1. Лекция. Физиология пәнінің әдістері, даму тарихы


 Лекция. Қанның иммундік қасиеттері. Қан топтары



Pdf көрінісі
бет15/20
Дата06.09.2022
өлшемі383.29 Kb.
#460293
түріЛекция
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20
Лекция

11 Лекция. Қанның иммундік қасиеттері. Қан топтары 
Организмді әр түрлі бөгде заттардан қорғауда лейкоциттер маңызды роль
атқарады. Олар организмді өзіне жат генетикалы ақпараты бар тірі денелер мен өлі 
заттардан қорғайды, иммунитет қалыптастырады. Ал бөгде генетикалық акпаратты 
бактериялар, вирустар, белоктар, торшалар, организмнің өзінің мутант-жасушалары 
тасымалдайды. Осы аталған факторлардың барлығы антигендер немесе организмнің
иммундық реакциясын тудыратын заттар болып табылады. Көбінесе антигендерге 
белоктар мен нуклеин қышқылдарын жатқызады. 
Организмді қорғаудың бір тұрі - фагоцитоз немесе лейкоциттердің бөгде заттарды 
қарбып, өзінің ішінде қорытып жіберуі. Фагоцитоз құбылысын орыс ғалымы 
И.И.Мечников ашып осы жаңалығы үшін ол 1908 жылы Нобель сыйлығын алған. 
Фагоцитоз қабілеті нейтрофильдерге, моноциттерге және эозинофильдерге тән. Осы ақ 
түйіршектер жасушалық иммуниттеті қалыптастырады. Организмді қорғаудың екінші 
түрі - гуморальды иммунитет. Оны лимфоциттер қамтамасыз етеді. Лимфоциттер 
организмнің иммундық жүйесінің орталық буыны болыл саналады. Олар бөгде 
белоктарды, организмнің өзгерген торшаларын жоятын қорғағыш белоктар - 
антиденелер немесе иммуноглобулиндер өндіреді. Лимфоциттерге иммундық ес тән 
болады, сондықтан олар бөгде затпен қайта кездескенде күшті реакция береді. Оған
лимфоциттер тіршілігінің ұзақтығы мүмкіндік береді. 
Қызметі мен дамып-жетілу орнына қарай лимфоциттер Т-лимфоциттер және В-
лимфоциттер болып бөлінеді. Олар сүйек кемігінде ортақ бастау жасушалардан 
дамиды. Т-лимфоциттер дамуын тимуста, В-лимфоциттер - ішектің лимфоидты 
ұлпаларында, тұйық өсіндіде, миндалинде, қаңқа белдемшесінде аяқтайды. 
Т-лимфоциттер бірнеше топқа бөлінеді. Т-киллерлер - бөгде жасушаларды жояды, Т-
супрессорлар - В-лимфоциттердің белсенділігін реттеп, оның шамадан артып кетуіне 
мүмкіндік бермейді, иммунитеттің үйлесімді қалыптасуына жағдай туғызады. Т-хелперы - 
В-лимфоцитгерді плазмалы жасушаларға айналдырып, олардың әрекетін жандандырады. 
В-лимфоциттер антиденелер бөліп, гуморальды иммунитет қалыптастырады. 
Антигенмен кездескеннен кейін В-лимфоциттер көк бауырға, лимфа түйіндеріне өтіп, 
плазмалы жасушаларға айналады да, антиденелер бөледі. Қазіргі кезде антиденелерді 5 
топқа бөледі: антитоксиндер, лизиндер, препицитиндер, агглютининдер, оксиндер. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет