Зертханалық жұмыс №8
Миндальды тәтті нан мен торттар
Тәтті нандар үшін миндальді қамырды кондитерлік қапшықтың немесе трафареттер көмегімен дөңгелек немесе сопақ формалы дайындамалар түрінде, ал торттар үшін — квадрат, дөңгелек немесе сопақ формалы қабаттартүрінде жасайды. Ол үшін миндальді қамырды қағазбен жайылған кондитерлік табақтардың үстінде сақиналар немесе шеңберлер көмегімен жасайды. Миндальді торттарды әдетте шәрбатпен сулатпайды. Торттарды жасау кезінде үстіңгі қабатты түпше жағымен үстіне салады, өйткені түпше жағы тегіс болады.
Миндальді тәтті нандар. Миндальді тәтті нандарды жасау процесі келесі кезеңдерден тұрады: миндальді жартылай фабрикаттарын және әрлеу жартылай фабрикаттарын жасау; дайындамаларды жабыстыру; бетін әрлеу.
Миндальді тәтті нандарды жасау рецептуралары 7.13 кестеде көрсетілген.
«Миндальное» тәтті наны. Миндальді қамырдан дөңгелек немесе сопақ формуют формалы дайындамаларды жасайды және 150... 160 °С температурада 20 мин ішінде пісіреді.
«Диош» тәтті наны. Миндальді жартылай фабрикаттардың дөңгелек немесе сопақ формалы дайындамаларын түпше жағымен екі-екіден құлпынай конфитюрмен жабыстырады, ал дайындаманың жартысын диагональ бойынша шоколадпен әйнекелейді.
«Жаңғақты бір қабатты помадамен» тәтті наны.Дөңгелек немесе сопақ формалы жаңғақты жартылай фабрикатты суытудан кейін үстінен ақ немесе аққызыл помадамен әйнекелейді.
«Варшавское» тәтті наны. Үгітілмелі қамырды қалындығы 5 . 6 мм қабат қылып жазады және жартылай дайын болғанға дейін пісіреді. Кейін үгітілмелі қабатты жеміс салындысымен жағады және қалындығы 4...5 мм жаңғақты-ақуызды массаның қабатын жағады.
Шикізат пен
жартылай фабрикаттар
|
Салмағы, г, тәтті нан жасау үшін (100 дана)
|
« Миндаль
ное»
|
«Диош»
|
«Жаңғақты бір
қабатты помадамен»
|
«Варшав
ское»
|
Миндальді
жартылай фабрикат
|
3 900
|
3 460
|
—
|
—
|
Құлпынай
конфитюрі
|
—
|
540
|
—
|
—
|
Шоколад
|
—
|
240
|
—
|
—
|
Жаңғақты
жартылай фабрикат
|
—
|
—
|
5 980
|
—
|
Помада
|
—
|
—
|
520
|
—
|
Үгітілмелі
жартылай
фабрикат
|
—
|
—
|
—
|
2 720
|
Жеміс салындысы
|
—
|
—
|
—
|
1 700
|
Патока
|
—
|
—
|
—
|
200
|
Жаңғақты-ақуызды масса
|
—
|
—
|
—
|
2 900
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |