Мусабекова Айнаш Орикбаевна Ержанова Салтанат Кулдасбаевна «Персоналды басқару» пәні бойынша Дәрістер курсы мамандығы: «5B051900-Еңбекті ұйымдастыру және нормалау» Қарағанды 019 лекция



бет67/73
Дата17.04.2024
өлшемі0.89 Mb.
#499000
түріЛекция
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   73
multi-293 x970856161

"хабарла да-таңдап ал"

"Мәселені шешу"

Сухбат алушы

Сот төрайымы

Сот төрайымы

Көмекші

1

2

3

4

1. Міндеті

Бағалау нәтижелерін хабарлау. Жұмысшыны еңбек өнімділігін көтеруге көндіру.

Бағалау нәтижелерін хабарлау. Жұмысшыға өз қамы үшін, өзін анықтау үшін сөз айтуға мүмкіндік беру.

Жұмысшыны өз дамуы мен өсуімен айналысуға құлшындыру.

2. Болжаулар

Жұмысшы өз кемшіліктерін түзетуге құштар болады, егер ол өз кемшіліктерін білсе. Істелініп жатқан жұмысты әрбіреуі жақсарта алады, егер • оның жігері, ынтасы болса. Басқарушының бағыныштыны бағалауы үшін жеткілікті біліктілігі бар.

Адамдар өзгере алады, егер де оларды қорғану қажеттілігінен босатсақ (немесе оларды"қорғану қажет "деген сезімнен айыра алсақ).

Өсуді қателерді түзетпей- ақ іске асыруға болады. Жұмыста болатын көкейкесті
мәселелерді талқылау — еңбек нәтижелілігіне әкеледі.

3. Реакция

Қорғану ынтасы шектелінеді. Өзінің қастық күйін жасырғысы келеді.

Қорғануға деген тікелей ынтасы сөзге айналады. Жұмысшы өзін қабылдандым деп санайды.

Мәселелерді шешу.

4. Қабілет пен дағдылар.

Тауарды сату қабілеті. Шыдамдылық.

Ден қойып тыңдау және сезімдерді бейнелеу нәтижелерді анықтау.

Ден қойып тыңдау және сезімдерді бейнелеу. Ой елесі. Келесі сұрақтарды қою. Нәтижені қортындылау.

5. Қарым-қатынас

Адамдар сыннан ұтады.

Адам басқалардың сезімін сыйлайды.

Талқылау жаңа идеяларды дамытады.

6. Ынталандыру

Жағымды немесе жағымсыз идеяларды пайдалану

Өзгерістерге қарсылық білдірудің бәсеңдеуі.

Бостандықты көбейту және
жауапкершілікті жоғарылату.

7. Пайда

Жұмысшы тұлғаны құрметтеген кезде бұл сұхбаттың өткізілу ықтималдығы үлкен болады.

Басқарушыға деген жағымды қатынасын жетілдіреді.

Белгілі бір қатынастың жақсарғанына сенімді.

8. Тәуекел

Икемділікті жоғалту. Тәуелсіз бағалауды ұстанады. Беделді сақтап қалу мәселелері туындайды.

Даму қажеттілігі туындауы мүмкін .

Жұмыскерде ойдың жетіспеушілігі анықталуы мүмкін.

9. Құндылықтар

ұзақ уақытқа әдеттер ретінде бекітілген тәжірибе мен тәртіп құндылықтарды сақтайды.

Сұхбатты өткізетін тұлғаға жұмысшы жауаптарының әсерінен өз көзқарастарын өзгертуге мүмкіндік береді.

Сұхбаттасатын 2 қатысушыда тәжірибе алады. Көзқарас пен ойлармен алмасады.

«Хабарла да - сат» тәжірибесі жаңа келген тәжірибесіз жұмысшыларға қолданған жақсы, ал сұхбатқа максималды қатысуға итермелейтін «мәселені шешу» тәсілін өндірістік этика сезімі жете дамыған тәжірибелі әріптестерімен өткізген дұрыс.


Бағалау бойынша тиімді сұхбат өнімділіктің артуына және басқарушылар мен бағыныштылар арасындағы қарым-қатыныстың анық, ашық болуына бағытталған. Басқарушы қатынасуға жақсы дағдыланған болуы және ден қойып тыңдай алуы керек. Әңгіме жүргізуші тұлға өз ойын тиянақты жеткізе білуі, жақсы тыңдай алуы, ақпаратты жеткілікті жинап талдай алуы тиіс. Әлсіз дайындық, қателік пен міндеттерді бұрыс бағалау, бағалаушы мен бағаланушының өзара түсініспеушілігі - сұхбаттың нәтижесіздігіне апарады. Бірақ, бұл - баға беруші тұлға еңбек нәтижелігінің төмен дәрежесін сынамау керек деген сөз емес.
Өнімсіз сұхбаттың туу ықтималдылығын төмендетуге болады. Жұмысқа қатысты мәселелерге көңіл аудара отырып, еңбек өнімділігін көтерудің нақты міндеттерді қою үрдісіне жұмысшыны араластыра отырып, баға беруші бұндай сұхбаттың тиімділігін өсірер еді. Баға нәтижелерін хабарлаумен қоса, жұмысшымен сұхбаттасу келесілерге бағытталуы керек:

  1. еңбектің жоғары өнімділігін құптауға;

  2. еңбек нәтижелігі бекітілген стандарттарға да жетпейтін жұмыскерлердің тәжірибелерін өзгертуге.

Бақылаушы мен жұмысшылар арасындағы өткен кезеңдегі еңбек өнімділігін бағалауды талқылау аяқталғаннан соң, ең алдымен, баға нәтижелерімен басқарушы таныстырылады да, бұл процесті құжаттайтын персоналды басқару бөлімі хабардар етеді. Егер жұмысшы бағалау нәтижелерімен келіспесе, ол кәсіподақтан немесе бұл бағаны берген өзінің тікелей басқарушыдан нәтижені қайта қарастыруды сұрайды.
Туристік қызметтер аясында жаңа жұмыс орындарының, экономиканың басқа да даму үстіндегі секторларына қарағанда, географиялық тұрғыдан кеңінен таралуының бұл бір ғана себебі болар. 5 млн. адам халқы бар Финляндияда туристік қызметтер аясында 80 мың адам жұмысқа жұмылдырылған болса, ондағы айналым 32 млрд. астам ҒІМ құрайды, ал елдің жалпы табысындағы туризм аясының үлесі 4%-ды көрсетеді. Соңғы жылдары туризмнің серпінді дамып келе жатқан секторларының бірі, таймшер атауымен белгілі болған, демалысты игеру жұйесі, 81 елде табысты етек жайып, тұтынушылардан жыл сайын 3 млрд. доллар шығын жұмсауын қажет етеді. Таймшер курорттарының өзінде 30 мың тұрақты және туристік қызметтің маусымдық сипат алуына байланысты 10 мың уақытша жұмыс орындары, сондай-ақ, онымен байланысты экономиканың басқа секторларында 45 мың жұмыс орындары құрылады. Туристік қызмет индустриясындағы толық емес жұмыс күнімен жұмылдырылған жұмыскерлердің көп саны, жұмыспен қамтылудың маусымдық сипаты, төмен білікті дене еңбегі үлесінің басымдылығы, жұмыс орындарының автоматтандырылуы мен компьютерлендірілуінің төмен деңгейімен сипатталатын жұмысшы күшінің сапасы, қызмет ететін жұмыскерлер санының туристер санынан әлде қайда артуына әкелді. Яғни туристік қызмет аясы жұмыспен қамтылудың негізгі қуат көзі болып табылады және де елімізде бұл саланың дамуы жұмыссыздық мәселесін шешуде елеулі үлес косуға қабілетті. Адамдар қонақ үй, көлік бизнесінде, экскурсионды, қызмет ететін түрлі салаларда (мәдениет, медицина және басқалары), туристермен сатып алынатын тауарлар өндірісінде жұмыс істей бастайды. Осы тұрғыдан, туристік қызмет аясының қоғамға беретін жағымды әсерлерінің факторлары мен салдарының ішінен бұл құбылысқа артықшылық беріледі. Сондықтан да, республикамызда аталмыш саланың дамуы қандай-да бір дәрежеде әлеуметтік-экономикалық кысымды жұмсартып, халықтың әл-ауқатын, тұрмыс деңгейін көтеруге септігін тигізер еді.
Халыққа әлеуметтік-экономикалық арнаудағы туристік қызметтердің ұсынылуы, адамдар арасындағы карым-қатынастардың жетілуіне, тұлғаның қалыптасуына, жақсаруына, халықтың әлеуметтік қабаттары арасындағы, қала мен ауыл арасындағы, республиканың түрлі өңірлері арасындағы әлеуметтік-экономикалық және тұрмыстық ерекшеліктерді тегістеуге айтарлықтай әсер етеді.
Ертеректе жұргізілген зерттеулердің нәтижесі, әлеуметтік инфрақұрылым және соңын ішінде туристік қызметтер аясының дамуы өндірістің экономикалық тиімділігінің өсуіне әсер ететіндігін көрсеткен. Ол туристік қызмет аясына бағытталатын қаржы салымдарының тиімді пайдалануы; кәсіпорындардың орналасу және олардың функциялануының тиімділігін арттыру; халықтың туристік-рекреациялық қызметтермен қамтамасыздық дәрежесінің артуы және бос уақытын өткізуінде жағымды жағдайлардың жасалуына байланысты, халық шаруашылығының барлық салаларында еңбек өнімділігінің жоғарылауы; кәсіпорындарды кадрмен қамтамасыз ету мәселесінің шешілуі, олардың еңбек қабілеттілігі ұзақтылығының өсуі, адамдарда белсенді өмір сүру позициясының қалыптасуы секілді бағыттарда байқалған.
Қазірде бұл ой өз өзектілігін жоғалтқан жоқ, дегенмен де көздеу нысандары біршама басқалай ығыстырылды. Дәлірек айтқанда, туристік қызметтер аясының дамуы адамдарға өзінің бос уақытын түрлі қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін пайдалану мүмкіндігін береді. Олар интеллектуалды деңгейін, білім деңгейін көтеруге деген қажеттіліктері, демалу, балаларды тәрбиелеу, денсаулықты және еңбек қабілеттілігін қалпына келтіруге деген қажеттіліктер. Яғни туристік қызметер аясы арқылы адамдардың тек қарапайым биологиялық қажеттіліктері ғана емес, сондай-ақ, адамдардың дене және рухани күштерін қалыптастыру, дамыту және қалыпқа келтіруге ұмтылыстарын, өзін және қоршаған ортаны тануға деген ұмтылыстарын бейнелейтін одан да жоғары әлеуметтік, мәдени және рухани қажеттіліктері қанағаттандырылады. Осы қажеттіліктердің жұзеге асуы, түбінде, қызметтердің басқа аяларында тиімді еңбек етуге және қоғамның барлық мүшелерінің әл-ауқатының жақсаруына әкеледі.
Туристік қызметтер аясының еңбекшілерге өздерінің тұрмыс деңгейін көтеруіне мүмкіндік беруі (еңбекақы, жұмыспен қамтылудың екінші категориясындағы қосымша табыс табу; туристік орталықтардағы сервисті қызметтердің кеңінен таралуы), ендігіде, айтарлықтай еңбек ресурстарын баулу қабілеттілігі мен табыстылығы және тез қайтарымдылығымен түсіндіріледі. Бұған қоса, туристік қызмет аясының, орын ауыстыру арқылы адамдардың қалыпты тұрмыс салтын өзгертуін, яғни өндірісті өмір қалпына шынайы контрастты қамтамасыз етуін атап өткеніміз жөн.
Туристік қызмет, инфрақұрылымның қалыптасуы мен дамуын жеделдете отырып, еліміздің сәйкес өңірлерінде халық шаруашылық салаларының дамуына жағымды әсер етеді. Ол көлік пен байланыс, сауда, құрылыс, ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп және т.б. секілді шаруашылықтың басты секторларына айтарлықтай әсер етіп, әлеуметтік-экономикалық дамудың катализаторы ретінде көрінеді. Ғалымдардың айтуынша, туристік қызмет аясының тікелей және жанама әсері астында экономиканың 32 саласы қалады, мұның өзі туристік қызметпен жұмылдырылған жұмыскерлер санының нақты бағалануын қиындатады. Туристік қызметпен ұштасатын салалар қатарында халық кәсібі де көрінеді. Халық кәсібін қолға алу тәжірибесін туристік қызметке маманданған елдердің барлығында дерлік байқауға болады. Халық кәсібін дамытудың, ісші-қолшеберлердің жаңа ұрпақтарының пайда болуының экономикалық мәселелерді шешуге көмектесуімен қатар, әлеуметтік маңыздылығы ерекше. Тұлғаның шығармашылық дамуын ынталандыра; адамдардың өзіндік шығармашылық әлуетін байқауға, оны сақтауға және толықтыруға мүмкіндік беретін жағдайларды ұсына, туристік қызметтер аясы ұлттың рухани жандануына септігін тигізеді. Осы төңіректе қандастарымыз - оралмандардың ішінде айқын сақталған ата-бабамыздың қолөнер мұрасын ұрпақтарымызға беруінің маңызын ерекше атап, бұған жағдай жасау арқылы, оларды жұмыспен қамту, сөйте, олардың қоғамымызда өз орнын тауып, елімізге сіңісуі, тұрмыс жағдайын жақсарту мәселелерін шешуге болатындығын алға тартамыз.
Сонымен қатар, туристік қызметтің дамуы көптеген ауылды жерлерде тіршіліктің жандануына әкеледі, өз орындарында ауыл шаруашылық өнімдерін өткізу мүмкіндіктерін бере, халықтың тұрақтануы және тұрмыс деңгейінің артуына септігін тигізеді.
Рационалды даму үстіндегі, әлеуметтік-мәдени, саяси және экологиялық салдарлар кешенін ескеретін туристік қызмет аясы қала құрылысының маңызды саласы бола алады. Әлем тарихында кұрылудың осындай түрі бойынша мысалдар көптеп кездеседі. Туристік қызметтің орындылығын алғашқылардың бірі болып түсінген Франция елі; туризм аясын ұлттық экономикасының ажырамас бөлігі ретінде бекітті. Туристік қызметтің ынталандырылуы, көптеген француз қалаларының әлеуметтік-экономикалық дамуын дұрыс бағдарлауға, олардың ерекшеліктерін белгілеуге, оларды дамыған тұрғылықты элементтер қатарына шығаруға мүмкіндік берді. Бұған мысал ретінде 1858 жылы кішігірім туристік ресурстары болған Лурд қаласының тарихын атауға болады. Өзінің таңдаған даму стратегиясын бірте-бірте жұзеге асыра отырып, бұл қала діни-қажылық орталығына айналып, ортаға бір ғасыр салғаннан соң «бастапқы жағымды жағдайларға» ие болған қалаларды артта қалдырып, Еуропадағы туристік үш ірі орталықтардың бірі болды.
Туристік қызметтер аясы қоршаған табиғи ортаға, туристік және мәдени дәулетке ұқыптылықпен қарайды. Ол табиғи, мәдени және тарихи объектілерді пайдалануда айқын бағдары бар салалар қатарында ерекше орынды алады және қоршаған ортаны қолдауға жан-жақты септігін тигізеді. Туристік қызметтер аясындағы табиғатты пайдаланушы субъектілері қатарына турист-тұтынушы және өз қызметі барысында осы табиғи кешенді пайдаланатын туристік кәсіпорын жатады. Ал сыйымдылық, тұрақтылық, түрлілік, тартымдылық секілді қасиеттеріне ие табиғи-аумақтық жұйелер табиғатты пайдаланушы жұйелі объектілері болып табылады. Қазақстан үшін, туристік қызмет аясының экологиялық аспектісі, ең алдымен -қоршаған ортаны, табиғатты бұзу қаупін шектеу, ластануын азайту арқылы қорғау болса, екіншіден - бұл тұтынуы рекреациялық ресурстардың оқшауландырылуы орындарында болатын, туристік ресурстарды рационалды пайдалану, үшіншіден - бұл адамның рекреациясын қолдануынан көрінеді.

Әдебиеттер:


1. Рахметов Б. А. Персоналды басқару, теория, тестілер, тәжірібе сабақтары: оқу құралы / Б. А. Рахметов. – Алматы: Экономика, 2006.
2. Управление персоналом организации: учеб./ Под ред. А. Я. Кибанова; ГУУ – 4-е изд., доп. и перераб. – М.: НИЦ ИНФРА-М, 2014.-695 с.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   73




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет