2. Ұйым ішіндегі мансап үш бағытта орындалады:
тік түрінде—әкімшіліктің жоғарғы сатысына көтерілу; көп жағдайда тек осымен ғана мансапқа жетуге болады деп көпшілік ойлайды, себебі мұнда жұмыс бабымен жоғарылау анық көзге көрінеді;
көлденен түрде —жұмыстың түрі басқа функциялық салаға ауысуы немесе ұйымдастырушылық құрылымында қатаң түрде бекітілмеген белгілі бір қызметтік рөлді орындау немесе бұрынғы жұмыс орнында атқаратын қызметтің күрделенуі мен ұлғаюы, соған байланысты жалақының да өзгеруі;
орталыққа ұмтылу - қызметкер үшін тартымды болып табылатын ұйымның жетекшілігіне, биліктің ортасына жылжу; бейформальды ақпараттар көздерімен танысуға болады, сенімді қарым-қатынастар орнатуға, басшылықтың маңызды жеке тапсырмаларын орындауға, кездесулер мен шақыруларға баруға мүмкіндік туады.
Кез келген мансап бір нәрсеге қол жеткізу үшін жасалады, осылайша жылдар бойы өзгеріп отыратын қозғаушы уәж пай да болады. Осылардан бастау ала отырып, олардың нақты мақсаттарына жету үшін адамдар белсенді түрде өз күшін жұмсайды. Мұндай уәждерге келесілер жатады:
Автономия. Тәуелсіздікке ұмтылу, барлығын өзінше жасау әр уақытта адамды алға сүйрелейді. Ұйым шеңберінде онымен санасуға мәжбүр ететін жоғары қызмет, бедел, мәртебе, марапат арқылы жетеді.
Атқарымдық біліктілік. Адам өз ісінде жақсы маман болуға және ең күрделі мәселелерді шешуге тырысады. Бұл үшін ол кәсіби өсуге ынталы, ал лауазымдық өсу кәсіби өсудің айнасы арқылы іске асады. Мұндай адамдар істің материалды жағына көбіне селқос карап, оның орнына әкімшілік пен әріптестерінің қадірлегенін жоғары бағалайды.
Қауіпсіздік және тұрақтылық. Ұйымда өз жағдайын сақтау және нығайтуға ұмтылу қызметкердің іс-әрекетіне үлкен әсер етеді, сондықтан негізгі мәселелер ретінде олар осындай кепілдеме беретін қызметке орналасуды карастырады.
Басқару біліктілігі. Жоғары лауазым, атақ, маңызды және жауапты жұмыс, жоғары еңбекақы, жеңілдіктер, басшылардың мойындауы қызметтік сатыда тез жоғарылау арқылы жететін билікке, көшбасшылыққа, табысқа ұмтылу адамды алға бастайды.
Достарыңызбен бөлісу: |