Баспа-редакциялық үрдістер.
Баспа-редакциялық үрдістер авторлық қолжазбаны қабылдағаннан бастап дайын өнімді кітап тарататын мекемеге өткізгенге дейін орындалатын үрдістер екені белгілі болды.
Авторлық қолжазбаны қабылдау, оған баға беру, оған редакциялық өңдеу жасау, техникалық редакциялау, техникалық есеп-қисабын жасау, басылымның түпнұсқа макетін даярлап баспаханалық өндіріске дайындау жұмыстары баспа-редакциялық үрдістерге жатады.
Автордан қабылдап алынған басылымның пайдалану саласы, қолдану ерекшеліктері, оқырман жасына қарай құрылымдық ерекшеліктері ескеріледі. Мысалы, жоғары сапалы, пайдалану мерзімі ұзақ, жиі қолданылатын немесе балаларға арналған кітаптар жіппен тігіп бекітіліп, қатты мұқабамен түптелуі керек. Ал, жаппай бұқаралық оқырмандарға арналған, таралымы үлкен, пайдалану мерзімі қысқа, жолда, автокөлікте оқылатын, сумкаға салып жүретін арзан басылымдарға сапасы орташа арзан қағаз, жұмсақ мұқаба, көп еңбекті қажет етпейтін сыммен немесе желіммен бекіту сияқты технологиялық үдерістер таңдалады.
Баспа-редакциялық үрдістердің кезеңдері:
автормен немесе авторлық ұжыммен жұмыс істеу.
басылымның жоспарлық-проспектісін құрастыру.
басылымға рецензиялар дайындау.
автормен келісім-шартқа тұру.
тапсырыс бойынша қабылданған басылымның қандай типке, қай әдебиет түріне жататынын анықтау.
оқырман категориясын анықтау (балаларға, жасөспірімдерге, ересек адамдарға арналған)
басылымның үздіксіз немесе сирек қолдануы ерекшелігін және оның пайдалану мерзімін анықтау.
тапсырыстың авторлық табақтағы көлемін есептеу.
басылымның есептік баспа табақтағы көлемін есептеу.
басылымның негізгі мәтініне кегль өлшемі мен әріп түрін таңдау
стандарт талаптарына сәйкес басылымның пішімін және терілетін беттің өлшемдерін таңдау.
басылымның ішкі акциденттік құрылымын жобалау.
басылымның баспа табақтағы көлемін есептеу.
басылымның қағаз парағындағы көлемін есептеу.
басылымның құрылымын таңдау.
мұқаба түрін немесе түптеу қабын таңдау.
тапсырыс талаптары бойынша өнімді өңдеу-безендіру тәсілдерін таңдау
түптеу материалдарын және орап-буып байлайтын материалдарды таңдау.
мұқаба сыртын безендіру.
басылымның ерекшеліктеріне сәйкес келетін және оның сапасы мен экономикалық тиімділігін қамтамасыз ете алатын полиграфиялық басу әдісін таңдау.
басылымға сәйкес келетін қағаз түрі мен маркасын таңдау.
кітап бумасының қалыңдығына қарай бөлінетін тобын анықтау.
кітапшалау-түптеу үдерістерінің ұтымды жабдықтарын таңдау.
стандарт талаптарына сәйкес басылым форзацының құрылымын және оның бекіту тәсілдерін таңдау.
стандарт талаптарына сәйкес басылған оттискілерді бүктемелеу тәсілін таңдау.
бумадағы дәптер санын есептеу
стандарт талаптарына сәйкес бума дәптерлерін жинақтау тәсілін таңдау.
жинақталған басылым бумасын бекіту тәсілін таңдау.
бекіту және жинақтау тәсілдерінің түрлеріне қарай, тігетін және желімдейтін бума түбін немесе пішімін өзгерту қажеттілігін анықтау.
Тапсырыс ерекшелігіне қарай басылымның қосалқы бөлшектерін таңдау, оларды басылымға, енгізу, бекіту және желімдеу тәсілдерін анықтау.
басылымды дайындаудың жеке технологиялық немесе типтес схемасын құрастыру.
әрбір үдерістерге технологиялық есептеулер жүргізу.
өндірісті ұйымдастырудың тиімді түрін таңдау.
баспа -полиграфиялық материалдардың қажетті өлшемдері мен шығын мөлшерін есептеу.
Достарыңызбен бөлісу: |