Оқулық құралы «Нан-тоқаш өнімдерін, ұн мен кондитерлік өнімдерді дайындау»



бет12/19
Дата04.09.2023
өлшемі0.99 Mb.
#476468
түріОқулық
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   19
Ұнды өнімдер тех лаб МУ

Шығымы

3 900

4 200

6 500

7 000

150... 160 °С температурада 20 мин ішінде пісіреді. Пісіріп болғаннан кейін бірден өлшемі 40 х 90 мм тәтті нандарға кеседі және 70 °С дейін жылытылған патокамен жағады.


Жаңғақты-ақуызды массаны жасау ре ц е п т у р а с ы , г: ұн — 79, қант-құм — 529, жұмыртқа ақуыздары — 218, жаңғақтар — 265, эссенция — 0,5. Шығымы: 1 000 г.
Жұмыртқа ақуыздарын тұрақты көпіршікке дейін бұлғайды. Жаңғақтарды ет тартқыштан торлардың көлемін әр тартқан сайын кішірейтіп 3 — 4 рет өткізеді. Ұсақталған жаңғақтарды құм қантпен қосады және бұлғау кезінде жұмыртқа ақуыздары ақырындап қосады, сосын ұнды қосып бұлғауды тоқтатады.
Миндальді торттар. Миндальді торттарды жасау процесікелесі кезеңдерден тұрады: миндальді жартылай фабрикаттар менәрлеу жартылай фабрикаттарын жасау; бүйір жақтарын тегістеу; қабаттарды жабыстыру; бетін тегістеу, жағу немесе әйнекейлеу; торттың беті мен бүйір жақтарын әрлеу.
«Миндаль-жемісті» торты. Торт квадрат формалы жасалынады. Торттың үстінгі бөлігі үшінбір квадратқа тісті түтікшеден сурет (екі шиеленіскен диагональдар мен шеттері бойынша бордюр) салады. Пісіріп, суытып және тегістегеннен кейін астыңғы қабатты жеміс салындысымен жағады және алдын ала шәрбатпен суланған үстіңгі қабатты салады. Пайда болған үстіңгі қабаттың төрт секторының әрқайсысын әртүсті помадамен толтырады. Помада қатқанға дейін тортты жемістер және цукаттармен әрлейді. Қатқаннан кейін бүйір жақтарын жеміс салындысымен жағады және миндаль қоқымымен себеді.
«Крещатик» торты. Торт квадрат формалы жасалады. Дайындалған қабаттарды үш-үштен негізгі «Шарлотт» кремімен жабыстырады. Бетін және бүйір жақтарын шоколадты «Шарлотт» кремімен тегістейді. Бүйір жақтарын миндальді жартылай фабрикат қоқымымен себеді. Бетін талшын гүлі және жапырақтары түрінде креммен әрлейді.
«Идеал» торты. Р е ц е п т у р а с ы , г: миндальді жартылай фабрикат — 360, шоколадты «Шарлотт» кремі — 560, қант опасы — 40, пралине — 40. Шығымы: 1 000 г.



Шикізатпен жартылай фабрикаттар

Салмағы, г, торт жасау үшін (10 дана)

«Миндаль жемісті»

«Крещатик»

Миндальды жартылай фабрикат

5 770

4 480

Жеміс салындысы

2 170



Помада

420



Миндаль қоқымы

80

110

Сулау үшін шәрбат

420



Жемістер, цукаттар

1 140



«Шарлотт» кремі



3 060

Шоколадты «Шарлотт» кремі



2 350



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   19




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет