15 тақырып. Таланттарды басқару
1. Қызметкер мансабының түсінігі
2. Ұйым ішіндегі мансап
3. Мансаптың түрлері
1. Қызметкер мансабының түсінігі. Мансап - бұл адамның өз еңбегі жайлы субъективті түрде ұғыну бейнесі, өзін-өзі көрсетудің үміт жолдары және өз іс-әрекетіне қанағаттанғанды білдіру әсерлері. Бұл қызметтік сатыда үдемелі жоғарылауы, дағдылардың, қабілеттіліктердің, біліктілік мүмкіндіктердің және адамның іс-әрекетіне байланысты сыйсияпаттар көлемінің өзгеруі. Адамның өмірі жұмыстан тыс кезде де мансапқа айтарлықтай әсерлі болады, сөйтіп ол мансаптың бір бөлігі болады. Бұл бір кездегі таңдап алынған іс-әрекет ету жолының алға қарай дамуы. Басқаша айтқанда, мансап - бұл адамның бүкіл өмір бойы жұмыс істеу кезіндегі еңбек тәжірибесі мен іс-әрекетіне байланысты өзі ұғынған көзқарасы және мінез-құлқы.
«Мансапты жасау» - демек, қоғамда жаңа беделді деңгей мен үлкен мүмкіндіктерге жету, жоғарғы мәртебеге, абыройға, билікке ие болу деген сөз. Бұл жердегі абырой - қоғам ішінде кең тараған көзқарас.
Еңбек нарығы жағдайында маңсап жасай отырып, біздің әрқайсымыз өзіндік жұмыс күшімізді құраушы да, сатушы да боламыз. Нарықтың жағдаяты мен оның заңдылықтарын біле отырып табысқа жетуге болады.
Әрбір адам өз өмірінде лайықты мансапты таңдау мәселесіне көп көңіл бөледі. Сонымен қатар әр адам өмірде белгілі бір табыстарға жеткісі келеді:
орындалған жұмысынан қанағаттанған сезім алуға ұмтылу.
Менеджерлерді шартты түрде үш санатқа бөледі:
төменгі, машықтанушы деңгей;
орта шеп;
жоғарғы буын.
«Менеджер» деген түсініктің өзінде мансаптың үш кезеңі жатыр. Егер орта шенге жұмысты жаңа бастағандардың көбісі ие болатын болса, онда менеджменттің шыңына тек бірен-саран жақсының жақсысы ғана жете алады.
Әлемдік менеджмент тарихында табысты мансаптың ең ашық мысалы: оған Ли Якоккидің «Форд моторс» компаниясының инженер-машықтанушысынан оның президенті қызметіне дейін жеткен жолы куә бола алады. Қазір ол әлемдегі ең ірі «Крайслер» автомобиль шығарушы алыбының жетекшісі.
Менеджер мансабының кезендері мен қанағаттандырылатын қажеттіліктер
Достарыңызбен бөлісу: |