2.Мойын мен кеуде қуысында калқанша без, айыршық бездер орналасады.
З. Құрсақ қуысында ұйқы безі мен бүйрек безі.
4. Жамбас және жамбас мүшелерінде ұрық және аналық бездер орналасады.
Гипофиз, қалқанша безі, қалқан серік безі, айыршық безі, бүйрек безі ішкі
секреция бездеріне жатады.
Ұйқы және жыныс бездері аралас бездерге жатады.
Организмдегі ішкі секреция бездері өзара тығыз байланысты және бір -біріне әсер
етеді.
Гормондардың керекті мөлшерінен ауытқуы түрлі аурулар туғызады.
Мысалы, соматотропиннің гиперсекрециясы алыптық, ал гипосекрециясы
ергежейлік дамиды. Нейрогипофизде вазопрессин (зәр түзілу процесіне қатысады),
окситоцин (нәрестенің туылу процесіне қатысады) гормондары бөлінеді. Эпифизде
меланин (теріні түссіздендіру), гломерулокортикотропин (бүйрек үсті
безінің
қызметін тежейді), контргипоталамус - гипофизаралық (гипофиздің гонадотропин
гормомының түзілуін тежейді) гормондар түзеді. Қалқанша безінде тироксин (жүйке
жүйесінің қалпын сақтауға, судың алмасуына қатысады), трийодтиронин (ұрықтың
жүйке жүйесінің дамуына әсер етеді), кальцитонин (қан құрамындағы кальций
мөлшерін реттейді) гормондары бөлінеді. Қалқансерік безінде кальций мен фосфор
мөлшерін реттеуге қатысатын паратгормоны бөлінеді. Бүйрек үсті
безінің қыртыс
қабатында 10 астам кортикостероиды гормондар түзіледі. Бүйрек үсті безінің милы
қабатында жүрек, қан тамыр, бұлшықет жүйелеріне әсері зор адреналин, норадреналин
гормондары түзіледі. Ұйқы безінде ағза үшін
маңызы зор инсулин
:
глюкагон
гормондары түзіледі. Олар судың, қанттың мөлшерін реттеп, гликогеннің синтезіне
катысады. Жыныс бездерінде тестостерон (аталық безде), эстрогендер мен прогестерон
(аналық безде) түзіледі. Бұл гормондар ағзаның жыныстық даму кезеңінен бастап бөлініп,
жыныстық даму процесін реттейді.
Достарыңызбен бөлісу: