9 Лекция. Бүйрек үсті бездері және жыныс бездеріне сипаттама.
Бүйрек үсті бездері бүйректің жоғарғы жағында орналасқан. Салмағы 6-12г. Әр
без қыртысты және милы қабаттан тұрады. Қыртысты қабат без салмағының 4/5
құрайды. Милы қабат 1/5 алып жатады. Милы және қыртысты қабаттың шығу тегі,
құрылысы және қызметі әртүрлі. Олардың қанмен қамтамасыз етілуі ерекше болып
келеді. Бүйрек үсті бездерінің салмағы аз болса да, тіршілікте маңызы өте зор. Егер
жануарлардың екі безінде сылып алып тастаса 7-10 күннің ішінде ол өліп
қалады. Мұндай жағдайда жануарлардың еттері әлсіреп, тамақтан қалады,
арықтайды, жүрек қан тамырларының қызметі нашарлайды, зәр шығару, бүйрек
кызметі нашарлайды, ас қорыту ағзаларының кызметі нашарлайды, тыныс алу
органдарының қызметі нашарлайды. Егер бездің милы қабатын қалдырып,
қыртысты қабатын алып тастаса, онда да жануар өліп қалады. Ал милы
қабатын алып тастап, қыртысты қабатын қалдырса жануар қалыпты өмір
сүреді. Мұның себебі милы қабатты құрайтын клеткалар бүйрек үсті
бездерінің басқа да ағзаларында кездеседі. Симпатикалық жүйке жүйесінің ұштары
порадреналин медиаторын бөліп шығарады. Ол милы қабаттың гармонындай
әсер етеді. Бүйрек үсті бездерінің гармондары. Бүйрек үсті безінің қыртысты қабаты
40-тан астам картиностеройдтар түзеді. Олардың бәрі де холестериннің туындысына
жатады. 10 картиностеройдта белсенді гармоңдарының қасиеттері бар.
Физикалық қызметіне қарай картиностероидтарды 3 топқа бөледі.
1. Глюкокартиностероидтар (ГКС)
2. Микералокартиностероидтар ( МКС )
3. Андрокартиностероидтар ( АКС ).
Бүйрек үсті безінің милы қабаты екі гармонды адреналин және
пороадреналинді бөледі. Адреналин негізінен бүйрек үсті безінде ғана кездеседі.
Пороадреналин басқа да ағзаларда пайда болады.
Жыныс бездері. Жыныс бездері гонадалар деп аталады. Аралас секреция
бездері болып саналады. Олардың сыртқы секретциялық қызметі жыныс
клеткаларын жасап шығару. Ерлер организімінде сперматозойдтар, ал аналық
организмде аналық клеткалар пісіп жетіледі. Жыныс бездерінің негізгі қызметі
көбею және жыныс гармондарын шығару. Аталық жыныс гармоны андроген, аналық
жыныс гармоны эстроген.
Жыныс гармондарының физиологиялық әсері.
1. Денеде зат алмасу процесі күшейеді. Белоктардың, ферменттердің
пластидтері жоғарылайды. Осыған байланысты дене сиымдылығы артады. Жүректің,
сүйектің, қаңқа бұлшықеттерінің, бауырдың, бүйректің салмағы артады.
2. Жыныс белгілерінің жасалып, дамуына, пайда болуына көмектеседі.
3. Жүйке жүйесімен қатар парасимпатикалық жүйке жүйесіне әсер етеді.
Достарыңызбен бөлісу: |