Омарова Бәтіш Әбдірәшқызы баспа ісінің экономикасы және ұйымдастыру


Негізгі және айналмалы қор. Амортизация



бет6/35
Дата04.10.2023
өлшемі229.75 Kb.
#479865
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   35
annotation33162 (1)

Негізгі және айналмалы қор. Амортизация

Баспа өндірісінің негізгі қоры барлық бағалы мүліктің құнымен анықталады.
Негізгі қорлар мына топтардан тұрады:

  • ғимарат және құрылыс;

  • өндірістік және қосымша жабдық;

  • өндірістік жиһаздар мен жабдықтар;

  • жекелеген басқа да шығындар.

Ғимарат пен құрылыс құнына санитарлы-техникалық құрылғылардың, су құбырларының, канализацияның жылудың, желдеткіштің және т.б шығындары кіреді. Ал өндірістік және қосымша жабдықтардың бағасына технологиялық жабдықтардың барлық түрлері, құралдары, монтаждық жұмыстар және т.б. кіреді.
Негізгі қорға (капиталға) — жоғарыда айтылып кеткендей, өндіріс үйлері, ғимараттар, жабдықтар және т.б. жатады. Олар бірнеше өндірістік циклдерде пайдаланылады және өз құндарын дайындалатын өнімнің құнына біртіндеп ауыстырады.
Негізгі қорларды тиімді басқаруда оларды бағалаудың мәні зор. Тәжірибеде негізгі қорларды есепке алып талдауда нақты және ақшалай түрде бағалайды. Негізгі қорларды нақты түрде есепке алу - олардың техникалық жағдайын, кәсіпорынның өндірістік қуатын, жабдықтардың пайдалану дәрежесін анықтау және басқа да мақсаттар үшін қажет. Осы мақсатта жабдықтарды инвентаризациялау және паспорттау, оның шығарылғандығы және енгізілгендігі туралы есептер жүргізіледі. Негізгі қорларды ақшалай немесе құндық бағалау, негізгі қорлардың жалпы көлемін, құрылымын, дайын өнімге аударылатын құн мөлшерін анықтау, сонымен бірге күрделі салымдардың экономикалық тиімділігін есептеу үшін қажет.
Айналмалы қорға (капиталға) - шикізаттар, материалдар, жұмыс күші жатады. Олар бip өндірістік цикл кезеңінде пайдаланылады және өз құндарын өнімге түгелімен ауыстырады. Айналым қорлары - өндіріс үрдісінің міндетті элементі, өнімнің өзіндік құнының негізгі бөлігі. Өнім бірлігіне шаққандағы шикізат, материалдар, жанармай мен энергия шығындары аз болған сайын, оның өндірісіндегі шығын үнемді болады, сондықтан өнімнің құны да төмендейді.
Қызмет ету-қолдану мерзімінде негізгі қорлардың өз құнын жасалған тауарлардың құнына ауыстыру процесін және оның амортизациялық (өтелім) қорға айналуын — амортизация (өтелім) деп атайды.
Амортизация (лат. Amoctisatio — орнын толтыру) — негізгі қорлардың құнын сол қорлар арқылы өндірілетін өнімдер мен қызметтерге бірте-бірте көшіру және оларды тозған негізгі қорлардың орнын толтыру үшін пайдалану, құнын жоғалту. Өндірілген өнім өткізілгеннен кейін алынған кірістің бip бөлігі — негізгі қорларды қалпына келтіруге арналған арнаулы амортизациялық қорға аударылады. Яғни, амортизация – нақты бір уақыт аралығында пайызбен көрсетілген негізгі қордың құнын өнімді өндіруге кеткен шығындарға қосу арқылы негізгі қорлардың тозуын ақшалай төлеу. Амортизация - негізгі қорлардың физикалық және моралды тозуларының ақшалай көрсеткіші. Амортизация нормасы қанша жылдан кейін негізгі қордың құны өтелетіндігін көрсетеді.
Өндіріс құралдарының тозуы — өндірістік жабдықтардың біртіндеп өндіріс барысында ұзақ уақыт қолданылуы арқасында тозуы. Бұл уақыттың әсерінен, табиғат күшінен, еңбек үрдісінен және басқа да факторлардың әсерінен объектінің механикалық, физикалық, химиялық және басқа да қасиеттерінің өзгерісі, экономикалық тұрғыдан қарастырғанда негізгі қорлардың бастапқы құнының біртіндеп жойылуы.
Моральды тозу – жабдықтар мен қондырғылар құнының төмендеуі немесе жаңа, прогрессивті және экономикалық жағынан тиімді машиналар мен қондырғылар түрін енгізу нәтижесінде олардың құнының төмендеуі.




  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   35




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет