материалдық базасы білім алушыларға қажеттi көрнекi және техникалық, оқу-әдiстемелiк құралдармен және балалар әдебиетiнiң жаңа басылымдарымен толықтырылған жағдайда мектеп оқыту мен тәрбиелеуді жүйелi және үйлесiмдi жүргізетін әлеуметтiк – мәдени орталыққа айналады. Ғаламдану заманындағы еліміздің әлеуметтік- экономикалық дамуы, өндірістің әлемдік деңгейге көтерілуге бет бұруы ауыл мектептерінде жас ұрпақ бойына ұлттық құндылықтарды сіңіру механизмдерін жетiлдiру қажеттiгiн алға тартады. Бұл ретте ауылдағы бiлiм мекемелерін реформалап, оны нарықтық экономика жағдайында нормативтiк құқықтық, ғылыми-әдiстемелiк негiзде ұйымдастыру, басқару, қаржылық-материалдық жағынан қамтамасыз ету, ауыл мектептерiнің құрылымдық жүйесiн жетілдіруге негіз болады.


Білім сапасын жоғары деңгейге көтерудің тиiмдi тәсiлдерiн анықтау, мектепке жан-жақты көмек көрсету, маман кадрлармен жабдықтау, оқу- әдiстемелiк қызметтi жетiлдiру оқу- тәрбие жұмысындағы кемшiлiктердi анықтау, оларды болдырмаудың жолдарын iздестiру тәрізді түйiндi мәселелер ауыл мектептерінің қызметін ұйымдастыруда басты назар аударуды қажет етеді. Туған жерге, елге деген сүйiспеншiлiк, табиғатты қорғау, үлкен-кiшiнi сыйлау, меймандостық, көңiлдiң ашықтығы, адами ізгі қатынастар, отбасы мүшелерi мен ағайын-туыстарға қайырымдылық, өнердi қастерлеу, ар-ұятты ұстау, т.б. адамгершілік ұстанымдар ауыл мектебінің тәрбиелік мүмкіндігін аша түседі.
Қазіргі қазақ мектептерінің құрамдас бөлігі ретінде шағын жинақталған мектептердегі оқу үрдісі де алаңдатушылық туғызады. Кезінде дүрілдеп тұрған мектептердің шағын мектептерге айналу себептері ретінде ауылдың әлеуметтік-тұрмыстық жағдайына орай жастардың ірі өндіріс орталықтарына қарай қоныс аударуға мәжбүр болуы, көшіп-қону, демографиялық көрсеткіштердің қатынасы ауылдағы мектеп пен балабақша, аурухана, кітапхана, байланыс бөлімшесі т.б. мәдени орындардың да ойсырауына ықылын тигізеді. Шағын жинақталған мектеп - сынып жинақтамасы аралас және оқу сабақтарын ұйымдастырудың өзіндік бағыт-бағдары мен нысаны бар, білім алушылар саны аз жалпы білім беретін шағын білім беру мекемесі. Республикамыздағы шағын жинақталған мектептердің мәселесі ешқашан ғалымдардың назарынан тыс қалмаған. Шағын жинақталған ауыл мектептеріндегі өзекті мәселе оқу пәндері бойынша берілетін білім мазмұны мен оларды оқытудың арасындағы сәйкестік болып табылады.Білім алушы санының жетімсіздігі сыныптарды біріктіруге әкеледі. Бұл мектептерде бала саны аз болғандықтан бiр мұғалiм бiр уақытта бiрнеше сыныппен жұмыс iстейдi. Бiр комплектiлi мектепте бiр мұғалiм барлық сыныпқа сабақ бередi. Екi комплектiлi мектепте екi мұғалiм бiр-бiр сыныпқа бiрдей уақытта қатар сабақ бередi, ал үш комплектiлi мектепте үш мұғалiм жұмысты бөлiседi, екi мұғалiм бiр-бiр сыныптан, ал үшiншi мұғалiм екi сыныпқа қатар сабақ бередi.Көп комплектiлi мектептерде бiрнеше мұғалiм сабақ бередi. Шағын жинақталған мектептерде оқу бағдарламаларын меңгерту, жалпыға мiндеттi орта бiлiм беру стандарттары талаптарына сай бiлiм беруді ұйымдастыру мәселелерi қиындықтар туғызады. Бұл орайда мұғалiмдер жаңа технологияларды тиiмдi пайдалану, ақпараттық технология, қашықтан оқыту, сабақта халық педогогикасы элементтерiн енгiзудi шебер қолданулары қажет.Шағын жинақталған мектептер жағдайында оқыту технологияларының дидактикалық мүмкiндiктерi мол екендігі байқалды. Сонымен бiрге, оқу-тәрбие үрдісінде халық педогогикасын жүйелi түрде енгізу жастарды өз ұлтының, ата –бабаларымыздың өмiрлiк тәжiрибелерiмен таныстыра отырып, білім алушыны күнделiктi өмiр дағдыларына дайындайды. Қазақ халқының сәндік қолданбалы қолөнері, ауа-райын болжау, әртүрлi бүйымдар жасау, ұлттық киiмдердi тоқу, тiгу, егiн салу т.б. салт –дәстүрiмiздi ұрпақтан-ұрпаққа жеткiзiп отыру төл мәдениетiмiздiң сақталуына ықпал етеді.
Қазiргi уақыт талабына сай республика облыстарында шағын мектептiң оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастырудың жаңа формасы ретiнде ресурстық орталықтар ашылуда. Ресурстық орталық – ресурстық мектеп айналасына жақын ауылдарда орналасқан, мақсаты мен мiндеттерi бiр шағын комплектiлi мектептермен бiрiгiп, бiртұтас бiлiм беру жүйесiн құрайтын орталық.Сонымен бiрге, бұл орталықтар мақсаттары мен мiндеттерi бiрдей бiрнеше мектеп топтарының бiлiм кеңiстiгiн бiр-бiрiмен ғылыми негiздеп, бiр орталықтан оқу-тәрбие жұмыстарын жүйелейдi. Мұнда жан-жақты базалық және кәсiптiк оқыту негiзiнде ауылдық жерлерде барлық балаларды олардың қабiлеттерi мен жеке ерекшелiгiн, бейiмдiлiктерiн ескере отырып, сапалы бiлiммен қамтамасыз етуге жағдай жасалады етуге жағдай жасалады.
Ауыл мектебінің дамуында оның мазмұндық-құрылымдық негізін қазіргі өмір талаптарына сай жетілдіру керектігі сөзсіз. Олай болса, бүгінгі қоғамның рухани объективтік сұранысын қанағаттандыру тұрғысында осы уақытқа дейін ауыл социумының зерттелмегендігі, ұлттық құндылықтардың мол мүмкіндіктерін әлеуметтік-педогогикалық проблемаларды шешуде толыққанды пайдалана алмай отырғандығымыз бәрімізге сын. Оның үстіне қазіргі жаһандану жағдайында өз ұлтымыздың ұлағатты өнегелерін бойына сіңірген және нарықтық қоғамда біліктілік таныта алатын іскер азаматтарға мұқтаждық артып отыр.
Бiлiм беру жүйесiн мен ауыл социумының өзара қарым-қатынасын қалыптастырудағы ұлттық құндылықтардың орны мен рөлі сипатталды. Сонымен бірге ауыл социумының бiлiм беру жүйесiнiң құрылымдық компоненттері анықталып, мектеп пен ауыл социумының қарым-қатынасын дамытуда пайдаланылатын ұлттық рухани құндылықтарды iрiктеу және жүйелеу ұстанымдары нақтыланды. Әлемдік тәжірибедегі осы мәселеге қатысты озық тәжірбиелерді іріктеу, жинақтау, салыстыру Қазақстан Республикасы жағдайындағы ауыл социумы мен мектептің қарым-қатынасындағы қайшылықтарды шешудің тиімді жолдарын табуға ықпал етедi.
Қашықтықтан білім беруші мұғалім қазiргi технологияларды өзi оқып үйренуi үшiн олардың бiлiмiн көтеру мақсатында арнаулы курстар ұйымдастыру, семинарлар өткiзу қажет. Нарықтық экономика жағдайындағы өзгермелі қоғамда өмірдің әрқилы қиындықтарына қарсы тұра алатын тұлға дайындаудың маңыздылығы білім алушыларды жастайынан өзбетiнше iзденуге, шығармашылық тұрғыда топпен және дара жұмыс iстеуге дағдыландырып, өзiн-өзi тексеруге, өзiн-өзi бағалауға, қорытынды жасай бiлуге, өз пiкiрiн айта алуға бейімдей түседі.
Сонымен, аталмыш зерттеу жұмысының өзектілігі мынада: мектеп балалары практикалық қашықтықтан білім беруші мұғалімиясы саласындағы отандық ғылыми және практикалық ұстанымдарын құру; отандық оқушылардың бос уақытын тиімді ұйымдастыруда дидактикалық теория мен дәстүрлерге сүене отырып, оларды жүзеге асыратын әрекет жасау және негіздеу. Мұғалімдерге, білім алушыларға, ата-аналарға нақты көмек көрсету – мектептегі оқушылардың бос уақытын тиімді ұйымдастыруда дидактикалық-педогогикалық қызметтің маңызды мақсаттары болғандықтан, осы зерттеу жұмысы тақырыпты тек ғана ғылыми тұрғыдан емес, қолданбалы жағынан да камтып отыр.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет