Не журналистика кафедрасы



бет29/69
Дата12.12.2023
өлшемі0.98 Mb.
#486228
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   69
ӘДЕБИЕТ ТЕОРИЯСЫ. КЕШЕН

    Бұл бет үшін навигация:
  • Оқшау
Лирикалық шегiнiс – эпикалық шығарма авторының ойы мен сезiмiнiң шығармада тiкелей көрiнуi.
Лирикалық шегiнiстiң жиi кездесетiн кейбiр үлгiлерi мен олардың композициялық мәнiне назар аударып көрелiк;

  1. Кейде лирикалық шегiнiс арқылы жазушы кейiпкерлер мен олардың әрекеттерiндегi өзiнiң бағалауынша ең маңызды деген тұстарға оқырман назарын аударуға, әсерлiлiгiн арттыруға ұмтылады.

  2. Кейде бiр кейiпкерге бағытталған лирикалық шегiнiс басқа бiр кейiпкердiң ой-сезiмiмен астасып жатуы мүмкiн, бiрақ оқырман бұл үлгiдегi лирикалық шегiнiстi де авторлық ой мен сезiмнiң көрiнiсi деп қабылдайтыны белгiлi. Кейде автор лирикалық шегiнiстi өз шығармасының сипаты мен мiндетiн хабарлау мақсатында пайдаланады.

Шығарма мазмұнын тереңдету, кеңейту мақсатында немесе оның идеялық мәнiн аңғарту үшiн қолданылатын композициялық тәсiлдердiң бiрi – оқшау (кiрме) эпизодтар. Оқшау (кiрме) эпизодтар деп шығармада баяндалатын негiзгi оқиғаға тiкелей қатысы жоқ көрiнiстердi аталады. Кейде оқшау эпизодтар да, лирикалық шегiнiс сияқты, шығарманың идеясын, пафосын түсiндiру үшiн пайдаланылады.
3)Композициялық бөлшектердiң бiрi болып табылатын көркемдiк ишаралау (художественное обрамление) – суреттелiп отырған құбылыстар мен мiнездердiң мәнiн мейлiнше аша түсу үшiн жазушының кейде өзi бейнелейтiн құбылыстар мен мiнездерге кейбiр сипаттарымен ұқсас, жақын боп келетiн суреттер мен сәттердi бейнелеуi. Мысал ретiнде Л.Толстойдың “Қажымұратындағы” ошағанға байланысты сәттi алуға болады. Сондай-ақ кейбiр шығармаларда көркемдiк ишаралау бейнеленiп отырған кейiпкердiң шын болмысын тiкелей ашуға бағытталады.
Жазушы алда болатын оқиғаны барынша терең түсiндiру үшiн оны алдын-ала соған iштей ұқсас көрiнiстер арқылы аңғартатын тәсiлдi де қолданады. Бұл – көркемдiк аңдату (художественное предварение) болып табылады.
Шынайы көркем туындыда табиғат көрiнiсi (пейзаж) де, тұрмыстық бұйымдар (интерьер) да композициялық тұрғыдан маңызды роль атқарады.
Пейзаж шығармада табиғат көрiнiсiнiң бейнеленуi. Бiз бұл тұста пейзажды табиғат көрiнiсiн бiрегей суреттеуге арналған шығармаларға қатысты алып отырған жоқпыз. Әңгiме қандай да бiр көркем шығармадағы өзге де көркемдiк құралдармен қатар өзiне тән көркемдiк-идеялық мән атқаруға тиiстi пейзаж туралы.
Пейзаж шығарманың тұтас идеялық-көркемдiк мәнiне қызмет ету үшiн де, сондай-ақ шығармадағы жекелеген көрiнiстерге, оқиғаларға, кейiпкерлерге қатысты да қолданыла бередi. Қалай болғанда да, пейзаж өзге де көркемдiк құралдармен тығыз байланыста тұрып, әдеби шығарманың тұтас дүние болып шығуына әсер ететiнi анық.
Интерьер шығарма кейiпкерлерiнiң тұрмыс-тiршiлiгiне қатысты түрлi заттар мен құрал-жабдықтардың бейнеленуi. Бұларды бейнелеу де, табиғат көрiнiстерiн суреттеу сияқты, шығарманың негiзгi идеясын ашуда, кейiпкерлердi айшықтауда идеялық-көркемдiк рольге ие. Интерьер, көбiнесе тар ауқымда, яғни жекелеген кейiпкерлерге қатысты ғана қолданылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   69




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет