Ащыөзек – аңғар. Ащы + өзек компоненттерінен құралған атау. Демек, атау «ащы,
кішкентай жыра» деген ұғымды білдіреді.
Аяқтуайт – тау, биік 692,4 м. (Бастуайт тауының сілемі) Қарқаралы ауд., Қарағанды
обл. Бұл тауды «аяқ-ту-ай» (т) тұлғасындағы этнотопоним» деп түсіндіру бар
(Қойшыбаев, 1985, 56). Атаудың бірінші сыңарындағы «аяқ» сөзі «төменгі жақтағы» деген
топонимдік мағынаға ие деп қарасақ, оның «туайт» сыңарын Таулы Алтай, Шығыс түркі
тілдеріндегі «табат» топонимінің параллелі, ол негізінен монғолдың давтай ( –
«жоталы, төбелі, қыр, қыратты» сөзінің дыбыстық тұлғадағы өзгерген түрі деп қарауға
болады. Демек, атаудың «туаит» сыңары монғолдың dobutai сөзінің дыбыстық тұлғадағы
өзгерген түрі деп білеміз. Олай болса, «Аяқтуайт» – «төменгі жақтағы төбелер мен жота,
қырлар» деген мәнге ие деп жорамалдаймыз.
Әулиетас – бұлақ. Әулиетас атауы өзінің тіке мағынасында. Әулие + тас
компоненттерінен құралған атау.
Бақты – елді мекендердің аты және таудың аты. Қаз. «бағы бар жер» немесе көне
түр. «бақтау» мағынасындағы атау.
Баладересін – село, Қарқаралы ауд., Қарағанды обл. Топоним құрамындағы «бала»
сөзі «кіші», «кішкентай» деген мағына ие. Ал екінші құрамындағы «дересін» сөзінің түбірі
дере (варианты – дара) түрік, тәжік тілдерінде «сай, жар, тау қыспағы, тау өзені» деген
мағынаны білдірсе, қырғыз тіліндегі дере (иран тілінен енген) – «тау қыспағы, қылтасы»,
«сай», «жыра»; қырым татарларында дере – «жыра», «тар соқпақ»; лак, лезгинде – «сай»,
«жыра»; ауғанда дара – «сай», «өзек»; парсыда дере «сай», «өзек»; деген мән-мағыналарға
27
ие (Мурзаев, 1984, 171). Олай болса, «Баладересін» атауының «кішкене сай, жыра,
қыспақ» деген мағынаға ие екенін көреміз.
Достарыңызбен бөлісу: |