ОҢТҮстік қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясының хабаршысы №2 (63), 2013) Қосымша, приложение



бет37/59
Дата06.03.2016
өлшемі9.29 Mb.
#44781
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   59

Әдебиеттер

  1. Александров В.А., Рябчук Ф.Н.//Клинические лекции по педиатрии.-Москва-С-Пб.,2004.-С.381.

  2. Бельмер С.В., Хавкина А.И. Гастроэнтерология детского возраста. Медпрактика-М.,М.,2003. II том. С.151.

  3. Бельмер С.В., Гасилина Т.В., Мухина.Болезни тонкой кишки (синдром мальабсорбции). Гастроэнтерология детского возраста. Медпрактика-М., М.,2003. II том. С.151.

  4. Изачик Ю.А. Синдром мальабсорбции у детей.М.,1991. С.243, 245,249.


Резюме

Обследование 20 больных детей с синдромом мальабсорбции показало полиорганность поражения у этих детей с грозными последствиями, приводящие к нарушению метаболизма.


Summary

Examination of 20 ill children with malabsorption syndrome was shown numerous affection in these children with sever complications resulting in disturbance of the metabolism.


613.951.1:613.953.13


ЕМІЗУ ЖӘНЕ ЖАСАНДЫ ҚОСПАЛАР (Әдеби шолу)
К.А.Мұстафина, К.Р.Қарсыбаева, Г.С.Омарова

Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы, Шымкент қаласы

Емшек емген балалардың ағзаларында антиденелер, қорғану факторлары (макрофаг, лизоцимдер), секреторлы иммуноглобулиндер бар. Адам сүтіндегі лимфоциттер асқазан-ішек жолдарына түскенде сол жердің иммунитетін арттырады, лизоцим мен макрофагтар микрофлораларға әсер етеді. Ана сүтіндегі комплимент пен лактофериннің бактерияға қарсы қасиеттері бар. Лактофериннің ДНК, простогландин Е2 түзетін қасиеті соңғы кезде ашылды, олар ішектің қозғалу, асқазан сөлін шығару қасиеттерін, сілемейлі қабаты тіндерінің дамуын арттырады, ішектегі зиянды флораларды әлсіретеді. Ішектің сілемейлі қабаты өткізгіштігінің әсерінен, сиыр сүтіндегі ақуыздар одан тез өтіп, реагин, простогландин Е-ні бала дүниеге келгеннен соң бірінші күннен бастап-ақ түзе бастайды, сөйтіп балада аллергия басталады. Ал, адам сүтінің ақуызында ондай антигендік қасиет жоқ, сондықтан аллергия болмайды. Адам ағзаларының өсіп-даму дәрежесі генетикалы жоспарланған және ол зат алмасуға да байланысты. Адам сүтіндегі галактоза, фосфатидтер орталық жүйке жүйесінің жетілуіне әсер етеді. Емізу, ана мен бала арасындағы қарым-қатынасқа, баланың келешектегі мінез-құлқына жақсы әсер етеді, жасанды қоспалардың небір жақсы түрлері ана сүтін ешуақытта ауыстырмайды, ауыстырмақ емес, әсіресе 0-4 айлық арасы жасындағы балаларда.


1 Кесте - Баланы тамақтандырудағы нутрицология мен физиологиялық қалыптар


Нутриенттер

0-2 ай

3-5 ай

6-4 ай

1-3 жас

3-7 жас

7-10 жас

11-13 жас ұлдар

11-13 жас қыздар

14-17 жас ұлдар

14-17 жас қыздар

Ақуыздар барлығы, гр

-

-

-

53

68

79

93

85

100

90

Соның ішінде майлық ақуыз,гр

-

-

-

-

-

-

56

51

60

54

Ақуыздар, г/кг

2,2

2,6

2,9

-

-

-

-

-

-

-

майлық ақуыз, барлығы гр,

-

-

-

53

68

79

93

85

100

90

Сол сияқьы өсімдік майлары

-

-

-

5-10

11

16

19

17

20

18

Майлар г/кг

6,5

6,0

5,5

-

-

-

-

-

-

-

Линеолен қышқылы г/кг

0,7

0,7

0,7

-

-

-

-

-

-

-

Көмірсулар,гр.

-

-

-

212

272

315

370

340

400

360

Көмірсулар,г/кг.

13,0

13,0

13,0

-

-

-

-

-

-

-

Кальций мг

400

500

600

800

120

1100

1200

1100

1200

1100

Фосфор мг

300

400

500

900

1450

1650

1800

1650

1800

1650

Магний мг

55

60

70

150

300

250

350

300

300

300

Темір мг

4

7

10

10

15

18

18

18

18

18

Цинк,мкг

3

3

4

-

-

-

-

-

-

-

Йод МЕ

40

40

50

-

-

-

-

-

-

-

А вит. орт.экв.мкг

400

400

400

450

500

700

1000

1000

1000

1000

В вит. МЕ

-

-

-

7

10

10

12

10

15

12

Е вит.,мг

3

3

4

-

-

-

-

-

-

-

Д вит,мкг

10

10

10

10

2,5

2,5

-

-

-

-

Д вит.МЕ

-

-

-

-

-

-

100

100

100

100

В1 вит мг

0,3

0,4

0,5

0,8

1,0

1,4

1,6

1,5

1,7

1,6

В2 вит мг

0,4

0,5

0,6

0,9

1,3

1,6

1,9

1,7

2,0

1,8

В6 вит мг

0,4

0,5

0,6

0,9

1,3

1,6

1,9

1,7

2,0

1,8

РР вит. миг.н.э.

5

6

7

10

12

15

-

-

-

-

РР вит,мг

-

-

-

-

-

-

18

16

19

17

В12 вит мгк

0,3

0,4

0,5

1,0

1,5

2,0

0,3

0,3

0,3

0,3

Фолацин,мкг

40

40

60

-

-

-

-

-

-

-

Энергия ккал, барлығы

-

-

-

1540

1470

2300

2700

2450

2900

2500

Энергия ккал/кг

115

115

110

-

-

-

-

-

-

-

Емізу (табиғи тамақтандыру, биологиялық тамақтандыру) – 1-1,5 жасқа келгенге дейінгі баланың жалғыз ғана адекватты тамақтандырылуы. Баланы ана сүтімен емізбеу - келешектегі оның дамуына, мейлінше адамгершілігінің азаюына, сонымен қатар ана сүтінен басқамен қоректеніп өскен балада сол инвидумның әсері болуы мүмкін.

Терминология.Табиғи тамақтандыру – баланың өзінің туған анасының емшегін аузымен сорып емуі. Ана сүтін сауып, кеседен, зондпен, шөлмектен, пипеткадан беру температуралық өңделген ана, донорлық сүт беру - табиғи тамақтандырғанға жатпайды.

Аралас тамақтандыру – ең аз дегенде тәулігіне 1 рет емізу (ана сүті 100-150 мл-ден көп, қалған уақытта жасанды қоспалар беру).

Жасанды тамақтандыру дегеніміз тәулігіне бір рет немесе ана сүтінің тәуліктік көлемі 50-100 мл-ге дейін болса, қосымша қоректің барына, ия жоғына қарамастан баланы шөлмекпен жасанды қоспалармен қоректендіру

Босанғаннан соң алғашқы 4-5 күнде уыз, сосын уақытша сүт және 2-3 аптадан соң жетілген сүт шығады.


2 Кесте - Уыз, уақытша сүт, жетілген адам сүтiнің құрамдары


Ана сүті

Ақуыз

Қант

Май

уызы

58

40-76

28-41

уақытша сүті

23-14

57-76

29-44

жетілген сүті

9-18

73-75

33-34

Уыз, қою, желімді, түсі сары немесе сұрғылт-сары сұйық зат. Ана уызында ақуыздар, А-витамині 2-10 есе артық, аскорбин қышқылы 2-3 есе көп. Казеин жоқ, тек 4 -ші күннен бастап пайда болады. Альбумин, глобулин фракциялары көп - 58 г/л, ал жетілген сүтте - 9-18 г/л. Иммуноглобулиндер түзетін лейкоцит-лимфоциттер бар. Бала қанының сарысуының құрамына ұқсас болғандықтан уыздағы ақуыздар өзгермеген түрде сіңеді. Уыз іштегі амниотропты қоректенудің маңызды жалғастырушысы болып табылады.

Ана сүтін емген балалар міндетті түрде жасына сай болып өседі. Олар салмақты, өмірге көзқарасы маңызды, кең, сирек ауырады, қандай ауруды да жеңіл көтереді, тез жазылады. Әсіресе ана мен баланың қарым-қатынасы осы емізу кезінде басталады.

Емізудің тиімді он принциптері. Емшекпен емізу тәжірибесі жөнінде бекітілген ережені қатаң сақтау және оны барлық медицина қызметкерлеріне жүйелі түрде мәлімдеу; Осы саясатты іс жүзіне асыру үшін, қажетті ережелерге барлық медицина қызметкерлерін оқыту; Барлық жүкті әйелдерді емшекпен емізудің артықшылығы мен әдістері жөнінде хабардар ету; Босанғаннан кейін жарты сағат ішінде емшекпен емізуді бастау үшін аналарға көмек көрсету; Бөпелерінен бөлек болатын жағадайда, емшекпен емізу мен лактацияны қалай сақтау керек екендігін аналарға көрсету; Жаңа туған нәрестелерге емшек сүтінен басқа тағамдар тек дәрігердің кеңесі бойынша берілсін; Ана мен нәрестенің бірге бір палатада болуын тәжірибеге енгізу; Нәрестені қажетінше емшек емуге ынталандыру; Емшек еметін нәрестелерге алдандыратын немесе жұбататын жасанды заттарды (емізік, бөтелке) берму; Емшекпен емізуді қолдайтын топтардың болуын жандандыру және перзентханадан шыққаннан кейін аналарды сол топтарға жолдау.

Емізу – анасының сәбиіне бере алатын, оның өміріндегі маңызды бастамасы болғандықтан, нәресте денсаулығын сақтаудың жақсы тәсілі болып табылады.

Емізудің артықшылықтары:

Ана сүті:

ана сүті тек сол балаға арналғандықтан, өмірінің алғашкы 6 айында ол оның ең тиімді қорегі болып табылады;

адам сүті құрамында нәрестеге кажетті барлық қоректік заттары бар және тез қорытылады;

нәрестені әртүрлі инфекциялардан қорғайды;

емшек сүті әр уақытта пайдалануға дайын, әрі жылы, стерильді, таза және тегін;

нәрестенің физикалық және ақыл-ойының дамуына ықпал етеді.

Емізу:

анасы мен бөпесінің арасындағы тығыз байланыс;



босанғаннан кейін, алғашқы 6 айда кезекті жүктілікті жиі болдырмайды;

анемия, емшек пен аналық бездерінің қатерлі ісіктері сияқты аурулардың даму каупін төмендетеді.

Емізудің сырлары:

Дұрыс емізу қағидасы – емізу ауыртпайтындай болу үшін, қолдан келетін барлық жағадайды жасау. Емізген уақытта анасы отыруға немесе жатуға болады, ең бастысы - анасы өзін ыңғайлы сезінуі шарт, емізген кезде баланы қалай ұстағанның да маңызы зор. Ол үшін келесі негізгі 4 ережені есте сақтаған жөн:

Нәрестенің басы мен денесі бір сызықтың бойында орналасады;

Баланың беті емшекке бұрылып, оның мұрны емшек ұшына қарама-қарсы тұрады;

Баланы бауырға қысып, анасының ішімен баланың іші тиіп тұрады;

Баланың басы мен иығын ғана емес, сонымен бірге оның барлық денесін де қолмен ұстау керек.

Егер бала дұрыс және тиімді еметін болса, баланы неғұрлым көбірек емізсе – соғұрлым сүт көп бөлінеді.

Ана мен нәрестенің бірге болуы және қажетінше емізудің артықшылықтары:

ана мен нәрестенің арасындағы сүйіспеншіліктің қалыптасуына жағдай жасайды, ана бөпесін жақсы түсінуге үйренеді;

нәресте аз жылап, оны бөтелкеден емізу себебі азаяды;

емшекпен емізуге анасының сенімділігі артады;

емшекпен емізу ұзаққа созылады.

Қажетінше емізудің артықшылықтары:

сүт тезірек келеді;

нәрестенің салмағы тез өседі;

сүт безінің қатаюы сияқты қиындықтар азаяды;

нәрестені емшекпен емізуге тез үйрету жеңілірек болады.

Ананың жетілген сүті. Төмендегі 3-ші кестеде көрсетілгендей сиыр сүтінің құрамы түбірімен ана сүтінен айрықша: онда казеинді ақуыз, кальций, фосфор, калий, натрий, цинк, В1 және В2 витаминдері өте көп. Керісінше линолен қышқылы, Е, С, А витаминдері және көмірсудың деңгейлері төмен. Сиыр сүті құрамындағы ақуыз казеинінің басымдылығы (80%), баланың асқазанында ірідисперсиялы ақуыздың сіңірілуі өте нашарлайды. Ана сүтінде полиқанықтырылмаған май қышқылы (ПҚМҚ), әсіресе линолен қышқылы (0,4-0,5 г/100 мл сиыр сүтіне қарсы - 0,09 г/100 мл), сол сияқты сәбидің биомембранасын, бас миы мен көз торшасын белсендіретін простогландиндер, эйкозаноидтар қатарын (тромбоксандар, простациклиндер ж.т.б.) түзетін, тамақтануда теңдесі жоқ омега-З бар, және де ана сүтіндегі ПҚМҚ-дағы омега-6 мен омега-З-тің бір-біріне қатынасы өте оптималды 10:1-7:1 (сиыр сүтінде керісінше 0,9:1). Ана сүтінің май қышқылды триглицеридтері мен фосфолипидті құрылысы, витаминтәрізді қосындысы - карнитин, бөбек организіміндегі жасушаішілік транспортты және май қышқылының тотықтануын қамтатмасыз етеді



3 Кесте - Адам сүті мен сиыр сүтін салыстыру


Нутриенттер

Ана сүті

Сиыр сүтй

Ақуыздар, г

0,9-1,3

2,8-3,2

Сарысулық ақуыздар, %

65-80

20

Казеин, %

35-20

80

лактальбумин, мг

-

30,0

Майлар, г

3,9-4,5

3,2-3,5

Линолен қышқылы, %

13,0

1,6

ПҚМҚ /ҚМҚ

0,40

0,04

Омега-6/омега-З ПҚМҚ қатынасы

10:1-7:1

0,9:1

Көмірсулар, г

6,8-7,2

4,8

Минералды тұздар:







кальций, мг

34,0

120,0

фосфор, мг

14,0

95,0

кальций/фосфор

2,1-2,4

1,2-1,3

натрий, мг

17,0

77,0

калий, мг

50,0

143,0

Микроэлементтер:

0,05

0,04

темір, мг

0,12

0,40

цинк, мг

6,0

12,0

йод, мкг

1,50-2,00

4,0

селен, мкг

1,50-2,00

4,0

Витаминдер:







А, мг

0,06

0,03

Е, мг

0,24

0,06

С,мг

5,20

1,10

В1, мкг

14,0

43,0

В2, мкг

37,0

156,0

Қосымша қорек (прикорм) беру.

Белгілі бір қосымша қоректерді белгілі бір жаста міндетті түрде балаға беру керек деген бұрынғы концепциялар, қазіргі кезде қайта талқыланып белгілі бір жүйеге келгендей. Негізінде сәбиге қосымша тамақ беру, бермеу мәселесі емшек сүтінің құндылығына, көлеміне, баланың дұрыс өсіп, дамуына тікелей байланысты. Осы аталған мәселелер баланың өсу кезеңдерінде дұрыс шешіліп отырса, онда сәбиді қосымша қорексіз 1-1,5 жасқа дейін емізуге болады. Егер анасы емшектегі баласының тамақ жетіспеген жайсыздығын сезсе, онда міндетті түрде жасы 4 тен 6 айға дейінгі уақытта қою қосымша қоректер беру керек.

Сонымен, жасы 4-6 айлық сәбилер, тәулігіне 1-2 шәй қасықтан көкөніс, жеміс бөкпелерін, педагогикалық немесе „үйрету” қосымша қорек ретінде алу керек. „Үйрету” қорегі, баланың әртүлі астың дәмін біліп, шайнап, әрі қарай қорек алуға дайындайды. Қосымша қорек беру мерзімі төмендегі көрсетілген баланың жетілу белгілеріне негізделген:

1.Аузындағы тамақты тілімен шығарып тастамай, әрі қарай жұту рефлекстері өзара байланысты жұмыс істегенде;

2.Бала аузына түскен нәрсені, емізікті шайнай бастағанда.„Үйрету” қорегі ретінде 5-20 г. алма немесе жеміс бөкпесін қантсыз береді. Шәй қасықтың ұшымен тілінің ортасына, бала еміп болғаннан кейін (бірақ әлі онша тоймағанда) салады. Бала қоректі жақсы жегенде бірте-бірте оны емгенге дейін беруге болады. Аллергиялық реакциялар болса, қосымша қоректі ұзаққа дейін бермеу керек.

Басты немесе энергиялық қосымша қоректі береді, егер бала ана сүтіне тоймаса, бала мазасызданса, жиі емсе, түнде жиі оянса, аз зәр шығарып, алкен дәреті азайса. Кейбір емшекке жарымаған сәбилер әлсіз, қимылсыз жатады, жыламайды, 1-1,5 аптадан кейін арықтай бастайды. Мінеки, осы жағдайларда қосымша қорек берудің басты шарттарының болуымен қатар, төменгі көрсеткіштерді есепке алу керек.

жасы 5-6 айдан жоғары;

қою тамақты жұтуға үйренген;

тісі шыққан немесе тісін жарған;

сенімді отырып, басын ұстауда (тамақтан басын алып қашқандай);

ас қорыту ағзаларының қою тамақты аллергиялық реакциясыз қорытатындай халге жетуі.

Алдымен қосымша қоректі 1-2 шәй қасық беріп байқайды, бала жақсы алатын болса, қорек көлеміне тезірек 100-150г. дейін өсіреді (көкөніс, жеміс-жидек бөкпесі, қантсыз, майсыз, тұзсыз қарақұмық немесе күріш ботқасы).

Қосымша қоректі кеңейтудің келесі қадамдарын бөлуге болады:

Үйрету қорегі (жемістер немесе көкөніс);

Тек көкөніс бөкпесі (картофель, сәбіз, капуста, шпинат);

Глютенсіз ботқалар (күріш жүгері,қарақұмық) өндірістік болғаны абзал. Егер, ботқа үйде дайындалса, бірінші 2 аптада су қосылмаған таза сүтке пісіреді. Айдан кейін бір қорек бөкпе, бір қорек ботқа ретінде бері леді;

Көкөніс бөкпесін еттің, балықтың, құстың етімен қосып дайындайды, мұндай қорекке бала 1-1,5 айдай үйренеді;

Бидай ұнынан пісірген бота;

Бала тамағын сиыр сүтіне ауыстырушы қоспаларға ауыстыру немесе бейімделген сүттерге (сүт, йогурт, творог), цитрустар мен шырындар, пісірілген жұмыртқа уызы;

Тістеп жеуге үйрете бастау, печенье, нан, кесілген жеміс, буланған котлеттер, майдаланған көкөністер.

Өндірістік азық-түліктерге қойылатын талаптар: біркелкілік, түйіршіксіз. Қоюлық, экологиялық тазалық, микронутриенттер мен ТТ-ның көптігі. Қосымша қоректерді балаға беру, емізуді ығыстырумен жүретіндігі түсінікті, бірақ жасқа толмаған бала қанша қорек алса да ана сүтінің тәуліктік көлемі 600-700 мл-ден кемімеуі керек. Лактацияны мүмкіндігінше ұзартып, 2 жастағы баланы күніне 1 рет емізгеннің өзі оның дамуына оң себебін тигізетіні ғылыми түрде дәлелденген. Бала жасының бірінші айларындағы тамақтың реттік көлемі бірінші 3-4 кварталда 200-400 гр болады да, тамақтану жиілігі 4 ретке азаяды (түнгі тамақтануды есептемегенде). Бір жастан кейін 3 рет негізгі, 1 рет жеңіл (сүттік немесе шырын, жеміс) тамақтанады. Емізу сиреген сайын анасының да сүті тартылады. Әйел емшегін таңып тастаса, сұйықты аз ішсе сүті тезірек қайтады. Қосымша қорек бергенде де балаға еміреніп, майдайынан сипап отырып тамақтандырған жөн. Тамақтың түсі, иісі, тамақ салынған ыдыстың түрі баланың тәбетін ашатындай болғаны қажет.


4 Кесте - Табиғи тамақтандырудағы 1 жастағы баланың қосымша қоректері


Азықтар

Жасы, ай

Ескерту

4

5

6

7

8

9

9-12

жеміс шырыны

5-30

40-50

50-60

60

70

90

90-100

3-айдан

Жеміс бөкпесі

//

//

//

//

//

//

//

3,5- айдан

Творог, сыр

-

10-30

40

40

40

50

60

5- айдан

Уыз

-

-

0,25

0,5

0,5

0,5

0,5

6- айдан

Көкөніс бөкпесі

-

100

150

150

170

180

200

4,5 айдан

Сүт ботқасы

-

-

50-100

150

150

180

200

5,5-6,5 айдан

Ет бөкпесі

-

-

-

5-30

50

50-60

60-70

7- айдан

кефир

-

-

-

-

200

200

200-400

7,5-8- айдан

Сүт

-

-

-

-

-

-

400

Бидай

-

-

-

5

5

5

10

7- айдан

Нан,сухари, печенье

-

-

3-5

3-5

5

5

10-15

6-ай

өсімдік майы

-

1-3

3

3

5

5

6

4,5-5 айдан

Сары май

-

1

1-4

4

4

5

6

5- айдан

Жасанды тамақтандыру. Ана сүтінің орнына қолданатын қоспалар құрғақ, сұйық (қолдануға дайын), қышқыл және тұщы болады. Олар ана сүтінің құрамына, бірінші жастағы балалардың метаболизмдік ерекшеліктеріне максимальді жақындатылған, бейімделген (бейімделген).


5 Кесте -Ана сүтінің орнына қолданылатын қоспалардың басты түрлері


Ана сүтінің орнына қолданатын қоспалар

Құрғақ

Құрамы сарысулық ақуызбен, тауринмен, карнитинмен байытылған бейімделген.

Тек сарысулық ақуыздармен байытылған бейімделген. Бейімделген казеин формулаларымен.Жарым-жартылай бейімделген қоспалар. «Келесі» формулалы.



Сұйық

Қышқыл

Тұщы




Қышқыл

Тұщы

Максималды бейімделген ана сүтін ауыстыратын қоспаға жататын сұйық қоспалар: «Агу» зарарсызданған (тұщы) және сүтқышқылды (Россия); құрғақ қоспалардың көпшілігі, сол сияқты «Нан» (Швейцария), «Нутрилон» (Голландия), «Бэби» (Словения), «Пре-ХиПП» және «ХиПП-1» (Австрия), «Энфамил-1» (США), «ХуманаГ» (Германия), «Сэмпер-Бэби-1» (Швеция), «Фрисолак» («Фрисланд», Голландия) ж.т.б.

Аз бейімделген «казеин формулалы» атты қоспаларға жататындар «Симилак» (АҚШ), «Нестожен» (Швейцария) ж.т.б. Олардың ақуызды құрамы ана сүтінің құрамынан алшағырақ..

Өткен ұрпақтар ана сүтінің орнына қолданылатын қоспалардың қатарына «Малютка», «Малыш» (Россия), «Анпамил» (Германия) ж.т.б. жатады. Бірақ, соңғы кездері «Малютка», «Малыш» қоспаларын «Истра-Нутриция» АҚ Россиямен қосылып витаминдік, минералдық құрамдарын жақсартып шығарып жүр. Сонымен қатар «Малютканың», тез ерігіш варианты «Малютка Истринская» деген атпен шығады.



Соңғы кездері «кейінгі қоспалар» («последующих смесей») - деген, 5-6 айлықтан бастап беретін, шетелдерде шығарылған ауыстырғыштар шығып жатыр. Кейінгі қоспалар ана сүтіне аз бейімделген, құрамында крахмал мен сахароза, бала организміне қажетті анемияны алдын алу үшін қолданылатын темір бар. Олардың, «последующих смесей» қатарына «Агу-2» тұщы және қышқылсүтті, «Нан» 6 айдан 12 айға дейін (Голландия), «Нутрилон-2» (Голландия), «Галлия-2» (Франция), «Сэмпер-Бэби-2» (Швеция) ж.т.б. Төменгі кестелерде жасқа дейінгі балаларды жасанды тамақтандырудың жобасы (кесте 4) және қызығушы оқушы қауымы үшін ауыл шаруашылығындағы малдар сүтінің құрамы (г/л) – кесте 7 келтірілген.
6 Кесте - Жасқа дейінгі баланы жасанды тамақтандырудың жобасы


Азықтың түрлері

Жасы, айы

0-1

2

3

4

5

6

7

8

9

9-12

Ана сүтін ауыстырғыштар

700-800

800-900

800-900

800-900

400

400

300-400

350

200

200

Көкөніс шырыны

Көрсеткіш бойынша

5-30

40-50

50-60

60

70

80

90-100

Жеміс бөкпесі

Көрсеткіш бойынша

-

-

50-60

60

70

80

90-100

творог










-

-

40

40

40

40

50

Сары уыз










-

10-150

-

0,25

0,5

0,5

0,5

Көкөніс бөкпесі










-

-

150

150

170

180

200

ботқа










-

-

50-150

150

170

180

200

Ет бөкпесі










-

-

-

5-30

50

50

60-70

Кефир, сүт өнімдері










-

-

-

200

200

400

400

Нан










-

-

-

-

5

5

10

Сухари, печенье










-

3

3-5

5

5

10

10-15

өсімдік майы










-

-

3

3

5

5

6

Сары май










-




4

4

5

5

6

7 Кесте - Ауыл шаруашылығындағы малдар сүтінің құрамы (г/л).




Малдар

Құрғақ заттар

Ақуыздар

Майлар

Сүттік қант

Теннер бойынша қышқылдылық

Ешкі

139

41

44

44

17

Қой

185

57

72

43

25

Буйволица

176

41

7

48

17

Түйе 1 өркешті

124

37

40

48

---

Түйе 2 өркешті

162

38

54

50

---

Солтүстік бұғысы

357

109

197

36

---

Жылқы

105

19

16

64

6,5

Есек

98

18

13

60

6,0

Сонымен, баланы рационалды тамақтандырудың «алтын стандарты» - ана сүті. Баланы емізуге болмайтын жағдайда жасанды қоспаларды таңдай отырып, келесі ережелермен санасу қажет:

сәбидің жасы, баланың бірінші 2-3 апталығында тұщы қоспаларды, сосын тұщы мен сүтқышылды қоспаларды рационға жартылай қатыстырып; адаптациялану дәрежесі – бала жас болған сайын қоспаның ана сүтіне бейімділік қасиеті басымырақ болуы қажет, 5-6 айға дейін ешқашанда «кейінгі» - последующие смесиң, кефир және басқа бейімделмеген, сиыр сүтін беруге болмайды



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   59




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет