1. Лекция. Физиология пәнінің әдістері, даму тарихы


 Лекция. Ішкі секреция бездерінің өзара әректтесуі



Pdf көрінісі
бет12/20
Дата06.09.2022
өлшемі383.29 Kb.
#460293
түріЛекция
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   20
Лекция

Лекция. Ішкі секреция бездерінің өзара әректтесуі. 
Гипофиз гормондары организмнің негізгі биологиялық процестерін, денедегі зат 
алмасуды - судың, минералды заттардың, көмірсулардың, белоктардың, майлардың 
алмасуын реттейді. Ішкі секрециялық бездер жүйесінде гипофиз ерекше орын алады. Ол
басқа эндокриндік бездер қызметін реттеуге қатынасады, сондықтан оны орталық без деп 
есептейді. 
Ішкі секреция деген түсінікті ғылымға Клод Бернар енгізген. Ол дененің барлық
мүшелері ішкі секрециялық қызмет атқарады деп есептеген. Бұл тұжырымды ол
дененің барлық мүшелерінен зат алмасу өнімдерінің қанға бөлінетінімен
негізделген. 
Эпифиз сератонин және мелатонин деген биологиялық белсенді заттар бөледі. 
Безде күндіз сератониннің, түнде мелатониннің мөлшері көбейіп отырады. Бұл заттар 
терінің пигменттік жасушаларына әсер етеді. 
Эпифиз жыныс бездеріне тежеуші ықпал етіп,
жыныстык жетілу процесін реттейді. Жастық (ювенильдік) кезеңде мезгілсіз жыныстық 
жетілуден сақтайды, 
организмнің жалпы (физиологиялық) жетілуі мен жыныстық жетілуінін
арасындағы үйлесімдікті қалыптастырады. 
Қалқанша без құрамында йод бар тироксин және трийодтиронин атты гормондар 
бөледі. Бұл гормондар организмдегі зат алмасу процесінің қарқынын, организмнің өсіп 
- жетілуін реттейді, жоғары дәрежелі нерв қызметіне әсер етеді. Тироксин белоктардың,
көмірсулардың, майлардың тотығуын күшейтіп, ұлпалардың глюкозаны сініру қабілетін 
жоғарылатады, бауыр мен бұлшық етте гликогеннің ыдырауын жылдамдатады. Қалқанша
без гормондары денедегі су мен минералды заттардың алмасуын реттейді, ас қорыту 
ағзалары қызметін күшейтіп, сүт түзу процесін жандандырады. 
Қалқанша без қызметі нашарласа зат алмасу процесінің қарқыны төмендеп
организм әлсірейді, бұлшық ет босаңсып, дене температурасы төмендейді, жыныстық
қызмет бұзылып, нерв жүйесінің қозғыштығы нашарлайды, жоғары дәрежелі нерв
қызметі бұзылады. 
Бездің гиперфункциясы базед ауруына шалдықтырады. Бұл жағдайда зат алмасу 
қарқыны жоғарылап, адам қатты арықтайды, жүрек соғады, дене қызуы көтеріліп, адамның 
жұмыс қабілеті төмендейді, әлжуаздық, тершендік, ашушаңдық байкалады. 


Организмде йод жетіспеген жағдайда без шырышты секретті көп бөліп
көпіршіктер қабырғасы керіліп, бездің көлемі өседі, секреторлық жасушалар қысылып, 
олардың қызметі нашарлайды, гормондардың түзілуі нашарлайды, организм жемсау 
(зоб) ауруына шалдығады. Без қызметі мүлдем тоқтаса шырышты ісік - микседема 
байқалады. 
Қалқанша серік бездер паратгормон және кальцийтонин деп аталатын гормондар 
бөледі. Паратгормон сүйекте кальцийдің жиналуын реттейді, кальцийдің белоктармен, 
фосфаттармен қосылыс түзуін шапшандатады, кальций мен фосфордың сүйектен 
шайылуын жеңілдетеді, қан құрамындағы кальций мөлшерін жоғарылатады, бүйректе 
кальцийдің кері созылуын женілдетеді. Кальцийтонин қан құрамында кальций 
деңгейін төмендетеді, сүйектен кальцийдің шаймалануын бөгейді. Оның әсері 
паратгормонға қарсы бағытталған. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   20




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет