Омарова Бәтіш Әбдірәшқызы баспа ісінің экономикасы және ұйымдастыру


Баспа ісінің негізгі экономикалық көрсеткіштері



бет5/35
Дата04.10.2023
өлшемі229.75 Kb.
#479865
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   35
annotation33162 (1)

Баспа ісінің негізгі экономикалық көрсеткіштері.


Экономикалық көрсеткіштер – экономикалық есептеуде, жоспарлауда қолданылатын сипаттамалар жүйесі, яғни экономикалық үдерістердің даму заңдылықтары мен үрдістерінің сандық сипаттамасының көрсеткіші. Экономикалық көрсеткіштер – экономикалық қызметтің барлық саласын талдауда, есептеуде, жоспарлауда қолданылатын сандық сипаттамалар жүйесі, немесе экономикалық үдерістер мен құбылыстардың, олардың даму заңдылықтары мен үрдістерінің сандық сипаттамасы үшін пайдаланылатын абсолютті және салыстырмалы шама.
Экономикалық көрсеткіштердің өз жүйесі қалыптасқан, сондықтан мақсатына қарай жоспарлық көрсеткіштер, қаржылық көрсеткіштер, бухгалтерлік көрсеткіштер, статистикалық көрсеткіштер делінеді. Көрсеткіш экономикалық субъектінің қайсыбір қасиетінің, үдерістің немесе шешімінің санмен көрсетілген сипаттамасы ретінде айқындалады.
Ұйымдастырылып жатқан баспа ісінің экономикалық тиімділігін көрсететін негізгі көрсеткіштері - пайда, тиімділік (рентабельділік), негізгі (капитал) қорының өз құнын өтеуі, баспа өнімінің өзіндік құны болып табылады.
Пайданың көлемін, басылған өнімге кеткен барлық шығындарды – шикізатқа, материалға, полиграфиялық өндіріс немесе баспаға кеткен шығындардың есебінен көруге болады.
Баспа өнімдерін ерекшеліктері мен сипатына қарай жазық, ойыңқы, санды немесе шығыңқы әдістермен басуға болады. Басу әдістерін дұрыс таңдай білу экономикалық шығын мөлшерін төмендетеді.
Болашақ өндірістің экономикалық тиімділігін келесі іс-шаралардың арқасында көтеруге болады:

  • өндірістік басу аппаратының қолданыс коэфицентін көтеру;

  • өндірістік үдерістерді мүмкіндігінше автоматтандыру;

  • қызметкерлер мен жұмысшыларды тиімді және нақты пайдалану;

  • ғылым мен техниканың жаңа жетістіктерін пайдалану, жаңа технологияларды енгізу;

  • баспа-полиграфиялық материалдарды ұтымды қолдану;

  • баспа өнімдерінің ерекшеліктеріне қарай өндірісті ұйымдастыру, ұтымды технология мен техниканы таңдау;

Экономикалық есептеулердің қорытынды кезеңінде төменде берілген көрсеткіштерді есептеп шығару керек.
Қорытындының нәтижесі баспа ісін ұйымдастырудың экономикалық тиімділігін көрсетеді.
Технико-экономикалық көрсеткіштер

Өндірісті ұйымдастыру барысында есептелетін шығындар

Бір жылда шығатын дайын өнімнің нақты саны:
а) шартты баспа табақпен есептегенде:
ә) ақшамен есептегенде:

Өзіндік құны, тн.:

Жалпы пайда:

Өнімнің тиімділігі, % :

Өндірістің тиімділігі, %:

Жұмысшылар мен қызметкерлердің саны:

Жалақының жылдық қоры:

Өндірістің ауданы:

Қаржыны өтеу мерзімі:






  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   35




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет